Мазмұны Кіріспе I. Тарау. Соттылықтың құқықтық табиғаты



бет4/4
Дата29.06.2016
өлшемі397.5 Kb.
#166051
түріДиплом
1   2   3   4

2.9. Шартты түрде соттау

Соттар ҚК-тің 63-бабында көзделген шартты түрде соттаудың, әдетте, бұрын сотталмаған, жеңіл немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған адамдарға қолданылатындығын ескеруге тиіс. Шартты жаза ауыр қылмыс жасауға қатысқандардың кейбіріне, өгер олардың негізгі қылмыскер еместігі анықталса, сонымен қатар оның жеке басына берілген мәліметтер мен қылмыс жасаған кездегі жағдайлар жаза тағайындаған кезде ҚК-тің 63-бабының ережелерін колдануға негіз бола алған жағдайда ғана колданылады.

1.Егер түзеу жұмыстары, әскөри қызмөт бойынша шектеу, бас бостандығын шектеу, бас бостандығынан айыру немесе тәртіптік әскери бөлімде ұстау жазасын тағайындағанда сот сотталған адамның жазаны өтемей түзелуі мүмкін деген қорытындыға көлсе, ол тағайындалған жазаны өтемей түзелуі мүмкін деген корытындыға келсе, ол тағайындалған жазаны шартты деп санауға қаулы шығарады.

2.Шартты түрде соттау қолданылған жағдайда сот жасаған қылмыстың сипаты мен коғамдықкауітілік дәрежесін, айыптының жеке басын, соның ішінде жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескереді.

3. Шартты түрде соттау тағайындалған кезде сот сотталған адам мінез-кұлқымен өзінің түзелгенін дәлелдөуге тиіс сынақ мерзімін белгілейді. Сынақ мерзімі бір жылдан үш жылға дейінгі ұзақтықта тағайындалады (63-бап, 1,2,3-бөліктер). Яғни, шартты түрде соттау адамға белгілі бір талаптар қоя отырып, оған тағайыңдалған жазаны нақты етуден босату. Шартты түрде сотталғандарға заң бойынша белгілі бір міндеттерді орындау талабы қойылады. Олар: "шартты түрде сотталған адамның мінез-құлқын бақылауды жүзеге асырушы арнаулы мемлекеттік органға хабарламай тұрақты тұратын, жұмыс істейтін, оқитын жерін ауыстырмауды, белгілі бір орындарға бармауды, маскүнемдіктен, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан, сөз ауруларынан нөмесе ВИЧ / ЖҚТБ-дан емделу курсынан өтуді, отбасына материалдық көмек көрсөтуді жүктеуі мүмкін. Сот шартты түрде сотталған адамға оның түзелуіне септігін тигізетін басқа да міндеттерді орындауды жүктей алады (63-бап, 5-бөлігі).

Шартты түрде сотталған адамның мінез-құлқыл бақылауды оған уәкілдік берілген мамандандырылған мемлекеттік орган, ал әскери қызметшілер жөнінде әскери бөлімдер мен мемлекеттердің командованиесі жүзеге асырады. Шартты түрде сотталған адамның мінез-кұлқын бақылауды жүзеге асыратын органның ұсынысы бойынша сынақ мерзімі ішінде сот шартты түрде сотталған адам үшін бұрын белгіленген міндеттерді толық немесе ішінара бұзуы не толықтыруы мүмкін. Шартты жазаға сотталған кезде мүлікті тәркілеуден басқа қосымша жазалар тағайындалуы мүмкін. Қосымша жазалардың тізбегі Қылмыстық кодекстің 39-бабының 2-бөлігінде көрсетілген. Шартты жазаға сотталғанда тағайындалған қосымша жаза нақты түрде өтелуі тиіс. Шартты сотталуы туралы қаулы шығарған кезде сот сотталғанға, оның заңды өкілдеріне сотталған адамның міндеттерін орындамаған немесе әкімшілік құқық бұзушылық, жана қылмыстар жасаған жағдайда ҚК-тін 64-бабында көзделген шараларды колдану мүмкіншілігі туралы түсіндіруге міндетті7. Қылмыстық заңда шартты түрде соттаудың күшін жою немесе сынақ мерзімін ұзартудың тәртібі де көрсетілген. Шартты түрде соттаудын күшін жоюдың немесе сынақ мерзімін ұзартудың түрлі негіздері Қылмыстық кодекстін 64-бабында мына төмендегідей етіп берілген: "1. Егер шартты түрде сотталушы сынақ мерзімі өткенге дейін түзелгенін дәлелдесе, шартты түрде сотталушының мінез-кұлқына бақылау жасауды жүзеге асыратын органның ұсынысы бойынша сот шартты түрде сотталудың күшін жою және сотталған адамнан соттылықты алып тастау туралы қаулы өте алады. Бұл орайда шартты түрде сотталудың белгіленген сынақ мерзімінің кем дегенде жартысы өткен соң күші жойылуы мүмкін.

2.Егер шартты түрде сотталған адам өзіне сот жүктеген міндеттерді орындаудан жалтарса немесе сол үшін өзіне әкімшілік жаза салынған қоғамдық тәртіпті бұзса, сот осы баптың бірінші бөлігінде аталған органның ұсынысы бойынша сынақ мерзімін ұзарта алады, бірақ ол бір жылдан аспауы керек.

3.Шартты түрде сотталған адам сынақ мерзімі ішінде өзіне сот жүктеген міндеттерді ұдайы немесе әдейі орындамаған, сол сияқты қоғамдық тәртіпті ұдайы немесе қасақана бұзған жағдайда сот осы баптың бірінші бөлігінде аталған органның ұсынысы бойынша шартты түрде сотталудың күшін жою және сот үкімімен тағайындалған жазаны орындау туралы қаулы өтеді.

4.Шартты түрде сотталған адам сынақ мерзімі ішінде абайсызда қылмыс жасаған не кішігірім ауырлықтағы қасақана қылмыс жасаған жағдайда шартты түрде сотталудың күшін жою немесе оны сақтау туралы мәселені сот жаңа қылмыс үшін жаза тағайындалған кезде шешеді.

5.Шартты түрде сотталған адам сынақ мерзімі ішінде орташа ауырлықтағы қасақана қылмыс, ауыр нөмесе аса ауыр қылмыс жасаған жағдайда сот шартты түрде сотталудың күшін жойып, оған осы Кодекстің 60-бабында көзделген ережелер бойынша жаза тағайындайды. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген жағдайларда да жаза осы ережелер бойынша тағайындалады".

Шартты жазаға сотталған адам сынақ мерзімі ішінде жаңадан басқа бір қылмыс істемесе ол сотталмаған адам боп есептелінеді.

III. Тарау. Қылмыстық заңдағы соттылықты жою және алып тастау шарттары.
3.1. Соттылықты жою мерзімі және оны есептеу тәртібі.
Қылмыстық құқықтағы соттылықты жою институты қылмыстық құқықта дереу пайда болмаған. 1922 жылғы РСФСР Қылмыстық кодекстінде және 1924 жылғы КСРО және Одақтас республикалардың қылмыстық зандарының негіздерінде де соттылықты жою ережелері көзделген.

Алғаш рет қылмыстық заңда соттылықты жою туралы ереже 1925жылы 9 ақпанда РСФСР орталық комитетінің декретімен Қылмыстық кодекстің 37-бабына толықтыруымен енгізілді. Онда былай делінген: "егер шартты түрде сотталған тұлға сынау мерзімі ішінде бас бостандығынан айыруға әкеп соғатын қандай да бір қылмысты жасамаса, сот үкімі күшін жойған деп есептелінеді және шартты түрде сотталған адам соттылығы жою деп танылады.

Соттылықты жоюдың құқықтық табиғатын анықтаудың теориялық және тәжирбиелік маңызы зор. Соттылықты жоюды дұрыс ұғыну оны сот тәжирбиесінде нақты қолдануды қамтамасыз етеді. В.Н. Курляндский, Н.С.Лейкина, Е.А. Фролов соттылықты жоюдың құқықтық табиғатын қылмыстық жауаптылықпен байланыстырады. Қылмыстық жауаптылықтың аяақталуы жазаның толық өтелу кезеңімен байланысты, ал тиісті жағдайда соттылықты жою немесе алып тастау. Мұндай тұжырым даулы болды.

1926 жылғы РСФСР-ң Қылмыстық кодексінде 37-бабының ережесін қабылдады, тек шартты түрде сотталған тұлғалардың соттылығын жою мерзіміне ғана өзгерістер енгізілді. Егер, 1922 жылғы Қылмыстық кодекстің 37-бабында шартты түрде сотталған адамның соттылығы жойылуы үшін сот үкімімен белгіленген сынақ мерзімі ішінде қандай да бір қылмыс жасамауын талап еткен, ал 1926 жылғы Қылмыстық кодекстің 57-бабы шартты түрде сотталған адамның сынақ мерзімі ішінде ауыр қылмысты жасамауын талап етеді.

Ал, КСРО орталық атқару комитетінің қаулысымен 1927 жылы 25 ақпанда қабылданған КСРО және одақтас республикалардың қылмыстық зандарының негізі 10-бабымен толықтырылды.

Осы негіздің 10-бабына сәйкес, соттылығы жоқ деп танылатындар:

а) сотпен ақталған тұлғалар;

б) шартты түрде сотталған адам сынақ мерзімі ішінде жаңа қылмыс жасамаған тұлғалар;

в) алты айдан жоғары бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар - жазаны өтегеннен кейін үш жыл өткенге дейін жаңа қылмыс жасамаған тұлға;

Үш жылдан артық мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған тұлғалардың соттылығы жойылмайтын болған, оларға соттылықты рақымшылық немесе амнистия түрінде алып тастау ережесі қолданылатын болған. Рақымшылық немесе амнистиялық акті негізінде соттылықты алып тастау жазаның мерзімі мен ауырлығына қарамастан жүзеге асырылған.

1958 жылы 25 желтоқсандағы КСРО Жоғарғы Кеңесінің бесінші жиналысының екінші сессиясында қабылданған КСРО және Одақтас Республикалардың қылмыстық заңдарының негізі сол уақытқа дейін тәжірбиеде өзін ақтаған соттылықты жою институтының ережесі қабылданды.

Соттылық жойылады, егер: а) заңда белгіленген мерзімі өтсе; б) заңда белгіленген мерзім ішінде тұлға жаңа қылмыс жасамаса. Жазадан босатылған адам соттылығы жоқ деп танылады. Жоғарыда біз соттылықты жою ережесінің қысқаша тарихына тоқталдық. Енді, қазіргі қылмыстық заңда көзделген соттылықты жою ережесінің ерекшелігін атап көрсетуге тырысамыз. Соттылықты жою ережесі Қылмыстық кодекстің 77-бабында көзделген.

Азаматтың соттылығы жойылғанан (алып тасталғаннан) кейін тиісті құжаттарда "сотталмаған", - деп көрсетуге құқылы. Оған бұрынғы сотталғандығымен байланысты жалпы құқықтық сипаттағы құқықтық шектеулер қолданылмауы тиіс.

Жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату жазаның алға қойылған мақсатын тез әрі тиімді шешуге мүмкіндік берумен бірге, қылмыстылық пен қарсы күрес жүргізуге зор үлесін тигізеді. Сот тәжірбиесі көрсеткендей, жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандардың қайталамалы қылмыс жасауы жазаны толық өтеп шыққандарға қарағанда едәуір төмен. Мұның өзі, жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың қысқа мерзім ішінде қылмыстық жазаның алға қойған мақсаттарына жетуіне тиісті көмегін тигізетінін көрсетеді.

Жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату деп сотталған адамды үлгілі мінез-құлқы және еңбекке, оқуға адал көзқарас негізінде үкім бойынша тағайындалған жазаны өтеуден мерзімінен бұрын босатып, оған сынақ мерзімі ішінде жаңадан қылмыс жасамау шартын қоюды айтамыз.

Қылмыстық кодекстің 70-бабына сәйкес:

1. Егер сот түзеу жұмыстарын, әсери қызмет бойынша шектеу, тәртіптік әскери бөлімінде ұстау немесе бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген адам өзінің түзелуі үшін сот тағайындаған жазаны толық өтеуді қажет етпейді деп таныса, ол мерзімінен бұрын шартты түрде босатылуы мүмкін. Бұл орайда адам қосымша жаза түрін өтеуден толық немесе ішінере босатылуы мүмкін.

2. Сот мерзімінен бұрын шартты түрде босатуды қолдана отырып, сотталған адамға осы Кодекстің 63 бабының 5-бөлігінде көзделген міндеттерді жүктеуі мүмкін, ол бұларды жазаның өтелмей қалған бөлігі ішінде орындауға тиіс.

3. Жазадан шартты түрде - мерзімнен бұрын босату сотталған адам.

а) кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмыс үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде жартысын;

б) ауыр қылмыс үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде үштен екісін;

в) аса ауыр қылмысы үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде төрттен үшін, сондай-ақ бұрын жазадан мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған адамға егер мерзімінен бұрын - шартты түрде босату осы баптың жетінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша жойылған болса, тағайындалған жаза мерзімінің кемінде төрттен үшін нақты өтегеннен кейін қолданылуы мүмкін.

4. Бас бостандығынан айыруға сотталушының нақты өтеу мерзімі 6 айдан кем болмауы керек.

5. Сот тағайындалған өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген адам, егер сот ол бұл жазаны одан әрі өтеуді қажет етпейді деп таныса және кемінде 25 жыл бас бостандығынан айыруды іс жүзінде өтесе, мерзімінен бұрын —шартты түрде босатылуы мүмкін.

6. Мерзімінен бұрын - шартты түрде босатылған адамның мінез-құлқына бақылау жасауды оған мамандырылған өкілетті мемлекеттік орган, ал әскери қызметшілер жөнінде - әскери бөлімдер мен мекемелердің командованиесі жүзеге асырады.

7. Мерзімінен бұрын - шартты түрде босату қолданылған адам, егер жазаның қалған өтелмеген бөлігі ішінде:

а) өзіне әкімшілік жазасы салынған қоғамдық тәртіпті бұзса немесе оған мерзімінен бұрын - шартты түрде босатуды қолдану кезінде сот жүктеген міндеттерді орындаудан әдейі жалтарса, сот осы баптың 6-бөлігінде аталған органдардың ұсынуы бойынша мерзімінен бұрын - шартты түрде босатудың күшін жою және жазаның өтелмей қалған бөлігін орындау туралы қаулы ете алады;

б) қылмыс абайсызда жасалса, жаңа қылмысқа жаза тағайындау кезінде мерзімінен бұрын - шартты түрде босатудың күшін жою немесе оны сақтау туралы мәселені сот шешеді;

в) қылмыс қасақана жасалса, сот оған осы Кодекстің 60-бабында көзделген ережелер бойынша жаза тағайындайды. Егер сот мерзімінен бұрын - шартты түрде босатудың күшін жойса, абайсызда қылмыс жасаған жағдайда да жаза осы ережелер бұрын - шартты түрде босату тағайындалады.

Өлім жазасы түріндегі жаза кешірім жасау тәртібі бойынша бас бостандығынан айырумен ауыстырылған адамға мерзімінен бұрын -шартты түрде босату қолданылмайды.

Жазаның өтелмеген бөлігін жеңілірек жазамен ауыстырудың жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың айырмашылығы оның шартсыз, түпкілікті босатылуында болып табылады. Жазаның өтелмеген бөлігін жеңілірек жазамен ауыстырудың негізі болып жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босатудағы сияқты сотталған адамның үлгілі мінез-құлқы және еңбекке, оқуға деген адал көзқарасы есепке алынады. Сот тәжірбиесінде түзелу жолына нақты түскен адамдарға ғана жазаны ауыстыру қолданылады. Мұндай жағдайда жазаның алға қойған мақсатына түпкілікті жету жеңілірек жазаны өтеу арқылы-ақ жүзеге асырылады. Жазаның өтелмеген бөлігін жеңілірек жазамен ауыстыру сотталған адамға мына негіздерге қолданылуы мүмкін.

1. Кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс үшін бас босатандығынан айыру жазасын өтеп жүрген адамға сот оның жазасын өтеу жөніндегі мінез-құлқын ескере отырып, жазаның өтелмей қалған бөлігін оның жеңіл түрімен ауыстыра алады. Бұл орайда адам жазаның қосымша түрінде өтеуден толық немесе ішінара боатылуы мүмкін.

2.Жазаның өтелмеген бөлігі оның неғұрлым жеңіл түріне сотталған адам жаза мерзімінің кем дегенде үштен бір бөлігін нақты өтегеннен кейін ауыстырылуы мүмкін.

3. Жазаның өтелмеген бөлігін ауыстыру кезінде сот осы Кодекстің 39-бабында аталған жаза түрлеріне сәйкес, осы Кодексте әрбір жаза түрі үшін көзделген шекте жазаның кез келген неғұрлым жеңіл түрін таңдап алуы мүмкін (Қылмыстық кодекстің 71-бабы).

Жазаның өтелмеген бөлігі жеңілірек жазамен ауыстырылу қолданылған сотталған адамды сот қосымша жазадан толық немесе ішінара босату да, босатпауы да мүмкін. Бұл мәселе нақты жағдайларға қарап шешіледі. Егер жеңілірек жазамен ауыстырылған ретте, қосымша жаза одан гөрі қатаңырық болса, мұндай ретте сотталған адам міндетті түрде қосымша жазадан да босатылуы қажет. Жаза жеңілірек жазамен ауыстырылу қолданылған адам жазаның өтелмеген бөлігі ішінде қылмыс істесе, сот мұндай жағдайда кінәлі адамға Қылмыстық кодекстің 60-бабына сәйкес үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындайды да, бірінші үкім бойынша өтелмей қалған жазаны соңғы жазаға қосады.

Жазаны өтеген уақыттан бастап соттылықты жою шарты басталады, яғни, оның жойылу мерзімі. Соттылықты жою мерзімі - тұлға сотталған деп есептелінетін уақыт аралығын білдіреді. Соттылықты жою мерзімі Қылмыстық кодекстің 77-бабының, 3,4-тармақтарында көзделген. Заңда көзделген мерзім өткеннен кейін соттылық жойылады. Ал, соттылықты жою тәртібі Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген. Жазадан босатылған адам соттылығы жоқ деп танылады. Соттылық: а) шартты түрде сотталған адамдар жөнінде - сынақ мерзімі өтуі бойынша; б) тәртіптік әскери бөлімінде ұстау, әскери қызмет бойынша шектеу немесе қамау түрінде жазасын өтеген әскери қызметшілер жөнінде - іс жүзінде жазаны өтеу бойынша; в) бас бостандығынан айырумен салыстырғанда жазаның неғұрлым жеңіл түріне сотталған адамдар жөнінде - жазаны өтегеннен кейін бір жыл өтуі бойынша; г) кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар жөнінде - жазаны өтегеннен кейін үш жыл өтуі бойынша; д) ауыр қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар жөнінде - жазаны өтегеннен кейін алты жыл өтуі бойынша; е) аса ауыр қылмысы үшін сотталған адамдар жөнінде - жазаны өтегеннен кейін сегіз жыл өтуі бойынша жойылады. Егер сотталған адам заңда белгіленген тәртіппен жазасын өтеуден мерзімінен бұрын босатылса немесе жазаның өтелмеген бөлігі неғұрлым жеңіл жазамен ауыстырылса, онда соттылықты жою мерзімі жазаның нақты өтелген мерзімін негізге ала отырып, негізгі және қосымша жаза түрлерін өтеуден босатылған кезден бастап есептелінеді. Егер сотталған адам жазаны өтегеннен кейін өзін мінсіз ұстаса, сот оның өтініші бойынша соттылықты жою мерзімі өткенге дейін одан соттылықты алып тастай алады. Егер сотталған адам соттылықты жою мерзімі өткенге дейін тақы да қылмыс жасаса, соттылықты жою мерзімі тоқтатылады. Бірінші қылмыс бойынша соттылықты жою мерзімі соңғы қылмысы үшін негізгі және қосымша жазаны іс жүзінде өтегеннен кейін қайта есептелінеді. Бұл жағдайда адам екі қылмыстың ең ауыры үшін соттылық мерзімі өткенге дейін олар үшін сотталған деп есептеледі. Соттылықты жою немесе алу соттылыққа байланысты барлық құқықтық зардаптардың күшін жояды.

Тұлға соттылық жойылатын мерзім ішінде жаңа қылмыс жасамаса соттылығы жойылған деп танылады.

Қылмыстық жауапқа тартудың мерзімінің ескіруі деп қылмыс істеген уақыттан бастап, кінәлі адамды сол қылмысы үшін заңда көрсетілген шарттарға сәйкес жауапқа тартуға мүмкіндік беретін уақыттың өтеуін айтамыз. Мұндай мерзімінің өтуі қолданылатын шараның тиімділігі, қажеттілігін жояды, сондықтан да ол қылмыс ескірген қылмыс қатарына жатқызылады. Уақыты өтіп, ескірген қылмысты тергеу оған дәлелдерді жина, істі сотта қарау кезінде жинақталған мәліметтерді қайта жаңғыртудың өзі де кезінде жинақталған мәліметтерді қайта жаңғыртудың өзі де көптеген қиындықтарды туғызады. Сондықтан да жауапқа тарту мерзімі ескірген қылмысы үшін кінәлі адамға қылмыстық жауаптылық жүктеудің қажеті жоқ. Қылмыстық кодексте (69-бап) мұндай жауаптылықтан босатудың негіздері істелген қылмыстың ауырлығына байланысты болып көрсетілген.

1. Кішігірім қылмыс істегеннен кейін екі жыл өтсе;

2. орташа ауырлықтағы қылмыс істегеннен кейін бес жыл өтсе;

3. ауыр қылмыс істегеннен кейін он жыл өтсе;

4. аса ауыр қылмыс істегеннен кейін он бес жыл өтсе; Ескірудің мерзімі қылмыс істеген күннен бастап және сот үкімі зандық күшіне енген кезге дейін есептелінеді. Қылмыс істеген уақыт деп қылмыстың зардабының орын алған уақытынан тысқары қоғамға қауіпті іс-әрекет жүзеге асырылған уақытты айтамыз. Үзілісіз қылмыста қылмысқа байланысты іс-әрекеттерді толық тоқтатқан уақыттан бастап оның ескіру мерзімі есептелінеді. Созылмалы қылмыста ескіру мерзімі ең соңғы іс-әрекетті істеп біткен уақыттан бастап есепке алынады.

Егер заңда көрсетілген мерзім өткенше ауыр немесе аса ауыр қылмыс істеген адам 69-баптың 1-бөлігінде аталған мерзім өткенге дейін жаңадан қасақана қылмыс жасаса ескіру мерзімі тоқтатылады. Бұл ретте ескіру мерзімінің есептелуі жаңа қылмыс істеген кезден бастап, ал қалған реттерде егер адам ескіру мерзімі біткенге дейін жаңа қылмыс жасаса, әрбір қылмыс бойынша ескіру мерзімі өз бетімен, дербес жүріп отырады.

Егер қылмыс істеген адам тергеуден немесе соттан бой тасалап жүрсе, оның ескіру мерзімінің өтуі тоқтатыла тұрады. Тергеуден немесе соттан бой тасалаудың өзі кінәлі адамның қоғам үшін қауіптілігін, оның түзелу жолына бет алмағандығын көрсетеді. Мұндай реттерде ондай адамдарды қылмыстық жауаптылықтан босатуға жол бермейді. Мұндай адамдар жөніндегі ескіру мерзімінің өтуі ол адамды ұстаған күннен бастап немесе кінәсін мойындап өзі келген күннен бастап, қайта жаңғыртылады. Бұл орайда, егер қылмыс жасалған уақыттан бері 25 жыл өтсе және ескіру мерзімі тоқталмаса, адам қылмыстық жауапқа тартылмауы керек.

Өлім жазасы қолданылуы мүмкін болған қылмыс құрамын істегендерге қылмыстық жауапқа тартудың ескіру мерзімі қолдану жөніндегі мәселені тек қана сот шешеді. Егер ескіру мерзімінің бітуіне байланысты сот адамды қылмыстық жауаптылықтан босату мүмкін деп таппаса, өлім жазасын тағайындауға болмайды. Бұл ретте сот 25 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды немесе өмір бойы бостандығынан айыруды тағайындайды (69-бап, 5-бөлігі).

Мерзімі ескіруге байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатуға болмайтын қылмыстарда бар. Қылмыстық кодекстің 69-бабының 6-тармағында бейбітшілікке және азаматтың қауіпсіздігіне қарсы қылмыс істеген адамдарға ескіру мерзімі қолданылмайды.

Сотталғандықтан арылу деп қылмыс жасап сотталған адамның айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен кейін заңда белгіленген белгілі бір мерзім ішінде ол жөніндегі үкімнің орындалмауын айтамыз

Айыптау үкімі белгілі бір себептермен орындалмай қалуы да мүмкін. Мұндай жағдайларда оны орындаудың мерзімі ескіреді. Мерзімі ескірген айптау үкмі орындалмайды. Ал кінәлі адамдар қылмыстық жазадан босатылады.

Айыптау үкімінің орындалмай қалуының себептері сан түрлі. Мысалы, сот қызметкерлерінің салақтығынан, үкімінің тиісті органға орындаушыға жіберілмей қалуы, қылмысты істің жоғалуы, үкімді орындауды жүзеге асыратын органның ұқыпсыздығынан оның орындалмай қалуы немесе сотталған адмның жаза өтеу мекемелеріне жіберілмей қалуы сияқты мәселелерден туындайды. Көп жағдайларда айыптау үкімі сотталған адамның жазасын өтеуден бой тасалап, жалтаруынан орындалмай қалады.

Айыптау үкімі екі түрлі жағдайдың жиынтығы негізінде орындалмайды.

Біріншісі, заңда белгіленген нақты мерзімінің өтуіне байланысты;

Екіншісі, осы көрсетілген мерзім ішінде сотталған адам жазаны өтеуден бұлтармаса.

Қылмыстық кодекстің 75,76-бабы айыптау үкімін орындаудың мерзімін ескіруі жөнінде белгілі бір мерзім белгіленген.

Егер айыптау үкімі заңды күшіне енген күннен бастап мына мерзімдеріне орындалмаған болса, сотталған адам жазадан босатылады:

а) кішігірім ауырлықтағы қылмыс үшін сотталғандар - 3 жыл;

б) орташа ауырлықтағы қылмысы үшін сотталғандар -6 жыл;

в) ауыр қылмысы үшін сотталғандар -10 жыл;

г) аса ауыр қылмысы үшін сотталғандар -15 (75-бап). Қылмыстық кодекстің осы бабының талабына сәйкес айыптау үкімінің ескіру мерзімі істелген қылмыстың немесе оның санкциясында белгіленген жазаның ауырлығына қарай емес, үкім бойынша нақты тағайындалған жазаның ауырлығына қарай белгіленеді. Айыптау үкімінің ескіру мерзімі егер сотталған адам жазны өтеуден бұлтарса үзіледі. Мұндай ретте ескіру мерзімі сотталған адамның жазаны өтеуге айыбын мойындап өзі келген я ұсталған күннен бастап қайта жаңғыртылады. Сотталған адамның жазаны өтеуден жалтаруы кезіне қарай өткен ескіру мерзімі есептелуге тиіс. Бұл орайда айыптау үкімі егер оның шығарылған уақыттан бастап 25 жыл өтсе және ескіру мерзімі жаңа қылмыс жасау арқылы үзілмеген болса, орындалмауы керек. Жазаны өтеуден бүлтарудың өзі кінәлінің істеген қылмысынан тиісті қорытынды шығармағандығынақ жазаның алға қойған мақсаттарын мойындамағандығын көрсетеді. Сол себепті де мұндай адамдардың тағайындалған жазаны нақты түрде өтеуі жөн болады.

Егер адам осы 75-баптың 1-бөлігінде аталған мерзім өткенге дейін жаңадан қасақана қылмыс жасаса, ескіру мерзімі үзіледі. Мұндай жағдайда ескіру мерзімінің өтуі жаңадан қылмыс жасаған күннен бастап қайта есептеледі (75-бап, 3-бөлігі). Қылмыстық кодекстің (75-бабының 4-бөлігіне сәйкес өлім жазасына немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталған адамға ескіру мерзімін қолдану туралы мәселені сот шешеді. Егер сот ескіру мерзімін қолдану мүмкін деп таппаса, өлім жазасы өмір бойы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады, ал өмір бойы бас бостандығынан айыру 25 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға ауыстырылады.
3.2 Соттылықты алып тастау және соттылықты мерзімінен бұрын

алып тастау негіздері

Рақымшылық немесе кешірім жасау актісі соттылықты алып тастаудың негізі ретінде.

Қазақстан Республикасы Конститутциясының 54-бабы 6-тармағына сәйкес республика Парламенті адамдардың жеке айқындалған тобы жөнінде рақымшылық туралы заң шығаруға құқылы.

Қазақстан республикасы Конституциясының 44-бабы 15-тармағына сәйкес белгілі бір жеке адамға ол жөнінде айыптау үкімі заңды күшіне енген жағдайда кешірім жасау туралы актіні Қазақстан Республикасының Президенті шығарады (76-бап, 3-бөлігі).

Рақымшылық және кешірім беру Қазақстан республикасы Жоғарғы өкімет органдарының актілері болып табылады. Бұл актілер белгілі бір қылмыстар үшін жауаптылықты белгілеген қылмыстық заңдарды немесе сот үкімін жоймай-ақ қылмыстық жауаптылықты немесе жазада немесе оған сот тағайындаған жазаны жеңілірек жазамен асыстыра алады. Рақымшылықты және кешірім беруді қолданудың өзі мемлкеттің ізгілік принципін басшылыққа ала отырып, қылмыс істеген адамдарға уақытша қателескен адамдар ретінде қарап, оларға сенім білдіруі болып табылады. Рақымшылық актісі, әдетте, елде болған елеулі оқиғаларға немесе мерей тойларға байланысты қабылданады. Мысалы, 1991 жылы 15 ақпанда Қазақ Советтік Социалист Республикасының Қазақ Советтік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі жөніндегі Декларациясының қабылдауына байланысты. " Рақымшылық туралы" заңы қабылданса, 1993 жылы 5 қазанда "Халықаралық отбасы жылына байланысты рақымшылық туралы", 1996 жылы 15 маусымда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының бір жылдығына байланысты рақымшылық туралы" Қазақстан Республикасының заңы қабылданды.

Рақымшылық актісінің нормативтік мәні бар. Бұл акт рақымшылық туралы заңда көрсетілген істеген қылмысының қашан белгілі болғанына қарамастан белгілі болғанына қарамастан белгілі санатқа немесе топтарға жататын адамдар жөнінде қолданылады.

1991 жылғы 16 ақпандағы рақымшылық актісі бойынша тағайындалған жазалау мерзіміне қарамастан бас бостандығынан айыру түріндегі жазадан немесе бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалардан мынадай сотталған адамдар: Отанды қорғау жөніндегі жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқандар; б) КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталғандар; в) I және II топтағы мүгедектер; г) кәмелетке толмаған балалары бар әйелдер, сондай-ақ жүкті әйелдер; д) 60 жастан асқан еркектер; 55 жастан асқан әйелдер босатылды. 1994 жылғы 5 қазандағы рақымшылық актісі бойынша біріншіден, бас бостандығынан айыру түріндегі жазадан немесе бас бостандығынан айырумен баланысты емес жазадан тағайындалған жаза мерзіміне қарамастан бұрын еңбекпен тәрбиелеу колонияларында ұсталмаған (тағайындалған жаза мерзіміне қарамастан) кәмелетке болмағандар; үш жылға дейінгі мерзімді қоса бас бостандығынан айыруға сотталып, еңбекпен тәрбиелеу колониясында ұсталған кәмелетке толмағандар; екіншіден, 16 жасқа дейінгі балалар; I және II топтағы мүгедек балалары бар, сондай-ақ жүкті әйелдер; әскери және интернационалдық борышын орындау кезінде қаза тапқан әскери қызметкерлердің жесірлері; соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген адамдардың әйелдері; үшіншіден, 1941, 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдар; 60 жастан асқан еркектер, 55 жастан асқан әйелдер, I және II топтағы мүгедектер, балаларының анасы қайтыс болған немесе ата-аналық құқықтан айырылған, 16 жасқа дейінгі балалары бар еркектер босатылды.

Рақымшылық актісі қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатуы мүмкін. Мысалы, 1994жылғы 5 қазандағы рақымшылық жасау туралы заң осы заңның 1-3-баптарындағы қылмыстарды 1997 жылдың 5 қазанына дейін істеген адамдарды қылмыстық жауаптылықтан босатты. Рақымшылық актісі негізгі немесе қосымша жазадан да босатуы мүмкін. Мысалы, 1994 жылғы 5 қазандағы қабылданған заңның 6 тармағына сәйкес жер аудару және жермен айдап жіберу негізгі немесе қосымша жаза ретінде қолданылып сотталғандар осындай түрдегі жазадан босатылды. Рақымшылық заңы бойынша соттың тағайындаған жазаны қысқартуы немесе басқа жеңіл жазамен алмастыруы мүмкін. 1994 жылғы 5 қазандағы рақымшылық бойынша 1-3-баптарының күші қолданылмайтын, абайсыздықпен жасаған қылмысы үшін сотталған адамдардың жаза мерзімінің өтелмеген бөлігінің тең жартысы қысқартылды.

Рақымшылық актісінің жаза мерзімін өтеу кезінде қасақана тәртіп бұзушыларға; маскүнемдікпен, нашақорлықпен немесе соз ауруынан толық емделмегендерге; бұрын кешірім беру немесе аурыуынан рақымшылық жасау тәртібімен жазадан босатылып, қайтадан қасақана қылмыс істегендерге; заңда көрсетілген ауыр, өте ауыр қылмыс істегендерге осы заңның күші қолданылмайды деп көрсетілуі мүмкін. Сондай-ақ нұсқау 1994 жылғы 5 қазандағы рақымшылықтуралы заңның 13-тармағында тікелей көрсетілген.

Рақымшылық актісінің күші осы акт жарияланғанға дейінгі немесе осы актіде арнайы көрсетілген мерзімге дейін қылмыс жасағандарға қолданылады.

Созылмалы немесе жалғасқан қылмыстарды істеу рақымшылық актісі жарияланған уақытқа дейін істелсе, онда бұл заңның күші оларға да қолданылады.

Кешірім беру - бұл мемлекет басшысы қабылдайтын акт. Кешірім беру актісі бойынша сотталған адам тағайындалған жазадан толық немесе ішін ара босатылады немесе сот үкімі бойынша тағайындаған жаза неғұрлым жеңілірек жазамен ауыстырылады. Кешірім беру актісі бойынша бұрын жаза өтегендердің сотталғандық атағы да жойылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасы Конституциясы бойынша (44-бап, 15-тармақ) Республика соттары арқылы сотталған адамдарға кешірім беру құқығы Республика Президентіне берілген.

Жалпы кешірім беру сотталған адамның немесе оның туыстарының еңбек ұжымдарының комиссиясының өтініші бойынша жүзеге асырылады. Егер сотталған адам бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрсе, онда мұндай өтінішті еңбекпен түзеу мекемесінің әкімшілігі білдіруге құқылы, кешірім беру актісі мемлекет басшысы Президент арқылы жүзеге асырылатындықтан ол сотталған адамның істеген кез келген қылмысының мәні мен ауырлығына қарамастан қолданылады. өлім жазасына сотталғандарды бас бостандығынан айыру жазасының өтелмей қалған бөлігін неғұрлым жеңілірек жазамен айырбастау, сотталғандық атақты жою, сот үкімі немесе билігі бойынша келтірілген материалдық зиянды өтеуден босату мәселелер кешірім беру актісі арқылы жүзеге асырылады.

Ерекше реттерде кешірім беру арқылы қылмыс істеген адам қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. Мұндай жағдайда кінәлі сотқа берілмейді. Кешірім беру актісі тұжырымды, қандай да бір болмасын шарт қоюмен байланыссыз болып табылады. Кешірім беру туралы өтініш қанағаттандырылмаған жағдайда, мұндай тілекті екінші рет қоюға болады.

Кешірім беру мен рақымшылық актісінің айырмашылығы мынада; кешірім беру актісі әр уақытта да нақты бір адам немесе бір топ адамдар жөнінде қабылданды, яғни бұл актінің жеке-дара мәні бар. Ал рақымшылық болса, рақымшылық туралы заңның талаптары мен шарттары сәйкес келетін барлық сотталғандарға қолданылады, яғни рақымшылық актісінің нормативтік мәні бар.

Қылмыс жасағаны үшін сотталған адам соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген күннен бастап соттылықты жою немесе алып тастау кезіне дейін сотты болған деп есептеледі. Осы кодекске сәйкес соттылық қылмыстың әлдененеше рет қайталануы, қылмысты қайталау кезінде және жаза тағайындау кезінде ескеріледі (ҚК-тің 77-бабы, 1-бөлігі). Қылмыстың әлденеше рет қайталануының түсінігі Қылмыстық кодекстің 11-бабында көрсетілген. Қылмыстың қайталануы дегеніміз бұрын қасақана жасалған қылмысы үшін сотталғандық атағы бар адамның қасақана қылмыс істеуі болып табылады (ҚК 13-бап).

Заң бойынша сотталғандық атағы жоқ адамдарға ғана бас бостандығынан шектеу (45-бап), тәртіптік әскери бөлімде ұстау (48-бап), жаза түрлері тағайындалады. Сотталғандық атақ түзеу мекемелерінің түрін белгілеуге (48-бап), адамды ауыр немесе аса ауыр қылмысты қайталаған деп тануға (13-бап) тікелей әсері бар. Сотталғандық атақ жауаптылықты және жазаны ауырлататын мән-жайлар ретінде қарастырылады. Мысалы, қылмыстық кодекстің 54-бап, 1-бөлігі, а-тармағы. Бұрын сотталғандық көптеген нақты қылмыс құрамдарының күшейтілген, жетілдірілген белгісі ретінде де көрініс табуы мүмкін. Мысалы Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі 183-бап, 2-бөлігі, в-тармағы; 257-бап, 2-бөлігі, в-тармағы.

Сотталғандық атақтың кейбір реттерде қылмыстық құқылық емес зардаптары да бар ( Мысалы, бұрын сотталған деген сөздің өзі оның моральдық беделіне кір келтіреді). Заңда белгіленген тәртіппен қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатылғандар бұрын сотталғандар деп саналмайды. Мысалы,Қылмыстық кодекстің 65-69, 70-76- баптары.

Жоғарыда көрсетілгендей сотталған атақтың құқылық зардабы мәңгілік емес, заңда белгіленген белгілі бір мерзім өткен соң ондай атақ жойылады. Заңда көрсетілген тәсілмен сотталғандықтан арылу және оны жою бір мезетте оның заңдылық зардабын жояды.

Сотталғандықтан арылу деп қылмыс жасап сотталған адамның айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен кейін заңда белгіленген белгілі бір мерзім ішінде ол жөніндегі үкімнің орындалмауын айтамыз. Сотталғандықтан арылу белгілі мерзім өткен соң өзінен-өзі жойылады. Ол үшін соттың арнаулы шешімінің болуы қажет емес. Қылмыстық кодекстің 77 бабының 3- бөлігіне сәйкес соттылық:

А) шартты түрде сотталған адамдар жөнінде-сынақ мерзімі өтуі бойынша;

Б)тәртіптік әскери бөлімде ұстау, әскери қызмет бойынша шектеу немесе қамау түрінде жазасын өтеген әскери қызмет жөнінде-іс жүзінде жазаны өтеу бойынша;

В) бас бостандығынан айырумен салыстырғанда жазаның неғұрлым жеңіл түріне сотталған адамдар жөнінде-жазаны өтегеннен кейін бір жыл өтуі бойынша;

Г) кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар жөнінде- жазаны өтегеннен кейін үш жыл өтуі бойынша;

Д) ауыр қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар жөнінде-жазаны өтегеннен кейін алты жыл өтуі бойынша;

Е) аса ауыр қылмысы үшін сотталған адамдар жөнінде-жазаны өтегеннен кейін сегіз жыл өтуі бойынша жойылады.

Егер сотталған адам заңда белгіленген тәртіппен жазасын өтеуден мерзімінен бұрын босатылса немесе жазаның өтелмеген бөлігі неғұрлым жеңіл жазамен ауыстырылса, онда сотталғандықты жою мерзімі жазаның нақты өтелген мерзімін негізге ала отырып,негізгі және қосымша жаза түрлерін өтеуден босатылған кезден бастап есептеледі (ҚК- тің 11 бабы, 4- бөлігі).

Сотталғандықтан арылу сот тағайындаған түрі мен мерзіміне байланысты әр түрлі болады.

Сотталғандықтан арылу мерзімі негізгі және қосымша жазаны өтеген немесе одан босатылған күннен бастап есептелінеді. Сотталғандықтан арылу мерзіміне ескіру мерзімі үзілген айыптау үкімін орындаудың барлық мерзімі кіреді. Егер үкім заң күшіне енгеннен кейін орындалмай қалса, онда сотталғандық атақ үкімді орындаудың ескіру мерзіміне байланысты жойылады. Егер адам заңда белгіленген тәртіппен жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босатылса немесе оның жазасы неғұрлым жеңіл жазамен ауыстырылса, сотталғандықтан арылу мерзімі жазаның нақты өтелген уақыттан бастап есептелінеді.

Сотталғандықтан арылу рақымшылық немесе кешірім беру актісі арқылы да жүзеге асырылуы мүмкін. Сотталғандықтан арылуды сотталғандық атақты жоюдан ажырата білу керек. Сотталғандық атақты жою Қылмыстық кодексте көрсетілген шарттар негізінде соттың арнаулы шешімі бойынша жүзеге асырылады.

Қылмыстық заңда сотталғандықтан арылудан басқа нақты бір жағдайларға байланысты адамның сотталғандық атағын мерзімінен бұрын жою туралы мәселесі де қарастырылған.

Егер сотталған адам жазасын өтегеннен кейін өзін мінсіз ұстаса, сот оның өтініші бойынша соттылықты жою мерзімі өткенге дейін одан соттылықты алып тастай алады (77-бап, 5-бөлігі).

Егер сотталған адам соттылықты жою мерзімі өткенге дейін тағы да қылмыс жасаса, соттылықты жою мерзімі тоқтатылады. Бірінші қылмыс бойынша соттылықты жою мерзімі соңғы қылмысы үшін негізгі және қосымша жазаны іс жүзінде өткеннен кейін қайта есептеледі. Бұл жағдайда адам екі қылмыстың ең ауыры үшін соттылық мерзімі өткенге дейін олар үшін сотталған деп есептеледі.

Бірақ та қылмыстық заңда қанша уақыт өткеннен кейін соттың сотталғандықты мерзімінен бұрын жоя алатындығы көрсетілмеген. Егер сотталған адам жазасын өтегеннен кейін еңбекке, оқуға деген адал көзқарасымен, үлгілі мінез-құлқымен өзінің түзелгендігін дәлдесе, сот белгілі бір мерзімінің өткеніне қарамастан сотталғандық атақты мерзімнен бұрын жоюға құқылы.

Сотталғандықты мерзімінен бұрын жою туралы ұсыныс жазаны өтеген немесе одан босатылған адамның тұрғылықты жеріндегі аудандық (қалалық) сот арқылы міндетті түрде прокурордың, өзі жөнінде ұсыныс келтірген адамның немесе ұсыныс берген еңбек, оқу ұжымы өкілінің қарасуымен шешіледі.

Сотталғандықты жоюдың тәртібі Қазақстан Республикасы қылмыстық істер жүргізу кодексіде нақты көрсетілген. Сотталғандықты жою немесе алу сотталғандыққа байланысты барлық құқықтық зардаптардың күшін жояды.

Егер сот соттылықты алып тастаудан бас тартса, бас тарту туралы қаулы қабылданған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін қайта мәлімдеме беруіне тұлғаның құқығы бар. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 77-бабына сәйкес соттылығын алып тастау туралы мәселені жазасын өтеген адамның өтініші бойынша тұрғылықты жеріндегі сот шешеді.

Сот отырысына өзіне қатысты соттылықты алып тастау туралы өтініші қаралатын адамның қатысу міндетті. Қарау өтініш білдірген адамның түсінігін тыңдаумен басталады, бұдан соң ұсынылған материалдар зерттеледі және шақырылған адамдардың сөзі тыңдалады.

Соттылықты алып тастаудан бас тартылған жағдайда бұл туралы қаулы шығарылған күннен бастап бір жылдан ерте қозғалмайды (ҚР ҚІЖК-ң 456-бабы).

Соттылықты жою және алып тастау өзімен байланысты барлық құқықтық салдарды жоққа шығарады.

Соттылықтың жойылуымен қатар қылмыстық заңда оның алып тасталуыда көзделген. Соттылық рақымшылық немесе кешірім актісімен алынып тасталады. Сонымен қатар, соттылық сот шешіміменде алынып тасталады. Соттылықты мерзімінен бұрын алып тастау жазасын өтеген тұлғаның дұрыс әрекетінен және оның мәлімдемесінің негізінде жүзеге асырылады.



Қорытынды
Сонымен, соттылық дегеніміз кінәлі адамның қылмыс істегені үшін қандай бір жазаға сотталып, соған байланысты белгілі бір құқылық шектеуге душар болу жағдайын айтады.

Соттылықтың өзімен бірге жалпы құқықтық және қылмыстық-құқықтық мазмұнындағы салдары қосатуындайды. Соттылықтың жалпы құқықтық салдары: белгілі бір қыметпен немесе белгілі бір кәсіппен шұғылдануына шек қою;

қаруды иеленуіне шек қою;

қарулы күштерде әскери қызметпен айналысуны тыйым салу.

Соттылықтың қылмыстық-құқықтық салдары: қылмыс рецедивінде ескеріледі;

соттылығы бар тұлғаның қылмыс жасаған кезде нәтижесінде қылмыстың қайталануы қалыптасады;

түзеу колониясының режимін анықтауда қолданылады; жаза тағайындайда ескеріледі.

Соттың айыптау үкімі күшіне енген күннен бастап соттылығы жойылған немесе алып тасталаған уақытқа дейін тұлға сотталған деп есептеледі.

Жазаны өтеген уақыттан бастап соттылықты жою шарты басталады, яғни, оның жойылу мерзімі. Соттылықты жою мерзімі - тұлға сотталған деп есептелінетін уақыт аралығын білдіреді. Соттылықты жою мерзімі Қылмыстық кодекстің 77-бабының, 3,4-тармақтарында көзделген.

Сотталғандықтан арылу деп қылмыс жасап сотталған адамның айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен кейін заңда белгіленген белгілі бір мерзім ішінде ол жөніндегі үкімнің орындалмауын айтамыз. Сотталғандықтан арылу белгілі мерзім өткен соң өзінен-өзі жойылады, Ол үшін соттың арнаулы шешімінің болуы қажет емес. Қылмыстық кодекстің 77 бабының 3- бөлігіне сәйкес соттылық:

А) шартты түрде сотталған адамдар жөнінде- сынақ мерзімі өтуі бойынша;

Б)тәртіптік әскери бөлімде ұстау, әскери қызмет бойынша шектеу немесе қамау түрінде жазасын өтеген әскери қызмет жөнінде-іс жүзінде жазаны өтеу бойынша;

В) бас бостандығынан айырумен салыстырғанда жазаның неғұрлым жеңіл түріне сотталған адамдар жөнінде- жазаны өтегеннен кейін бір жыл өтуі бойынша;

Г)кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар жөнінде- жазаны өтегеннен кейін үш жыл өтуі бойынша;

Д) ауыр қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар жөнінде-жазаны өтегеннен кейін алты жыл өтуі бойынша;

Е) аса ауыр қылмысы үшін сотталған адамдар жөнінде-жазаны өтегеннен кейін сегіз жыл өтуі бойынша жойылады.

Егер сотталған адам заңда белгіленген тәртіппен жазасын өтеуден мерзімінен бұрын босатылса немесе жазаның өтелмеген бөлігі неғұрлым жеңіл жазамен ауыстырылса, онда сотталғандықты жою мерзімі жазаның нақты өтелген мерзімін негізге ала отырып,негізгі және қосымша жаза түрлерін өтеуден босатылған кезден бастап есептеледі (ҚК- тің 77 бабы, 4- бөлігі).

Сотталғандықтан арылу сот тағайындаған түрі мен мерзіміне байланысты әр түрлі болады.

Сотталғандықтан арылу мерзімі негізгі және қосымша жазаны өтеген немесе одан босатылған күннен бастап есептелінеді. Сотталғандықтан арылу мерзіміне ескіру мерзімі үзілген айыптау үкімін орындаудың барлық мерзімі кіреді. Егер үкім заң күшіне енгеннен кейін орындалмай қалса, онда сотталғандық атақ үкімді орындаудың ескіру мерзіміне байланысты жойылады. Егер адам заңда белгіленген тәртіппен жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босатылса немесе оның жазасы неғұрлым жеңіл жазамен ауыстырылса, сотталғандықтан арылу мерзімі жазаның нақты өтелген уақыттан бастап есептелінеді.

Сотталғандықтан арылу рақымшылық немесе кешірім беру актісі арқылы да жүзеге асырылуы мүмкін. Сотталғандықтан арылуды сотталғандық атақты жоюдан ажырата білу керек. Сотталғандық атақты жою Қылмыстық кодексте көрсетілген шарттар негізінде соттың арнаулы шешімі бойынша жүзеге асырылады.

Қылмыстық заңда сотталғандықтан арылудан басқа нақты бір жағдайларға байланысты адамның сотталғандық атағын мерзімінен бұрын жою туралы мәселесі де қарастырылған.

Егер сотталған адам жазасын өтегеннен кейін өзін мінсіз ұстаса, сот оның өтініші бойынша соттылықты жою мерзімі өткенге дейін одан соттылықты алып тастай алады (77-бап, 5-бөлігі).



Қолданылған нормативтік-құқықтық актілер:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30.08.1995 ж.

2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 16.07.1997 ж.

3. Қазақстан республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі 13 желтоқсан 1997 жыл.

4. Жаза тағайындалғанда соттардың заңды дұрыс қолдануы туралы ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 24 маусым 1993 жылғы № 3 қаулысы
Арнайы әдебиеттер тізімі:

1. Ераксин В.В., Помчалов Л.Ф. Погашение и снятие судимости в советском уголовном праве. - М., 1963.

2. Полина В.В. Погашение и снятие судимости по советскому уголовному праву. -Харьков., 1979.

3. Авакян Р.К. К вопросу о погашении и снятии судимости // Соц. Законность. 1964, №7. С. 57-58.

4. Аскарханов С. Порядок снятия судимости // Сов. Юстиция, 1933. №9. С. 17-18.

5. Борисов Э. Сроки погашения судимости // Сов. Юстиция, 1965. №4. С.12-13.

6. Брайнин Я.М. Уголовная ответственность и ее основание в советском уголовном праве. - М., 1963. С. 205-216.

7. Демин В.Г. Вопросы погашения и снятия судимости // Сов. Юстиция. 1964. №2. С.7-8.

8. Багрий-Шахматов А. В. Уголовная ответственность и наказание. Минск., 1976.

Э. Карпец И.И. Наказание. Социальные, правовые и криминологические проблемы. М.,1973.

10. Дурманов Н.Д. Давность и погашение судимости. - М., 1939.

11. Остроумов С.С. О преступлении и наказан и и-М., 1976.

12. Беккариа Чезаре. О преступлениях и наказаниях. ІЗ.Астемиров З.А. Проблемы теории и уголовной ответственности и наказания.-. Махачкала., 1987.

14. Евтеев М.П. Погашение и снятие судимости. - М., 1964.

15. Зиманас С. Погашение и досрочное снятие судимости // Соц. Законность. 1960. №7.

16. Зельдов СИ. О понятии судимости.// Правоведение, 1972. №1. С.61-69.



17. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық: оқулық.-Алматы, 1998. 245-248 беттер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет