Жай сөйлем түрлері
Хабарлы сөйлемдер: Анық Тоғжан жары осы. Киргиздің деревнясы ғой бұл. Көктемде Қодарды асып өлтірген жер осы.
Сұраулы сөйлемдер: - «Таң ...жүрек таңы ... Сол таңым сенсің бе? Жарығымбысың, кімсің?
Жалаң сөйлемдер: Шаруасы сонда.
Жайылма сөйлемдер: Жидебайдағы қыстаудың ең үлкен бөлмесі осы. Астың дәл үлкен күні осы.
Жақты сөйлемдер: Абайдың тілегі солай.
Толымды сөйлемдер: Михайлов үйінде бұл әйелді Абайдың алғаш көргені осы. Биылғы жылдың ең алғашқы қары осы.
Құрмалас сөйлемдер түрлері
Есімдікті салалас сөйлемдер
Жалғаулықсыз мезгілдес салалас: Бөжейдің аруағына арналған соңғы дауыс, соңғы көз жас осы. Жылаған ел, жылатқан бұл. Бұл сөйлемдердің екі сыңарының да баяндауыштары есімді болып келген, бірінші сыңарының баяндауыштары дауыс, ел жалпы есімдерінен болса, екінші сыңарының баяндауыштары осы, бұл нольдік тұлғадағы сілтеу есімдіктерінен жасалған.
Қалың ел, көп қыстаулар сонда. Бұл сөйлемнің де екі сыңарының баяндауыштары есімді болып келген. Ел жалпы есімінен және сонда жатыс жалғаулы сілтеу есімдігінен жасалып сөйлемді тиянақтап тұр.
Жалғаулықты мезгілдес салалас
Жіктеу есімдікті жалғаулықты мезгілдес салалас:
Бар елдің күтімі де, шығыны да бізде. Бірінші сөйлемнің баяндауышы күтімі тәуелдік жалғаулы зат есім болса, екінші сыңарының баяндауышы бізде жатыс жалғаулы жіктеу есімдігінен жасалып сөйлемді тиянақтап тұр.
Сілтеу есімдікті жалғаулықты мезгілдес салалас: Бөжейдің арыздасқаны да, тіл қатып сөйлегені де сол. Басыңқы сыңарының баяндауышы нольдік тұлғадағы сол сілтеу есімдігі арқылы жасалған.
Есімдікті қарсылықты салалас
Сілтеу есімдікті қарсылықты салалас: Шөженің атына Абай қанық, бірақ көргені осы.
Достарыңызбен бөлісу: |