Мазмұны
Бизнес жоспардың түйіндемесі
Бизнес жоспарды іске асыру мерзімі мен негізігі кезеңдері
Обьектінің сипаттамасы
Құрал-жабдықтың техника-экономикалық мәліметтері
Қаржы жоспары
Тәуекелділікті бағалау
Қорытынды
Жобаның түйіндемесі
Ұсынылып отырған жоба антикафе бизнес жоспары.
Жобаның жетекшісі: Абдракман С.Б. Асқар А.
Жобаның идеясы: Антикафе ашу келесі мақсаттарды көздейді:
Жобаны қаржыландыру: коммерциялық несие алу арқылы. Несиенің мөлшері (соммасы) 7 416 000 тенге.
Жоба өзін-өзі ақтау мерзімі 1,5 жыл.
Антикафенің орналасу жері: Проспект Жамбыла мен Сатпаева көшелерінде, яғни пед корпуспен гидро арасы
Антикафе негізгі үш бөлмеден тұрады:
Қарым-қатынас бөлмесі. Бұл жерде ойындар ойналады, достармен пікіртала ұйымдастырып, кеңес өткізуге болады.
Ойын және шағын кинотеатр бөлмесі. Бұл бөлмеде ойын-сауық жасау үшін бәрі бар. Play Station, Xbox, кино көруге арналған үлкенірек экран және т.б. Сондай-ақ музыкалық апараттарда осы бөлмеде болады.
Оқу бөлмесі. Жоба бойынша оқуға арналған Kindle атты планшеттер алынады деп жоспарланған. Бұл жерде кітапхана жасалады. Сонымен бірге, бір шығарманы талқылау мақсатында әдеби кештер жасауға болады.
Бастапқы шығындар:
Атауы
|
Саны
|
Бағасы, KZT
|
Жалпы құны, KZT
|
Sony PlayStation
|
3
|
100 000
|
300 000
|
Плазмалық теледидар
|
3
|
130 000
|
390 000
|
Үстел
|
3
|
80 000
|
240 000
|
Диван
|
6
|
110 000
|
660 000
|
Kindle Touch
|
10
|
45 000
|
450 000
|
Ноутбук
|
8
|
120 000
|
960 000
|
Тоңазытқыш
|
2
|
80 000
|
160 000
|
Кілем
|
3
|
50 000
|
150 000
|
Ыдыс-аяқтар
|
1
|
120 000
|
120 000
|
Принтер
|
1
|
40 000
|
40 000
|
Ас үй жабдығы
|
1
|
300 000
|
300 000
|
Жөндеу
|
1
|
1 500 000
|
1 500 000
|
Барлығы
|
|
|
5 270 000
|
Пайда мен залдар туралы есеп:
Қызмет көрсетуден түскен табыс
|
12 600 000
|
Жалпы және әкімшілік шығыстар
|
7 416 000
|
Әлеуметтік салық
|
300 744
|
Операциялық табыс
|
4 883 256
|
Корпоративтік табыс салығы
|
378 000
|
Таза пайда
|
4 505 526
|
Қызмет көрсетуден түскен табыс:
Күніне 35 клиент келеді деп есептесек, 35*1000=35 000 теңге, айына 35 000*30күн=1 050 000 теңге. Жылына 1 050 000*12ай=12 600 000 теңге
Жалпы және әкімшілік шығыстар:
Шығындар
|
Айына, KZT
|
Жылына, KZT
|
Еңбекке ақы төлеу
|
310 000
|
3 720 000
|
Бөлме-жайды жалға алу
|
250 000
|
3 000 000
|
Коммуналды төлемдер
|
30 000
|
360 000
|
Шәй мен тәттілер
|
10 000
|
120 000
|
Жарнама шығыстары
|
15 000
|
180 000
|
Басқа да болжанбаған шығындар
|
3 000
|
36 000
|
Барлығы
|
618 000
|
7 416 000
|
Әлеуметтік салық:
Жоба бастамашысы өзі үшін екі айлық көрсеткіш (АЕК) және әрбір қызметкер үшін бір АЕК мөлшерінде салық төлейді. Яғни, шамамен бұның көрінісі мынандай: 1852 теңге АЕК * 2 * 12 ай + 1852 теңге АЕК * 2 қызметкер * 12 ай = 88 896 теңге. Міндетті зейнетақы жарналарын қоспағанда ( 3 720 мың теңге * (1-10%)* 5%=167 400 теңге) әлеуметтік аударымдар еңбекақы сомасының 5 %- на тең.
Әлеуметтік салық көлемі: 133 344 теңге
Әлеуметтік аударымдар: 167 400 теңге
Еңбекақы төлеу жүйесі:
Лауазымы
|
Саны
|
Айына
|
Жылына
|
Ресепшн
|
1
|
80 000
|
960 000
|
Менеджр
|
2
|
160 000
|
1 920 000
|
Тазалаушы
|
1
|
70 000
|
84 000
|
Барлығы
|
4
|
310 000
|
3 720 000
|
Салықтар мен бюджеттік төлемдер:
Жоба аясында пайдадан 3% бойынша салық салу жүйесі негізінде корпоративтік табыс салығын төлейді, яғни 378 000 мың теңге (12,6 млн теңге * 3%).
Жобаның негізгі экономикалық көрсеткіші:
Жобаның жалпы инвестициялық көлемі- 7 416 000 теңге;
Жылдық пайда- 4 396 800 теңге;
Жобаға ақшаны қайдан таба аламын?
Еуразиялық даму банкі (ЕДБ) арқылы несие алуға болады. Қаржы есептері пайыздық мөлшерлемесі 14%, өтеу мерзімі 18 ай, өтеу мерзімі жарты жылға кешіктірілетін, содан кейін ай сайын тұрақты төлеп тұратын қарыз алу қажеттілігін айқындап отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |