Мазмұны беті Кіріспе І бөлім. Халықты зейнетақымен қамсыздандыруды басқарудың теоретикалық аспектілері



бет1/6
Дата16.06.2016
өлшемі0.58 Mb.
#138280
  1   2   3   4   5   6
Мазмұны

беті

Кіріспе ………………………………………………………………………… 3

І БӨЛІМ. Халықты зейнетақымен қамсыздандыруды басқарудың

теоретикалық аспектілері

    1. Ынтымақтылық зейнетақы қорынан жинақтаушы зейнетақы қорына өту эволюциясы……………………………………… 16

    2. Нарықтық экономика жағдайындағы халықты зейнетақымен

қамсыздандыру жүйесін мемлекеттік реттеу……………... 39
ІІ БӨЛІМ Қазақстан Республикасындағы халықты зейнетақымен

қамсыздандыру жүйесін аналитикалық бағалау

2.1. Халықтың әлеуметтік – экономикалық

жағдайының анализі…………………………………………. 44

2.2. Зейнетақы жүйесінің инфроқұрылымдық

қамтамасыз етілуі…………………………………………….. 55
ІІІ БӨЛІМ Халықты зейнетақымен қамсыздандырудың жинақтаушы

жүйесінің даму бағыттары

3.1. Контекстідегі зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің

шетелдік тәжірибесі…………………………………………. 62

3.2. Халықты зейнетақымен қамтамасыз етуді

жетілдіру бойынша кеңестері……………………………… 74
Қорытынды …………………………………………………………………. .. 84

Қолданылған әдебиеттер ………………………………………………...... ... 90
Кіріспе
Өзінің «Салықтар мен жиындар туралы трактат» атты жұмысында біріншілердің бірі болып У.Петти «жұмысқа қабілетсіз» адамдарды қолдауды, яғни өзінің жарамсыздығы салдарынан еңбек ете алмайтын, мысалы, мүгедектер және кедейлер мен жетім балалар туралы айтқан. Сол кездерде қарттарды қамтамасыз ету мемлекеттің міндеті болып табылмайтын, мемлекект тек қана жұмысқа қабілетсіз болған жағдайда және қарттық шаққа жинақ жасауға мүмкіндік беретін табыс алуға мүмкіндік беретін. Әлеуметтік қажеттіліктерге мемлекеттік шығындар туралы У.Петти былай деп жазған «… кедейлердің жалақысын шектеу әділетті емес, өйткені олар жұмысқа қабілетсіз шақтарына жинақ жасай алмайды (жұмыстың жоқтығы немесе қарттық шақтың келуі)».

Классикалық мектептің өкілдері (Франсуа Кэне, Жан Батист Сэй, Адам Смит, Давид Рикардо, Томас Роберт Мальтус) мемлекеттің елдің әлеуметтік аясына араласуын қолдаған. Сонымен қатар, Д.Рикардо мемлекеттің міндеттеріне тек қана көп балалы жанұяларға, жетім балаларға көмек пен кедейлердің жағдайын жақсартуды жатқызған.

Қарттарды қолдау мемлекеттің міндеті емес деп санаған жоғарыда көрсетілген классикалық мектептің негізін қалаушыларға қарағанда неоклассицизмнің өкілдері керісінше бұл мемлекеттің ерекше хұқығы деп санаған. А.Маршалл, К.Менгер, Г. фон Шмоллер және т.б сияқты берілген мектептің өкілдері мемлекеттің қоғамдағы әлеуметтік процесстерді реттеуін қалаған. Сонымен қатар, А.Маршалл қарттарға «ең бастысы экономикалық көмек» көрсетуге болады және мемлекеттік көмек «жомарт» болу керек деп санаған.

Қорытындылай келе, нарықтың өзін-өзі реттеу қабілеті, ел экономикасының әртүрлі салаларына мемлекеттің кіріспеуі қажетті қолдау көрмеді. Сонымен қатар, қоғамда және де ерекше түрде әлеуметтік қамтамасыз ету аясында болып жатқан процесстерді мемлекет реттеу керек.

Германия, Франция, Англия сияқты мемлекеттер кедейлерді әлеуметтік қорғау туралы мемлекеттің осындай қағидаларынан қолданыс тапты.

Осылайша, әлеуметтік сақтандыру жүйесі қоғамның экономикалық дамуының көрсеткіші болып табылады.

Макродеңгейдегі әлеуметтік қорғау жүйесінің негізі болып минималды өмірлік стандартты қолдау мен өмірді қамтамасыз етудің негізгі жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету табылады.

Халықты әлеуметтік қорғаудың құрамасының бірі болып оның зейнетақымен қамтамасыз етілуі табылады. Ол халықтың барлық қабаттарының мүддесін қамтиды, еңбек пен капитал нарығына әсер етіп қана қоймай, сонымен қатар жұмыс істейтін халық ұрпақтарының арасында да бөлініске салады. Осылайша, зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі ең күрделі және көп функционалды экономикалық жүелердің бірі болып табылады.

Зейнетақы (латынның pensio – төлем) – белгіленген жасқа жеткенде, мүгедектікке, асыраушысынан айырылғанда және де басқа да заңмен қарастырылған жағдайларға байланысты азаматтарға ақшалай, жүйелі түрде төленетін төлемдер. Зейнетақы төлемдері бюджеттен тыс мемлекеттік қорлар мен сақтандыру (жекеменшік зейнетақы) қорлары ретінде құрылған зейнетақы және сақтандыру қорларының есебінен жүзеге асырылады.

Зейнетақының екі түрлі мінездемесі бар.

Оны жұмысқа қабілеттілігін жоғалтып алған қоғам мүшесінің өмірлік қажеттілігін қамтамасыз ету мүмкіндігі ретінде қарастыруға болады. Және де зейнетақы жұмысқа қабілетсіздердің қоғамдық өндіріске жұмсаған еңбегі мөлшерінің көрсеткіші болып табылады.

Зейнетақы әлеуметтік мінез - құлқы бар ақшалай төлемдерге жатады, бірақта, сонымен қатар, оны экономикалық категорияға жатқызатын бірқатар ерекшеліктері бар.

Біріншіден, зейнетақы ел халқының белгіленген категориясына – жұмысқа жарамсыздарға арналған. Яғни, ұзақ уақыт аралығындағы жұмысқа қабілетсіздер (ауыруына байланысты уақытша жұмысқа қабілетсіздерге қарағанда) - бұл жасына, мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына байланысты жұмысқа жарамсыздар. Берілген жағдайда зейнетақы жұмысқа қабілетсіз болып қалған жағдайдан бастап тұрақты мінез-құлыққа ие және де өмірлік іс-әрекетті қамтамасыз ету үшін материалды қайнар көз болып табылады, және де берілген материалды игілікті тұтыну жекелей түрде болып келеді (спорт, дене шынықтыру, білім беру сияқты қоғамдық әлеуметтік төлемдерге қарағанда). Зейнетақының ең басты ерекшелігі жұмысқа қабілетті уақыт аралығында жұмсалған еңбектің көрінісі.

Қазақстан Республикасында «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңында «зейнетақы» түсінігі туралы айтылған. Бұл жинақтаушы зейнетақы қорлар мен Орталықтан төленетін зейнетақының жиынтығы. Аталған Заңмен келесі зейнетақы төлемдері қарастырылады:



  • Орталықтан – 1998ж. 1 қаңтарына қарай ҚР-ң заңымен белгіленген еңбек өтіліне пропорционалды алты айдан кем емес еңбек өтілі бар жеке тұлғаларға төленетін ақшалай төлемдер.

  • Жинақтаушы зейнетақы қорларынан – ҚР-ң заңымен белгіленген тәртіпте іске асырылатын алушыларға төленетін зейнетақы жинақтаулары.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесі жағдайындағы зейнетақы оларды тиімді басқару салдарынан ел экономикасын басқарудың басты тұтқасы болатын зейнетақы қорларынан төленетін төлемдер болып табылады. Қалай болғанда да зейнетақы – бұл халықты әлеуметтік қамсыздандырудың формаларының бірі.

Әлеуметтік қамсыздандыру – бұл халықтың жұмысқа қабілетсіз және қартайған мүшелерінің және де ақылы жұмыстың орындалуына денсаулығының жағдайы кедергі келтіретін тұлғалардың қоғам есебінен және қоғаммен асыраудың формалары мен түрлерінің жиынтығы.

Экономикалық мағынада әлеуметтік қамсыздандыру – тұтынуға қолданатын ұлттық табыстың бір бөлігі. Зейнетақымен қамсыздандыру әлеуметтік қамсыздандырудың бөлігі бола отырып екі құрылымнан тұрады: зейнетақылық сақтандыру (сақтандыру принципіне негізделген зейнетақымен қамсыздандыру) және әлеуметтік зейнетақы (әлеуметтік көмек). Сақтандыру принциптеріне негізделген зейнетақымен қамсыздандыру міндетті және ерікті бола отырып, мемлекеттік және жеке секторға жатады.

Экономисттер халықты зейнетақымен қамсыздандыруды берілген категорияны зерттеуге әкелетін экономикалық және әлеуметтік келісімнің бар болуын ұйғаратын әлеуметтік-экономикалық категория ретінде қарастырады. Экономикалық зертеулердің объектісі тұтыну ресурстарын бөлу мен өндіріске жауапты экономикалық институттардың іс-әрекеті мен өмірлік іс-әрекеттің (табыстар, тұтынулар) параметрі болып табылады. Халықты зейнетақымен қамсыздандырудың социологиялық зерттеулеріқоғамның әлеуметтік – экономикалық құрылымындағы зейнеткерлердің жағдайын анықтайды.

Экономикалық категория ретіндегі ынтымақтастық зейнетақымен қамсыздандырудың мәні қоғамның жұмысқа қабілетсіз мүшелерін қамсыздандыруға бағытталған ұлттық табыстың жекеленген бөлігі ретінде анықталады. Зейнетақымен қамсыздандыру түсінігін жалпы алғанда қоғамдық өндіріс пен жиынтық жұмыс күшінің ұдайы өндірісінің категориясы ретінде қарастыруға болады.

Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін әдебиетте екі негізгі топқа бөлінетінін атап айтуға болады. Оларды қаржыландыру қайнар көздеріне қарай бөлінеді: бюджеттік (қорланбайтын) және сақтандырушылық (қорланатын). Бюджеттік жүйелер қаражаттарды шоғырландыруды жүргізеді (профсоюздар мен мемлекет бюджетінен, басқа да түсімдерден) және ағымдағы зейнетақыны төлеу үшін бөліп таратылады. Олар, әдетте, ақшалай түсімдердің қосымша қайнар көзін ашу үшін бос құрал-жабдықтарды қаржыландырмайды. Сондықтан, экономистердің анықтауы бойынша бюджеттік жүйелердегі зейнетақымен қамсыздандырудың қаржылық нәтижелері барынша анықталмаған және толығымен қажетті құралдарды шоғырландыра алмауынан тәуелді. Осы топқа мемлекеттік зейнетақы жүйелері жатады.

Мемлекеттің бюджеттен тыс қорлары қаржылық құралдардың жиынтығы ретінде жергілікті және орталық билік жүргізу органдарының қарамағында болады және мақсаттық тағайылымы бар.

Бюджеттен тыс қорлар – ол еңбек ресурстарының кеңейтілген ұдайы өндірісін қамтамасыз ету мақсатында құрылатын қорлар (ол өзіне экономика, бзнестің дамуына қажетті қолайлы моральді климаттың құрылуын, іс-әрекетіне лайық ғылыми-техникалық және әлеуметтік шарттарының өндірімін қосады), бұл халықтың белгіленген әлеуметтік топтарының пайдасына қарай мемлекеттің ұлттық табысын қайта бөлудің формаларының бірі.

Бюджеттен тыс қорлардың материалды негізін ұлттық табыс құрайды. Осыған байланысты жағдаймен қорлар екі бағытта дами алады:


  • бюджеттен бөлінетін қаражат, ол құралдардың аса маңызды арнауларға бөлінуі;

  • жеке табыс көзінен бөлінуі.

Қазақстандағы бюджеттен тыс зейнетақы қорларының пайда болуы әлеуметтік-экономикалық дамудың қажеттілігімен туындалды: мемлекеттік қаржылық ресурстардың бөлігін қатаң функционалды түрде оңашалау, мемлекеттік бюджетті оған тән емес табыстардан босату, оның дефицитін төмендету қажет болды.

Екінші топ жүйелері үшін принципиалды болып қаражаттардың ұзақ мерзімді жинақталуы табылады, мысалы, мемлекеттік емес зейнетақы қорларымен зейнетақы төлемдерін қамтамасыз ету. Бұндай жүйелердегі зейнетақының өзін арнайы сақтандырудың нәтижесі ретінде қарастыру қажет. Басқаша, айтқанда жарналардың балансы мен зейнетақы төлемдері сақтандыру принциптерімен анықталады.

Бюджеттен тыс қорлар бюджеттік қорларға қарағанда автономды болып келеді, осылайша олардың ерекше әлеуметтік маңыздылығын атап айтуға болады. Бұндай әлеуметтік маңыздылық әл қор қаражатының қатаң мақсатты жұмсалуын талап етеді.

Зейнетақы жүйелерін мемлекеттің қатысуына қарай жіктеуге болады: мемлекеттік және мемлекеттік емес; салымшылардың қатысу мінез-құлқына қарай: міндетті және ерікті. Қатысушыларды қамту деңгейіне қарай зейнетақы жүйелері ұлттық, аймақтық, корпоративті (салалық, жеке кәсіпорындар) бола алады. Әлемдік практикадағы әлеуметтік тәуекелділіктің жинақтаушы сақтандыруының құралы мемлекеттік емес әлеуметтік сақтандыру қорлары, басты түрде, мемлекеттік емес зейнетақы қорлары болып табылады.

Қазіргі заман экономикалық сөздігінде қор (французша fond, латынша fondus) жинақ, қор, ақша құралдарының жинақталуы, ақшалай капитал және де оларды нақты мүдделер үшін пайдалану мақсатында біріңғай жиынтыққа топталған ақшалай және материалды құралдар ретінде аталады.

Зейнетақымен қамсыздандыру қорлары экономикалық категория болып табылады. Басты түрде, бұл бөлу мен қайта бөлу категориясы, өйткені, олардың құрылуы ұлттық табысты қайта бөлу кезінде болады. Социолизм кезеңі кезінде біздің мемлекетімізде «тұтынудың қоғамдық қорлары» түсінігі қолданылған, олардың құралдары жұмысқа қабілетсіздерді, сонымен қатар зейнеткерлерді қамсыздандыруға негізделген. Батыс мемлекеттерінде олар «әлеуметтік бағдарламалар» атты кеңейтілген экономикалық категорияға кіреді.

Зейнетақы қорлары (pension funds) – зейнетақы төленетін қорларды құру үшін максималды жоғары табыс алу мақсатымен инвестицияланатын жеке сектор мен мемлекеттің зейнетақы салымдары. Зейнетақы қорларындағы апта сйынғы, ай сайынғы салымдардың арқасында өсіп отыратын бірталай қаражаттарды басқару сақтықты талап етеді: қаражатарды салу мақсатында қорлар жиі, тек қана биржада айналыста жүретін құнды қағаздарды сатып алып қана қоймай, жылжымайтын мүлік пен өнер туындыларын да сатып алады.

Зейнетақы қоры ақша құралдарын шоғырландырумен айналысатын және оларды қатысушылардың жәрдемақылары мен зейнетақыларын төлеу үшін пайдаланатын ұйым болып танылады. Әр зейнетақы қоры өзінің ережелері бойынша жұмыс істейді және шаруашылық дербестігі бар заң және қаржы ұйымы болып табылады. Зейнетақы қоры өзінен жоғары тұрған мекеменің міндеттемелері бойынша және өзі қызмет көрсететін персонал үшін жауап бермейді.

Барлық қорларға болатын жалпы талаптар құрал-жабдықтарды пайдалану туралы бұқаралық есеп беру болып табылады. Осы талаптардың барлығы да Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы қорларының ерекшеліктерін бөліп көресетеді.

Қорлар қаржы ресурстарын шоғырландырудың ерекше формасы ретінде әртүрлі бағдарламалар мен жобалардың есебінен оларды қаржыландыру механизмінің жоғарғы экономикалық тиімділігін қамтамасыз етеді. Олардың қаржы құралдарын құру мен ресурстарды жиынтықтаудағы артықшылығы басты түрде қорлардың қатысты тәуелділігіне, тұрақтылығына байланысты: бұл құралдар реттік кезеңділігімен алынып отыратын нақты салымдардың есебінен құрылады.

Дамыған нарықтық экономикасы бар мемлекеттерде жекеменшік немесе мемлекеттік емес зейнетақы қорлары жақсы жұмыс істеуде. Сақтық зейнетақы қорының басты тағылымы – ол салымдарды шоғырландыру мен оларды тиімді орналастыру, яғни қарттық шаққа қарай әрбір қатысушы мемлекеттік зейнетақыдан басқа қосымша зейнетақы ала алады. Бұл мемлекеттегі зейнетақы қорлары мемлекеттік және жекеменшік сектордың кәсіпорын топтарымен немесе жеке кәсіпорындар шегінде құрылған зейнетақы кассаларының жиынтығын көрсетеді. Зейнетақы қорының жұмыс істеуінің басты принципі - өзінің салымшыларының мүддесіне қарай максималды тиімді іс-әрекет жасау.

Әдетте, қорлар жалдамалы жұмысшылардың немесе кәсіпкерлердің салымдарын шоғырландырады, жиналған қаржы құралдарын басқарады және зейнеткерлерге зейнетке шыққанда не бір реткі сома, не өмірлік зейнетақы төлейді. Зейнетақы қорларының іс-әрекеті қормен мәмілелік қатынасқа түсетін жеке тұлғалар, жұмыс берушілер, кәсіпорындар сияқты экономика субъектілерін қамтиды. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізгі объектілері болып костодиан-банктері мен зейнетақы активтерінің инвестициялық басқаруын іске асыратын ұйым, заңды тұлға ретінде шығатын жинақтаушы зейнетақы қорлары.

Мемлекеттік емес зейнетақы қорларының ерекше құрылымдық ерекшеліктері және олармен іске асырылатын зейнетақы төлемдерінің түрлері қызығушылық тудырады. Мемлекеттік емес қорлардың барлығы белгіленген төлемдер мөлшері бар қорлар (жоспар) мен белгіленген салымдар көлемі бар қорларға бөлінеді.

Төлемдердің белгіленген көлемі бар қор немесе төлемі тіркелген қор (defined contribution plan). Зейнетақымен қамсыздандыруды жоспарлай отырып жұмыс беруші қалай болғанда да қызметкерлерінің зейнетке кеткеннен кейінгі өмірін қамтамасыз етуге міндеттенеді.

Салымы тіркелген қор іс жүзінде кәсіпкерлермен резервтелетін жинақтаушы қор болып табылады, бірақта қорлардың көбі жұмысшылар жағынан қосымша салымдарға рұқсат береді. Фирма қатысушы жұмысшылар атынан тіркелген салымдар жасауға міндетті.

Әдетте, мұндай қорда салым көлемі жұмысшының жалақысына және оның көлемінің өзгеруіне қарай белгіленеді.

Салымы тіркелген қор ауыстырмалы болып келеді, яғни жұмысшы жұмыстан кеткен жағдайда да капитал оның меншігінде қалады.

Ауыстырмалы «ауысуға қабілетті» дегенді білдіреді, ал ауыстырмалы зейнетақы қоры (portable pension plan) – бір жұмыс берушіден екіншісіне өте алатын қор.

Қорға салымдар жасайтын фирма жұмысшы жұмыстан кеткен жағдайда төлемдер көлеміне кепілдік бере алмайтындықтан салымы тіркелген қор қатысушылары құнды қағаздар портфелінің әрекетінің төмен тиімділігімен байланысты инвестициялық тәукелділікпен кездеседі. Бірақта, мұндай қор әдетте, барлық қатысушыларды бірдей шартқа қоятын инвестицияларды таңдауға мүмкіндік береді.

Мұндай жүйе жинақтау мерзімі кезіндегі проценттік ставканың өзгеруіне икемді әсер етуге мүмкіндік береді. Жетіспеушілігі болып зейнетақы көлеміндегі белгісіздіктің жоғарғы деңгейі табылады.

Салымдар көлемі белгіленген қорлар мынандай түрлерге бөлінеді:


  • жинақтаушы қорлар (money-purchase plan): жұмыс беруші әрбір жұмысшының жалақысынан белгілі процент түрінде аударым жасайды; соңғысы қосымша салым жасай алады.

  • табыстан алынатын төлемдерден құрылған қорлар (profit sharing plan): жұмысшының құқығы бар табыстың бөлігі оған беріледі, ал қалған бөлігі зейнетақы қорына өтеді (ақшалай немесе акция түрінде); бұл бөлігіне өтеулерге дейін салық салынбайды.

  • жинақтаушы қорлар (trift or saving plan): жұмысшының өзі жалақысының бір бөлігін зейнетақы қорына аударады, жұмыс беруші қосымша сома аудара алады.

Жәрдемақысы тіркелген қор (defined benefit plan) немесе зейнетақы төлемдері тіркелген қор. Оны құру кезінде кәсіпкер көлемі тіркелген зейнетақылық жәрдемақы төлеуге міндеттеледі, яғни зейнет жасына келуіне қарай мәмлемен белгіленген зейнетақы көлемін өтеу үшін қаржының жинақталуы қарастырылады. Мұндай типтің артықшылығы болашақта зейнеткерлердің зейнетақымен қамтамасыз болуының сақтандырылған кепілдігі болып табылады. Кемшілігілігі: жұмысшыларда, егер жасына байланысты олардың жалақысының көлемі төмендесе, болашақ салымдарын өтеу кезінде қаржылық қиыншылықтар пайда болуы мүмкін.

Мұндай қордың басқа қорлардан басты артықшылығы құнды қағаздар портфелінің тиімсіз іс-әрекет етуінің салдарынан туындай алатын тәуекелділік бойынша зейнеткерелер емес демеуші фирма жауап береді.

Өтеу деңгейі тіркелген зейнетақы қорының жетіспеушілігі бұл инвестиция құнының өзгеруіне (жартылай немесе толығымен қаржыландырылатын зейнетақы жоспарлары жағдайында) немесе аударымдар көлемінің өзгеруіне байланысты демеушілердің тәуекелділігі (ағымдағы табыстардан өтелетін зейнетақы немесе қаржыландырылмайтын жоспарлар жағдайында).

Мұндай типті қорлар келесі түрлерге бөлінеді:



  • flat benefit plan жинақтаушы зейнетақы қорына әрбір жыл (квартал, ай) аралығында салынып отырған төлемдердің қатаң төлемдер көлемін анықтайды;

  • career average salary plan орташа жалақы мен жылдар санына байланысты төлемдер көлемін анықтайды;

  • final average salary plan career average salary plan-нан айырмашылығы болып орташа жалақының барлық кезеңге емес тек қана соңғы бірнеше жылға есептелетіні табылады.

Ю.Бригхем мен Л.Лапенский қорлардың үшінші типін бөліп көрсетеді – ол корпорация табысының деңгейіне байланысты аударымдар көлемі ауытқып отыратындығын ескеретін жалпы табыстағы үлестік қатысы бар қор. Мұндай типтегі қор жоғарыда аталып өткен қорлармен қатар әрекет ете алады.

Зейнетақымен қамсыздандырудың дамуының теоретикалық аспектілерін қарастыра отырып бар зейнетақымен қамсыздандыру институттарын қарастыру қажет. Институт деп нормалар мен ережелердің жиынтығын және де зейнетақы қорлары мен салымшылар арасындағы арақатынастары мен қатынастарды жеңілдететін және құрылымдалатын және де солардың көмегімен оларды іске асыру механизмін айтамыз.

Құқықтық институттар түрлеріне қарай негізгі үш зейнетақымен қамсыздандыру институтын бөлеміз:


  • әлеуметтік зейнетақы институты;

  • еңбек зейнетақысы;

  • ерікті зейнетақылық сақтандыру түрлерінің институты.

Мемлекеттік және мемлекеттік емес зейнетақы институттарын құрудың әлеуметтік және ұйымдастырушы-экономикалық негіздері принципиалды түрде бөлек болып келеді.

Мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыру әлеуметтік зейнетақыны өтеуге негізделген. Бұл әлеуметтік сақтандыру институтының бар болуын түсіндіреді. Мұндай зейнетақыны қаржыландырудың қайнар көзі болып салықтардан құрылатын жергілікті және мемлекеттік бюджеттен бөлінетін тура қаржылар табылады. Әлеуметтік зейнетақыны төлеу адамның сіңірген еңбегіне, өтіліне және басқа салымдарына (сақтандырушылық немесе зейнетақылық) байланысты емес. Сіңірген еңбегіне қарай зейнетақы төлеуді еңбек зейнетақысы институты шегіндегі мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі қарастырады. Мұндай зейнетақы төлеу жұмысшыларды міндетті мемлекеттік зейнетақылық сақтандыруға, ұрпақтардың ынтымақтылық принциптеріне негізделеді. Мұндай жағдайда қаржыландырудың қайнар көзі тікелей жұмысшылардың өз зейнетақылық салымдары есебінен құрылатын мамандандырылған, арнайы қорлар болып табылады.

Ерікті зейнетақылық сақтандыру түрлерінің институты мамандықтар, салалар мен кәсіпорындар деңгейінде дамиды. Мұндай сақтандыру түрлерінің шарты негізінен профсоюздар мен жұмыс берушілер одағы сияқты әлеуметтік партнерлармен келісілген коллективті еңбектік мәмлеге байланысты. Мұндай зейнетақымен қамсыздандыру институттары формаларының дамуы салықтық жеңілдіктермен ынталандырылады.

Ерікті зейнетақылық сақтандыру түрлерінің институты – мамандандырылған мемлекеттік емес зейнетақы институттары, яғни зейнетақы қорлары және басқа да қаржылық ұйымдар мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінен тәуелсіз түрде құрылады. Мемлекеттік емес зейнетақы әртүрлі мамандандырылған институттармен қамтамасыз етіле алады. Олардың қатарларына ерікті зейнетақымен қамсыздандыруды іске асыратын мемлекеттік емес зейнетақы қоры, сақтандыру полисі (сонымен қатар өмірлік рента), кәсіпорындардың зейнетақы кассалары, кәсіпорынның балансындағы резерв, мамандандырылған инвестициялық қор, зейнетақылық банк шоты және басқа да әртүрлі ұйымдар кіре алады. Мұндай институт халықты зейнетақымен қамсыздандырудың жоғарырақ икемділігіне ие, ол әртүрлі жағдайларға көбірек икемделген. Ол адамдардың мүддесіне бағдарланған саяси, экономикалық және салықтық саясатпен тығыз байланысты.

Пайда болған зейнетақы құқықтарының іске асырылуын кепілдендіру үшін дербес зейнетақы кассасының (қор, сақтандыру компаниясы) немесе кәсіпорынның төлем қабілетсіздігі жағдайында төлемдер іске асырылып отыратын резервтік зейнетақы қоры құрылады. Халықты ерікті жеке және коллективті зейнетақылық сақтандырудың қаржылық қайнар көзі – зейнетақылық салымдар мен төлемдер эквиваленттігі принципінде ұйымдастырылған жұмыс берушілер мен жұмысшылардың зейнетақы салымдары.

Пасс К., Лоус Б. Және басқалары зейнетақылық бағдарламалардың негізгі үш типін бөліп көрсетеді:



  1. Мемлекеттік зейнетақы мемлекеттен төленеді. Жұмысшы жұмыс істеп жүрген кезінде мемлекеттік сақтандыру салымдарын жасайды. Бұл оған өмірлік деңгейдің минималды стандартын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жасына байланысты зейнетақы алуға құқық береді.

  2. Жеке сектордың жұмыс берушілерімен төленетін кәсіптік зейнетақы. Жұмыс беруші мен жұмысшы сақтандыру компаниясына немесе зейнетақы қорына әрдайым салымдар аударып отырады. Осының салдарынан зейнеткер аударған салымдар сомасына қарай зейнетақы алады.

  3. Дербес зейнетақы өздерінің жеке жағдайларына байланысты жеке клиенттер үшін зейнетақы қорларына қызмет көрсететін сақтандыру қорларымен, зейнетақы қорларымен және басқа да қаржы ұйымдарынан төленеді.

Осылайша, зейнетақы қорларының теоретикалық негізі бұл ақша құралдарын шоғырландырумен айналысатын және оларды қатысушыларға жәрдемақы мен зейнетақы төлеу үшін пайдаланатын ұйым болып табылады. Тиімді басқарылатын зейнетақы қорлары ел байлығын арттыра түседі, зейнетақы қорларының көбі экономиканы басқарудағы басты тұтқа ретінде болады. Сонымен қатар, зейнетақы - бұл халықты әлеуметтік қамсыздандырудың формаларының бірі. Зейнетақыны еңбек қабілеттілігін жоғалтып алған қоғам мүшелерінің өмірлік қажеттіліктерін қамтамасыз етудің мүмкіндігі ретінде қарастыруға болады. Және де зейнетақы жұмысқа қабілетсіздердің қоғамдық өндіріске сіңірген еңбек мөлшерінің көрсеткіші болып табылады.

Зейнетақымен қамсыздандыру қоғам инфроқұрылымының экономикалық элементі болып табылады, ал жинақтаушы зейнетақы қорларымен көрсетілетін қызметтер тұтынушылық тауар ретінде көрініс таба алады, яғни зейнетақымен қамсыздандыру әлеуметтік-экономикалық категория ретінде бола алады.

Зейнетақы қатынастары – бұл экономикалық қатынастар, олар экономикалық көрсеткіштермен сипатталады. Басқа жағынан, зейнетақы қатынастары – бұл әлеуметтік қатынастар, себебі олар адамның экономикалық мүмкіндіктеріне байланысты емес, сонымен қатар оның тұлғалық және психологиялық факторларына, өмірінің ұзақтығына, қажеттіліктеріне де байланысты. Зейнетақы қоры практикалық тұрғыдан жалғыз әлеуметтік бағдарланған институт болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет