Жемістер, көкөністер, түйнекжемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 маусымдағы № 541 Қаулысы
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Жемістер, көкөністер, түйнекжемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
|
К. Мәсімов
|
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 6 маусымдағы
№ 541 қаулысымен
бекітілген
«Жемістер, көкөністер, түйнекжемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар»
техникалық регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Жемістер, көкөністер, түйнекжемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) жемістер, көкөністер және оларды қайта өңдеу өнімдерінің қауіпсіздігіне және тіршілік циклінің процестеріне қойылатын талаптарды белгілейтін Қазақстан Республикасының «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» 2002 жылғы 4 желтоқсандағы, «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы және «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленген.
2. Осы Техникалық регламент осы Техникалық регламентке 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына (ҚР СЭҚ ТН) сай өндірілген, қайта өңделген және әкелінген жемістерге, көкөністерге, түйнек жемістілерге және оларды қайта өңдеу өнімдеріне (бұдан әрі - жеміс-көкөніс өнімдері) қолданылады.
3. Қазақстан Республикасының аумағында жемістердің, көкөністердің, түйнек жемістілердің және оларды қайта өңдеу өнімдерінің адам өміріне, денсаулығына, тұтынушылардың мүдделеріне және қоршаған ортаға қауіпті әсері сонымен қатар әрі санитариялық, фитосанитариялық және гигиеналық нормалар мен талаптарды бақылайтын мемлекеттік органдар тарапынан талаптар белгілеуді қажет ететін аса ықтимал қауіпті факторларға мыналар жатады:
- өнімді өндіру және қайта өңдеу;
- жарамдылық мерзімі, сақтау және тасымалдау;
- өнімді сату;
- алып қою, кәдеге жарату және жою.
4. Осы Техникалық регламент балалар тағамы өнімдеріне, шырындарға, сондай-ақ жемістер мен көкөністен дайындалатын тамақтық қоспаларға қойылатын талаптарды қамтымайды. Осы Техникалық регламент, сондай-ақ, жемістерден, көкөністерден, жабайы жемістерден, жидектерден, шөп өсімдіктері мен генетикалық түрлендірілген объектілерден өндірілетін жемдік, техникалық өнімге және медициналық препараттарға қойылатын талаптарды да қамтымайды.
5. Жемістерді, көкөністерді, түйнекжемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерін бірдейлендіру олардың таңбалануы мен сыртқы түрін қарау, қимасында сыртқы түрін, иісін, дәмін және консистенциясын бағалап, үлгілерінің сынақтарын өткізу арқылы жүргізіледі. Сынақтар мен бақылау әдістері Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын нормативтік құжаттарға сәйкес болуы тиіс.
2. Терминдер мен анықтамалар
6. Осы Техникалық регламентте мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
шикізат - өсімдіктен, жануардан өндірілетін, микробиологиялық, химиялық және минералдық жолмен алынатын, тамақ өнімін өндіру (даярлау) үшін пайдаланылатын объектілер;
технологиялық ақау - шикізаттағы және/немесе дайын өнімдегі оны өндіруде технологиялық процесс сақталмауы немесе төмендеуі себеп болатын ақау;
жемістер - өсімдіктердің бұта және ағаш тұқымдары өнімдері;
жидектер - белгілі бір тәртіппен, бірақ, қабыршақсыз жұмсаққа тікелей батып орналасқан жұқа қабығы, жұмсақ шырыны мен тұқымдары бар көпжылдық бұта және шөп өсімдіктерінің жемістері;
жаңғақтар - ағаш тәріздес ашылмайтын қатты қабыршақпен - қабықпен жабылған жеуге жарамды бөлігінде тұқымы болатын жемістер;
көкөністер - шөп өсімдіктерінің жемістері мен вегетативтік органдары;
жабайы өсетін шөп өсімдіктері - әртүрлі вегетативтік бөліктері: түбірлері, сабақтары, жапырақтары, гүл шоғырлары, тағамға пайдаланылатын жеуге жарамды өсімдіктер, сыныптама бойынша көкөністерге жатады;
вайялар - өсімдіктің түп тамырында орналасқан, жаңаратын гүл тамырларынан топырақ үстінде өсіп жетілетін папортник жапырақтары, сондай-ақ өркендер деп те аталады;
саңырауқұлақтар - табиғи экожүйелердің қалыптасуына ықпал ететін және дайын органикалық заттармен қоректенуге бейім тірі организмдердің айрықша типі;
жеуге жарамсыз саңырауқұлақтар - құрамында улы заттар жоқ, бірақ иісі жағымсыз немесе дәмі ащы, өткір болғандықтан, жағымсыз түйсіктерге немесе ас қорытудың жеңіл-желпі бұзылуына себеп болады;
жеуге жарамды саңырауқұлақтар - жабайы түрде өсіп жетілген немесе егілген саңырауқұлақтардың жемісті тіндері, қажетті қайта өңдеуден кейін азық ретінде қолдануға болады;
жеміс және көкөніс жартылай фабрикаттары - кейіннен әртүрлі тәсілдермен қайта өңдеуге және консервілеуге арналған жеміс пен көкөністен дайындалған өнімдер;
тез тоңазытылған өнімдер - табиғи тамақ компоненттерін қосып немесе қоспай, туралған немесе ұсақталған жемістен даярланған, жедел тәсілмен оралған және 18 0С-ға дейін жеткізілген өнімнің ішкі температурасы - сақтау кезінде және тұтынушыға дейінгі тоңазыту тізбегінде өзгертілмейтін тоңазытылған өнімдер;
ашытылған көкөністер - бүтін немесе туралған көкөністердің бір немесе бірнеше түріне ас тұзын қосып немесе қышқыл-тұздалған немесе тұздалған ерітінді құйып даярланған, қышқылды сүтпен ашытылған өнімдер;
кептірілген жемістер және көкөністер - бүтін, туралған немесе ұсақталған жемістерден және/немесе көкөністерден даярланған, оларды сақтауды қамтамасыз ететін ылғал деңгейіне жеткенге дейін термиялық өңдеу арқылы кептірілген өнімдер;
консервілер - табиғи тамақ құрамдас бөліктерін қосып немесе қоспай, белгіленген технологияға сәйкес қайта өңделген, көкөністерден және жемістерден даярланған, герметикалық бітеу ыдысқа бөліп салынған, бітеуден бұрын немесе кейін пастерленген немесе стерильденген өнімдер;
пасталар - тағамдық қышқылдар, қант, тағамдық қоспалар қосылып немесе қосылмай, үгіту және/немесе алдын ала ферменттік өңдеу арқылы алынған, құнарландырылған немесе құнарландырылмаған консервілер;
сироптар - тағамдық қышқылдар, хош иісті заттар мен бояғыштар қосып немесе қоспай, жеміс шырындарына қант немесе табиғи қантты алмастырғыштар қосу арқылы алынған консервілер;
компоттар - су, қант сиробы немесе табиғи қант алмастырғыштар ерітінділері құйылған, тағамдық қышқылдар қосып немесе қоспай бүтін немесе туралған бір немесе бірнеше жеміс түрлерінен алынған консервілер;
джем (конфитюр) - қант немесе табиғи қант алмастырғыш қосып пісірілген, созылмалы ететін заттар, тағамдық қышқылдар, хош иісті заттар, бояғыштар және басқа да тағамдық қоспалар қосып немесе қоспай, бүтін, туралған немесе ірі етіп үгітілген жемістердің бір немесе бірнеше түрінен алынған созылмалы етілген консервілер;
тосап - тағамдық қышқылдар, хош иісті заттар, бояғыштар, тәттілер қосып немесе қоспай, қант сиробы немесе табиғи қант алмастырғыштар қосып пісірілген, бүтін немесе туралған жемістен даярланған консервілер;
мармеладтар (повидло) - үгітілген жемістің бір немесе бірнеше түріне қант немесе табиғи қант алмастырғыштар қосып, тағамдық қышқылдар, созылмалы ететін заттар қосып немесе қоспай қайнату арқылы алынған созылмалы етілген немесе созылмалы етілмеген консервілер;
жемістерді (көкөністерді, саңырауқұлақтарды) қайта өңдеу өнімдері - өсімдіктерден, жануарлардан, микробиология немесе минералдан алынған тамақ өнімдері қосылған немесе қосылмаған жемістерден (көкөністерден, саңырауқұлақтардан) алынған, белгіленген технологияға сәйкес дайындалған, ыдыстың алуан түрінде белгілі жағдайларда сақтаудың белгіленген мерзім ішінде өнімінің сақталуын қамтамасыз ететін әр түрлі тәсілдермен консервіленген өнімдер;
кетчуп - жас томаттардан немесе дәмдеуіштер, тұз, қант, тағамдық органикалық қышқылдар, қоюландырғыштар, консистенцияны тұрақтандырғыштар, тағамдық хош иістендіргіштер, тағамдық бояғыштар және консерванттар қосылған немесе қосылмаған томат өнімдерінен дайындалған томат тұздығы; кетчуп консервілер түрінде немесе жартылай фабрикат түрінде дайындалуы мүмкін;
тоңазытылған жеміс (көкөніс, саңырауқұлақ) өнімдері - жемістерден (көкөністерден, саңырауқұлақтардан) немесе жемістердің және/немесе көкөністердің және/немесе саңырауқұлақтардың қоспаларынан дайындалған жемістерді (көкөністерді, саңырауқұлақтарды) қайта өңдеу өнімдері, немесе өсімдік немесе малдан алынатын майлар, майонез, әртүрлі дәмдік қоспалар, ет, балық, ет өнімдері, балық өнімдері және басқа тамақ өнімдері, дәмдеуіштер, көк, консерванттар қосылған немесе қосылмаған, белгіленген технологияға сәйкес дайындалған, әдеттегі қоршаған орта жағдайында ыдысқа немесе герметикалық ыдысқа вакуммен немесе реттелетін газды ортада буып-түйілген, минус 10С + 50С температурасына дейін тоңазытылған және осы температурада сақталатын дайын тағамдар.
кептірілген жемістер (көкөністер, саңырауқұлақтар) - тұтас, туралған немесе ұнтақ тәрізді, жаңадан піскен тұтас немесе туралған жемістерден (көкөністерден, саңырауқұлақтардан) дайындалған, технологияға сәйкес дайындалған, олардың сақталуын қамтамасыз ететін, ылғалдың үлес салмағына жеткенге дейін термиялық өңдеу немесе ауада және күн көзінде кептіру жолымен кептірілген жемістерді (көкөністерді, саңырауқұлақтарды) қайта өңдеу өнімдері;
кептірілген жаңғақтар (тұқымдар, бұршақтар) - жаңғақ жемісті дақылдардың жемістерінен (майлы дақылдардың тұқымдарынан, бұршақтардан) дайындалған, тазартылған немесе тазартылмаған, олардың сақталуын қамтамасыз ететін, ылғалдың үлес салмағына дейін термиялық өңдеу тәсілімен немесе табиғи жолмен кептірілген, қуырылған немесе қуырылмаған, қабыршақталған, қабыршақталмаған, тұз немесе қант қосылған немесе қосылмаған жемістерді қайта өңдеу өнімдері;
жеміс (көкөніс) цукаттары - тұтас немесе туралған жемістерден (көкөністерден), қант сиробында бір рет немесе көп мәрте пісіру жолымен цитрус және/немесе бақша өнімдерінің қабықтарынан дайындалған, 80% кем емес құрғақ заттардың үлес салмағына дейін кептірілген, қант немесе қант ұнтағы себілген немесе қабыршақталған, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 70% аспағанда ұзақ сақтау үшін арналған жемістерді (көкөністерді,) қайта өңдеу өнімдері;
ылғалданған жеміс өнімдері - қант ерітіндісі және/немесе ас тұзы қосылған, жеміс және/немесе көкөніс компоненттері, бал, қара бидай ұны, уыт, қыша, дәмдеуіштер, көк қосылған немесе қосылмаған жаңа піскен тұтас немесе туралған жемістерден дайындалған, қышқыл сүт ашуына ұшыраған, табиғи немесе таза қышқылды сүт бактерияларынан дайындалған ашытқылар қосылған, алынған ерітіндіде минус 10С +40С дейінгі температурада сақтау үшін арналған, қысқа мерзімді сақтау кезінде 10С + 100С дейінгі температурада сақтауға рұқсат етілетін жемістерді қайта өңдеу өнімдері;
тұздалған көкөніс (саңырауқұлақ) өнімдері - ас тұзы ерітіндісі қосылған, дәмдеуіштер, татымдылық өсімдіктерінің бөліктері қосылған немесе қосылмаған жаңа піскен тұтас көкөністерден (саңырауқұлақтардан) дайындалған, қышқыл сүт ашуына ұшыраған, табиғи немесе таза қышқылды сүт бактерияларынан дайындалған ашытқылар қосылған, алынған ерітіндіде минус 1оС +4оС дейінгі температурада сақтау үшін арналған, қысқа мерзімді сақтау кезінде 10С + 100С дейінгі температурада сақтауға рұқсат етілетін көкөністерді (саңырауқұлақтарды) қайта өңдеу өнімдері;
хош иістендірілген шарап - табиғи хош иістендірілген және/немесе табиғи дәмдік заттарды қолданумен дайындалған, жүзім шырынын және басқа да құрамында қант бар өнімдерді пайдалануға рұқсат етіледі, сондай-ақ жекеленген табиғиға ұқсас дәмдік заттарды қолдануға рұқсат етіледі;
бабына келтірілмеген шарап - жалпыға танылған технология бойынша жүзімнің жекелеген сорттарынан немесе олардың қоспаларынан алынатын, келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап сатылатын;
жүзім шарабы - жүзім шырынын немесе былжырды (жүзімнің езілген жидектерін) спиртпен ашыту нәтижесінде алынған сусын;
бабына келтірілген шарап - арнайы технология бойынша жүзімнің жекеленген сорттарынан немесе олардың қоспаларынан алынатын, жақсы сапалы. Шөлмектерге құймай тұрып, шарап кем дегенде міндетті түрде 6 ай ұталуы керек;
газдалған шарап - өңделген шарап материалдарын қос тотықты көміртекпен физикалық жолмен қанықтырылып, дайындалынған. Құмшекерді немесе шақпақ қантты қолдануға рұқсат етіледі;
коллекциялық шарап - стационарлық резервуарда бабына келтіру аяқталғаннан кейін, кемінде үш жыл шөлмектерде қосымша бабына келтірілетін маркалы шарап;
маркалы шарап - жоғары және тұрақты сапамен сипатталады, арнайы технология бойынша регламенттелетін ауданда өсетін жүзімнің белгілі бір сорттарынан немесе олардың арнайы теріп алынған қоспаларынан алынады, нәзік талғамды және хош иісі бар. Шөлмектерге құяр алдында, кемінде бір жарым жыл бабына келтірілуі керек;
саумал шарап - жалпыға танылған технология бойынша жүзімнің жекелеген сорттарынан немесе олардың қоспаларынан алынатын, келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап сатылатын таза жеңіл шарап;
таза шарап - тек эндогеннен алынған этилді спирті бар жүзім шырын немесе былжырды толық немесе жартылай ашыту арқылы алынған. Жүзім шырынының концентратын қолдануға рұқсат етіледі;
арнайы шарап - этил спирті қосылған жүзім шырын немесе былжырды толық немесе жартылай ашыту арқылы алынған. Жүзім шырынының концентратын немесе мистельді қолдануға рұқсат етіледі;
жеміс-көкөніс шикізатын калибрлеу (жеміс-көкөніс шикізатын сорттауға жол берілмейді) - жеміс-көкөніс шикізатын мөлшерлері бойынша бөлу;
жеміс-көкөніс шикізатының концентрацияланған өнімі (жеміс-көкөніс шикізаттың қоюлатуға жол берілмейді) - жеміс-көкөніс шикізатының туралған салмағынан ылғалды буландыру немесе мұздату;
өңделінген жемістер - күкіртті ангидридпен, күкіртті қышқыл ерітіндісімен, күкіртпен, натрий бисульфитымен өңделген жемістер;
тамақ өнімдерінің антиқышқылдатқыштары - майлардың, құрамында май бар өнімдердің және басқа органикалық заттардың тотығуына кедергі болатын, табиғи және синтетикалық химиялық заттар.
3. Өнімді өндіру және қайта өңдеу
7. Қайта өңделген жеміс-көкөніс өнімдерін құюды, буып-түюді, сақтауды, тасымалдауды қоса алғанда оларды дайындау кезінде, сондай-ақ өндірістің жаңа технологияларын әзірлеу және енгізу кезінде жеміс-көкөніс өнімдерінің осы Техникалық регламенттің қойылатын талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету қажет.
8. Дайындаушы өнімді белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетіндей етіп өндіреді және өндіруші таңдаған жүйе шеңберінде және Техникалық регламентте белгіленген тәуекелдерді талдау және сыни нүктелерді бақылау қағидаттары негізінде тиісті шаралардың қабылдануын қамтамасыз етеді.
9. Жемістер мен көкөністерді қабылдау (кіріс бақылау) кәсіпорын бекіткен тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне өндірістік бақылау бағдарламасына қолданыстағы стандарттарға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
10. Қайта өңдеуге осы Техникалық регламенттің қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша нақты өнімге арналған талаптарына сәйкес болатын таза шикізат жатады.
11. Жемістер мен көкөністер мынадай қайта өңдеуге (консервілеуге) ұшырайды:
- жеміс-көкөніс өнімдерін зарарсыздандыру және пастерлеу жолымен консервілеу;
- құрғатудың әр түрлі дәрежелерінде ұзақ сақтау үшін жемістерді және көкөністерді кептіру;
- суықты, консерванттарды және ферментативтік процестерді қолдану арқылы консервілеу.
12. Кәсіпорындарда өндірістік цехтарды, учаскілерді, бөлімшелерді, қоймалық, қосалқы үй-жайларды жоспарлау технологиялық процестердің кезеңділігін, жемістер және көкөністер, түйнекжемістілер және оларды қайта өңдеу өнімдерінің қауіпсіздігін, жинау, жуу, дезинсекциялау сапасына санитарлық бақылау мен қадағалау жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.
13. Жеміс-көкөніс өнімдері өндірісінде тікелей тұтынуға арналған өнімдерде олардың қалдық саны болмау шартымен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жуатын және тазартатын құралдарды, химиялық дезинфекциялау заттарын қолдануға рұқсат етіледі.
14. Кәсіпорын жайының ауасын жылыту, желдету, желдеткіш сорғы жүйелерін орнату нормаланған климаттық жағдайларды қамтамасыз ететін техникалық шешімдердің жүргізілуі көзделуге тиіс.
15. Өнімдерге арналған жабдықтар және ыдыс (контейнер) денсаулыққа қауіпсіз, сондай-ақ жеңіл тазаланатын және өнімді зақымдамайтын материалдан жасалуы тиіс. Көкөністердің, жемістердің, түйнекжемістілердің, жидектердің, саңырауқұлақтардың өнімдерін жинау санитарлық гигиенаның талаптарына жауап беруге тиіс. Жинау кезінде тамақ өнімдерін зақымдамас үшін жеуге жарамсыз өнімдерді бөлек орналастыру қажет.
Шикі өнімдерді малдан, шыбын-шіркейден шығатын, зиянды жәндіктермен, құстармен, химиялық немесе микробиологиялық және басқа да жағымсыз заттармен ластанудан қорғау мақсатында сақтық шаралары қабылданған болу қажет. Өнімнің сорты және өнімді жинау тәсілі, оның талап етілетін сақтау типін және сақтау дәрежесін көрсетеді.
16. Технологиялық және тоңазытқыш жабдықтарды, сондай-ақ шикізаттар мен дайын өнімдерді қоймаларда орналастыру қарсы ағымдағы шикі және дайын өнімнің кедергісіз бос өтімін қамтамасыз етуі қажет.
17. Жерүсті және жерасты көздерінен шаруашылық-ауыз су мұқтаждықтарына су беретін сумен жабдықтау көздері және су құбырлары құрылғылары Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген талаптарға сәйкес санитарлық қорғаныш аймағы болуы тиіс, ал ауыз су тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі талаптарына сәйкес болуы керек.
18. Өсімдік ресурстары мен өнімдерді бұзылу және жойылудан қорғауды қамтамасыз ету үшін жемістер мен көкөністер карантиндік объектілерден таза болуға тиіс және өсімдіктер карантині саласындағы қолданыстағы заңнама талаптарына жауап беруі қажет.
19. Айналымдағы жеміс-көкөніс өнімдері және олардың қайта өңдеу өнімдері тұтынушылардың өмірі мен денсаулығына зиян келтірмеуі тиіс және Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген гигиеналық нормаларға және қауіпсіздік көрсеткіштеріне сәйкес болуы қажет.
20. Құрғақ жемістер мен көкөністер үшін түпкілікті өнімдегі құрғақ заттардың құрамын есепке ала отырып химиялық қауіпсіздік көрсеткіштеріне қайта есептеу жүргізу қажет.
Құрамы аралас өнімдердің қауіпсіздік көрсеткіштерін анықтау шикізаттардың негізгі түрлерінің үлес салмағы бойынша және де нормаланатын контаминанттардың рұқсат етілген деңгейі бойынша жүргізіледі.
21. Жемістер, көкөністер, түйнекжемістілер және оларды қайта өңдеу өнімдерінде патогенді микроорганизмдердің және паразитті аурулар қоздырғыштарының, олардың жұқпалы және паразитті аурулар тудыратын немесе адамның денсаулығына қауіп төндіретін уыттарының болуына жол берілмейді.
22. Жеміс-көкөніс өнімдері өндірісінде тағамдық қоспалар «Тағамдық қоспалардың, оларды өндіру мен айналымының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінің талаптарына сәйкес қолданылады.
23. Консервіленген азық-түлікте 250С жоғары температурада сақтаған кезде дамуға бейім споралар түзгіш термофильді анаэробты, аэробты және факультативті-анаэробты микроорганизмдердің жоқтығы консервіленген жеміс-көкөніс өнімдері қауіпсіздігінің (өнеркәсіптік стерилдік) өлшемдері болып табылады.
24. Өнімнің орамы өнімнің нақты түрін тасымалдау және сақтау шарттарын сақтай отырып, айналымның барлық кезеңінде оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.
25. Жеміс-көкөніс өнімдерімен байланысты буып-түю ыдыстары жасалған материалдар қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес болуы тиіс.
26. Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін (импортталатын) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасының
Достарыңызбен бөлісу: |