Мазмұны Кіріспе Негізгі бөлім Сапа менеджментінің негізгі ережелері Сапа менеджментінің нысандарының эволюциясы. Tqm (тотальды сапа мененджментінің) принциптері Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер кіріспе



бет1/5
Дата08.06.2023
өлшемі36.74 Kb.
#474829
  1   2   3   4   5
багтка сож


Мазмұны

Кіріспе
Негізгі бөлім


1.Сапа менеджментінің негізгі ережелері
2.Сапа менеджментінің нысандарының эволюциясы.
3.TQM (тотальды сапа мененджментінің) принциптері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер


КІРІСПЕ
Сапа менеджментінің жүйесі - әлем мойындаған және кез-келген ұйымды басқару құрудың тиімді құралы. Бүгінгі таңда Сапа менеджменті жүйесін ИСО 9000:2000 сериялы халықаралық стандарттар талабына сәйкестендіріп жасау және сертификаттау бойынша жұмыстар жүргізілуде.9000 сериялы ИСО стандарттары тұтынушы талаптарын қанағаттан-дыратын тауар мен қызмет өндірісін ұйымдастыру жөніндегі дамыған елдердің жинақталған тәжірибесінің көрінісі болып саналады. Бұл стандарттардың ережелерін кәсіпорында орындау дегеніңіз -өндірілетін өнімнің сапасын жұрт мойындаған кепілдікпен қамтамасыз ету.Жұмыстарды арнайы құрылған бөлімше - Сапа кепілдігі басқармасы жүргізеді. Сапа менеджменті жүйесінің әдістемесі мен тәсілдері компания құрылымын өзгерту және ағымдағы үдерістерді жеңілдету мен жақсарту кезінде қолданылды. Сапа менеджменті жүйесін жасақтау тұсында компания өз қызмет аясының түрлі салаларын басқаруды жетілдіріп, ол өз кезегінде жаңа үдерістерді, құжаттардың жаңа үлгілерін жасау мен қолданысқа енгізу ісінде көрініс табады.Дамыған елдердің жүз мыңдаған тауар өндірушілері өз қызметтерін осы нормаларға сәйкестендіреді. ТМД елдеріндегі олардың саны бірнеше онмен ғана саналады, алайда халықаралық стандарттарға сай жұмыс істеуге ұмтылыс қарқын алып келеді.Сапа менеджменті анықтамасын қарастыру үшін үйымды басқару дегеніміз не дегенді жалпылама тұрғыда бейнелеп алған пайдалы.Барынша қарапайым түрде айтқанда басшылық дегеніміз мақсаттарға қол жеткізу жолында ресурстарды ұйымдастыру, бақылау және басқару.Оны неғұрлым дәлірек ұйымның мақсаттары мен міндеттерін, басшылықтың саясатын айқындау және алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін сол саясатты басқару жүйесіне енгізу ретінде бейнелеуге болады. Қазақстанда нарықтық экономиканың дамуы өндірістің дамуының елімізде өндірілетін өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру; өндіруші өнеркәсіптен өңдеуші өнеркәсіпке көшу; халықтың өскелең сұранысын қанағаттандыру; тұтынылатын өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін құру сияқты жаңа басымдықтарын айқындады. Осыған байланысты жоғарыда аталған міндеттерді шешуде жаңа тәсілдемелерді пайдаланудың, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемасын шешудің қажеттілігі туындады. Қазақстандық өнімнің экспортын кеңейту үшін өнімнің сапа деңгейін арттыруға қол жеткізу, қазіргі заманғы басқару жүйелерін енгізу керек. Ұйымды басқаруға менеджменттің басқа акспектілерімен қатар сапа менеджменті де кіреді. СМЖ - бұл мекемеде сапа саласындағы мақсаттар мен саясатты қалыптастыру және сол мақсаттарға жету үшін жасалған жүйе. СМЖ басқа жүйе секілді өзінің міндетімен, құрылымымен, элементтер құрамымен және өзара байланысымен сипатталады. Сапа саласындағы саясат - жүйенің негізгі құжаты.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет