Мазмұны: Түсінік хат Курстың мазмұны мен құрылымы «Шебер қолдар» факультативінің бағдарламасы Тақырыптық күнтізбелік жоспар Оқу процесіне қойылатын талаптар Пайдаланылған әдебиеттер Түсінік хат



бет1/5
Дата20.02.2023
өлшемі40.92 Kb.
#469810
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5
Үйірме жоспары


Қазақстан Республикасының білім және министрлігі Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Щучинск қаласы, жоғары педагогикалық колледжі» ШЖҚ МКК
«Үйірме»
Тақырыбы:«Шебер қолдар»
Орындаған: Пазылова Гульнур
Тексерген: Махметова А.А.


Мазмұны:
1. Түсінік хат
2. Курстың мазмұны мен құрылымы
3. «Шебер қолдар» факультативінің бағдарламасы
4. Тақырыптық күнтізбелік жоспар
5. Оқу процесіне қойылатын талаптар
6. Пайдаланылған әдебиеттер


Түсінік хат
Бүгінгі заман – бәсекелестік пен жоғары технологиялар заманы, ғылым мен білім заманы. Сондықтан адамзат қиял жетпес ғажаптарға қол созады.Қоғамымыздағы барлық азаматтардың адам баласының қол жеткізген жетістіктерін пайдалануға құқы бар. Жекетұлғаның жан-жақты дамуына қажетті, бұл объективтіжағдай біздің еліміздегі эстетикалық тәрбиенің әлеуметтік факторы болып табылады. Біздің елімізде эстетикалық тәрбиеге деген ықылас жылдан жылға артып келеді. Ересектер мен балалар эстетикалық құбылыстармен үнемі бетпе-бет кездеседі. Адамның рухани өмірінде, күнделікті еңбегінде, көркемөнермен қарым-қатынастарда барлығында әдемілік елеулі рөл атқарады.
Ұсынылып отырған факультатив жұмысының жоспары 5-6 сыныптарға Көркем еңбек пәнінен алған білімдерін пайдалана отырып сәндік заттарды қолмен жасай отырып, өмірде пайдалана білуге арналған.
Мақсаты:
Техника мен технология саласында білім алушылардың заманауи өндірісінде алған білім жүйесінің нәтижелігіне бағытталған функционалдық сауаттылығын қамтамасыз ету, технологиялық ойлау қабілетін, орындаған жұмысына шығармашылық көзқараспен қарауын дамыту.
Кез келген халықтың мәдениетін алға тартушысы – халықтың қолөнері. Сондықтан білім алушылардың білімін және еңбек дағдысын қалыптастыру мақсатында, сабақтарда халықтардың және ұлттардың мыңдаған жылдық қолөнерін қолдануға және үйретуге көңіл аудару қажет.
Сабақтың, сабақтан тыс іс-шаралардың тәрбиелік мақсатын «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен ұштастырып жүзеге асыру ұсынылады.
Оқушылардың әр түрлі бұйымдар жасау арқылы шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытып, көркем-эстетикалық біліктілігін қалыптастыру. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, жетістіктерін бағалап көрсету. Көркемдік материалды, техниканы таңдап алынған құралдардың ерекшеліктерін ескере отырып пайдалану, тәжірибеде қолдану.
Оқушылардың нәтижелерін жақсарту үшін жаңа идеялармен тәжірибелер жүргізу, оларды дамыту, түрлі әдістерді қолдану. Түрлі тапсырмалар орындау барысында салыстыру, талдау қорытынды жасау, өз пікірлерін дәлелдеуге дағдыландыру.
Міндеттері:
- қабілет-қарымын дамытып, өздігінен ықыластылық, талпыныс қызығушылық танытуға дағдыландыру;
- оқушыларды өздігінен еңбек етуге баулу;
- өз жұмысындағы шығармашылық шешімдерге сипаттама беруді;
- шеберлердің туындыларына талдау жасауға үйрету;
- орындалған жұмыстың сапасы мен қасиетін сыни тұрғыда анализдеуді (коммуникативтік дағды) біледі;
- шығармашылық идеяларын дамыту үшін түрлі ақпарат көздерін қолдана білулерін;
- техника қауіпсіздік ережесін және санитарлық – гигиена нормаларын орындау.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет