Мазмұны нормативтік сілтемелер


Сан есімді есімді сөйлемдер



бет24/32
Дата08.11.2023
өлшемі162.44 Kb.
#482647
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   32
арысбаева салтанат

2.3 Сан есімді есімді сөйлемдер

Сан есім - есімдер тобына жататын сөз таптарының бірі. Өзінің мағынасы мен функциясы жағынан сан есім өзге сөз таптарына қарағанда, сын есімге біршама жақын. Бірақ сын есім заттың сапасын, сипатын, қасиетін, тү-түсін т.б. сыр-сипаттарын білдіретін сөз табы болса, сан есім – заттың сан мөлшерін, ретін, шамасын білдіретін лексика-грамматикалық сөз табы [86,191]. Сан есімдер сан мөлшерін абстракт түрде атайтын сөздер болғанымен, олар семантикалық, морфологиялық және синтаксистік жағынан іштей алды-алдына жеке категориялар ретінде танырлықтай бірнеше топқа бөлінеді. Сан есімдер есептік, реттік, жинақтық, болжалдық, топтау, бөлшектік сияқты түрлерге бөлінеді. Сан есімдердің сөйлем ішінде атқаратын негізгі қызметі - анықтауыш болу, сол сияқты заттану арқылы бастауыш, толықтауыш, ілік септігінде келуі арқылы анықтауыш сөйлем мүшесі қызметінде жұмсалуы белгілі. Біз өз жұмысымызда сан есімдердің үнемі сөйлемнің ішінде қолданылып қоймай, сөйлемнің соңында да қолданылып, сөйлемді тиянақтай алатын сан есімді есімді баяндауыш сөйлем түрлерін « Абай жолы» роман-эпопеясынан көрсету.


Қазақ тілінде сан есімдердің есімді баяндауыш қызметінде жұмсалуы туралы А. Байтұрсынов, С. Аманжолов, Н. Сауранбаев, М. Балақаев, Р. Әмір, Ә. Хасенов т.б. ғалымдар еңбектерінде шағын мысалмен баяндауыштың есім сөздерден болатынына тоқталады. Белгілі ғалым М. Балақаев «Қазіргі қазақ тілі» еңбегінде: «Қазақ тілінде есім сөздердің (зат есім, сын есім, сан есім, есімдіктердің) қайсысы болса да баяндауыш қызметінде жұмсала береді, бұл үшін олардың қасында көмекші етістіктің тұруы шарт емес. Сонымен қатар есімді сөйлемдердің қазақ тілінің өзіне тән ерекшеліктері де бар» [87, 131-143] - деп есімді баяндауыш түрлерінің зат есімдерден болған баяндауыштар, сапалық есімдер мен есімдіктерден болған баяндауыштар, есімдерден болған күрделі баяндауыштар және құрама баяндауыштар түрлеріне тоқталады.
Ғалым Ә. Хасенов қазақ тіліндегі сан есімдердің мағыналық, құрамдық және қызметтерін қарастыра келіп, сан есімдердің баяндауыш жасаудағы ерекшеліктерін көрсетіп өтеді. «Сан есімдер дара тұрып та, күрделі болып та баяндауыштық қызмет атқара алады, аффикстеніп те қолданылады. Сан есімнен жасалған баяндауыштар, әдеттегісінше, көбіне сөйлем соңында келеді. Сан есімдер толымсыз сөйлем ретінде де жұмсалына алады, басқа есімдермен бірігіп күрделі баяндауыш құрамында да тұра береді», – дей келіп, автор сан есімдердің баяндауыш қызметінде жұмсалудағы түрлерінің мағыналық сиаптына тоқталып өтеді:
«1. Сөйлем соңында қолданылған жинақтық-субстантивтік сан есімдер. Мысалы: Қой-ешкінің бар саны бесеу-алтау-ақ (С.М.). Менің қасымда алты-ақ жауынгерім бар, жұмыскерлер төртеу, баламен бесеу(Ғ.М.)
2. Жинақтық-субстантивтік сан есімдер «е», «бол» көмекші етістіктерімен тіркесіп, күрделі баяндауыш құрамына енеді: - Біреу емес, үшеу еді ғой... – дедім әлі де аттары есіме түсе қоймай (Ғ.М.). Құлағы екеу емес, төртеу болып шықты (Мұст.) –Басқада құлақ екеу болса, секретарьда төртеу, - деді Жанат (Мұст.).
Тек қана жинақтық-субстантивтік сандар емес, есептік сан есімдер де «е», «бол» көмекші етістіктерімен тіркесіп күрделі баяндауыш құрамына енеді. Мысалы: -Ол кісі қашан келген?
-Бүгін үш күн болды (С.М.) Бұл дәуірдің бас кезі еді, жиырмасыншы жыл еді (С.Е.)
Есептік сан есімдер сөйлемнің соңында немесе жеке өз алдына дербес толымсыз сөйлем болып қолданылып, баяндауыштық қызмет атқарады. Мысалы: Көпір олардан гөрі бізге пайдалы болып шықты. Бір.Неміс қолы өзеннің басқа бір тұсынан өтпек. Екі. Бұл жайды штабқа хабарлау керек. Үш (Ғ.М.)» [87, 76].
М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясында баяндауышы сан есім болып келген сөйлемдер біршама деп айтуға болады. Сөйлемнің баяндауыштары кейде сан есімнің кейбір түрлерімен де айтылады. Бұл сөйлемнің баяндауыштары есептік, реттік, жинақтық, топтау, болжалдық сандардан морфологиялық тәсіл арқылы қалыптасып жұмсалған. Жалпы сан есімді баяндауыштардың өзін таза сан есімді және аналитикалық тәсіл арқылы жасалған деп екіге бөлуге болады. Таза сан есімді есімді сөйлемдерге есептік, реттік және жинақтау сан есімдері жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет