Мазмұны Кіріспе І тарау. Геронтология ғылымы туралы түсінік. Қартаң адамдардың проблемалары. Қартаң адамдардың өмір санасы әлеуметтік проблема ретінде. ІІ тарау. Қарт адамдардың әлеуметтік-психологиялық сипаттамасы



бет19/22
Дата06.03.2024
өлшемі451.5 Kb.
#494571
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Дип Геронтология ғылымы туралы түсінік

Клинетпен әңгімелесеу
Алғашқы әңгімлесу мақсаты клиенттің әлеуметтік көмек алуға деген құқығын анықтау. Мұнда көп нәрсе әңгіменің сапасына байланысты. Клиенпен әңгіме коммуникация (қарым-қатынас) немесе өзара әрекеттесу ретінде дәл анықталады. Бұл өнер және ғылым. Қызметтің осы түрлі енді бастаған жұмысшылар білімді, адамның мінез-құлқын, мінез-құлқының түрткісінің белгілі және құпия себептерін түсінуге қабілетті болу керек. Бұндай білім жұмыстың тиімділігі мен адамдарға шыдамды болуды қамтамасыз етеді.
Адамның қандай көмекті іздеп отырғанын зер салып тыңдау және бақылау арқылы объективті фактілер мен субъективті сезімдерді жеке тұлға аралық қатынасқа айналдыра алады.
Әңгіме жүргізудегі негізгі дағдыларға негізгі 10 қағида жатады. Басында клиенке әңгіменің жалғасатыны туралы хабар беру; әңгімені клиент жағдайда түсінгеннен кейін бастау; еркін атмосфераны құру үшін тілектес болуға тырысу; жағдайға клиенттің көзімен қарау; адамды сол күйінде қабылдамай, пікір айтудың қауіптілгін сезіну; әлеуметтік қарым-қатынастың дағдыларын дамыту; мысалы, қарым-қатынасқа көмектесу үшін жалына, басына «ия» не «жоқ» деп жауап беруге болатын сұрақтардан қашу; клиенттің орнына сөйлемеу, оның орнына ойламау; қатты асықпау, әбігерленбеу және клиенттің паузасы мен үндемей отыруына үйрену (бұл көбіне клиенттің күш салып ойланып отыратын уақыты).
Әр әңгімлесу қандай да бір негізгі мәселені белгілейді, мысалы, клиенттің қаражат жағдайын, оның ауруларын, ренжуін, өзіндік қарым-қатынасын және тағы басқа. Әр әңгіменің оның сызбасы болуы керек, басы, ортасы, аяғы. Әрбір келесі әңгіме – кездесу алдыңғы әңгіменің құрамын тіреу етіп алу керек, сонымен қатар жазбаша немесе видиозапись қолданылуы керек.
Әңгімелесу процесінде қайта-қайта қиындықты айнала беруі немес оны теріске шығаруы жұмысшының қандай да бір шешім табуна көмектеседі. Клиенттің үндемей қалуы мен оның әңгімесінің бір-біріне сәйкес келмеуіне назар аудару керек. Мысалы, зорлыққа тап болған адам басқаның бұған араласқанын қаламайды. Бұл күтпеген өзгерістер немесе клиенттің бір идеяны екіншісімен ойша байланыстыруы, сондықтан бұлардың екеуі де ешнәрсені білдірмейді.
Әлеуметтік жұмысшының әңгіме-интервьюі күнделікті әңгімелерден мынадй қасиеттерімен ерекшеленеді. Олардың әңгімесінің белгілі мақсатқа жетуге бағытталған тақырыбы болады, әңгіменің уақытша шеңбері анық болады. Өзара қатынастың жағымды және жағымсыз жақтары болады. Соңғы аспектіні толығырақ қарастырайық. Әлеуметтік жұмысшы мен клиенттің алғашқы кездесулерінің таза информациялық қызметтен басқа кем дегенде 3 мақсаты бар: клиенпен емдеу әдістеме қатысты одақ құруға ұмтылу; әлеуметтік жұмысшы клиенттің онымен сезімдерін түсінуге ұмтылады; клиенттің ситуацияны жеңетініне сендіру жұмыстың әдістері мен формаларын демонстрациялайды. Егер бұл факторларда назарға ілмесе, ситуацияны басқару мүмкін емес. Әсіресе, егер клиент тарапынан негативті реакция бақыланса.
Кейде әлеуметтік жұмысшылар тұйық, өздеріне қандай көмек керегін айтудың орнына ол туралы сөз қозғамау үшін бәрін істейтін клиенттер кездесетініне қиналады. Бұның себептерінің бірі, бейтаныс адаммен кездесу ұялу сезімін, үлкен үміттің, сәтсіздік сезімін, өзін тәуелді сезінуін туындатады. Әлеуметтік жұмысшы клиент не өзі туралы сырластық, ұялтатын немесе қорқытатын фактілер көрсетпеуі керек себебі, бұл клиенттің негативті реакциясын туындатады.
Практиктер көбіне олардың көмектерін қолданғанда бірінші әңгімеден кейін кездесуге келмейтіндеріне қиналады. Зерттеулер көмекке жүгінгендердің 50%-ы, екінші кездесуге қайта келмейтінін көрсетті. Алғашқы әңгіме жағымды нәтиже берсе де, екінші кездесуге келмеуінің көптеген басқа да себептері бар. Мысалы, біреулер үшін алғашқы әңгіме жеткілікті, біреулер тек аса қажет болған жағдайда ғана барғанды қалайды және тағы басқа.
Сәтті әңгімелер әңгімелесудің мазмұнына ғана тәуелді емес, егер интервью клиенттің сезімін түсінетін, оның қиындыққа байланысты ойын және әлеуметтік жұмысшы клиенттің субъективті сезімдерін қабылдап және оны жұмыста пайдалануын түсінетініне де тәуелді. Егер жұмысшы қарым-қатынастың түсініксіздікке әкелетін тосқауылды жоюға тырысса интервью сәтті деп саналады.
Егер клиенттің физикалық кемшіліктері, ақыл – ой, есту, сөйлеу бұзылыстары болса, онда қарым-қатынастың альтернативті әдістері қажет болуы мүмкін. Тіпті тәжірибелі жұмысшылардың өзі кейде жағдайды алдын ала болжайды немесе клиенттің не айтқысы келгенін өзі ойлайды Клиентке максимальды еркін сөйлеуге мүмкіндік берген жөн, өйткені адамға өз тарихын өзі айтуға мүмкіндік берсе, ол өз мәселесінің шешімін тез табады. Клиентпен стереотипті қатынасу қиындық тудырады. Клиентті белгілі бір класқа жатады деп қарамау керек, өйткені, бұл ол туралы ойдың қалыптасуына және асығыс шешімдер жасауға әкеледі, адамдар олар туралы асығыс шешім жасауға болмайтын өте қиын, сезімтал және динамикаға жақын болады.
«Жақсы» сұрақтар қою. Сұрақ қою тұлға аралық қатынастың дағдысы ретінде өзекті.
Біздің тапсырмамыз қай әдіс қашан тиімді және қашан кедергі болатынын анықтау. Осылай, әлеуметтік жұмысшы сұрақты күмәнді немесе кінәлаушы мәнерде, немқұрайлы немесе жылы шырайлы тонмен қойса, клиенттің қорқынышты немесе сенімсіздікті сезінуіне әкеледі.Сөйлесушінің сөздеріне қарағанда, тон мен мәнер маңыздырақ.
Сұрақты көп қою, тергеу сияқты болып көрінсе, сұрақты тым аз қою маңызды сәттердің көрінуіне кедергі жасауға әкелуі мүмкін.
Тәжірибесіз адамдар егер клиент әңгіменің неге қатысты екенін байқап қойса «байқау» сұрақтарын қоюдан қашады.
Одан басқа кедергі «неге» деп басталатын сұрақтардың көп қойылуы болып табылады, бұл клиент өз қылығын түсіндіруі керек дегенді білдіреді, сөйтіп оның қорғану позициясын алуына әкеледі. Сұрақты «не» сөзімен бастаған дұрыс, өйткені екі жақтыңда әңгімесіне пайдалы информация беруі мүмкін, мысалы, кәрі әйелден неге үйден шығуға қорқасыз деп сұраудың орнына, егер ол үйден шықса не жағдай болуы мүмкін деп сұрау.
Сұрақты қолдана білу – бұл әлеуметтік жұмыста аз зерттелген. Бірақ, ол өте маңызды, өйткені, бұл тек информация жиыны ғана емес, өзгеру процесінің бастауының бір жолы.
Сұрақтардың респортерлық типі кейде, егер корреспонтенттің алдында оппоненттің дәлелдері өзгеріске әкелу үшін әдейі жүріп жатса сәтті болуы мүмкін. Өзгерісті соңғы мақсат деп түсінетін сұрақты қолданудың жолдары – оларды мынадай жолмен құрастыру: «Мүмкін, бұл дұрыс емес шығар, бірақ...», «Мен онша түсінбедім...», бұлардың барлығы клиенттің әдеттегі мінез-құлық сызбасынан шегініп, жаңа мүмкіндіктерді қарастыруын стимуляциялайды. Нотация оқу немесе алдын ала кеңес беруді қаламайды және олар тәжірибелі көмекші болып табылмайды. Ыңғайсыз жағдайлар болған кезде оған назар аударуды кергі жоқ, бұдан клиент негізгі мәселені жеңген кезде немес ол қысылудан арылған кезде қайта оралуға болады.
«Жақсы» сұрақ қоюдың басқа типі «айналма сұрақ». Ол отбасының терапияда қолданады және қатысушылардың әртүрлі позициясын көрсетеді, отбасының басқа екі мүшесінінің өзара қатынасын үшінші жақтың қалай көретіні туралы жаңа информация береді.
Мынау сияқты гипотетикалық сұрақтар «Егер былай болғанда, қалай болар еді...?» ситуацияны одан әрі анықтай түседі, бұлар мәселені шешудің жолын ұсынарда қолданады.
Жақсы әлеуметтік жұмысшының мынадай 6 сапасы болады:

  1. Симпатия немесе түсіну - әлемге басқа біреудің көзімен қарауда;

  2. Сыйлау, клиенттің мәселесін ол оны өзі шеше алады деген сенімділік тудыру үшін қабылдау;

  3. Консультациялап отырған адам мәселені максималды түсінуі үшін, оның нақтылығы, айқындылығы;

  4. Өзін-өзі білуі және басқаларға өзін танытуға көмектесу;

  5. Шынайылық, өзін клиентпен қарым-қатынаста табиғи ұстау;

  6. Нағыз сол сәтте болып жатқан нәрсеге байланыстылық.

Енді бастаған әлеуметтік жұмысшылар қиындық тудыратын қарым-қатынаста қиындықтарға ұшырауы, әңгімені жалғастыру үшін қандай дағдыны қолдануды білмеуі.
Осыдан келіп, әлеуметтік жұмысшыларға мынадай ұсыныстар беруге болады.

  • адам мінез-құлқын айқын және құпия себептерін білу және түсінуі керек;

  • тұлғааралық қатынастың дағдысы болуы керек;

  • сұрақ қоя білуі керек;

  • түсініксіздікке әкелетін қатынас бөгеттерін жоюға тырысу.

Сөйтіп, берілген бөлімді меңгеріп, әлеуметтік жұмысшылар тыңдай, байқай және қабылдай білуі керек. Тәжірибелі кеңесші болу үшін түсінгіш және қамқоршы болу жеткіліксіз, тәжірибеде көптеген жұмыстың әдіс-тәсілдерін тиімді қолдана білуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет