7-8 сыныптарының жануартану пәніндегі "Құстардың шығу тегі" (§54) тақырыбына сабақтық жоспар.
Сабақтың тақырыбы: §54. Құстардың шығу тегі. Құстардың пайдазияны және оларды қорғау.
Сабақтың мақсаты.
а) танымдық - оқушыларға құстардың шығутегінжәне олардың жорғалаушылардан ұқсастығы мен айырмашылығы бар екенін түсіндіру.
ә) дамытушылық - құстардың табиғаттағы және адам өміріндегі пайдазиянын түсіндіру.
б) тәрбиелік - құстардың қай-қайсысын болса да қорғауға құстардың тынымбаққа, бау-бақшаға, егістіктер мен бақтарға үйірленуіне мүмкіндік жасап, үйшіктер дайындап, табиғатты көркейтіп, құстардың ұясын бұзып, жұмыртқасын жарудан аулақ болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Әңгіме, сұрақ-жауап. Сабақтың көрнекілігі: буклет, кеспе қағаздар.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі (сәлемдесу, жоқтарды белгілеу).
II. Үй тапсырмасын сұрау (сұрақ-жауап, үлгерімінашар оқушыларға кеспе қағаз тарату арқылы сұраққа жауап алу).
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі.
1) Құстардың шығу тегі
Құстар — жылықанды, ұшуға бейімделген жоғары сатылы омыртқалы жануарлар. Терісі құрғақ, тек құйымшақ безі ғана болады. Жіліншігі мен саусақтарын мүйіз текті қабыршақтың қаптауы, қауырсындарының мүйіз текті заттан түзіліуі, ас қорыту жүйесінде клоака болуы, жұмыртқа арқылы көбеюі, ұрығының даму сатысының жорғалаушыларға ұқсауы құстардың жорғалаушылардан шыққанын дәлелдейді.
Ғалымдар құстардың жорғалаушыларға арғы тегінен ұқсастығын қазба қалдықтар бойынша да дәлелдей тұсті. Тұңғыш рет 1861 жылы бұдан 150 млн. жыл бұрын тіршілік еткен қанатты жануардың қазбадан қауырсынның қалдығы соңына екі құстың скелеті табылған. Оның біреуі археоптерикс (көне құс) деп, екіншісі археоорикс деп атады.
Дене мөлшері кептердей бұл қанатты жануарлар құсқа да, жорғалаушыларға да ұқсас болып шықты. Олар онша жақсы ұша алмағанымен де орманда тіршілік етіп, ағаштан ағашқа секіргенде біраз қашықтыққа, қалықтауға қанатын пайдаланғаны байқалады. Астыңғы және үстіңгі жақ сүйектерінде тістердің болуы, 20 омыртқадан тұратын құйрығы — оның кесірткеге ұқсас белгілері еді. Ал аяғындағы 3 саусақтарында тырнақтарының болуы, мүйізді тұмсықтарының болуы нағыз құсқа тән қасиет.
Ең алғашқы құстардың көне құстардан ерте тіршілік еткені де дәлелденуде. Американдық палеонтологтар қазба жұмысында жүріп, Техас штатының батыс бөлігіндегі Пост деген шағын қаланың маңынан бұған дейін 225 млн жыл бұрын тіршілік еткен құс тәрізді жануардың тасқа айналып, жақсы сақталған қаңқасын тапты. Оны ғалымдар пртоавис деп атады, мұның қазақша баламасы — ілік құс. Ілік құстың мөлшері - қарғадай. Оның үлкен көз шарасы, ми сауыты және төс сүйегі құстарға өте ұқсас. Құстардың бәлкім осы ілік құстардан бастама алуы да ықтимал.
2) Құстардың табиғаттагы және адам өміріндегі пайда-зияны. Табиғатта да, адам өмірінде де құстардың мәні өте зор. Құстар құнақылығымен, әуезді әсем сайрағыштығымен, сымбатты да, алуан түрлі сыртқы көрінісімен, ормандарды, тынымбақтарды, шалғындарды және су қоймаларды жандандырып, табиғаттың сәнін келтіру арқылы адамдарды эстетикалық ләззатқа бөлейді. Шағын денелі құстар бунақденелі жәндіктерді жеп, ал жыртқыш құстар кемірушілерді қүртып, олардың табиғаттағы таралу мөлшерін реттейді. Көптеген құстар өсімдіьшен қоректеніп, олардың жемістерін, тұқымдары таратады. Өлексемен қоректенетін құстар табиғат тазалығын сақтауға үлес қосады. Тропиктік аймақта шірнемен қоректену арқылы өсімдіктерді тозаңдандыратын да құстар бар. Құстар — тірі ағзалардың қоректік тізбегіндегі негізгі буын, өйткені оларды басқа жануарлар қорегіне пайдаланады.
Адам құстарды спорттық және әртүрлі мақсатта аулайды. Көптеген құстар өздері қоректеніп, балапандарын жемдеу арқылы бунақденелі жәндіктерді, ауыл шаруашылығына зиянкес жәндіктерді жояды. Жыртқыш құстар кемірушілермен қоректеніп, әртүрлі аурулардың (оба, сары ауру және т.б.) таралуын тежейді. Кейбір жыртқыш құстар (бүркіт, қаршыға, күйкентай, жағалтай және т.б.) саятшылыққа пайдаланылады. Қауырсыны (үкі) және мамығы (гага) үшін ауланатын да құстар бар. Тіпті құстардың саңғырығы да пайдаға асырылады — тыңайтқыш ретінде пайдаланылады. Құстардың көптеген түрі қолға үйретіліп, жаңа қолтұқымдар шығарылуда.
3) Құстарды қорғау. Адамзаттың көптеген мұқтаждарын өтеудегі құстардың мәні баршамызга мәлім.
Кіп-кішкене көкшіл шымшықтың 1 тәулікте 600 бунақдене жеп, жапалақтың жаз бойы 1000-ға тарта сұр тышқан аулауы құстардың адамға таптырмайтын қолқанат екенін дәлелдейді. Еті, жұмыртқасы және мамығы пайдаланылатын құстар қаншама десеңізші?! Сондықтан да қанатты достарымызды сақтап қалудың барлық шаралары жасалуда.
1980 жылы қабылдаған жануарлар туралы заңда сайрағыш құстарды өлтіруге, олардың ұяларын бұзуға тыйым салынып, жыртқыш құстарды қорғау, кәсіптік мәні бар құстарды аулаудың қатаң мерзімі белгіленіп, көбею кезінде құстарды аулауға заң арқылы тыйым салынды.
Құс атаулының бәрі пайдалы. Бірақ құстарды кейде әрекетіне біржақты қарап, пайдалы және зиянды деп топқа бөледі. Бұл дұрыс емес. Мысалы, дәнмен қоректенетін пайыз, суық торғай, жауторғайларды өсімдіктердің тұқымын құртып, дәнмен қоректенетіндіктен, зияндық істеуге болар еді, бірақ аталған құстар балапанын ауыл шаруашылығына зиянды бунақденелі жәндіктермен қоректендіріп, жасаған шығынынан да пайдасы көп болып шығады. Мұндай мысалды жыртқыш құстардан да келтіруге болады. Дала қыранының тұқым тобы (ата-енесі, екі балапаны) бір жазда мыңға жуық саршұнақты жеп құртады. Қазір бұл құс қорғауға алынып, бұрынғы КСРО-ның Қызыл кітабына тіркелді.
Құстардың қай-қайсысын болса да қорғау керек. Құстардың тынымбаққа, бау-бақшаға егістіктер мен бақтарға үйірлеуіне мүмкіндік жасап, ұсақ құстарға қыста жемашар, жазда ұялағыш үйшіктер дайындау арқылы қамқорлық жасау — табиғатты көркейтіп, құстарды аялай білудің негізгі шарты. Құстардың ұясын бұзып, жұмыртқасын жарудан аулақ болындар!
IV. Пысықтау сұрақтары.
1. Биологиялық ойындар.
Құстардың көмескі кескіні.
Бұл ойынға құстардың көмескі кескіні (силуэт), мысалы: қарлығаш, үйрек, қаз, дегелек, қарға және басқа (кем дегенде он құстың) бейнеленген бірнеше картоякалар құрастырылады. Ойын басқарушы құстардың көмескі кескіндерін бірінен соң бірін кезекпен көрсетеді, ойынға қатысушылар оларды дұрыс таба білуі керек. Кім де кім барлығынан көбірек дұрыс анықтаса, сол ұтып шығады.
Не білесің және нені білмейсің?
Ойынға бірнеше суреттер (5-6) дайындау керек, табиғаттағы жекелеген жануарлар мен өсімдіктер әдейі өздері тіршілік ететін орта жағдайларына сай келмейтін етіп бейнеленеді. Ойынға қатысушылар қандай қатесі бар екенін анықтайды. Бұған мысал ретінде пальма өсіп тұрған теңіз жағасындағы пингвиндер, мұз шоқылар арасындағы ақ аю және т.б. бейнелеген суретті ұсынуға болады. Қатені кім дұрыс тауып түсіндірсе, сол жеңіп шығады.
2. Құстардың жорғалаушылардан шыққандығын немен дәлелдеуге болады ?
3. Көнеқұс пен ілікқұстың құстарға қандай ұқсастығы бар? Жорғалаушыларға ше?
4. Құстардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы қандай ?
5. Пайдалы және зиянды құстар туралы не айтуға болады?
6. Құстарды қалай аялап, қорғау керек?
V. Үйге тапсырма: §54. Құстрадың шығу тегі. Құстардың пайда-зияны және оларды қорғау.
Көне құс пен ілік құстың ерекшеліктерін көрсететін кесте даярлап, олардың құсқа және жорғалаушыларға ұқсастығын жазыңдар.
ҚОРЫТЫНДЫ
Құстар — жылықанды, ұшуға бейімделген, жоғары сатылы, омыртқалы жануарлар. Терісі құрғақ, тек құйымшақ безі ғана болады. Жіліншігі мен саусақтарын мүйізтекті қабыршақтың қаптауы, қауырсындарының мүйізтекті заттан түзілуі, ас қорыту жүйесінде клоака болуы, жұмыртқа арқылы көбеюі, ұрығының даму сатысының жорғалаушыларға ұқсауы құстардың жорғалаушылардан шыққанын дәлелдейді.
Алдыңғы аяқтарының қанатқа айналуы, сүйек қуысының ауаға толуы, ұяшықты өкпесімен қоса ауа қапшықтарының болуы, жұмыртқалардың денеден біртіндеп түзілуі, қажетсіз заттарды сыртқа тез бөлуі - құстардың ұшуға бейімділігінің негізгі белгілері.
Құстардың дене температурасы тұрақты, асқорыту және тынысалу жүйелері қарқынды қызмет атқарады, сондықтан құс денесіне зат алмасу қызу жүреді.
Құстардың жүрегі төрт бөлікті, денесін оттегіне қанық таза қан айналады, үлкен және кіші қанайналым шеңбері болады.
Алдыңғы ми сыңарларында қыртыстың пайда болуы, мишық көлемінің үлкеюінен құстың міне-қылығы күрделі. Құстарда шартсыз рефлекстермен қатар шартты рефлекс оңай қалыптасады.
Құстар — дара жынысты жануарлар, іштей ұрықтанады, ұя жасап, балапандарына қамқорлық көрсетеді.
Құстар тіршілік әрекеттеріне байланысты әр түрлі экологиялық топтарға бөлінеді: шөл және шөлейт далада, орманда, су маңында, т.б. ортада тіршілік етеді.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Аймағамбетова Қ.Махмұтов С.Табиғаттану кітабы. Алматы, "Мектеп", 1976.
2. Әлиев Ш. Бекенов А., Қыдырбаев X. Сирек кездесетін хайуанаттарды қорғау. Алматы, "Қайнар", 1975.
3. Әмірғазиев Қ. Биологиялық жұмбақтар. Алматы, "Мектеп", 1972.
4. Бекенов А. Қазақстанның бағалы аңдары. Алматы, "Білім", 1972.
5. Жақыпов А. Түйе өсірушінің түсіндірме сөздігі, Алматы, "Қайнар", 1989.
6. Жанәбілов Ш. Қазақша мал атаулары. Алматы, "Қайнар", 1982.
7. Жүмаділов Ә., Бекенов А., Қыдырбаев X. Қазақстан қорықтары. Алматы, "Қайнар", 1980.
8. Иоприш И. Бал - тағам, бал - шипа. Алматы,"Қазақстан" 1965.
9. Исмағұлов М. И., БекеновА. Зорман — терісі бағалы аң. Алматы, "Қайнар", 1971.
10. Қайымов Қ. Аяулы хайуанаттар. Алматы, "Мектеп", 1979. П.Қайымов Қ. Балықтар әлемінде. Алматы, "Қайнар", 1981.
12. Қайымов Қ. Биология және техника. Алматы "Қайнар", 1985.
13. Қайымов Қ. Бионика — табиғат перзенті. Алматы, Қайнар, 1977
14. Қайымов Қ. Зоологияжәне танымдық ойындар. Алматы, "Мектеп", 1973.
15. Қайымов Қ. Қызықты зоология. Алматы, "Мектеп", 1974.
16. Қайымов Қ. Суасты әлемінің айнасы. Алматы, "Қайнар", 1989.
17. Қыдырбаев X., Бекенов А., Қазақстанның хайуанаттар әлемі. Алматы, "Қазақстан", 1977.
18. Махмұтов С. Жаратылыстың құпия сырлары. Алматы, 1989.
19. Махмұтов С.М. Қазақстан қорықтары, Алматы, "Білім", 1981.
20. Молдабергенов А. Атамекен. Алматы "Қайнар", 1983.
21. НогаГ.С. Зоологиядан жүргізілетін бақылаулармен тәжірибелер. Алматы, "Мектеп", 1985.
22. Салғарин Қ. Қасапшылық. Алматы, 1991.
23. Суворов П.И., Арбузова З.А., Эсмонт В.Н. Ағаш пен бұтада болатын пайдалы және зиянды насекомдар. Алматы, "Мектеп", 1985.
24. Хроков В. Қорғалжын. Алматы, "Қайнар", 1984.
25. Шайкенов Б. Табиғаттағы биологиялық тепе-теңдік. Алматы, "Қайнар", 1976.
26. Ысқақов С. Табиғатты қорғау дәстүріміз. Алматы, "Қайнар", 1973.
27. Атмосфералық ауданы қорғау туралы. Алматы, Қазақстан, 1981.
28. Бекенов А.,Қыдырбаев X.Сирек кездесетін Хайуанаттарды қорғау. Алматы, Қайнар, 1975.
29. Бекенов А., Махмұтов С. Қазақстанның аша тұяқты аңдарын қорғау және пайдалану. Алматы, Қайнар, 1983.
30. Жамалбеков Е. Жер құнары - Өмір нәрі. Алматы, Қайнар, 1987. Кененбаев Ы.С. Інжу маржандар. Алматы, Жалын 1980.
31.Қаженбаев С. Өнеркәсіптік негізде балық өсіру. Алматы
Достарыңызбен бөлісу: |