ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
КӘСІБИ ПРАКТИКАНЫҢ КҮНДЕЛІГІ
(1-2 курс студент практиканттары үшін)
Аты-жөні______________________________________________________________
Мамандығы/Тобы_____________________________________________________
Институты____________________________________________________________
Алматы – 2023 жыл
КІРІСПЕ
Бүгінгі заман – бәсекелестік пен жоғары технологиялар заманы, ғылым мен білім заманы.
Әлемдік білім кеңістігіне еркін енуді тың, мазмұнды, жаңа мектеппен қана қамтамасыз ететінін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Білім беруді жаңарту – үнемі алға қарай ұмтылу мен даму үрдісі.
Жас өскелең ұрпақтың тағдыры олардың бойына ізгілік нұрын себуші ұстаздардың қолында, демек, мұғалім – балаларға білім ғана емес, оларды өмір бойы үйрететін біздің тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман. Сондықтан ұстаз мамандығын жүрек қалауымен таңдаған, болашақ ұстаз-студенттерді тәрбиелеу қоғамның алға қойған мақсаттарының бірі болып табылмақ.
Жоғары педагогикалық мақсаты - білімді жас мамандарға жоғары сапалы білім берумен қатар практикалық іс-тәжірибелерін ұштастырып, оларды бәсекеге қабілетті, ұлттық болмысымызды әлемге танытатын өскелең ұрпаққа терең білім бере алатын маман даярлау.
Студент кәсіптік оқу практикадан өту барысында сөйлеу мәдениетіне, қоғамдық орындағы мінез-құлық әдебіне, кәсіби қарым-қатынас әдістеріне, педагогикалық ізденіске ұмтылады, оқу әдістемелік құралдар мен бағдарламалар туралы өзіндік ой-пікірі қалыптасады.
Оқу тәжірибесі – бастапқы кәсіптік дағдылар алу тәжірибесі. Ол болашақ маманның практикалық дайындығынан тұрады және алған теориялық білімін бекітеді. Оқу тәжірибесінің мақсаты – бастауыш кәсіптік тәжірибені меңгеру.
Болашақ маманды дайындау жүйесінде оқу (өндірістік) практиканың алатын орны ерекше.
Достарыңызбен бөлісу: |