Мазмұны Кіріспе І – Тарау; Әдебиеттерге шолу



бет22/28
Дата05.04.2024
өлшемі5.67 Mb.
#497773
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28
Дип.-Денелердің-беріктілігін-зерттеу

2.20.-сурет


Қатты денелердің жылулық қасиеттері.
а. Қатты дене жылу сыйымдылығының классикалық теориясы. Дюлонг және Пти заңы. Қатты денелердегі бөлшектер бір-бірімен әсерлесу энергиясы минималды мәнге ие белгілі тепе-теңдік күйге сәйкес «бекітілген» болады. Мұндай жағдайдағы бөлшектердің негізгі қозғалу формасы тепе-теңдік орынның қасында тербелу болып есептеледі. Тербеліс амплитудасы атомдар ара қашықтығының елеусіз бір бөлігіне тең болады (а0,05r0 ). Тербеліс бағыты үздіксіз және ретсіз, уақыт барысында өзгеріп тұрады.
Жылу сыйымдылықтың классикалық теориясында біртекті қатты денелер бір-бірінен тәуелсіз бірдей жиілікпен () тербелетін бөлшектер жинағы деп қарастырылады. Әрбір бөлшек үш еркіндік дәрежеге ие болғандықтан, әрбір еркіндік дәрежеге орта есеппен кинетикалық және потенциалдық энергия тура келеді. Сондықтан әрбір тербелетін бөлшектің орташа энергиясы 3кТ-ға тең болады. Онда бір моль заттың энергиясы мынаған тең болады:
(2.11)
Бұл формуланы температура бойынша дифференциалдасақ, көлем тұрақты болғандағы қатты дененің молярлық (атомдық) жылу сыйымдылығын аламыз:
(2.12)
R=8,3·103Дж/град·кмоль болғандықтан,
Дж/град·кмоль (2.13)
болады, яғни 6 кол тең болады. Бұл заңды эксперимент арқылы 1819 жылы Дюлонг және Пти дәлелдеді. Бөлме температурасында бірнеше металдардың жылу сыйымдылығы 2.4.-кестеде берілген.
2.4.-кесте




Na

Al

Fe

Ni

Cu

Zn

Sn

Pt

Pb

Cd

B

С

·104дж/(кмольх
хград)

2,7

2,35

2,47

2,47

2,35

2,4

2,55

2,47

2,47

2,47

1,42

0,57

Кестеге қарағанда көпшілік көрсетілген металдарға Дюлонг және Пти заңы орындалатыны байқалады. Бірақ алмаз және борға атомдық жылу сыйымдылығы әлдеқайда 3R-ден төмен. Ал температура төмендегенде Дюлонг және Пти заңына барлық қатты денелер бағынбайды (2.21.-сурет).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет