Мазмұны: Кіріспе.Қаржылық есептілік ұғымы. Қаржылық есептілік түрлері. Қаржылық есептілік құрамы. Қорытынды. Кіріспе.Қаржылық есептілік ұғымы



бет1/3
Дата14.05.2023
өлшемі27.97 Kb.
#473681
түріҚұрамы
  1   2   3
Қаржылық есептілік


Мазмұны:
1. Кіріспе.Қаржылық есептілік ұғымы.
2. Қаржылық есептілік түрлері.
3.Қаржылық есептілік құрамы.
4.Қорытынды.

1.Кіріспе.Қаржылық есептілік ұғымы.
Қаржылық есептілік— экономикалық субъектінің есепті күнгі қаржылық жағдайы, оның қызметінің қаржылық нәтижесі және есепті кезеңдегі ақша қаражатының қозғалысы туралы заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес жүйелендірілген ақпарат. Жалпы қаржылық есептілік туралы ақпарат экономикалық шешімдер қабылдау кезінде көптеген пайдаланушыларға керек.
Қаржылық есептіліктің негізгі мақсаты өз пайдаланушыларына қаржылық жағдайы туралы, ұйымның қызмет нәтижелері және қаржылық жағдайының өзгерістері туралы ақпараттарды беру . Қаржылық есептілік ақпаратын пайдаланушыларының қатарына потенциалдын инвесторларды, кредиторларды, жабдықтаушыларды, сатып алушыларды, еңбеккерлерді, сондай-ақ мемлекеттік органдарды жатқызамыз.
Көріп тұрғанымыздай , қаржылық есептіліктің ұйымның жұмысына тигізер әсері зор . Соған байланысты оған бірнеше сапалық сипаттамалар тиесілі:
1.Түсініктілік. Қаржылық есептілікте көрсетілетін ақпараттың негізгі қасиеті оны пайдаланушылардың түсіне алуы. Бұл қасиет қаржылық есептілік ақпаратын әрі қарай пайдалану үшін қажет. Ол үшін пайдалаушылардың шаруашылық және экономикалық қызмет саласында, бухгалтерлік есеп жөнінде жеткілікті білімі болуы қажет және ақпаратты оқып-үйренуге деген тілегі болуы керек.
2.Орындылық. Пайдалы болуы үшін ақпарат шешім қабылдайтын пайдаланушылар үшін орынды болуы керек. Яғни ,ол пайдалушылардың өткен, бүгінгі, болашақ жағдайларды бағалауына, өткен кезең бағаларын растауға немесе түзетуге көмек көрсететін экономикалық шешімдеріне әсер ететін болуы керек.
3.Сенімділік. Қажетті болуы үшін ақпарат сенімді болуы шарт. Ақпаратта қате мен бұрмалаулар жоқ болуы және пайдалушылар оған шынайы жағдайды сипаттайды деп толығымен сүйене алуы шарт.
4.Салыстырмалылық. Пайдаланушылар қаржылық есептілікті әртүрлі кезеңдерде салыстыру мүмкіндігіне ие болуы қажет, сол арқылы оның қаржылық жағдайы мен қызметінің нәтижелеріндегі тенденцияларды анықтайды. Пайдаланушылар сонымен қатар әртүрлі ұйымдардың қаржылық есептіліктерін салыстыра алуы қажет, сол арқылы олардың салыстырмалы қаржылық жағдайын, қызметінің нәтижелері мен қаржылық жағдайындағы өзгерістерді бағалай алады.
Бұл 4 негізгі қасиетінен бөлек , тағы да қосымша сапалық сипаттамалар бар:
●Мұқияттылық. Мұқияттылық – анық емес жағдайларда активтер мен табыстың артық және міндеттемелер мен шығыстардың кем болуына жол бермеу үшін есептеулерге және тұжырым қалыптастыру процесіне белгілі-бір дәрежеде мұқият болуды талап етеді.
●Мәнділік. Яғни, оның алынып тасталуы немесе бұрмалануы пайдалушылардың қаржылық есептілік негізінде экономикалық шешім қабылдауына әсер ете алуы қажет.
●Шынайы ұсыну. Қаржылық есептілік барынша шынайылықты талап етеді, яғни,сенімді болуы үшін ақпарат операциялар мен басқа да жағдайларды шынайы, қатесіз, өзгертулерсіз көрсетуі қажет .
●Мәнділіктің нысаннан үстем болуы. Егер ақпарат оқиғалар мен басқа да жағдайларды шынайы көрсетуі қажет болса, онда олар тек заңнамалық нысанына ғана емес, сонымен қатар, олардың мәнділігі мен экономикалық шынайылығына сәйкес көрсетілуі қажет. Операциялар мен басқа жағдайлардың мәнділігі олардың заңнамалық немесе бекітілген нысандарына сәйкес келе бермейді.
●Бейтараптылық. Қаржылық есептіліктің ақпараты сенімді болуы үшін бейтарапты болуы қажет. Яғни , ол ақпаратты жинауы мен ұсынуы арқылы пайдаланушылардың жоспарлы нәтижеге қол жеткізу мақсатында шешім қабылдауы мен тұжырым жасауына әсер етуі талап.
●Толықтық. Қаржылық есептілік ақпараты сенімді болуы үшін ол мәнділігі мен оған кеткен шығыстар тұрғысында толық болуы керек.
Негізгі сапалы сипаттардың және сәйкесінше бухгалтерлік есеп стандарттарының қолданылуы сенімді және объективті ақпаратты қамтитын қаржылық есеп беруді жасау және алалықсыз ұсынуды қамтамасыз етеді. Қаржылық есеп беру операцияның және басқа да оқиғаның нәтижесін класқа топтастырып, экономикалық мазмұнына сәйкес көрсетіледі.
Сонымен қатар, қаржылық есептіліктің бірнеше принциптері атап көрсетіледі. Олар:
Объективтілік принципі .Қаржылық есептілік компанияның нақты жағдайын көрсетуі керек.
Есептеу принципі .Операцияларды есепке алу үшін ақшамен байланысты транзакциялар ғана емес, сонымен қатар бартер, несиеге сату, активтермен алмасу және т.б. көрсетілуі керек.
Сәйкестік принципі Пайдасы қазірдің өзінде алынған және болашақта төленетін шығындар міндеттемелер ретінде танылып , сәйкес келуі керек.
Консерватизм принципі. Қаржылық есептілікке артық оптимистік ақпаратты енгізу тәуекелін барынша азайту қажет. Ол мұқият негізделуі керек.
Ұтымдылық принципі. Бухгалтерлік есептің артық бөлшектерінен аулақ болу керек.

Қаржы есептілігінің компоненттері. Қаржы есептiлiгiнiң толық жинақталымы мыналарды қамтиды:


1. кезеңнің соңындағы қаржылық жағдай жөніндегі есептілік;
2. кезең ішіндегі толық табыс жөніндегі есептілік;
3. кезең ішіндегі үлес өзгерістері жөніндегі есептілік;
4. кезең ішіндегі ақшалай қаражаттардың қозғалысы жөніндегі есептілік;
5. есеп саясатының елеулі элементтерінің қысқаша сипаттамасын және басқа да түсіндірме ескертулер;
6. кәсіпорын есеп саясатын ретроспективті түрде қолданатын немесе өз қаржылық есептілігіндегі баптар жөнінде салыстырмалы кезеңнің басындағыдай қаржылық жағдай жөніндегі есептілік.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет