Мазмўны Кіріспе html


Асинхронды және синхронды модемдік қосылулар



бет14/65
Дата13.11.2022
өлшемі6.71 Mb.
#464698
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   65
Bilim Boribaev-Web-teh

Асинхронды және синхронды модемдік қосылулар


Коммутацияланатын қосылулардың ішіндегі ең қарапайым және арзан әдісі – екі компьютер арасындағы байланысты орналастыру үшін модемді пайдалану. Компьютерлер сандық информациялармен жұмыс істейтін болғандықтан, цифрлы мәліметтерді аналогтық жолмен беру үшін түрлендіру қажет болады.
Асинхронды модем мәліметтерді кәдімгі аналогтық дауыстық телефондық жолмен беруге арналған, және көбіміз осы асинхронды модемдермен өте таныспыз. Олардың көмегімен алыста отырған қызметкерлер желілік сервермен коммутациялық байланыс орната алады, ал миллиондаған Пайдаланушылар Интернетке шыға алады.
Асинхронды модем қабылдаушы модемге мәліметтер пакеті қай жерден басталатынын және қай жерде аяқталатынын хабарлау үшін старттық және стоптық биттерді пайдаланады. Старттық бит пен стоптық бит арасында көптеген модемдер мәліметтердің телефон арқылы дұрыс жеткен жетпегенін тексереді.
Синхронды модемдер старттық және стоптық биттерді пайдаланбайды; олардың орнына жіберуші және қабылдаушы модемдер жіберу уақытын орнату үшін синхрондау биттерін пайдаланады. Синхрондық модемдер старттық және стоптық биттерді пайдаланбағандықтан, олар асинхронды модемдерге қарағанда мәліметтерді өте үлкен жылдамдықтармен жөнелте алады. Бірақ та, синхронды модемдер кәдімгі телефондық желілердегі байланысқа арналмағандықтан, олар тек қана ерекшеленген жолдарда пайдаланылады.
Ерекшеленген жолдар (бағыттар) екі желі арасында кәдімгі телефондық байланыс немесе басқа технология көмегімен тұрақты байланыс орнатуды қамтамасыз етеді. Ерекшеленген жолдар көбінесе цифрлы болып келеді және аналогты жолдарға қарағанда үлкен өткізгіштік белдеумен қамтамасыз етілген; дауыстық қосылуларға тән шу және интерференцияларға аз бейімделген.
Мәліметтерді беруге арналған сандық жолдар ақпараттарды цифр арқылы беру жолдарынан (Digital data servise - DDS) және мәліметтерді әр түрлі жылдамдықтарда беруге арналған әрқилы жолдар типін қамтитын T-Carrier жүйесінен тұрады. DDS жолы өткізгіштік белдеуін 56 Кбит/с-қа дейін қамтамасыз етеді және желіде тұрақты дуплексті қосылуды (мәліметтер бір уақытта берілуі және қабылдануы) қолдап отырады.
Қазіргі кезде DDS жолымен қосылу басқа WAN-технологиялармен жылдам алмасуда. Өте арзан T-Carrier жүйесімен және басқа да қосылулармен, мысалы, абоненттік цифрлы жолдар (DSL) арқылы қосылулар және кеңбелдеулі кабельді қосылулармен салыстырғанда DDS жолын ескірген деп те есептеуге болады.
T-Carrier – көптеген арналардан құралған жоғары жылдамдықты цифрлы жолдардан тұратын телекоммуникациялық технология. Бұл да кәдімгі телефондық желінің ұсынып отырған байланыс түрінің бірі. T-Carrier жүйесін дауысты, бейне және мәліметтерді жоғары жылдамдықта беруге пайдалануға болады. Көптеген арналардың бірігуі арқасында әр түрлі элементтерді, мысалы, дауыс және мәліметтерді бір жолмен бір уақытта беруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет