Мазмұны бет Кіріспе Ι- кәсіпорындағы активтерді талдауы мен аудитінің теориялық әдістемелік негізі


ІІ-«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің активтерінің айналымын талдау мен оны жетілдіру жолдары



бет3/7
Дата16.06.2016
өлшемі0.64 Mb.
#138644
1   2   3   4   5   6   7

ІІ-«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің активтерінің айналымын талдау мен оны жетілдіру жолдары
2.1. Талдаудың маңызы мен активтердің құрамы мен құрылымын талдау
Кәсіпорынның іскерлік белсендігі мен қызметінің тиімділігін бағалау және талдау қаржылық талдаудың қорытынды кезеңі болып табылады. Талдау – ол бөліну және бөлшектеу, элементтерге бөліп қарастыру.

Талдаудың түрлері:



  • қаржылық;

  • басқару.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайының объективті дұрыс бағасын алудың ең жақсы тәсілі, бұл талдау, ол кәсіпорынның даму бағытын бақылауға, оның шаруашылық қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді және осындай жолмен басқарушылық шешімдерді өңдеумен кәсіпорынның өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметі арасында байланыстырушы қызмтені атқарады.

Кәсіпорын осы мерзімге дейінгі уақытта қаржы ресурстарын қаншалықты дұрыс басқарды деген сұраққа жауап береді: кәсіпорын осы мерзімге дейінгі уақытта қаржы ресурстарын қаншалықты дұрыс басқарады. Қаржы ресурстары жағдайының нарық талаптарына сай болуы және де кәсіпорынның дамуына байланысты қажеттіліктерге жауап бере алуы өте маңызды болап табылады, себебі қаржылық тұрақтылықтың жетіспеушілігі кәсіпорынның төлеу қабілетінің жоқтығына және оның дамуына қажетті қаражатының болмауына, ал көп болуы – дамуға кедергі жасап, басы артық қорлармен және резервтермен кәсіпорын шығындарын көбейтуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.

Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты келесілер болып табылады:


  • Қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі;

  • Активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды тартудағы және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;

  • Айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және қысқа мерзім міндеттемелерімен ара-қатынасын анықтау;

  • Қаржы есептік және несие ережесін сақтау;

  • Кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;

  • Қысқа мерзімді активтердің айналымдық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш және қорлар есебі;

  • Баланстың өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және төлеу қабілеттілігінің нақты және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау;

  • Кәсіпорын табыстылығын бағалау;

  • Кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай-ақ олардың деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;

  • Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;

  • Кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзімді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.

Қаржылық жағдайын талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың қорытындылаушы кезеңі болып табылады. Қаржылық қызметі –бұл оның осы қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталың көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады. Ол қаржы ресурстарының жүйелі түрде түсуі мен тиімді пайдалануына, есеп және несие тәртібін сақтауға, меншікті және қарыз қаражаттарының арасындағы арақатынастың, сондай-ақ кәсіпорынның тиімді қызмет етуі мақсатында қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуы тиіс.

Кәсіпорын қызметінің қаржылық өндірістік жақтары арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Осылайша қаржылық қызметінің жетістігі, көбінесе оның өндірістік – сату көрсеткіштерімен анықталады.

Кесте -4

Қаржылық талдаумен басқару талдаудың арасында ғы айырма

Белгілері

Қаржылық талдау

Басқару талдау

Пайдаланушылар

Салық органдары, сатушылар, жеткізушілер, аудиторлар, банктер, сақтандыру, зейнетақы қоры

Мекеменің қаржылық менеджерлер, мекеменің құрылым бөлімдері

Ақпарат көздері

Нысан 1. «Баланс»

Нысан 2. «Қаржылық нәтиже туралы есеп беру»

Нысан 3. «Ақшалай қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру»


Жоспарлы есепті нормаларының мәліметтері басқару есептен алынған мәліметтер

Өлшем бірлігі

Ақшалай

Ақшалай, натуралды, еңбек

Есеп беру мезгілі

1 жыл, тоқсан

Қажетіне қарай

Ақпаратқа қол жеткізу

Есеп берулерді жариялайды

Комммерциялық құпия

Ақпараттық көздер ретінде (талдау жасау үшін) тоқсандық, жылдық, бухгалтерлік есеп берулер негіз болады.

Қаржылық жағдайдағы талдауды қаржылық тұрақтылықтан басталған жөн және оған мыналар жатады:


  • кәсіпорын активтерінің құрылымдық және құрамдық өзгерісін талдау;

  • қаржылық тұрақтылығын нақты және салыстырмалы көрсеткіштерін талдау;

  • баланс өтімділігін талдау;

  • төлем қабілеттігін және несие қабілеттігін талдау;

Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының өзгерісін талдау кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінің нақты және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.

Қаржылық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді, талдау барысында, осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын және оның жеке топтарын талдау, олардың таратылуын талқылауға мүмкіндік береді.

Активтердің өсуі (артуы) кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан, ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды.

Алайда, кәсіпорын мүлік құнының өсу себептерін талдағанда, жоғары деңгейі баланстық есептің номиналды көрсеткіштерінің нақты көрсеткіштерден айтарлықтай ауытқуына әкеліп соқтыратын инфляция әсерін ескерту кажет. Отандық тәжірибеде инфляцияны есепке алу негізгі құралдардың баланстық құнын құру барысында жүргізіледі.

Отандық есептік-аналитикалық тәжірибеде өндірістік қорлар, дайын өнім және тауарларды қайта бағалау жүргізілмейді. Сондықтан да олардың құнының өсуі, инфляциялық фактор әсерінен болатын күмәнсіз.

Баланс мәліметтері бойынша қысқа мерзімді активтердің құрамы мен олардың тартылуына талдау жасау үшін келесі - аналитикалық кесте құрылады.



Айналым құралдарының құрамы мен құрылымын талдау «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС

мың тг




Көрсеткіштер

2005 жыл

2006 жыл

Ауытқуы

сомасы



сомасы



сомасы



1

Қысқа мерзімді активтердің барлығы

14209519

100

1195433

100

-13014086

-

2

Ақша қаражаттары

28343

0,2

75820

6,4

47477

6,2

3

Дебиторлық берешек

13886833

97,7

863282

72,2

-13023551

-25,5

4

Қорлар

294342

2,1

256332

21,4

-38010

19,3

«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің айналым құралдарының құрамы мен құрылымын талдау бұл қысқа мерзімді активтердің барлық үлесіне құрамы мен құрылымы жағынан ақша қаражаттары өткен жылмен салыстырғанда 6,2 пайызға жоғарлады. 2005 жылы 0,2 пайызға, дебиторлық берешек 2005 жылы 97,7 пайыз, 2006 жылы 72,2 пайыздық үлес қосқанын көріп отырмыз. Қысқа мерзімді активтер үлесін анықтау маңызды: Қысқа мерзімді активтер құнының кәсіпорынның барлық мүлкінің құнына қатынасымен анықталатын кәсіпорын активтерінің іске тартылу (мобильді) коэффициентінің өсуі. Ол қарызды өьеуге арналған қаражат үлесін сипаттайды. Коэффициент мағынасы артқан сайын кәсіпорынның үздіксіз жұмысты қамту және кредиторлармен есеп айырысу мүмкіндігі де арта түседі. Қаржы тұрғысынан алғанда оның өсуі актив құрылымындағы жағымды өзгеріс болып табылады. Яғни, мүлік әлдеқайда мобильді болады, бұл оның айналымдылығының жылдамдығын және оны пайдалану тиімділігінің өскендігін көрсетеді.

Кәсіпорын активтерін тартудың тиімділігін сипаттайтын келесі көрсеткіш болып мобильді және иммобильді қаражаттар қатынасының коэффициенті.

Мобильді қаражаттар сомасының азаюы және айналым қаражаттарының мобильдік коэффициентінің жылдам төмендеуі кәсіпорынның төлеу қабілетінің нашарлығын сипаттайды деп айтуға болар еді. Алайда нарық жағдайында айналым қаражатының төмен мобильдігі әрдайым теріс бағаланбайтындығын да ескерген жөн. Есеп айырысу шотында қаражаттар қалдығының аздаған сомасының бар болуы немесе олардың болмауы әлі де болса кәсіпорынның төлем қабілетсіздігін көрсетпейді.

Қорлардың бар болуы, дебиторлық борыштың әсіресе, оның мәнді бөлігінің үкен мөлшерде болуы айналым қаражаттарының айнымалдылығының бәсеңдеуіне әкеліп соқтырады және кәсіпорынның қаржылық жағдайына кері әсерін тигізеді.

Кесте – 6



Ұзақ мерзімді активтердің құрамы мен құрылуы («Оңтүстік Жарық Транзит» ЖСШ-нің)

мың тг




Көрсеткіштер

2005 жыл

2006 жыл

Ауытқуы













1

Ұзақ мерзімді активтердің барлығы

4225290

100

4168794

100

-56496

-

2

Материалдық емес активтер

109

0,1

31

0,1

-78

-

3

Негізгі құралдар

4225181

99,9

4168763

99,9

-56418

-

Кестеде көрсеткендей ұзақ мерзімді активтер есеп беру кезінде 56496 мың теңгеге төмендеді. Бұл көрсеткішке негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің төмендеуді әсер еткен. Ұзақ мерзімді активтердегі үлес салмағының көр мөлшері негізгі құралдар 4225181 мың теңгеге, 99,9 пайызға ие болып. Жыл аяғында 4168763 мың теңге 56418 мың теңгеге төмендеді.



2.2 Активтердің айналымдылығын талдау
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі қаржылық жағдайында ең алдымен оның қаражат айналымының жылдамдығымен көрінеді. Іскерлік белсенділікті талдау, кәсіпорынның өз қаражатын қаншалықты тиімді пайдаланғандығын анықтауға мүмкіндік беретін, әр түрлі қаржылық айналымдылық коэффициенттердеің дегейі мен қозғалысын зерттейді.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы активтерге салынғын қаражаттың қаншалықты тез нақты ақшаға айналуына тікелей тәуелді болады.

Жоғарыда айтып өткендей, кейбір актив түрлері әр түрлі айналым жылдамдығына, яғни олардың ақша қалпына көшу жылдамдығына ие болады. Қаражаттың айналымды болуының ұзақтығы ішкі және сыртқы сипаттағы бірқатар әр бағыттағы себептердің жиынтық әсерімен анықталады. Бірінші қатарға кәсіпорынның әрекет өрісін (өндірістік, делделдық, жабдықтау-өткізу және басқа), салғын (мысалы, кондитер фабрикасы мен станок жасау зауытының айналымдылығы әр түрлі болатындығы еш күмән тудырмайды), ауқымын (көп жағдайда шағын кәсіпорындарда, үлкендеріне қарағанда қаражат айналымдылығы айтарлықтай жоғары клееді – бұл шағын бизнестің бір артықшылығы деуге болады) және тағы басқаларын жатқызуға болады. Елдегі экономикалық жағдаймен оған байланысты шаруашылықты жүргізу шарттары да кәсіпорынның активтерінің айналымдылығына аз әсер етпейді. Сөйтіп, елдегі өтіп жатқан инфляциялық процестер, кәсіпорындардың басым көпшілігінің жабдықтаушылармен, сатып алушылармен реттелген шаруашылық байланысының болмауы шамадан тыс қор жинақтауға әкеліп соқтырады да, бұл қаражат айналымын айтарлықтай бәлсендетеді.

Қаржаттың айналымда болу кезеңі, едәуір дәрежеде кәсіпорынның ішкі жағдайымен бірінші кезекте, оның активтерін басқару стратегиясының тиімділігімен (немесе жоқтығы) анықталатындығын айта кету керек.

Шынында да, қолданылған бағас аясаты, құрылған құрылымы, пайдаланылған тауарлы-материалды қорларды бағалау әдістемесіне байланысты кәсіпорын өз қаражатының айналымының ұзақтығына көп немесе аз әсер ету еркіндігіне ие болады.

Іскерлік белсендіоік коэффициентінің кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау үшін үлкен маңызы бар, өйткені қаражаттың айналым жылдамдығы кәсіпорынның төлем қабілетіне тікелей әсер етеді. Оған қосымша, басқадай бірдей жағдайда қаражаттың айналым жылдамдығының өсуі кәсіпорынның өндірістік-техникалық күшінің артқаныны көрстетеді.

Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің көрсеткіштеріне мына коэффициенттер жатады:


  1. Капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті. Ол жылына қанша рет айналу мен толық циклі болатындығын және активтердің әрбір ақша бірлігі сатылған өнімнің қанша ақша бірлігін әкелгенін көрсетеді. Бұл көрсеткіш мына формула бойынша анықталады:

КОА = ДN

AK
Мұнда, КОА – капиталдың жалпы айналымдылықкоэффициенті;

ДN - өнім сатудан ( жұмыс, қызмет көрсету) түскен табыс (саудадан түскен ақша);

AK – жиынтық капитал (кезеңдегі орташа баланс валютасы).
Жиынтық капиталдың кезеңдегі орташа шамасының жалпы айналымдылық коэффициенті іскерлік белсенділігі туралы жан-жақты түсінік береді. Сатудыан түскен табыстың баланс валютасының (барлық, капиталдың) орташа шамасына қатынасымен есептелетіп ол, кәсіпорынның барлық капиталының айналым санын көрсетеді және олардың жұмылдыру көздеріне байланыссыз, барлық ресурстарды кәсіпорынның пайдалану тиімдігімен сипаттайды. Бұл көрсеткіш салаға байланысты ауытқып отырады және өндіріс процесінде ерекшеліктерді қамтып көрсетеді.

Түрлі кәсіпорындарға немесе бір кәсіпорынға әр жылдардағы жалпы айналымдылық коэффициентін салыстырғанда, активтердің орташа жылдық сомасын бағалауда біркелкілі қамтамасыз етілгендігін тексеру қажет. Одан басқа, бұл көрсеткіш бірдей жағдайда кәсіпорынның негізгі құралдары көбірек тозған сайын жоғарылай береді. Белгіленген жағдайлар, капиталдың жалпы айналымдылық коэфиициентін талдау қажетті түзетулерді ескере отырып жүргізуді керек етеді.

Капиталдың жалпы айналымдылғы коэффициент = 155644/ 11899518 = 0,8 жыл басында;

2345052/ 5364227 = 0,4 жыл аяғында

Көрсеткіш кәсіпорынның жалпы капиталын (басқа ресурстарды) пайдалану тиімділігінің төмендегенін көрстетеді. Егер өткен жылы, кәсіпорында активтердің әрбір ақша бірлігі 80 тиын келтірсе, есеп беру жылында ол 4 тиынға кемиді. Нәтижесінде кәсіпорынның барлық мүмкіншіліктерін пайланып, өнімді сатудлан түскен табыс оүріндегі жалпы тиімділігі өткен жылмен салыстырғанда арттыруға

мүмкіндік береді. Осы екі фактордың жиынтық әсері бізге сатылған өнім көлеміндегі жалпы ауытқуды береді.



  1. Негізгі құралдардың айналымдылығы

Бұл көрсеткіш қайтарымдылығын көрсетеді, яғни кәсіпорынның кезеңдегі өндірістік қорларына пайдаланудың тиімділігін сипаттайды. Ол саудадан түскен табысты (ақшаны) қалдық құны бойынша кезеңдегі негізгі құралдардың орташа шамасымен бөлу арқылы есептейді.

Қор қайтарымдылығы коэффициентінің артуына негізгі құралдардың үлес салмағының салыстырмалы жоғары болмауы немесе олардың техникалық деңгейінің жоғарылығы есебінен қол жеткізуге болады. Алайда бұл жерде жалпы заңдылық былайша болады: коэффициент жоғары болған сайын, есеп беру кезіндегі шығындар азая түседі. Коэффициенттің төмен болуы өнімі сатудан түсетін табыстың жетімсіздігін не болмаса осы активтер түрлеріне тым жоғары деңгейде қаржы бөлінгендігін көрсетеді.

Бұл көрсеткіш төменде жан-жақты қаралады, өйткені ол көбінесе кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайды.


  1. Меншікті капиталдың айналымдылық коэффициенті

Ол мына формула бойынша қаралады:
КОС= ДN

СK


Мұнда, КОС – меншікті капиталдың айналымдылық коэффицент;

ДN - өнім сатудан ( жұмыс, қызмет көрсету) түскен табыс;

СK – баланс бойынша меншікті капиталдың кезеңдегі орташа шамасы.


Меншікті капиталдың айналымдылығы = 155644 / 4206650 = 0,3 жыл аяғында

Бұл көрсеткіш қызметті әр қырынан сипаттайды: коммерциялық көзқараспен қарағанда ол сатудың артықтығын немесе жеткіліксіздігін анықтайды; қаржылық жағынан – салынған меншікті каптталдың айналым жылдамдығын, ал экономикалық тұрғыдан – кәсіпорынның меншік иелері (акционерлер, мемлекет немесе басқадай меншік иелері) көрсетеді. Егер коэффициент өте жоғары болса, салынған капиталдан сату деңгейінің едәуір артқандығын білдіреді, ал бұл несиелік қорлардың артуын, меншік иелеріне қарағанда істе кредиторлардың көбірек қатысуы мүмкін шекке жетуінен туындайды. Бұл жағдайда міндеттемелердің меншікті капиталға қатынасы артады, кредиторлардың қауіпсіздігі төмендейді және табыстың кемуіне байланысты кәсіпорын айтарлықтай қиыншылықтарға кездесуі мүмкін. Керісінше коэффициенттің төмендегі меншікті капиталдың бір белгінің әрекетсіз жатқандығын білдіреді. Бұл тұста коэффициент, меншікті қаражатты осы жағдайда сай келетін табыс көзіне салу қажеттігін көрсетеді.

Біздің кәсіпорында бұл көрсеткіштің деңгейі едәуір төмендеді. Егер меншікті капитал өткен жылы 0,03 бұл кәсіпорынның акционерлерінің қаражатын пайдалану тиімділігінің төмендегенін дәлелдейді.


  1. Ағымдағы активтер (мобильдік қаражат) немесе айналым капиталының айналымдылық коэффициенті. Ол өнім сатудан түскен (ақша) табысыныңы (жұмыс қызмет көрсету) ағымдағы активтердің орташа шамасына қатынасымен формула бойынша анықталады:

КОТА= ДN

ТKС
Мұнда: КОТА - ағымдағы активтердің айналымдылық коэффициенті

ТKС – ағымдағы активтердің орташа шамасы


Ағымдағы активтердің (баланс активінің ІІ бөлімі) орташа шамасы формула бойынша анықталады:
ТАС= ОН + ОК

2
Мұнда: ТАС – ағымдағы активтердің орташа шамасы;

ОН + ОК – сәйкес жыл басындағы және аяғындағы активтер шамасы.
Активтердің орташа шамасының толығырақ есебі активтер жағдайы туралы ай сайынғы мәліметтерді пайдаланған кезде алынатын болады. Сонда активтердің шамасы формуламен белгіленеді.
О1 О1

ТАС= О2 + О3 + ... + О n-1 + 2

n - 1

Мұнда, О n айындағы активтер шамасы



Ағымдағы активтер айналымдылығы = 2345052 / 1195433 = 1,96

Ағымдағы активтердің (айналым каптталының) айналымдылық коэффициенті олардың айналым жылдамдығын, яғни зерттелген кезеңдегі барлық айналым қаражатының айналым санын көрсетеді. Ағымдағы активтердің айналымдылығының үдеуі олардың қажеттлігін кемітеді де, кәсіпорындарғахалық шаруашылығының мұқтажы үшін (абсолюттік босату) немесе қосымша өнім өндіруіге (салыстырмалы босату) айналым қаражатының бір бөлігін босатуға мүмкіндік береді.


Айналымның жылдамдауы нәтижесінде айналым қаражатының заттық элементтері босайды, шикізат, материалдар, отын қорлары мен аяқталмаған өндірісті істеу аз қажет болады, демек, бұрын осы қорлармен іске салынған ақш ресурстары босап шығады. Босаған ақша ресурстары кәсіпорынның ең өтімді активтерін арттырады, нәтижесінде оның төлем қабілеті бекіп, қаржылық жағдайы жақсарады.

Ағымдағы активтердің айналым жылдамдығы бұл - өзі өндірістік-шаруашылық қывзметтің ұйымдастыру-техникалық деңгейінің кешенді көрсеткіші. Айналым санының артуына айналу уақыты мен өндіріс уақытының қысқаруы есебінен қол жеткізуге болады. Өндіріс уақыты технологиялық процесс пен пайдаланылған техниканың сипатымен байланысты. Оны қысқарту үшін технологияны жетілдіріп, еңбекті механикаландыру және автоматтандыру қажет.

Айналым уақытын қысқартуға мамандану мен бірлесудің дамуы, тікелей шаруашылық аралық байланыстырудың жақсаруы, жүк тасу, өзара есеп айырысу мен құжат айналымын тездетумен қол жеткізуге болады.

Әрбір кәспорын үшін айналымдылық коэффициенті өзіндік сипатта болады, егер ол анықталған болса, онда оның мағынасын қолайлы деңгейде ұстап тұру керек. Оны табу оп-оңай, егер кәсіпорын коэффициенттің осы мағынасына үнемі заемдық капиталды пайдалануға тырысатын болса, онда шығындарды жабу мен қызмет ауқымын кеңейту үшін айналым каптталының айналымдылығының бұл жылдамдығы ақша қаражатын жеткіліксіз мөлшерде туындап отырғанын көрсетеді.

Ал керісінше, егер кәсіпорын тұрақты саут көлемінде немесе оның артуы барысында жеткілікті табыс тапса, онда айналым капиталыныңы айналым жылдамдығы тиімді болғандығы.

Ағымдағы активтердің айналымдылық жылдамдығы, доғарыда келтірілген формула бойынша есептелген оның айналым санымен ғана емес және айналымның ұзақтығымен, айналым қаражатының беку коэффициентімен де сипатталады (немесе айналымдылық айналым коэффициентімен).

Ағымдағы активтердің бір айналымының ұзақтығы мына формуламен анықталады:

ДО = 360 = 360; ДN = 360 x TAC

KOTA TAC ДN
Мұнда: ДО - бір айналымның күнмен есептелген ұзақтығы;

KOTA – ағымдағы активтердің айналымдылық коэффициенті немесе ағымдағы активтердің айналым саны.

360/ 1,96 = 184

Көрсеткіштің бір жылдық мәнін есептегенде кезеңнің ұзақтығы 360 күн, бір тоқсанға – 90 күн, бір айға – 30 күн құрайды. Талдау бойынша, осымен 2-тоқсан, 4-күн құрады.

Айналым қаражатын бекіту коэффициентінің формуласын мына түрде көрсетеді:

KO3 = TAC

ДN
Мұнда KO3 = айналым қаражатын бекіту коэффициенті.
TAC - ағымдағы активтердің орташа шамасы.

ДN - өнім сатудан (жұмыс, қызмет көрсету) түскен табыс.

Айналым қаражатын бекіту коэффициент = 7702476 / 2345052 = 3,3 Сатудан түскен табыстың (ақшаның) жалпы шамасы емес, керісінше аталған элементтің айналымы сипаттайды (өндірістік қорлар үшін олардың өндіріске жұмсалуы аяқталмаған өндіріс үшін даяр бұйым шығару, қоймадағы даяр өнімдердің қалдығы үшін өнімді жөнелту, жөнелтілген тауарлар мен есептесудегі қаражат үшін есептесу шотына ақшаның түсуі, ақша қаражатының қалдығы үшін талдау жасалған кезіндегі ақша қаражатының айгалымы).

Сонымен, ағымдағы активтердің айналымдылық коэффициенті кәісіпорынның барлық мобилдік қаражатының айналым жылдамдығын көрсетеді. Оның өсуі материалдық айналым қаражатының айналымдылық коэффициентінің артуымен үлесте ол жағымды, ал егер соңғысы азайча онда жағымсыз.



5. Материалдың айналым қаражатының айналымдылық коэффициенті кәсіпорыннңы талдау кезіндегі шығындары мен қорларының айналым санын кеөрсетеді, яғни олардың сатылу жылдамдығын сипаттайды. Толықтай алғанда бұл коэффициенттің мәні жоғары болған сайын, осы аз өтімді бапта соғырлым азырақ қаражат байланады, кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақтанып, айналым капиталында көбірек өтімді құрылым болады. Және керісінше, басқадай жағдайда тауардың шамадан тыс жиналып қорлануы, кәсіпорынның іскерлік белсенділігіне кері әсер тигізеді. Коэффмициенті есептеу формула бойынша жүргізіледі, онда алымындпа сатудан (ақша) түскен табыс, ал бөлімінде – кезеңдегі шығындар мен материалдық - өндірістік қорлардың құнының орташа шамасы.
Өндірістік қорлар (материалдар) оларды дайындау (сатып алу) ҚҰНЫ БОЙЫНША ЕСЕПТЕЛЕТІНДІКТЕН, қорлардың айналымдылық коэффициентін есептеу үшін сатудан түскен табыс емес, сатылған өнімнің өзіндік құны пайдаланылады.

Онда есептеу мына формуламен іске асырылады:


К 0 = S N

3 3 c


Мұнда: К – материалдық айналым құралдарының айналымдылық коэффициенті;

Sn- сатылған өнімнің толық өзіндік құны;

З с - өндірістік қорлардың орташа құны;
Материалдық айналым құралдардың айналымдылық коэффициент = 1630464/ 275337= 5,9

Неғұрлым айналымдылық кеөрсеткіші жоғары болған сайын, соғұрлым қорлар тезірек ақшалай қаражатқа айналады. Оның төмендеуі салыстырмалы түрде өндірістік қорлар мен аяқталмаған өндірістің ұлғайғанын немесе дайын өнімге деген сұраныстын бәсеңдегенін көрсетеді.

Өндіріс пен өнімді өткізуді қалыпьы жүргізу мақсатында қорлар оңтайлы болуы керек. Көлем жағынан кіші, бірақ көбірек қозғалмалы қорлардың болуы, кәсіпорынның қорында аз сомадағы ақшалай қаражаттың бар екендігін білдіреді. Қрлардың жиналып қалуы, кәсіпорынның өнімді өндіру мен сатудағы белсенділігінің күрт азайғанын куәландырады.

Материалдық айналым құралдарының айналымдылық коэффициентінің шамасына оны есептеу әдістемесі ғана емес және де кәсіпорында қабылданған материалдық қорларды бақылау әдістемесінің де айтардықтай әсерін тигізетінің назарда ұстау қажет.

Қазіргі уақытта материалдақ қорларды бағалаудың есептеу саясатын таңдауда кәсіпорындарының құқықтары едәуір кеңейтілген. Осылайша отандық есептеу практикасында бірінші рет біздің кәсіпорындар шет елдерде кеңінен танымал және қолдалыатын ФИФО сенімді материалды бағалау тәсіолдерін қолдану мүмкіндігіне ие болады. ФИФО әдісін пайдалану кезең соңындағы материалдық қорларды соңғы сатып алу бағасымен бағалауға негізделген, ал жұмсалған материалдар сатылған өнімнің өзіндік құныны олардың алғашқы сатып алу құны бойынша шығынға шығарылады.

Енді материалдық қорлардың айналымдылығының көрсеткіші шамасына оларды бағалаудың сол немесе басқа әдісін пайдаланудың қалай әсер ететіндігін қарайық.

Біздің елімізде осы кезге дейін материалдық қорларды бағалаудың ең кең тараған тәсілі, дайындаудың орташа сарапталған нақты өзіндік құны бойынша бағалау болвп келді. Кәсіпорын үшін оны пайдаланудың жағымсыз салдарына мыналарды жатқызуға болады, бір жағынан ол сатылған өнімнің өзіндік құнын төмендетеді (табыс пен одан төленетін салықты шүамадан тыс көтереді), екінші жағынан материалдың қалдығының құнын айтарлықтай төмендетуге әкеліп соғады демек, олардың айналымдылығын жасанды түрде арттырады.

Тауарлы – материалдық құндылық қорларын сатып алу құны бойынша (ФИФО) бағалау тәсілін қолдану сатылған өнімнің өзіндік құны материалға ең төмен (инфляция жағдайында) бағадан басталып құрылып, ал олардың қалдықтары ең жоғары (нарықтық) құны бойынша бағалануына әкеліп соғады. Осыған байланысты материалдық айналым қаражатының және бүтіндей ағымдағы активтерлің айналымдылығы бұл жағдайда жоғарыда қараған тәсілдерге қарағанда объективті түрде төмен болады (осыған байланысты мынаны есте ұстаған дұрыс: өзінің кредиторлары немесе инвесторларына кәсіпорындағы қаражаттың жоғары айналымдылығы туралы ақпарат беруге ынталы менеджерлердің көз қарасынша әдістің бұл артықшылығы, сонымен қатар оның кемшілігі де болып көрінуі мүмкін).

Сонымен,тауарлы – материалдық қорларды бағалаудың үш қаралған тәсілі мысалдарынан, алға қойылған міндеттер мен активтерді басқарудың ұшталған стратегиясынан басталған кәсіпорын, өзінің активтерінің айналымдылық коэффициентінің шамасын белгілі мөлшерде зерттеуге мүмкіндік алатынын көруге болады.

Біздің кәсіпорнымызда сатылған өнімнің өндірістік өзіндік құны негізінде есептелген материалдық айналым құралдарының айналымдылық коэффициенті есеп беру жылында 5,9 рет құрады.



6. Дайын өнімінің айналымдылық коэффициенті. Бұл көрсеткіш өнімді сатудан түскен (жұиыс, қызмет көрсету) табыстың (ақша) кезеңдегі дайын өнімінің орташа шамасына қатынасымен формула бойынша анықталады:
К 0 = DN

r r
Мұнда: К0- дайын өнімнің айналымдылық коәффициенті;

г- баланс бойынша кезеңдегі дайын өнімнің орташа шамасы.

Ол дайын өнімнің айналым жылдамдығын көрсетеді. Оның өсуі кәсіпорынның өніміне деген сұраныстың артқанын көрсетеді, ал төмендегі – сұраныстың төмендеуіне байланысты дайын өнімнің шамадын тыс жиналып қалғанын білдіреді.



7. Дебиторлық борыштың айналымдық коэффициенті ол өнімді сатудан түскен табыстың (ақша) кезеңдегі дебиторлық борыштың орташа шамасына қатынасымен формула бойынша анықталады:

Мұнда; К0 д13- дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті;


Д3 – дебиторлық борыштың кезендегі орташа шамасы.
Дебиторлық борыштыш айналымдылық коәфициенті дебиторлық борыштың

Сапасы мен көлемін бағалау үшін пайдаланылып, кәсіпорын берген комерциялық несиенің ұлғайғанын немесе төмендегенің көрсетеді. Егер коәффициент шоттарды төлеуге қарай құрылған сатудан түскен табыс (ақша) бойынша есептелсе, оның өсуі- несиеге сатудың азайғанын, ал төмендеуі- несиеге берудің көлемінің артқанын білдіреді.

Дебиторлық борыштың айналымдылық коәффициентінің ұатар дебиторлық борыштың орташа айналым уақыттын анықтау мына формуламен анықталады:

Д 0д/3 = 360 = Д3 * 360

К 0д/3 Д N

Мұнда; Д0 д/3 – дебиторлық борыштың орташа айналым уақыты немесе оны өтеу кезеңі.

Дебиторлық борыштың айналымдылығы = 155644/ 13886833 = 0,01 жыл басы; 2345052/863282 = 2,7 жыл аяғында.
Бұл көрсеткіш компанияның қойған шоттарын клиенттерлің төлеуге қажет уақытын сипаттайды. Осы көрсеткіштің төмендеуі – оң, ал артуы – теріс бағаланады.
8. Кредиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті. Ол өнімді сатудан түскен табыстың (ақша) кезеңдегі кредиторлық борыштың орташа шамасына қатынасымен формула бойынша есептеледі:
К 0К/3 = Д N

K 3

Мұнда: К0 к/з – кредиторлық борыштың айналымдылық коәффициенті;

К3 – кезеңдегі кредиторлық борыштың айналымдылығы = 155644/594648 = 0,3 жыл басы;2345052/519797 = 4,5 жыл аяғында.


Кредиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті сияқты коммерциялық несиенің артқанын немесе төмендегенін көрсетсе, ал керісінше кредиторлық борыштың айналымдылық коәффициенті кәсіпорынға берілгенін айқындайды . Кредиторлық борыш коәффициентінің өсуі – кәсіпорынның борышты төлеу жылдамдығының артқанын, ал төмендеуі- несиеге сатып алудың артқанын көрсетеді.

Бір мезгілде кредиторлық борыштың орташа айналым уақыты мына формуламен анықталады:


Д 0К/3 = 360 = К 3 *360

К 0К/3 Д N

Кредиторлық борыштың айналым уақыты = 360/4,5= 80 күн

Мұнда: Д o к/з – кредиторлық борыштың орташа айналым уақыты.

Бұл көрсеткіш кәсіпорынның қарыздарын қайтаруының орташа уақытын (банк алдындағы және басқадай заемдар бойынша міндеттемелерін қоспағанда) көрсетеді.
9. Ақша қаражатының айналымдылық коәффициенті.

Кәсіпорынның ырғақты қызмет етуі үшін ақша қаражаты қозғалысының жылдамдығының ерекше маңызы бар. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының ойдағыдай болуының негізгі шарттарының бірі, оның ағымдағы міндеттемелерін жабуды қамтамасыз ететіе ақша қаражатының құйылуы болып табылады. Демек, бұндай аса қажет ақша қаражаты қорының болмауы кәсіпорынның қаржылық қиыншылығы бар екендігін куәландырады. Сонымен қатар ақша қаражатының шамадан тыс көп болуы, инфляция және ақшаның құнсыздануына байланысты, іс жүзінде кәсіпорын шығынға ұшырап отырғанын білдіреді. Осыған байланысты кәсіпорындағы ақша қаражатын басқарудың тиімділігін бағалау қажеттігі туындайды.

Бұндай талдаулың әртүрлі тәсілдері бар. Атап айтқанда, қаржылық қиыншылықтың туындауының барометрі кәсіпорынның ағымдағы міндеттемелерінің көлемінің өсуі жағдайында, оның ағымдағы активтер құрамында ақша қаражатының үдесінің азаю үрдісі болып табылады, ондай жағдай біздің кәсіпорынымызда орын алып отыр.

Ақша қаражатының айналымдылық коэффициенті мына формуламен есептеледі;


К 0д.с = ДС 0

ДС с
Мұнда; К0 дс –ақша қаражатының айналымдылық коффициенті;

ДС о –талдау кезеңіндегі ақша қаражатыңың айналымы;

ДСс –ақша қаражатыңың орташа қалдығы

Ақша қаражатыңың айналымдылық коффициенті = 2345052/75820=30,9

Есептеу үшін ақша қаражаттарының шоттары бойынша («касса», (есеп айырысу шот», «Валюталық шот», «Банктегі арнайы шоттар» және т.б.) кезенінің басы мен соңындағы қалдықтар шамасы туралы ішкі есеп мәліметтері пайдаланылады. Осы мақсатта мына формула қолданылады.


ДC 01 + ДС 2 + ДС 3 + _ + ДС n

ДС с = 2 2



n-1
Мұнда; ДСn – n айының басындағы қалдықтар;

n - кезеңдегі айлар саны.

Ақша қаражатының айналымын есептеу үшін талданып отырған кезеңдегі 1040 «Ағымдағы банктік шотындағы» барлық шоты бойынша кредит айналымын пайдалану керек, онда кәсіпорындардың көпшілік өздерінің контрагенттерінен ақша аударып есеп айырысатынын, ал ақша қаражатын касса арқылы беруде (қызметкерлердің еңбек ақысы немесе шаруашылық шығындарын төлеу) оны алдын – ала банктен алу болжанады.

Меншікті қаражат есебінен банктер арнайы шот ашып, оны пайдалану (чек кітапшалары, акредиттивтер) да есептесу шотынан сәйкес арнайы шотқа қаражат аудару мен байланысты болады. Бұл жағдайда ақша шоты бойынша несие айналымдарының сомасының айналымы шамасын есептеу үшін пайдалану қосарлас шотқа яғни, оның қортындысында кәсіпорындағы ақша қаражатының айналымдылық көрсеткіші айтарлықтай бұомалануына әкеліп соқтырар еді. Егер кәсіпорында есептесудің едәуір бөлігі касса арқылы беретін болса қолма – қол ақшамен жүргізілсе және арнайы шоттарды кұру заемдық негізде іске асырылса, онда 1010 – тармақтын «кассадағы барлық» және 1020 – тармақтын «банктегі арнайы шоттағы ақша қаражаты» шотында өзінің алдын –ала сомалар 1040 «Ағымдағы банк шотындағы барлық» шотының кредиттік айналым сомасына қосылу керек.

Талдау жүргізген кезіндегі айналымдар санын көрсететін ақша қаражатының айналымдылық коэффициентімен қатар олардың жеткілікті екендігіе бағалауға мүмкіндік беретін ақша қаражатының айналымы кезеңінің ұзақтығы анықталады. Осы мақсатта мына формула қолданылады:

Д 0Д.С = ДС с *Д р

ДС 0
Мұнда; До дс – ақша қаражатының айналым кезеңі;

ДСс – ақша қаражатының орташа қалдығы;

Др – талдау кезеңінің ұзақтығы;

ДСо – талдау кезеңіндегі ақша қаражатының айналымы;


Формула бойынша есептелген біздің кәсіпорындағы ақша қаражатының айналым кезеңі 2,08 –ден (наурыз) 4,86 (тамыз) күнге дейін ауытқыды. Басқаша айтқанда, кәсіпорынның шотына ақша түскен мерзімінен оның шығып кетуіне дейін, орташа үш күннен аз уақыт өтті (4,86 - 2,08).

Бұл кәсіпорында қаражатын айқын жетіспейтіндігін білдіреді, ол дебиторлық борыш есеп беру жылынын соңында едауір көлемді 1671 мың тенге, яғни өткен жылдың басымен салыстырғанда 46,6% артық жағдайда, бұл өте кауіпті болып табылады.

Кәсіпорындағы ақша қаражатының іс жүзіндегі қозғалысын ашып көрсету, оның ырғақты түсуі мен жұмсалуын бағалау және кәсіпорындағы қол жеткізген қаржы нәтижесі шамысын байланыстыру үшін ақша қаражатының түсуі (кемуі) мен шығуының (кетуі) барлық бағыттарын бөліп және талдаау керек.

Ақша қаражаты қозғалысының көрсетілген бағыттарын операциялық (ағымдағы), инвестициялық және қаржылық қызмет ауқымында қарау қажет.


10. Инвестицияланған капиталдың айналымдылығын.

Инвестицияланған капиталдың айналымдылық коәффициенті кәсіпорынның өзінің дамуына салған инвестицияны қоса есептегенде, оның ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді инвестицияларының айналым жылдамдығын көосетеді.

Алымындап сатудан түскен табыс (ақша), бөлімінде –кезеңдегі инвестицияланған капиталдың орташа шамасы:

К 0и.к = Д N

Д и и
Мұнда; Ди – және Ки – сәйкес ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді инвестициялар.

Бұл коәффициенттің мағынасын сол кезеңдегі істегі капиталдың (барлық активтерден қысқа мерзіиді және ұзақ мерзімді инвестицияларды алып тастағанда), яғни тікелей өндірістік қызметтегі капиталдың айналымдылық коәффициентімен салыстырған абзал.


11. Істегі капиталдың айналымдығын алымында – сатудан түскен табыс (ақша), бөлімінде – кезендегі істегі капиталдың орташа шамасы келтірілген формула бойынша есептеледі.
K 0Ф.К. = Д N

Ф к


Мұнда: Фк – істегі капитал.

Бұл коэффициенттің мағнасын талдағанда өндірістік қызметке тікелей қатысатын капиталдың айналымдығының баяулағанын немесе жылдамдағаннан көруге болады. Өзінің дамуына салған инвестицияны қоспағанда, активтердің жалпы айналымдылық көрсеткіштерімен салыстырғанда бұл коэфициенттің алынған мағынасы кәсіпорынның сатудан түскен табысын (ақша) тікелкй әсер етпейтін инвестициялардан тазарған.


12. Перманенттік капиталдың айналым жылдамдығын сатудан түскен табысты кезеңдегі перманентті капиталдың орташа шамасына бөлу жолымен алынған коэффициент анықтайды:

К 0пер/к = Д N

ПЕР/К

Мұнда: Пер/к - перманенттік капитал = меншікті капитал + ұзақ мерзімді міндеттемелер.



Бұл коэффициент кәсіпорыннның ұзақ мерзімдік пайдалануындағы капиталдың қаншалықты тез айналатындығын көрсетеді. Оның мәні меншікті капиталдың айналымдылық көрсеткішіне ұқсас, тек бір айырмашылығы, талдағанда кәсіпорынның ұзақ мерзімді міндеттремелерінің әсерін еске алу керек.
13. Іскерлік белсенділік индексі айналым капиталын басқару өрісінде, кезеңдегі кәсіпорынның негізгі қызметі бойынша кәсіпкерліктің тиімділігін сипаттайды. Ол талдау процесіндегі істегі капитал айналымдығы мағынасын негізгі қызметтің табыстылығына (рентабельділігі)көбейту арқылы есептеледі:
И Д/А = Д N * Д 0

Ф к S


Іскерлік белсенділік көрсеткішіне Т.Б. Крылова (47) енңбек өнімділігінде кіргізуді ұсынады. Біздің көзқарасымыз бойынша болу көрсеткіш қор қайтарымы секілді, шарушылық жүргізуші субъектінің қызметінің тиімділігін көбірек сипаттайды.

Сонымен, біздер кәсіпорынның іскерліңк белсенділігін сипаттайтын негізгі көрсеткіштерді қарадық, оларды талдау кәсіпорын өзінің қаражатын

қаншалықты тиімді жұмсағанын анықтауғы көмектеседі. Бұл көрсеткіштерді талдау мен қатар, кәсіпорынның нарықтық белсенділігін бағалауға болатын басқа да көрсеткіштерді қарап және жан – жақты талдап қорыту керек.
Кесте -7



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет