Мазмұны Кіріспе 1-тарау. Кәсіпорындағы негізгі капиталды пайдаланудың теориялық негіздері



бет1/5
Дата29.06.2016
өлшемі1.03 Mb.
#165720
  1   2   3   4   5
Мазмұны

Кіріспе

1-тарау. Кәсіпорындағы негізгі капиталды пайдаланудың теориялық негіздері.

    1. Кәсіпорын өндірісінде негізгі капиталды тиімді пайдаланудың мазмұны және оның құрылымы.

    2. Негізгі капиталды пайдалану көрсеткіштері, оларды бағалау жолдары.

1.3 Негізгі капиталдың тиімділігін арттыру факторлары.

2-тарау. «Торғай Петролеум» АҚ экономикалық әлеуеті мен негізгі капиталды пайдалану тиімділігін бағалау.

2.1 «Торғай Петролеум» АҚ экономикалық белсенділігі талдау.

2.2 «Торғай Петролеум» АҚ негізгі құралдар қозғалысы

2.3 «Торғай Петролеум» АҚ негізгі капиталды пайдалану көрсеткіштерін талдау.



3- тарау. Кәсіпорында негізгі капиталдың тиімділігін көтеру бағыттары

3.1 Негізгі капиталдың тиімділігін арттыруда кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық әлеуетін көтеру,

3.2 "Торғай Петролеум" АҚ негізгі капиталды пайдалануды жетілдіру бағыттары.
Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Қосымшалар
Кіріспе

Қазақстанның 2003-2005 жылдарға арналған индустриалды- инновациялық даму бағдарламасы мемелекеттің экономикалық саясатын қалыптастыра отырып, ел экономикасының шикізаттық даму бағытынан арылып, өңдеуші өнеркәсіптерді дамыту жолымен экономика саласын диверсификациялау арқылы тұрақты даму жолына қол жеткізуді көздейді. Сондықтан өңдеуші өнеркәсіпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге жарамды және экспортқа бағытталған тауарлар, жүмыстар және қызметтер өндірісі мемелекеттің индустриалды-инновациялық саясатының басты мақсаты болып табылады.

Бұл бағдарламаны жүзеге асыру экономика құрылымына сапалы өзгерістер әкелетіндігімен , соның ішінде адамзат, өндіріс және табиғи капиталдарды тиімді пайдалана отырып, экономиканың тұрақты өсуіне ықпал ететіндігімен сипатталады.

Қазіргі таңда негізгі өндірістік қорлардың жағдайы мен оларды тиімді пайдалану кәсіпорынның шаруашылық қызметінің соңғы нәтижесіне тікелей әсер етеді. Кәсіпорында негізгі құралдар мен өндірістік қуатын ұтымды пайдалануды ұйымдастыру барлық технико-экономикалық көрсеткіштердің оң нәтижесін көрсетеді. Соның ішінде өнім көлемінің өсуіне, өзіндік құнның төмендеуіне, дайындаудың еңбек сыйымдылығына, табыстау және өндітріс рентабелділігінің өсуіне ықпал жасайды.

Кәсіпорында негізгі құралдарды қалыптастыруда ұтымды саясат жүргізудің маңызы зор. Ол ең алдымен кәсіпорында шығарылатын тауарларға нарықтық талаптарды және негізгі өндірістік қорлардың салалық ерекшеліктерін ескеру негізінде жүргізілуі тиіс. Кейінгі кезде еліміздегі өнеркәсіптегі негізгі капиталдардың жағдайына ерекше мән берілуде. өйткені, оларды пайдалану деңгейі өнеркәсіптің және жалпы халық шаруашылығының даму жағдайына айарлықтай әсер етеді. Мұнымен қай кезде де кәсіпорындарда негізгі өндірістік қорларды тиімді пайдалану мәселесіне үнемі назар аударылатыны түсіндіріледі.

Экономиканы диверсификациялауға бағытталған индустриалды-инновациялық стратегияны іске асыру үшін алдағы міндет – бәсеке қабілетті экономика үлгісін таңдап, экономиканың негізі - өндірісті дамыта отырып, шикізат өндіруде қоршаған ортаны ластамай бірте-бірте таза өндіріске көшу, яғни қалдықсыз өндіріс деңгейіне жету жолында нарықтық тетіктерді қолдануымыз керек.

Отандық өнеркәсіптің тұрақты дамуына әсер ететін кедергілердің біріне өнеркәсіптегі техника сапасының төмен деңгейі болып отыр. Негізгі капиталдың моральдық және табиғи тозуға ұшырауы, кәсіпорындардағы өндірістің ескі құрал-жабдықтармен жұмыс істеуі импорттың аналогтармен бәсекеге түсе алмайтын сапасы төмен өнім өндіруге әкеп соқтырады. Өнімге сұраныстың аздығынан өндірістік қуат та толық жүктелмейді.

Қазіргі кезде қолданылатын техниканың ішінде де моралдық және табиғи тозығы жеткен құрал-жабдықтардың үлесі көп деп айтуға болады. Тоқтап тұрған құрал-жабдықтарды іске қосу шараларын ұйымдастыру әлеуеті төмен болып отыр. Жалпы моральды және табиғи тозығы жеткен өндірістік аппарат басым. Өндірістегі құрал-жабдықтардың орташа жасы 20 жылдан астам.

Бұндай капиталды ұзақ уақыт сақтау еліміздің өндірістік аппаратының әрі қарай ескіруіне әкеп соқтырады, экономиканың жоғарғы қарқынмен ішкі дамуына және сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті жоғары өнім өндіруге мүмкіндік бермейді. Еліміздің техникалық артта қалуы күшейе түседі және ол жыл өткен сайын жинақталған ғылыми техникалық әлеуеттің толық жойылуына әкеледі.

Демек, негізгі капиталды жаңарту бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр. Оларды өз уақытысында ауыстыру, техникамен жарақтандыру, модернизациялау, реконструкциялау үрдістерін жеделдету үшін инвестициялық және инновациялық ресурстардың қажеттілігі туындайды. өнеркәсіп кәсіпорындарында жаңа техникаға қажеттіліктің өсуі, әсіресе машина жасау өнеркәсібі өнімдерін сатып алуға инвестиция жеткіліксіз. Кәсіпорынның техникалық базасының төмендігінен және инвестицияняң тартымды болмауынан соңғы жылдары өнеркәсіптің өңдеу секторында инвестиция белседілігі бәсең болып келді. Инвестицияның басым бөлігі кен өнеркәсібіндегі мұнай-газ секторына бағытталды.



Мәселенің өзектілігі. Бүгiнгi таңда ғылымды көп қажетсiнетiн отандық өндiрiстi дамыту, бәсекеге қабiлеттi өнiмдердi алуға бағдарланған жаңа ақпараттық технологияларды әзiрлеу мен игеру және республиканың өнеркәсiп пен ғылыми-техникадағы әлеуетiн сақтау мен дамыту есебiнен ұлттық экономикалық қауiпсiздiк мүдделерiн қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан кәсіпорындарындағы негізгі құралдардың техникалық жағдайын үнемі көтеріп отыру, негізгі құралдарды үнемі жаңартып отыру саясатын ұйымдастыру бүгінгі күнде бәсекеге қабілеттілікті көтеруде басты өзектi стратегиялық мiндеттерi болып табылады.

Мәселенің зерттелу деңгейі. Еліміздің бірқатар экономист ғалымдары кәсіпорында негізгі капиталды пайдаланудың теориялық және практикалық аспектілеріне терең зерттеу жүргізген. Олардың ішінен өз еңбектері мен ерекшелетіндер: К.О.Окаев, К. А. Сагадиев, А.С. Смагулов, А.И. Мырзахметова, У.Баймуратова,Р. С. Каренова. Л. Асабаева, А. Омаров, И. Тагашев және т.б.

Аталған ғалымдар еңбектерінде негізгі капиталдың экономикалық мәні, кәсіпорында тиімді пайдаланудың ерекшеліктері, кәсіпорында ұйымдастырылу саясаты терең зерттелген, сонымен бірге өнеркәсіптік кәсіпорындардағы негізгі құралдарды жаңарту құралы, өндіріске инновациялық жаңалық енгізу құралы және т.б тақырыптар төңірегіндегі мәселелер зерттелген.

Дипломдық жұмыс 1-тараудан тұрады, оның алғашқы тарауы кәсіпорында негізгі капиталдарды пайдаланудың теориялық негіздерінен мағлұмат береді. Негізгі капитал түсінігі, оларды пайдалану көрсеткіштері мен бағалау әдістері, сонымен қатар негізгі капиталдар қызметіне әсер етуші факторлар түсіндіріледі.

2–тарау дипломдық жұмыстың зерттелу объектісі «Торғай Петролем»АҚ экономикалық белсенділігі мен кәсіпорындағы негізгі құралдардың пайдалану дәрежесі талданды.

Диплом жазу барысында экономика ғалымдарының, зерттеушілерінің еңбектері, мемлекеттік бағдарламалар мен заңнамалық құжаттар пайдаланылды.

1-тарау. Кәсіпорындағы негізгі капиталды пайдаланудың теориялық негіздері.


    1. Кәсіпорын өндірісінде негізгі капиталды тиімді пайдаланудың мазмұны және оның құрылымы.

Кез-келген кәсіпкер өз бизнесін тиімді жүргізуі үшін ең алдымен табыс әкелетін активтері болуы шарт, яғни негізгі капиталсыз мақсатын жүзеге асыра алмайды. Нарықтық экономиканың маңыздылығын еңбек өнімділігінің, өндіріс тиімділігінің өсуін ынталандырушы құрал ретінде қарастырсақ, осы жағдайлардың ішінде өндіріс тиімділігінің негізгі бағыттары мен олардың өсуіне әсер ететін факторлар және оларды анықтау әдістеріне басты назар аударылуы тиіс. Өндіріс тиімділігін анықтайтын маңызды критерийлер мен тиімділік көрсеткіштерін дәл анықтай білу керек. Кәсіпорындағы өндіріс тиімділін бағалауда ең алдымен оның негізгі өндірістік қорының көрсеткіштерінің алатын орны ерекше. Жалпы кәсіпорында өнім өндіру процесі үш фактор арқылы жүзеге асырылады: еңбек, еңбек құралы және еңбек пәні. Еңбек құралы ( машина, құрал-жабдық, инструменттер және т.б) және еңбек пәні (шикізат, материал)- өндірістік қордың заттық мазмұнынын біріктіретін өндіріс құралдарын құрайды. Өндірістік қордың эканомикалық мазмұны – бұл өнімнің құнының қалыптасуына қатысатын өндіріс құралы, ол өндіріс процесіндегі алатын орнына байланысты негізгі және айналым болып бөлінеді.

Кез-келген кәсіпорынның материалдық-техникалық базасының сипаты ондағы еңбек құралдарымен анықталады. Еңбек құралдары және ғимараттар мен құрылыстар кәсіпорынның материалдық техникалық базасының маңызды элементі болып табылады.

Экономика ғылымы барлық әртүрлі машина, ғимараттар, құрылыс, құрал-жабдықтарды "негізгі капитал" деген экономикалық категорияға біріктіреді. Бұны адам еңбек құралы ретінде пайдалана отырып өз қажеттілігін толығымен қанағаттандырады.

"Капитал" терминінің түсінігі мен мағынасын экономика ғылымдарының барлық ірі мектептер мен бағыттарының өкілдері түсіндіруге тырысты. Капитал теориясының қалыптасуының ұзақ тарихы бар. А. Смит капиталды зат немесе ақшаның жинақталған қоры деп сипаттайды. Ал Д. Рикардо оны өндіріс құралы ретінде қарастырды: " ертедегі адамның қолындағы таяғы мен тасы оған қазіргі машина мен зауыт сияқты капитал элементі болып көрінді" дейді. К.Маркс өзінің алдындағыларға қарағанда капиталды әлеуметтік сипаттағы категория ретінде түсіндіреді. Ол "капитал - бұл қосымша құнды тудыратын, өз-өзінен "өсетін құн" "деді. Өсу құны ол тек қана жалдамалы жұмысшылар еңбегі деп есептеді. Сондықтан Маркс капиталды - бұл ең алдымен қоғамның әр түрлі қабаттары арсындағы белгілі қарым- қатынас, соның ішінде жалдамалы жұмысшылар мен капиталистер арасындағы деп қарастырады. Америкалық экономист Ирвинг Фишердің (1867-1947ж.ж) пікірі бойынша, капитал табыс ағымына айналатын қызмет ағымын тудырады. Қандай да бір капиталдың қызметі қаншалықты жоғары бағаланған сайын, ол соншалықты жоғары табыс әкеледі . Сондықтан капитал деңгейін одан алынған табыс деңгейі негізінде бағалау керек.

Жалпы, капитал - бұл өндіріске ресурс ретінде пайдаланылатын материалдық және ақшалай түрдегі интеллектуалдық құралдар. Капитал ұғымына қазіргі таңда экономистер бірнеше анықтама береді. Кәсіпорында бухгалтерлер капиталды фирмадағы барлық активтер (құралдар) десе, кейбір экономистер капиталды нақты (физикалық, өндірістік), яғни өндіріс құралдары түрінде және ақшалай , яғни қаржылық формада, ал кейде тауарлық капитал, яғни тауар түріндегі капитал деп қарастырады. Нақты капитал негізгі және айналым капиталы деп бөлінеді.

Қазіргі таңда экономикалық әдебиеттерде «негізгі капитал» ұғымы көп кездеседі: кейбір экономистер бұл терминді "негізгі қор"деп қарастырса, енді бірі "негізгі капитал" деп қарастырады. Біздің пікірімізше екінші көзқарас дұрыс секілді. Өйткені жоғары табыс алуға үмтылатын және өндірістің капиталистік әдісі үшін де сипатты нарықтық экономиканың талаптары мен мақсаттарына сәйкес келеді. Бұған дәлел ретінде мынаны айтуға болады: жоспарлы экономикада негізгі қорлар мемлекет иелігінде болып, қоғам үшін жұмыс атқарды, ал қазіргі кезде барлық компаниялар негізгі қорларды тиімді пайдалану арқылы жоғары табыс алуға ұмтылады, сондықтан өндіріс құралдарын пайдалану кәсіпорын иесіне табыс әкелетіндіктен осы жерден "негізгі қор" ұғымы "негізгі капитал" ұғымына айналады.

Қазақстандағы бухгалтердік стандартта негізгі құралдарды материалдық өндіріс саласында да , өндірістік емес салада да еңбек құралы ретінде ұзақ мерзім бойы қолданылатын материалдық активтер деп қарастырады. Орыс экономисті Л.Т. Гиляровский: негізгі құралдар - ұйымда ұзақ уақыт болатын жылжымалы және жылжымайтын мүліктердің жиынтық құны деп түсіндіреді.

Ал кейбір әдебиеттерде негізгі қорларға ұзақ уақыт кезеңінде натуралдық формасын өзгертпей қызмет атқаратын, өзінің құнын бөлшектеп жоғалтатын материалдық-заттық құндылықтар деп анықтама береді.

Кәсіпорынның негізгі өндірістік қоры - кез-келген өндірістік кәсіпорынның материалдық техникалық базасын сипаттайды. Кәсіпорынның өндірістік қуаты, еңбектің техникалық жарақтану деңгейі олардың көлеміне байланысты. Негізгі құралдардың жиынтығы және еңбектің жоғары техникалық жарақтануы еңбек процесін байытады, еңбекке шығармашылық сипат бере отырып, қоғамның мәдени-техникалық деңгейін көтереді.

Сонымен, негізгі құралдар - өндіріс процесінде жасалған, тауар өндіру, нарықтық және нарықтық емес қызметтер көрсет үшін өзгермейтін табиғи заттай нысанда уақыттың ұзақ кезеңі ішінде бірнеше рет немесе үнемі қолданылып, біртіндеп өз құнын жасалынатын өнімдер мен қызметтерге көшіретін кәсіпорын байлығының аса маңызды бөлігі.

Негізгі капиталдың барлық түріне келесі экономикалық белгілер тән:



  • Негізгі капиталдың барлық түрі өндіріске қатыса отырып, құнын еңбек өніміне өзінің натуралды түрінде бермейді. Еңбек құралының еңбек пәнінен ( шикізат, материал т.б) негізгі ерекшелігі осында;

  • Негізгі капиталдың барлық түрі ұзақ уақыт кезегінде көптеген өндірістік циклға қатысады.

  • Негізгі капиталдың барлық түрі өндіріс процесінде біртіндеп тозып отырады және оның құны бөлшектеп, тозу шегіне байланысты дайын өнімге құнын береді.

Негізгі қорларды есептеу, бағалау және талдау үшін оларды әртүрлі белгілеріне байланысты жіктеп қарастырады.

Заттық-натуралдық құрамы принципі бойынша : үйлер мен ғимараттар, табыстау қондырғылары, жұмыс және күш машиналары мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеуіш құралдар мен құрылғылар, зертханалық жабдықтар, есептеу техникасы, көлік құрал-жабдығы, өндірістік және шаруашылық инвентар,ересек жұмысшы және өнім беретін мал, арнаулы құралдар және де кәсіпорын меншігіндегі жер учаскелері деп жіктейді.


1 сурет Кәсіпорындағы негізгі қор түсінігі

Атқаратын қызметтеріне байланысты өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді.Өндірістік негізгі капиталдар өндірістік процеске үнемі қатысады және оған тікелей қызмет көрсетеді. Өндірістік емес негізгі капиталдар - бұлар өнімнің қалыптасуына қатыспайды, өндірістік процестің жүруіне тек қана жанама түрде әсер ететін, ұзақ уақыт бойы пайдаланылатын қорлар. Олар тұрғын пәтерлер, коммуналдық - тұрмыстық мақсаттағы ғимараттар, құрылыстар, бала-бақшалар, мектептер және т.б.

Негізгі өндірістік қорларды еңбек пәніне әсер ету дәрежесіне байланысты актив және пассив деп бөлудің маңызы зор. Өндірістік процесте негізгі қорлар тобы әртүрлі рольдер атқарады. Жұмыс машиналары мен құрал-жабдықтар, өлшеуіш приборлар мен қондырғылар техникалық ғимараттар өндіріс процесіне үнемі қатысып отырады, өнім көлемінің өсуіне тікелей әсер ететіндіктен бұлар негізгі қордың актив бөлігіне жатады. Негізгі қорлардың басқа элементтері (өндірістік үйлер, инвентар және т.б) өнім өндіруге тек қана жанама әсер ететіндіктен олар негізгі қордың пассив бөлігі деп аталады.

Негізгі өндірістік қордағы актив бөлігінің үлесі кәсіпорынның өндірістік мүмкіндігін, техникалық жарақтану дәрежесін және өндірістік қуат деңгейін көрсетеді. Негізгі қорлардың өндірістік құрылымы олардың жалпы құнындағы негізгі құралдардың әрбір тобының үлесімен сипатталады. Негізгі өндірістік қор құрамындағы машина, құрал-жабдықтар және актив бөлігінің басқа да элементтерінің үлесі жоғары болған сайын, сонша өнім негізгі қордың 1 теңгесіне шығарылады деп есептеледі. Негізгі қордың актив бөлігінің үлесі көбінесе жоғары деңгейлі техникамен жарақтанған кәсіпорындарда, өндіріс процесі механикаландырылған және автоматтандырылған, өңдеудің химиялық әдістері кең қолданылатын және еңбектің электрқарулануы жоғары деңгейдегі кәсіпорындарда жоғары көрсеткештерге ие.


сурет-2 негізгі қорлардың жіктелуі.



    1. Негізгі капиталды пайдалану көрсеткіштері, оларды бағалау жолдары.

Қазіргі уақытта жүзеге асырылатын техникалық саясат негізгі қорлардың әрбір теңгесіне шығарылатын өнімді көбейтуге жағдай жасайды. Бұл өндіріс тиімділігін көтеруге септігін тигізеді. Негізгі қорларды тиімді пайдалану,біріншіден өндіріс көлемі ешқандай қосымша салымдарсыз ұлғаяды, екіншіден, еңбек өнімділігі өседі, өнімнің өзіндік құны азаяды.

Кәсіпорында және өнеркәсіпте негізгі құралдар қаншалықты тиімді пайдаланылатындығын анықтау үшін келесідей көрсеткіштер жүйесі қолданылыды:

1. негізгі құралдар құрылымының қозғалысын сипаттайтын көрсеткіштер;

2. негізгі қорларды пайдаланудың жалпылама көрсеткіштері;

3. негізгі қорлардың интенсивті және экстенсивті көрсеткіштері.

Бірінші топ көрсеткіштері: жаңару коэффициенті, негізгі қорлардың шығуы коэффициенті, негізгі қорлардың өсуі коэффициенті және негізгі өндірістік қордағы актив бөлігінің үлес мөлшері.

Негізгі қорлардың жаңару коэффициенті (Ко) – белгілі кезең (жыл) аралығында жаңадан түскен негізгі құралдарды және олардың интинсивтілігін сипаттайды. Жаңару коэффициенті бір жылда келіп түскен негізгі құралдар сомасының (Фн) жыл аяғындағы негізгі құралдар сомасына қатынасымен анықталады.(Фкг): Ко =Фн / Фкг

Негізгі құралдардың шығу коэффициенті (Квыб):- негізгі құралдардың берілген кезеңдегі жойылу және шығу процесін сипаттайды. Бұл коэффициент негізгі құралдардың берілген кезеңдегі шыққан құнының (Фвыб) берілген период басындағы негізгі құралдардың құнына (Фнг) қатынасымен табылады: Квыб = Фвыб /Фнг

Негізгі құралдардың өсу коэффициенті (Крост) – негізгі құралдардың жаңаруы есебінен салыстырмалы өсуін бейнелейді: Крост = (Фн - Фвыб)/ Фкг

Негізгі өндірістік қордағы актив бөлігінің үлес салмағы негізгі өндірістік қор құрылымының прогрессивтілігін сипаттайды, негізгі өндірістік қордың жалпы сомасындағы олардың актив бөлігінің үлесі (машина, құрал-жабдықтар, скважина, технологиялық қондырғылар, мұнайгаз құбырлары) процент түрінде беріледі .

Көрсеткіштердің екінші тобына қор қайтарымдылығы және қор сиымдылығы, қор қарулануы жатады.

Қор қайтаымдылығы (Фо) – негізгі қорларды тиімділік деңгейін бейнелейтін жалпылма көрсеткіш. Ол негізгі қордың 1 теңгесіне шығарылған өнім көлемін (немесе тауарлық өнімді) көрсетеді.

Қор сиымдылығы (Фе) – бұл натуралды немесе құндық түрдегі шығарылған тауалық өнімнің бір теңгесіне немесе шығарылған өнімнің бір данасына келетін негізгі қорлардың құны. Фе = Фсг/ Q

Қор қарулануы (Фв) негізгі қорларды пайдаланудың тиімділігін бейнелейді және негізгі қорлардың орташа жылдық құнының өнеркәсіп-өндірістік персоналдардың орташа тізімдік санына қатынасымен табылады. Фв = Фсг/ Ч ( Ч – персоналдардың орташа тізімі.)

Еңбектің техникалық қарулануы : Ф тех = Факт/ Ч

Мұнда Фтех - негізгі құралдардың актив бөлігінің орташа жылдық құны.

Бұл топтағы көрсеткіштер динамикасы кәсіпорында жүргізілген ұдайы өндіріс процесі жағдайын көрсетеді.

Үшінші топ көрсеткіштері негізгі қордағы актив бөлігін пайдалану деңгейін және өндірістік қуатты, сонымен қатар оларды пайдалануды жақсарту мүмкіншіліктерінің жасырын резервтерін сипаттайды. Оларға негізгі қорларды интенсивті, экстенсивті, және интегралды пайдалану коэффициенті кіреді.

Экстенсивті пайдалану коэффициенті (Кэ), НӨҚ актив бөлігін пайдалану деңгейін сипаттайды. Ол құрал-жабдықтардың істелген уақыттың қордың календарлық уақытына қатынасы(Тк): Кэ =Тф/ Тф

Құрал-жабдықтарды экстенсивті пайдалану коэффициентінің мәні бірлікке жақындауы тиіс.

Кез-келген кәсіпорында амортизация аударымының дәлдігі, өнімнің өзіндік құны, оған белгіленген баға, мүлікке есептелтін салық сомасының және де басқа көрсеткіштер негізгі өндірістік қордың бағалануының дұрыстығы мен нақтылығына байланысты. Негізгі қорлардың жағдайы және пайдалануы натуралды және құндық көрсеткіштермен есептеледі.

Натуралдық көрсеткіштер өндірістік қордың техникалық құрамын анықтауға кәсіпорын обьектілерінің және саланың жалпы өндірістік құрылымын анықтауға, құрал-жабдық балансын беруге мүмкіндік береді.

Натуралды көрсеткіштегі әрбір обьектінің мінездемесі техникалық паспортта бейнеленеді, өндірістік қуатының тозу дәрежесі және негізгі құралдардың құрамы мен жағдайындағы барлық болған өзгерістер көрсетіледі. Негізгі қорлардың сақталуын бақылау мақсатында негізгі қорларды тізімдеу жасалып отырады, бұл оладың жағдайын және түгелдігін бақылап отырады. Негізгі қорларды құндық бағалау бұл олардың жалпы көлемін, құрылымын, динамикасын, амортизациялық аударымдарын анықтау үшін және олардың ұдайы өндірісін жоспарлау үшін қажет.

Бухгалтерлік есепте, негізгі құралдардың есебін ұйымдастыруда оларды бағалаудың маңызы зор болып табылады. Негізгі құралдар бастапқы құнмен, баланстық құнымен, ағымдағы құнымен, қалдық құнымен және келісілген құнымен бағаланады.

Негізгі құралдардың бастапқы құны - ол активті салуға, сатып алуға, әкеліп жеткізуге, орнатуға кеткен шығындардан, сондай-ақ сатып алу барысында төленген салық сомаларынан, құрылысты салу кезінде алынған несие үшін төленетін пайыз сомалары мен бұл құралды белгілі мақсатқа пайдалану үшін жұмыс жағдайына келтірумен тікелей байланысты кез келген шығындардың жиынтығынан тұрады. Негізгі құралдардың әртүрі бойынша бастапқы құнға мына шығындар кіреді:



  • жер учаскесінің бастапқы құнына:жерді сатып алу бағасы, қозғалмайтын мүлік жөніндегі агенттікке төленген комиссиялық сыйақылар, сатып алу-сату жөніндегі келісім-шартты рәсімдеу үшін төленетін салықтар мен алымдар, жерді тиісті мақсатқа пайдалануға әзірлеуге кеткен шығындар енгізіледі;

  • құрал-жабдықтардың бастапқы құнына: құрал-жабдықтарды сатып алу құны, оны тасымалдауға, әкелуге, тиеп, түсіруге кеткен шығындар және тасымалдау кезінде сақтандыру, монтаждау, құрал-жабдықтарды пайдалануға жарамдылығын тексеру мақсатында кеткен шығындар жатады.

Кәсіпорынға келіп түскен негізгі қорлардың бастапқы құны келесі жағдайларда анықталады:

  1. Екі жақтың келісімі бойынша құрылтайшылардың кәсіпорынның жарғылық капиталға салған салымдарымен;

  2. Кәсіпорынның өзінде шығарылған немесе басқа кәсіпорын және басқа тұлғалардан жалға алынған – бұл объектілерді иеленуге жеткізу, монтаждау және қондыруға кеткен нақты өндірістік шығындар, .

  3. Басқа кәсіпорын немесе заңды немесе жеке тұлғалардан қайтарымсыз түрде тегін алынған, сонымен бірге үкімет орындарынан сарапшылық жолмен немесе басқа құжаттар мәліметтері бойынша субсидиялар беру;

  4. Екі жақ келісімі бойынша ұзақ мерзімге жалға алу.

Негізгі құралдардың сандық сипаты баланста толық бастапқы құн бойынша келесі формуламен көрінеді.:

Фк = Фн + Фв – Фл,

Мұнда Фк – негізгі қордың жыл аяғындағы құны;

Фн- негізгі қордың жыл басындығы құны;

Фв – бір жыл ішінде кірген негізгі қор құны;

Фг – бір жыл ішінде жойылған негізгі құралдар құны.



Негізгі құралдардың ағымдағы құны - бұл шаруашылық субъектісінің белгілі бір уақыттағы яғни бүгінгі күндегі негізгі құралдың нарықтық бағасы болып табылады .

Негізгі құралдардың баланстық құны - шаруашылық субьектінің бухгалтерлік есебінде немесе қаржылық есеп беру ақпаратында көрсетілген негізгі құралдардың бастапқы құнынан жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы қалған құны болып табылады.

Негізгі құралдардың қалдық құны - негізгі құралдардың пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін оны бұзу, жоюдан алынған іске жарамды бөлшектерінің құнынан объектіні есептен шығыруға байланысты жұмсалатын келешектегі шығындарды алып тастау арқылы анықталады.

Негізгі қорларды қалдық құнмен есептеу ең алдымен олардың сапалық жағдайын, жарамдылық коэффициентін және физикалық тозуын анықтау үшін немесе бухгалтерлік баланс құрау үшін қажет.



Негізгі құралдардың келісілген құны - бұл кез келген екі жақтың, яғни негізгі құралдарды сатушы мен алушының арасындағы келісілген құн болып табылады.

Негізгі қорладың нақты құны - кәсіпорында негізгі қорларды тұрғызуға, қалыптастыруға кеткен , яғни оларды сатып алуға, жеткізуге, қондыруға және басқа да берілген объектіні негізгі мақсатта пайдалануға дайын болған жағдайға дейін жеткізуге кеткен барлық шығындар құны.

Негізгі құралдарды қалпына келтіру құны – бұл олардың қазіргі жағдайда ұдайы өндірісінің құны. Ол негізгі қорларды қалпына келтіру құнының олардың бастапқы құнынан ауытқуы деңгейі ҒТП қарқының жеделдеуінен, инфляция деңгейінен және т.б. негізгі қорларды өз уақытында объективті қайта бағалау оладың жәй және ұдайы өндірісінде маңызды орын алады.

Инфляция жағдайында негізгі қорларды қайта бағалаудың оңтайлы жағы негізгі қорлардың нақты дәл құнын объективті түрде бағалайды; өнім өндіруге және өткізуге кеткен шығындарды дәл анықтайды; негізгі қорлардың жәй ұдайы өндірісіндегі амортизациялық аударымдар шамасын нақты анықтайды; жалға берілетін(жалға берілген жағдайда) немесе өткізілетін негізгі қорларға сату бағасын объективті түрде белгілейді.

Негізгі қорларды құндық бағалау олардың есебіне, талдау және жоспарлауға, сонымен қатар, капитал салымдарының көлемін, құрылымын анықтау үшін керек. Негізгі құралдар өндіріс процесіне қатыса отырып оларды үнемі пайдалану және табиғи тозу салдарынан өзінің бастапқы қалпын біртіндеп жоғалта бастайды. Негізгі қорлардың тозуы физикалық және моралды түрде болады. Уақыт өте келе негізгі қорлар тоза отырып, өзінің бастапқы жұмыс істеу қабілетінінен арыла бастайды. Бұл процесс негізгі қорлардың физикалық тозуы деп аталады. Ол келесідей факторлардың әсерінен болады: құрылыс және дайындаудың сапасы, негізгі қорладың бастапқы сапасы, оларды пайдалану дәрежесі және интинсивтілігі, қызмет көрсету деңгейі, негізгі қорлар қызмет ететін ортаның белсенділік деңгейі, қызмет көрсетуші персоналдардың деңгейі, ППР дер кезінде өткізіп отыру және т.б. жағдайлар. Физикалық тозудың басты себебі – коррозиялық және құрал–жабдықтардың немесе бөлшектердің механикалық тозуы.

Физикалық тозу пайдалану сапасын нашарлатады да оның әсерінен құрал-жабдықтарды пайдаланумен байланысты шығындарды көбейтеді. Бұл негізгі құралдың экономикалық тиімділігінің төмендегенін көрсетеді. Құрал-жабдықтардың физикалық тозуынан кейін оларға жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Өзінің бастапқы сапасын жоғалтып және жаңа басқа аналогтық құралдар талаптарын қанағаттандырмаған кезде негізгі құрал толық физикалық тозған деп есептеледі.

Негізгі қорлардың физикалық тозу коэффициенті(К ф.т.):

К ф.т =(И/Пс)* 100;

Мұнда: И- негізгі қорларды барлық пайдалану кезеңіндегі тозу сомасы(аударылған амортизация);

Пс – негізгі қорлардың бастапқы немесе қалпына келтіру құны;

Негізгі қорлардың жарамдылық коэффициенті олардың белгілі уақыттағы физикалық жағдайын сипаттайды және мына формуламен есептеледі:

К г.ф. =((Пс-И)/Пс)*100

Негізгі қорлардың жарамдылық коэффициенті физикалық тозу коэффициенті негізінде де анықталуы мүмкін:

К г.ф. = 100-К ф.т.

Бұл формулалардың негізгі кемшілігі негізгі қорлардың бірдей физикалық тозуын болжайтындықтан үнемі нақты бола бермейді.

Құрал-жабдықтар физикалық тозумен қатар, техникалық прогресс әсерінен моралдық тозуға ұшырайды. Техникалық прогрестің жоғарғы қарқында өсуі негізгі қорларды олардың моралдық тозуы салдарынан ауыстыру қажеттілігі туады. Моралдық тозудың экономикалық маңызы бұл еңбек құралдарының өз маңыздылығын, құнын олардың физикалық тозуына дейін, өзінің физикалық қызметінің мерзімі біткенге шейін жоғалтуы.

Моралдық тозу екі түрлі формада болады. Бірінші формада негізгі қорлардың ұдайы өндірісінің қымбаттауы(арзандауы) нәтижесінде(инфляция әсерінен немесе еңбек өнімділігінің өсуі , техниканың жетілуі есебінен олардың қалпына келтіру құнының көбеюі немесе төмендеуі әсерінен)болады; екінші форма конструктивті жетілдірілген және өндірістік машиналардың қалыптасуы салдарынаан болады.

Кәсіпорындарда моралды тозған құрал-жабдықтарды жаңалармен үнемі ауыстырып отыру бұл соңғы нәтижеде өнім шығауды көбейту және оның өндірісіне кеткен шығындардың азаюы есебінен өндіріс тиімділігінің көтерілуіне әкеп соғады.

Жаңа техниканы ендіре отырып, моралдық тозудан кейінгі жоғалтуларды азайтатын негізгі қорлардың модернизациясына баса көңіл аудару қажет. Құрал-жабдықтарды модернизациялау жаңа техникалық деңгейде ұстап және оның моралдық тозуын болдырмайды.

Әрбір кәсіпорында негізгі қорлардың физикалық және моралдық тозуы басқарылып отырылуы тиіс. Мұны басқарудың негізгі мақсаты – кәсіпорын үшін құрал-жабдықтардың тозуы теріс экономикалық әсерге соқтырытындықтан негізгі қорлардың, әсіресе, актив бөлігінің моралды және физикалық тозуын болдырмаудың алдын алу.

Бұл процестерді басқару негізгі қорлардың ұдайы өндірісі саясатын жүргізу арқылы болады.

Бұл саясаттың негізгі мақсаты шаруашылық субъектілер үшін жәй және кеңейтілген ұдайы өндірісте өндірістік қайта техникалық жарақтануына қолайлы жағдай туғызады.Бұл мәселе амортизациялық, инвистициялық, және салықтық заңдарды жүзеге асыру арқылы шешіледі.

Негізгі қорлардың ұдайы өндірісі – бұл реконструкция, техникалық қайта жарақтануы, модернизация және капиталды жөндеу жолымен олардың үздіксіз жаңарылу процесі.

Негізгі қорлардың ұдайы өндірісінің негізгі мақсаты – кәсіпорынды сапалы және санды негізгі капиталдар құрамымен қамтамасыз ету , сонымен қатар оларды жұмыс істеу қабілетін сақтап тұру. Ұдайы өндіріс процесінің әртүрлі себеп салдарынан істен шыққан негізгі қорлардың орнын толтыру, өндіріс көлемін кеңейту мақсатында негізгі қорлар массасын көбейту, негізгі қорлардың технологиялық, жас жөлшерін және сырқы келбетінің құрылымын жетілдіру, яғни өндірістің техникалық деңгейін көтеруіндегі алатын орны ерекше.

Кәсіпорынға негізгі қорлардың ұдайы өндірісіне арналған негізгі құралдар кәсіпорынның жарғылық капиталына салым түрінде, капитал салымы нәтижесінде, қайтарымсыз берілген, жалга алу немесе беру нәтижесінде келіп түсуі мүмкін.

Тозу мәселесімен бірге бұл қорларды әртүрлі пайдалану жағдайларымен, қызмет көрсетуші персоналдардың кәсіби біліктілігімен, жүргізілетін жөндеу жұмыстарының сапасынмен байланысты негізгі қорлардың пайдалану мерзімін анықтау мәселесі бір-бірімен тығыз байланысты. Жаңа құрал-жабдықтардың пайдалану мерзімі олардың физикалық және моралдық тозу уақытын қарастыра отырып,сарапшылық әдіс негізінде анықталады. Пайдалы қызмет мерзімі – негізгі құралдарды белгілі бір уақыт аралығында пайдаланудан экономикалық түсім алуды болжау.

Негізгі құралдарға үлкен капитал салымдары салынатындықтан әрбір кәсіпорын оларды өндірістік процесте пайдалы қызмет ету мерзіміне қызығушылық танытады. Негізгі қорлардың пайдалы қызмет мерзімі - олар қандай материалдан дайындалғандығына, олар пайдаланылатын жағдайларына, оларды пайдаланатын жұмысшылардың техникалық білімділігіне, жұмыс ауысымына, өткізілетін жөндеу жұмыстарының уақытылығы мен сапасына байланысты болады.

Негізгі құралдар табиғи және моралды тоза отырып, қызмет ету мерзімі ішінде бастапқы құны толығымен өзінің қатысуымен шығарылған өнімге берілуі қажет. Негізгі құралдардың құнының өнімге бұлай берілуі амортизация деп аталады, осы өнімнің өзіндік құнына кіретін бұл өнімді өткізгеннен кейін ақша түрінде оралатын құралдар сомасын амортизациялық аударым деп атайды. Бұдан құралдарды толық қалпына келтіруге арналған амортизациялық қор қалыптасады. Бұл қор кәсіпорында өндірісті жетілдіру және модернизациялауға жұмсалады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет