Мазмұны кіріспе


Целиноградтың жерді игеру орталығы



бет3/4
Дата06.06.2016
өлшемі0.63 Mb.
#118267
1   2   3   4

2.1.2. Целиноградтың жерді игеру орталығы.
Ақмола облысы мен оның аудандары тың игеру аймағының қол астына көшеді. 1961жылдың 20-шы наурызында Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Презиндиумының Жарлығы мен Ақмола атауы Целиноград болып өзгертілді, ал1961жылдық 24-ші сәуіріндегі Жарлығы бойынша -14 ауданы бар, орталығы Целиноград болып, Целиноград облысы құрылады.Бұрынғы Ақмола ауданы Целиноград болып ауысады.

1962.1.10- Педагогикалық институт ашылды, қазіргі Л. Гумилев атындағы Евразия университиті.

1962.20.10-Ашылы өзек сыртында жаңа шағын ауданның алғашқы үйлері салына бастады. Сол жылдары қалалық демалыс паркі аумағында Есіл өзені арқылы 180 метрлік көпірдің құрлысы аяқталып, өзеннің бекіту жұмыстары қолға алынды. 1963.4.10. –Қала әуежайына алғаш рет «ИЛ 18» лайнері қонып, «Масква - Целиноград» бағытындағы, «Целиноград – Алматы » бағытындағы тікелей әуежай жолдары ашылды.

1965.10.10. – тың өлкесі тартылып, қала қайта құрылған Целиноград облысының орталығы болып қалды /21/.



2.1.3. Астана еліміздің Астанасы.
Қазақстан саяси картада 1991 жылы КСРО құлағаннан кейін пайда болды, ал 6 жыл өткен соң президент Назарбаевтың жарлығымен Республиканаң, Астанасы Алматыдан Астанаға көшірілді.

Астананың ауысуы өте жылдам уақыт аралығында жүзеге асырылды, ол тіпті шығыста ештеңе жылдам жасалынбайды деген жаңсақ пікірге қарама қайшылық тудырып еді. 1997 жылы үкімет шешім қабылдасымен Алматыдан Астанаға мемлекеттік шенеуліктер мінген поиыздар ағыла бастады. Қалаға салтанатты түрде мемлекеттік рәміздер –Ту мен Елтеңба әкелелінді, 1998 жылы Қазақстан Астанасының ресми презентациясы болды. Астана жас тәуелсіз мемлекеттің тарихына өз алтын парағын жазып үлгерді жоғарыда айтқанымыздай 90-шы жылдардың ортасында Қ.Р. Президенті Нұрсылтан Назарбав көпшілік күтпеген, алайда шұғыл түрде, оңтүстікте орналасқан астананы Республиканың орталығына аустыруды қажет деп тапты.Астананы ауыстырудың себептері азайтылған жоқ, тек бір нәрсе анық еді, ештеңеге қарамай Қазақстанның жаңа Астснасы қалыптасты. Астана елдің экономикалық, саяси және мәдени өмірінің орталығына айналды.Қазір астана тұрғындарның саны жарты миллионнан асып жығылды. 2006жылдың 1-шілдесіндегі мәлімет бойынша, ол538 мың 300адамды құраған.Қазақстандық менеджмент экономика жәнеболжам жасау институның зертеу тобының есептеуінше 2030 жылы Астана 1млн 200 адамға тұратын болды.

Жаңа астананың келбеті ретінде, қаланың көркін танымастай өзгерткен, ол әрине жаңа сәулет өнерінің тундылары. бұл объектілерді жобалауға шетелдік, зерек, алдыңғы қатардағы құрлыс компаниялары жұмылдырылды. Астанадағы жобалау базасының дамунына 2000 жылы құрылған МҚК Астана бас жоспары көп септігін тигізді. Ал 2002жылы Астана –жаңа қала арнайы экономикалық айлағын құру туралы Жарлық шықты, ол қолайлы инвеститциялық климатты қамтамасыз етіп, жеке инвесторларды тартты. Астананың бас жоспарын жасауға көп көңіл бөлінді. Ең жақсы бас жоспарға екі рет байқау өткізілді. Екіншісінде Ресей, Италия, Жапония, Австралия, Германия, Түркия, Полъша, Өзбекстан, Белару және т.б.елдердегі шеберлер мен шығанмашылық ұжымдар қатысты.

Әлемдік сәулет өнернің шебері жән тероетик Кейшо Курокава жеңіп шықты. АСтананың дамуы негізіне ол симбиоз, метаболизм және абстракті символизим идеяларын ұсынды. Жапондық суретші үшін қрола қоршаған ортамен үйлесісімділікте өмір сүріп жатқан жергілікті ланшафтқа әдемі жарыстық тірі ағза ретінде көрінді. Себебі астананың басты қантамыры –Есіл өзені –дала өмірінің өзегі ретінде сезілетін мұндай итдеяны ысырып тастау мүмкін емес еді.

Баснан бастап ақ құрлысшылпардың алдына болашаққа самғаған ыңғайлыда әсем, көркем де динамикалық қала салу міндеті қойылды.

Бұл міндетті дәсірді шеттетпйтін және әлеуметтік жетістіктері мен жаңа ізденісті мақсат етіп қойған жаңа бағыттар мен ұмтылысты талап етті. Алғашқы кезеңде бұрынғы салынған ғимараттарды, кварталдар мен орталық көшелерді безендіру жұмыстары жүргізілді. Ғимараттардың алдыңғы бөлігіне ерекшк көңіл бөлді-көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын сенімділік ұйялайтын тек жарқын ашық түстер қолданылады. Екінші кезеңде Астананың сол жақ жағалауындағы жаңа әкімшілік орталықтың құрлысы басталды.

Астана сәулеті – әртүрлі стильдердің үйлесімділік табуы. Әрқайсысы қазақ тарихы кезеңдерінен сыр шертіп тұрғандай. Ақорданың шығыстық стилдегі күмбезі Әмір Темірдің кезінде тұрғызылған мешіт, мазар, сарайларды еске түсіреді. Дөңгелек алаң деп аталатын алаң кеңістік псевдоклассизмді жаңаша ұғыну. Бірақ, бүгінгі Қазақстанның ұмтылысын білдіретін батыс стилі басымырақ. Арнайы эканомикалық айлақ құрылған сәттен бастап, сол жақ жағалаудағы әкімшілік орталық териториясында қаржыландыру көздері есебінен сомасы442.6 млрд теңге инвестиция тартылған, оның 239.4млрд теңгесі игерілді. Қазіргі таңда сол жақ жағалауда 500 орынға арналған Республикалық бала және аналар балалардың бейімделу орталығы, 300орынға арналған балалардың бейімделу орталығы 160 орындық республикалық нейрохирургия орталығының құрылысы аяқталса велотректі салу жалғасуда. 30 мың орындық стадион 3, 5 мың орындық киноконцерт залын тұрғын үйлер мен тағыда басқа ғимараттарды салу жоспарда тұр.

Осы жылдар ішінде Астана карьасында келесі маңызды ғимараттар орын алды, «Ақорда»Президент Резиденциясы Парламент Мәжілісі Сенаты Жоғары Сот Министрліктерге Үйі Транспордтауер Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер Министірлігі кордиорталық, Ұлттық Академиялық кітапхана және т.б. 2007 жылы маңызды Республикалық әкімшілік обект Министрліктері Үйі қолдануға берілді. Обектінің жалпы аумағы 228 мың шаршыны құрайды. Ғимарат 1, 5 шақырым жерді алып жатыр. 20 блоктан тұрады және 8 қабаттан 10 қабаттқа дейін басбалдақ формасында салынған. Министрліктер Үйінде жұмыс кабинетерімен кеңсе бөлмелерінен басқа 4-конфоренц залдары 6-асқана сонымен бірге мұрағат мұражай және емхана бар.

Астана қарқынды дамып алып келе жатқан қала ретінде бүгінде тек саясаткерлердің қоғамданушылардың кәсіптік қызығушылығын тудырып қана қоймай сәулетшілерді қызықтыруда сондықтанда кейбір ғимараттарды жобалауға танымал шетелдік шеберлер ат салысқан. Мысалы Британдық шебер Норман Фостельдің екі жобасы Астанада іске асқан. Олкоференциялық келісім Қазақстандық қоғамдық мәмілелік қасиетін білдіретін бейбітшілік және келісім сарайы. Екінші конус тәрізді Ханшатыры деп аталатын сауда және ойын-сауық орталығы. Ғимарат сыртынан қарағанда көнпенді –нуматтардың шатырына өте ұқсас.

25 қабатты бейбітшілік және келісім сарайы және гранитпен көмкерілген, ол 15м биіктікте орналасқан, оның аумағы 25, 5ш.м. сарайда ұлттық мәдениетердің мұражайы, өркениет университеті, көрме және концерт залдары, кітапхана әлеуметтік діндерді зерттеу орталығы және рухани конференциялар бар. Перамиданың төменгі бөлігінде 1, 5мың орындық опратеатры, аут үстінде сақина тәріздес бөлігіндеконфеция залы орналасқан. Ханшатыры негізінде әлемнің жеті кереметінің бірі цмирамиданың апслы бағы идеясы жатыр. Жоба бойынша ойын-сауық орталығында төрт терасада аумагы 3га болатын бау-бақша, онда цитрустық, Архидея және басқада таң ғажайып гүлдер өсірілебі. Ханшатырын төбесінен мөлдір пластикпен көмкерілген 100м биіктікте шоу алаңы орналасқан. Террасадан төмен дүкендер, финтесзалдар, 6 кинотеатр және т.б. Қазіргі Ақорданың тура қасында Италияндық шебер М.Николиттидің жобасы бойынша 3, 5мың орындық кино және концерттік зал салынып жатыр. Ғимаратта майысқан пластина қабырғалар кейіпінде салу ойластырылған, ғимарат келбеті желкен немесе раушан гүлдерінінің қауыздарын еске салу мүмкін. Жаңа Астананың символы ретінде жоғары мәртебелі жеңіл алаң әрине қала тұрғындары мен қонақтары арасында кеңінен танымал болған –Бәйтерек. Кешенінің жоғарғы бөлігі алтындатылған шар тәріздес, несесе орталық мифологиялық ағашты бейнелеген биіктігі -97м Бәйтерек философиясы ерекше ол алып Бәйтеректің басына жұмытқа салынған бақыт құсы самрұқ жайлы аңызды бейнелеиді. Бәйтеректің басына тұрып, қаланың қалай қанат жайып өркендеп келе жатқанын көзбен көруге боады.Астана қонақтарын қызықтыратын тағы бір нәрсе ол Президент алақананының рельефтік беинесі, оған келушілер қолдарын қоып арман тілектерін ойлайды.

Келесі бір обьект-«Атамекен Қазақстан Картасы» этномемориляды кешені халыққа үнемі толы. Бұл жерде әлемде өз жер көлемі мен 9- шы орынды иеленетін Қазақстанды аралап шығыуға болады. Республиканың кең байтақ жері «Атамекеннің» 1.7 га аумағына сиғызылған, Мұнда 200-ден аса мемлекеттер көрсетілген. Олардың 40-шақтысы Астананың сол жақ жағалауындағы жаңа әкімшілік орталыққа арналған. Айта кеткен абзал астананың туристік мүмкіндіктері күн санап артып келеді. Оның алғашғы қарлығашы ретінде «Интерконтиненталь» бесжұлдыздық қонақ үйі салынады. Екі жыл ішінде тұрғызылған бұл қонақ үй 1998 жылы маусымда жаңа Астананың ресми перзентатциясына келген жоғарғы мәртебелі қонақтарды қарсы алды.

Астана өмірнің тағы бір көрнекті жерін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық Университеті ЕҰУ алады. Ол еуразиялық идеяның нышаны ретінде Президент Н.Ә. Назарбаевтың тілегімен ол университет ұлы ойшыл түркі танушы еуразия идеясының негізін қалаған Л.Н.Гумилев атын алды. Университетте ірі халық аралық ғылыми форымдар жиі өткізіліп тұрады. ЕҰУ-не мемлекет үкімет басшылары, шетелдік атақты саяси және мемлекет қайраткерлері келеді. Бұл университетке 2001жылы Рим папасы Иоанн Павел II-де келген.

2000 жылы салынған Президент мәдениет орталығы астаналықтардың ғылыми- рухани үйі екені даусыз.Мұнда 570 мың кітабы бар кітапхана, 400 орындық концерт залы, Қазақстан мұражайы және шеберханалар жұмыс жасайды.

Қара және ақ түсті клавишалармен безендірілген рояль тәріздес Қазақ ұлыттық музика Академиясы тұрғызылды.Бұл көрнекті сәулет өнері туындысының авторы –Сағындық Жанболатов. Қала мәдениет өміріндегі ерекше жаңалықтардың бірі ретінде ұшатан табақ түрінде тұрғызылған цириктің салынуын айтуға болады. Жобаның авторы-қазақстандық саулетші Төлеген Әбділдә. Транспорттық инфрақұрылым туралы айтқанда, Есілдің қос жағалауын қосып тұрған жаңа М-1 және М-2 көпірлеріне тоқталған жөн.Көпірлер қаланың орталық көшелеріндегі транспорт көштерін едәуір сеиілтті. Бүгінде қаладағы машиналардың саны 200 мыңға жеткен. 2006-2010 жылдар аралығындағы транспорттық инфрақұрылымның 20 обекьтісін салу, соның ішінде 4 көпір, 8 транспорттық жол айрық, 8 жол асты жаяу жолаушыларға арналған өткел. Екі жол торабы және 42 шақырым жол салу жоспарды тұр. Қаланың өсуінің қызықтыратын фактілермен дәлелдеуге болады-соңғы жылдарда астаналық тұрғындар саны 4 есеге өскен! Қаланың ел экономикасына қосқан үлесі ішкі өнімнің 2 пайызын құрайды.2006 жылдың І- жартысында астана бюжетіне 176 млрд. Теңге құйылды, бұл мамандардың пайымдауынан 15 млрд. 200 милн. теңгеге көп. Шағын көсіпкерлердің саны 40 мыңана асады.

Бүгінде Астана әлемінің 20 қаласы мен және Ресейдің алты аймағы мен достық қарым қатынаста.Астана Астаналар мен ірі қалалардың Халықаралық Ассамблеясына мүшелікке енген. 1999 жылы ол «әлем қаласы» атағымен марапатталды. Мемлекет басшысы жетекшілік етіуімен әлемнің алдыңғы қатардағы сәулешілермен бірлесіп Үлкен қала құрлысы Үлкен кеңесі құру қарастырылуда. 2006 жылдың қыркүйек айында Астанада мүсіншілердің халықаралық симпозиумы өтті. Астана алдына үлкен алайда шеше алатын міндет қойды, ол әлемдегі ең тамаша Астаналардың бірі болу және ол соған жету үшін алдына жан салмады /9,12,21/.

3 ТАРАУ
3.1. Астана қаласының халқы
Облыста Республика халқының 3, 8 % тұрады. Тұрғындардың орташа тығыздығы бір шарша шақырым жерге 4, 9 адамнан келеді. Солтүстік және орталық аудандарында халық жиі қоныстанған қалалары Астана, Стнпнагор, Атбасар, Макин, Есіл, Ериментау. Қалашықтары: Ақсу, Аршалы, Жолмамбет, Шортанды, Кросногор, Бестөбе, Шортанды, Ақбейіт.

2005 жылы Астана қаласының тұрғындар саны 541, 7 мың адамға жеткен, әр шаршы шақырымға шаққанда 762 адам. Қала халқының 57, 2% - қазақтар, 29, 8% орыстар, 3, 7% украйндар, 2, 0% татарлар, 1, 7% немістер, 1, 1% беларустар құрайды. Сонымен қатар қала халқының жасы бойынша құрамы төмендегідей:

20-жылға дейінгілер- 143493 адам.

21-40 жасқа дейінгілер-220146 адам.

41-60 жасқа дейінгілер – 120646 адам.

61 және одан жоғарылар -45050 адамды құраған. Астана тұрғындарының орташа жасы 32, 4 жыл.

Жылдық есеп бойынша 2006 жылдың сәуірінде Астана қаласының халық саны 555, 1 мың адамды құрайды. Бұл көрсеткіш өткен жылғымен салыстырғанда 20, 4 мың адамға өсті /15,17/.

Кесте 1


Халық санының өзгеруі

Жылдар

Барлығы мың адам

Сонымен қатар

Қала

Ауыл

Мың адам

%

Мың адам

%

1939

550, 5

244, 7

44, 6

305, 8

55, 4

1970

749, 6

398, 1

53, 1

351, 5

46, 9

1979

798, 7

456, 0

57, 0

342, 7

43, 0

1992

866, 5

531, 4

61, 3

335, 1

38, 7

3.1.1. Қаланың даму бағыты және болашағы.
Бүкіл әлемге танылу үшін Астанаға көп уақыт керек болмады. Көлем мен уақыт тек қана құрылысқа байланысты емес, сонымен қатар, Елорданың өмір сүру жиынтығына да байланысты айтылуда. Ақмола, Целиноград, Ақмоланың қаншалықты өзгергенін ауызбен айтып жеткізе алмайсың. Және де жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық. Есілдің екі жағалауындағы сұлу ғимараттар, небір сәулет туындылары, жаң әлеуметтік бағдарламалар, қаланың инфрақұрлымының кеңеюі, гастрольді турлар, туризм мен қызмет көрсетудің дамуы... Елорда елдің айнасы спетті. Әрине, мұндай ілгерілеушілік, міндетті түрде, елдің экономикалық хал-ахуалын сүйенетіні анық. Өнеркәсіптік бірлестіктер дами бастады.Тек 2007 жылдың өзінде Астанада 116333.6 миллион теңгенің өнімі өндірілген. Әсіресе металлургия өнеркәсібінде және дайын металдық өнімдер, метал емес минералды өнімдер, пласмасса бұйымдары, машина құрылысы, ауқымы өсті. Өнеркәсіптік даму жұмыстары индустриалды – инновациялық даму бағдарламасында жүзеге асуда. Мәселен, шыны пакеттер, цемент өндіретін цех. Т.б. Жалпы алғанда, Астанада 71 ірі және орта өнеркәсіптік өндірістер жұмыс істейді. Қазақстанның жас астанасының дамуына мемлекеттік қолдау көрсетілді. Қалаға отандықжәне шетелдік компаниялардың қоныс аударуы, банк филиалдарының ірілендіруі, Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы Астана қаласында шағын кәсіпкерліктің белсенді дамуына әкелді. Шағын бизнес саласында тіркелген заңды тұлғалардың да саны біркелкі. Астананың тағы да бір сәтті экономикалық дамуының кепілі негізгі капиталға инвестицияның даму бөлігінде 436901, 9 миллион теңгені құрайды екен. Республикалық деңгейде алып қарайтын болсақ, Астана қаласына 11, 6 пайыз болады. Инвеститцияның басым бөлігі құрылыс меншігіне тмесілі. Тәжірбие көрсеткендей Тұрғын үй кешендерін салу инвесторлар үшін жақсы табыс көзі болып табылады. Құрылыс секторын санмен суреттейтін болсақ, 2007- жылы құрылысы басталған тұрғын үй алаңдарының ауданы бір миллион шаршы метр болған. Сол жағалауды игру тек қана қала үшін емес, сонымен қатар, Республика бойынша маңызды құрылыс нысандарын іске қосу болып саналады. Атап айтар болсақ, Президенттік «Ақ орда» Резиденциясы, Транспорт –Тауэр, министрліктер ғимараты, Ұлттық кітапхана, т.б. Көбісі шетел инвесторларының есебінен салынып жатыр.

Бұл күндері Астананы көптеген халықаралық сарапшылар Орталық Азия фономені деп атайды. Саяси және экономикалық орталықты бір жағынан Еуропа мен Азия арасындағы байланыстырушы көпір десе де болады.Сонымен қатар сарапшылар айтуы бойынша, Қазақстанның жас Астанасы бұл міндетті жоғары деңгейде атқарып жатыр.

Біздің жаңа Астанамыз бір миллион тұрғыны бар қала мәртебесінің жартысына енді ғана жетті, бірақ қазірдің өзінде Астана болашақ мегаполистің белгілерін бойына жинауда. Астана тұрғындарының алпыс пайызын республиканың басқа өңірінен келгендер құрайды. Халықты еңбекпен қамтамасыз ету және әлеуметтік бағдарлама жөніндегі департаменттің мәліметтер базасы облыстардан жоғарғы оқу орындарының түлектерімен қарапайым жұмысшылармен толығып жатыр. Астанада жұмыссыздық деңгейі 7.5 пайызды құрайды. Бұл бүкіл республика бойыеша ең төмен көрсеткіш. Ай сайын еңбек нарығында жұмыс күшін 834 адам ұсынады. Есілдің екі жағалауына да созылған Астана бүгінде үлкен бір «Құрылыс алаңына» айналды. Сондықтан да жұмысшы мамандықтары аса қажеттілік танытып отыр. Бос орындар банкі тиімді жұмыс жүргізуде, яғни, тек халықты еңбекпен қамтамасыз ету қызметтеріне ғана емес, сонымен қатар, бұқара ақпарат құралдарында да ұсынылуда. Сонымен қатар, кәсіби дайындық, қайта даярлау, біліктілікті көтеру, қайта оқыту, білімін көтеру дұрыс жолға қойылды.

Болашақ осы шақты ғана емес, сонымен бірге өткен шақты да бойына сіңіріп тұратындай етіп құрылуы қажет. Болашақтың конститутциясында өткен уақыт «кірпішінің» көзге көрінбей қаланып тұруы-біз ұдайы айтып жүретін халықтық мәдениеті мен өркениеті сол болады /10,12/.


4 ТАРАУ
4.1. Астана қаласының шаруашылық құрылымы.
4.1.1. Өнеркәсібі.
Солттүстік Қазақстанның машина жасау және металл өндіру өнеркәсібінің кәсіпорындары мен шығаратын өнім- ауыл шаруашылығы машиналары - АӨК-ке қызмет етеді. Астанада орналасқан зауыттар («Астанаауылмаш», «Қазақауылмаш») шөп шабатын, шөп жинайтын машиналар, сұйықтарды айдайтын насостар шығарады. Ауыр өнеркәсіп Таукен өнеркәсібі салалары темір рудасын асбест, боксит, энергетикалық көмір және т.б. өндірумен байланысты қалыптасты. Олар өткен ғасырдың тек 1960жж. дами бастағанмен, аудан экономикасында қазіргі уақытта маңызды рол атқарады. Құрлыс өнеркәсібінің кәсіпорындары кірпіш, темір-бетон конструкцияларын шығарады. Құрлыста пайдаланатын тастарды Атбасар мен шортанды карьерлерінен алады. Бұдан басқа, жергілікті құрылыс материялдарын - тас, саз, әктасты қолданады. Астанада өнеркәсіп саласы жақсы дамыған деп айта аламыз. Астана қаласында 2006-шы жылдың қаңтар – наурызында қолданыстағы бағамен 15074, 0 млн теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 2005 жылдың қаңтар – наурызының деңгейіне 120, 1 % құрады. 2005 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда өңдеу өнеркәсібіндегі өндірістің 24, 7%-ға өсуі машина жасау саласында өзге де металл емес минералды өнімдердің өндірісінде (41.2-%ға)өнеркәсіптің өзге де саласында (57, 3%), резеңке және пласмасса бұйымдары өндірісінде(69.1%), металлургия өнеркәсібінде және дайын металл бұйымдары өндірісінде (74, 6% ға) өндіріс көлемдерінің көбеюіне байланысты болды.Электр энергиясын, газ бен суды өндіруде және бөлуде 2006-шы жылдың қаңтар – наурызында өткен жылдың қаңтар – наурызының деңгейіне өнімнің нақты көлемінің индексі 115, 5% құрады. Алматы ауданының кәсіпорындары мен 2006 жылдың 1-ші тоқсанында 8672, 1 миллион теңгеге өнімдер өндірілген. Сарыарқа ауданы бойынша өнеркәсіп өнімінің өндіріс көлемі 6080, 4 миллион теңге болды. 2006 жылдың қаңтар – наурызында қаланың байланыс кәсіпорындары мен 1988, 4 миллион теңге қызмет көрсетілді. Есептеу деректері бойынша Астана қаласының шағын бизнес кәсіпорындарында жұмыспен қамтылғандардың саны 2006 жылдың 1-ші сәуірінде 52, 4 мың адам болды. Азық-түлік тауарлары бағаларының индексі 101, 1% құрады. 2006 жылдың наурызында қант бағасының 7, 4% -ға жеміс пен көкеніс 3, 5%, бөлке нан және ұннан жасалған өнімдер 1, 7% нан 1, 5% алкагольді сусындар 1, 2% өскені байқалды.(Астана хабары өн-іл да-дағы)

2002 жылдың қаңтар наурызында өңдеу өнеркәсібінде 2001 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда өндіріс көлемінің өсуі негізінен осы эканомикалық қызметтің барлық салаларында байқалды, тек қана тақыма және тігін өнеркәсібінде және осы өнеркәсіп пен басқа салаларында өндіріс көлемі 49, 1% төмендеді. Электр қуатының, газ бен судың өндірілуінде және тартылуында 2002 жылдың қаңтар- наурызында 2001 жылдың деңгейінде қарағанда жалпы сала бойынша өндіріс көлемдері қысқарды, бұл бу және ыстық сумен қамтамасыз ету (8, 5 %-ке) көлемдерінің азаюына байланысты болды. Жергілікті мемлекеттік орындардың және кәсіпкерлік сектордың бірлескен іс қимылының арқасында бағдарлама күшінде болған кезеңде қалада 9 бірлескен кәсіп орын салынып, іске қосылды. Атап айтқанда олар – «Экотон+» АҚ ұялы бетон бұйымдарын шығаратын зауыты, «Азия-Ақмола» ЖШС шыңдалған шыны пакеттерін өндіру зауыты, «BIQ-ELIT» ЖШС құрғақ құрылыс кәсіп орындары зауыты, «SHEBER SC. KZ» ЖШС ағаш бұйымдары фабрикасы, «Амитех Қарасай Пайп» ЖШС шынылы пластикалық полиэфирлі құбырларының зауыты және басқалар.

Сондай ақ, Астана қаласында шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бағдарламасына сәйкес оның бәсекеге төтеп беру қабілетін арттыруға бағытталған кешенді шаралар да жүзеге асырылып келеді. Бұдан басқа Астана туристік ұйымдар ассоциациясы, «Астана технопарк» АҚ аумағында жұмыс істейтін кәсіпорындар директорының ассоциациясы сяқты кәсіпкерлердің қоғамдық негізінде бірлестіктері құрылып, жұмыс істеуде.

Астана кәсіпорындарын ИСО9000 және 14000 сериялары стандарттарының талабына сәйкестендіру үшін сапа және сертификат менеджментінің жүйесін енгізу мақсатында отандық тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілер өкілдері кеңінен көрсетушілердің өкілдері кеңінен қамтылып отырған семинарлармен аймақтық конференциялар өткізілуде. Техника реттеу және метрология жөніндегі комитеттің қалалық басқармасының мәліметі бойынша әр түрлі саладағы қызметтермен айналысатын35 кәсіпорын ИСО9000-14000 сапа менеджменті жүйесімен сертификатталып, олар14-не енгізілген.

Астанада жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың ең көбі сауда, автомобиль, тұрмыс бұйымдарын және жеке пайдаланатын заттар жөндеу (жұмыс істейтін кәсіпорындардың 41%-ы) және құрылыс саласында (29%-ы ) келеді. 5696шағын бизнес кәсіпорындары экономикалық қызметін нарықты түрде, яғни, белсенділікпен жүзеге асырады. Есептеу бойынша Астана қаласының шағын бизнес кәсіпорындарында жұмыспен қамтылғандар саны 2006-жылдың 1-сәуірінде 52400 адамды құраған /15,16/.



cурет


сурет

4.1.2. Астана –агроөнеркәсіп кешені.
Солтүстік экономикалық ауданында Қазақстанның ең дамыған АӨК орналасқан. Солтүстік Қазақстан - еліміздің ең үлкен астықты ауданы. Қара топырақты жерлердің мол болуы егін шаруашылығын дамуына игі әсерін тигізеді.Негізгі маманданған саласы жаздық бидай өсіру. Бұдан басқа мұнда сұлы, арпа, күздік бидай және қарақұмдықта өсіріледі. Техникалық дақылдар үлесі көп емес, дегенмен күнбағыстан алынатын өнім біршама жоғары. Қала маңында өзен бойында картоп және бақша дақылдары өсіріледі. Аймақта сүтті, етті-сүтті бағыттағы ірі қара мал өсіруге болтын жайылымдық жерлер де мол. Тамақ және жеңіл өнеркәсіптерінің дамуына бай ауыл шаруашылық базасының болуы ықпалын тигізеді. Аймақ экономикасына тамақ өнеркәсібі салаларының үлкен маңызы бар. Сүт және май шайқау салалары сары май, ірімшік, құрғақ сүт өндіруге маманданған. Барлық қалалар мен кейбір ауылдық елді мекендерде жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары бар. Олар тері, тоқыма және тігін өнімдерін шығарады. Ауылшаруашылық коплексі жаңа құрылымды білім ретінде 1983 жылдан дами бастады.

Оның құрамына совхоз, колхоз, оқу тәжірибе шаруашылығы, құс шаруашылығы кіреді. Қайта өңдеу өнеркәсібі ет комбинатынан шикізат өңдеу және май алдыру завоттарынан, сүт консерві коминатынан тұрады. Бидайды дайындау үшін элеватор нан өнімдерін шығаратын комбинат нан өнімдерін қабылдайтын ұжымдар және нан базарлары жұмыс істейді /23/.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет