МЕББМ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ
|
|
НУО КАЗАХСТАНСКО-
|
МЕДИЦИНАЛЫҚ
|
|
РОССИЙСКИЙ
|
УНИВЕРСИТЕТІ
|
| МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ |
ГИГИЕНА ЖӘНЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
|
|
КАФЕДРА ГИГИЕНЫ И ЭПИДЕМИОЛОГИИ
|
СИЛЛАБУС
«Коммуналдық гигиена» пәні бойынша
5В110400 – «Медико-профилактикалық іс» - мамандық үшін
Гигиена және эпидемиология кафедрасы
4 курс
1 семестр
Дәрістер: 40 сағат
Тәжірибелік (семинарлық) сабақтар: 80 сағат
Оқу сағатының көлемі (кредит) : 360 сағат (8 кредит)
Аудиториядан тыс студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ,ОСӨЖ): 240 сағат
Тексеру үлгісі: емтихан
Алматы, 2012 ж
2009 ж. МЖБС бағдарламасы сәйкес 2013-2014 оқу жылына медико-профилактикалық іс факультетінде оқитын 4 курс студенттеріне арналып құрастырылған коммуналдық гигиена пәнінің оқу силлабусы
Құрастырушылар: гигиена және эпидемиология кафедрасының меңгерушісі м.ғ.д., доцент Л.Ж. Орақбай, аға оқытушы м.ғ.к. М.М. Қалимолдин және ассистент А.А. Туружанова.
ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ
-
ЖОО аты: ҚАЗАҚСТАН – РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
-
Кафедра: Гигиена және эпидемиология
-
Пән: Коммуналды гигиена
-
Мамандықтар: 5В110400 – «Медико-профилактикалық іс»
-
Оқу сағатының көлемі : 360 сағат (8 кредит)
-
Оқылу курсы және семестрі: 4 курс, 1 семестр
-
Оқытушылар жайында мәліметтер
№
|
Т.А.Әкесінің аты.
|
Ғылыми дәрежесі
|
Атқаратын қызметі
|
Ғылыми кызығушылығы
|
Оқытатын курсы
|
1
|
Омарова М.Н
|
м.ғ.д.
|
Профессор
|
Қоршаған орта жағдайын және тұрғындар денсаулығын сақтау,сонымен қатар балалар және жасөспірімдер денсаулығы
|
Жалпы гигиена
|
2
|
Орақбай Л.Ж.
|
м.ғ.д.
|
Курс меңгерушісі, доцент
|
Зиянды өндірістегі жұмысшылардың денсаулығы және кәсіби ортаның жағдайын зерттеу, тұрғындар денсаулығының қаупін бағалау
|
Жалпы гигиена
|
3
|
Қалимолдин М.М
|
М.ғ.к
|
Аға оқытушы
|
Жасөспірім және балалардың экологиялық қауіпті аймақтағы қоршаған ортасы мен денсаулығын зерттеу
|
Жалпы гигиена
|
4
|
Туружанова А.А.
|
-
|
ассистент
|
Тұрғындар денсаулығы және қоршаған ортаның жағдайын зерттеу.
|
Жалпы гигиена
|
-
Байланыс мәліметі: кафедраның орналасқан орны - Алматы қаласы, Мақатаев көшесі,34 телефондар: 397-75-20, 397-75-18, электронды мекен-жайы: ncgigieny@mail.ru
-
Пәндер саясаты:
Студент кафедраның талаптарын орындау керек:
- сабаққа кешікпеу керек;
- сабаққа тек қана ақ халатпен жіберіледі;
- себепсіз сабақ бостпауы керек;
- босатылған сабақтарды оқытушы белгілеген бір уақытта қайталап оқу керек;
- оқу процессіне белсенді араласу керек;
- тәжірибелік сабақтардың барлық тапсырмалары талаптарға сәйкес орындалуы және көркемделуі керек;
- СӨЖ бойынша тапсырмалар жеткілікті деңгейде атқарылуы және белгіленген мерзімде тапсырылуы керек;
- айып шаралары:
студент, барлық кезеңді тексерулерді тапсырмаған болса, емтиханға жіберілмейді.
2. Бағдарлама
2.1. Кіріспе. Коммуналдық гигиена – халықтың мекен ету ортасын жақсарту, халық аурушаңдығының алдын алу мен төмендету бойынша шараларды негіздеу мақсатында, коммуналдық гигиена саласындағы гигиеналық нормативтер мен санитариялық эпидемиологиялық заңнаманы әзірлеу үшін, қоршаған ортаның табиғи және антропогендік факторларының елдімекендер жағдайында адам денсаулығына әсерін зерттейтін, жетекші профилактикалық пәндердің бірі.
Коммуналдық гигиена профилактикалық медицинаның ғылыми салаларының бірі және оның мәселелерін Медициналық профилактикалық іс мамандығының бакалаврлары білуі қажет.
2.2. Пәннің мақсаты: медициналық – профилактикалық бағыттағы маманның коммуналдық гигиена саласында мемлекеттік санитариялық – эпидемиологиялық қадағалау өткізу жұмысына даярлау.
2.3. Пәннің міндеттері:
-
Коммуналдық гигиена объектілеріне ескертпелі және ағымдық санитариялық және эпидемиологиялық қадағалау өткізуге үйрету;
-
Атмосфералық ауа, елді мекендер аумағындағы топырақ пен су қоймаларындағы су ластануының негізгі көздеріне санитариялық эпидемиологиялық қадағалау өткізуді ұйымдастыру кезінде санитариялық гигиеналық әдістерді қолдануға үйрету;
-
Сумен жабдықтау көздерін, ауыз су мен су өткізетін құрылыстар сапасын жақсарту тәсілдерін санитариялық – гигиеналық бағалау бойынша мағлұмат беру;
-
Елді мекендердегі кәріз жүйелері мен түрлерін; шаруашылық – тұрмыстық және өндірістік ағынды суларды тазарту бойынша тазалау құрылыстары жұмысының тиімділігінің санитариялық – эпидемиологиялық бағалауды үйрету;
-
Елді мекендерде атмосфераны ластайтын қалдықтарды тазарту бойынша түрлі кәсіпорындардағы шаң мен газды тазалау құрылыстары
жұмысының тиімділігін санитариялық – эпидемологиялық бағалауды үйрету, шекті – ұйғарынды қалдықты (ШҰҚ) анықтау;
-
Адамның денсаулық жағдайына қоршаған факторларының (су, ауа) әсерін зерттеу бойынша мағлұмат беру;
-
Елді мекендер аумағын күту мен қатты және сұйық түрдегі қалдықтардан тазартуды, сондай-ақ оларды зарарсыздандыру тәсілдерін санитариялық – эпидемиологиялық қадағалау бойынша мағлұмат беру;
-
Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарды, түрлі коммуналдық – тұрмыстық объектілерді, медициналық ұйымдарды, дәріханалар мен спорт құрылыстарын жарықтандырумен, жылумен және желдетумен қамтамасыз етуге санитриялық – эпидемиологиялық қадағалау өткізуге үйрету;
-
Сумен жабдықтау мен кәріздендірудің, қала мен ауыл тұрғындарын қоныстандыруды, тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарды, коммуналдық – тұрмыстық объектілерді, спорт құрылыстарын, медициналық ұйымдар мен дәріханаларды жоспарлау мен салудың жобалық құжаттарына санитариялық – эпидемиологиялық сараптама өткізуге үйрету;
-
Су объектілерін, атмосфералық ауа мен елді мекендер аумағындағы топырақты, жабық ғимараттардағы ауаны санитариялық қорғау бойынша санитариялық – эпидемиологиялық шараларды әзірлеу мен енгізуге үйрету.
2.4. Білім берудің түпкілікті нәтижелері
Студент:
-
Азаматтардың денсаулығын қорғау туралы заңнаманы, Қазақстан Республикасының санитариялық, табиғатты қорғау заңнамаларын, мемлекеттік санитариялық – эпидемиологиялық қызмет мамандары қызметінің құқықтық негіздерін;
-
Коммуналдық бөлім құжаттамасын;
-
Халық арасында жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың пайда болу қаупі мен су арқылы таралу себептерін, жағдайы мен факторларын және олардың алдын алуды;
-
Атмосфералық ауа, топырақ пен су қоймаларындағы су ластануының негізгі көздеріне санитариялық – эпидемиологиялық қадағалау өткізуді ұйымдастыру ережелерін;
-
Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарды, коммуналдық объектілерді, спорт құрылыстарын жарықтандырумен, желдетумен және жылумен қамтамасыз етуді бағалау әдістерін;
-
Елді мекендерді сумен жабдықтау, кәріздендіру, қала мен ауыл тұрғындарын қоныстандыруды, тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарды, коммуналдық-тұрмыстық объектілерді, спорт құрылыстарын, емдік – профилактикалық мекемелер мен дәріханаларды жоспарлау мен салу жобаларына сараптама өткізу кезеңдерін;
-
Қоршаған орта факторларының әсеріне байланысты халық денсаулығының көрсеткіштерін есептеу және талдау әдістемесін;
-
Ауаны санитариялық қорғау бойынша санитариялық – эпидемиологиялық шараларды ұйымдастырумен өткізу ережелерін;
-
Қоршаған ортаның әртүрлі факторларының деңгейін бағалау үшін қажетті құралдарының жұмыс істеу қағидатының құрылғысын;
-
Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі, коммуналды гигиенаға негізі қатысы бар баптарын;
-
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексі, халықтың санитариялық эпидемиологиялық саулығы саласындағы заңнамалардың, сондай – ақ гигиеналық нормативтердің бұзылуы кезіндегі негізгі баптарын;
-
Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың үндеулерін қарау тәртібі туралы» Заңын (шағымдарды,өтінішітерді, өтінімдерді, ұсыныстарды қарау)
-
Қазақстан Республикасының « Мемлекеттік қадағалау мен бақылау туралы» Заңы, коммуналдық гигиена бойынша санитарлық дәрігердің жұмыс істеу кезінде қолдануына қажетті заңның негізгі баптары;
-
Мемлекеттік қызметкердің ар-намыс кодексін (мемлекеттік қызметкер этикасы)
-
Су гигиенасы және шаруашылық – ауыз сумен жабдықтау бойынша нормативтік – құқықтық актілерін;
-
Су объектілерін санитариялық қорғау бойынша нормативтік құқықтық актілерін;
-
Атмосфералық ауаны санитариялық қорғау бойынша нормативтік құқықтық актілерін;
-
Елді мекендерде топырақты санитариялық қорғау бойынша нормативтік құқықтық актілерін;
-
Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардың гигиенасы бойынша нормативтік құқықтық актілерін;
-
Елді мекендерді жоспарлау бойынша нормативтік құқықтық актілерін;
-
Медициналық қалдықтар бойынша нормативтік құқықтық актілерін (медициналық қалдықтарды жинау, уақытша сақтау, жою тәртібі, жіктеу)
-
Денсаулық сақтау объектілері бойынша нормативтік құқықтық актілерін;
-
Коммуналдық объектілер бойынша нормативтік құқықтық актілерін (халыққа тұрмыстық қызмет көрсету:кір жуатын орындар, шаштараздар, химиялық тазалау және т.б) білуі тиіс.
Студент:
-
Мемлекеттік санитариялық эпидемиологиялық қадағалаудың түрлі деңгейлерінде басқарушылық шешімдерді қабылдауды;
-
Санитариялық эпидемиологиялық жағдай асқынған жағдайда түрлі объектілердің санитариялық – гигиеналық жағдайын бағалауды;
-
Нақты аумақты сумен жабдықтау және суды пайдалану ерекшеліктерін ескере отырып, су жолдарында инфекция таралуын жою бойынша шаралар тиімділігін бағалауды;
-
Коммуналды гигиена объектілері мен қоршаған орта факторларын ескертпелі және ағымдық санитариялық – эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыруды;
-
Атмосфералық ауа, топырақ пен су тазалығын гигиеналық бағалауды;
-
Коммуналдық гигиена саласында мемлекеттік ескертпелі және ағымдық санитариялық және эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыруға;
-
Санбюллетеньдер, парақшалар шығаруды;
-
Ауыз су, топырақ сынамасын зерттеу (химиялық, бактериологиялық, гельминтологиялық) үшін іріктеу әдістемесін меңгеру, зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша топырақтың, судың сапасын бағалауды және қажетті құжаттарды ресімдеуді;
-
Топырақ құрамын гигиеналық зерттеуді;
-
Елді мекендердегі, атмосфералық ауа мен жабық ғимараттардағы ауа сынамасын аспирациялық әдіспен іріктеуді;
-
ЕПМ-нің, рецептуралық өндірістік бөлімі бар дәріхананың жабық бөлмелеріндегі ауа сынамасын седиментациялық әдіспен іріктеуді;
-
Санитариялық қорғау аймағының өлшемдерін анықтауды;
-
Тұрғын үй мен қоғамдық ғимараттарды табиғи және жасанды жарықтандыру деңгейін анықтауды және бағалауды;
-
Қоныстанған аймақта көлік шуылының деңгейін анықтауды және бағалауды;
-
Ғимараттарды үздіксіз инсоляциялау уақытын, КЕО жобада бекітуін;
-
Тұрғын үй мен қоғамдық ғимараттардағы микроклимат көрсеткіштерін зерттеуді;
-
Халықтың санитариялық сауаттылық бойынша білім деңгейін арттыру үшін санитариялық ағарту жұмысын жүргізуді (дәрістер, семинарлар, әңгімелесу)
-
Жеке және заңды тұлғалардан түскен шағымдарды қарау бойынша жұмыс істеп үйренуді,шағымдарды қарау тәртібі мен оған жауап қайтаруды;
-
Өтініштерді, өтінімдерді қарау тәртібі мен оған жауап қайтаруды;
-
Басқа ведомостволармен жұмыс істеу және өзара байланыс құруды (әкімшілік, АІІД, су дайындау және су жіберу объектілері, көгалдандыру қызметтері, экологиялық қызмет, прокуратура, сот орындары)
-
Топта жұмыс істеу және көшбасшылық қасиетке ие болуға үйреніп алуы қажет.
Студент:
-
Коммуналдық гигиена саласындамемлекеттік ескертпелі және ағымдық санитариялық эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыруға;
-
Коммуналдық гигиенаның түрлі объектілерінің жобалық құжаттарына сараптама өткізуге машықтануы қажет.
2.5. Пререквизиттер: экология, медициналық биофизика, физиология, микробиология, жалпы гигиена, қоршаған орта мен денсаулық, жұқпалы аурулар, қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау.
2.6. Постреквизиттер: еңбек гигиенасы, дезинфекциялық іс негіздермен эпидемиология
2.7. Тақырыптық жоспар: тақырыптар, оқыту әдістері және сабақтың өту ұзақтығы (дәрістер, тәжірибелік сабақтар, семинарлар,лабораторлық, оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысы,өзіндік жұмыстар)
№ 1 кредиттің тақырыптық жоспары
№
|
Дәрістердің тақырыбы
|
Сағат
|
1
|
Коммуналдық гигиена пәні.Пәннің даму тарихы.Коммуналдық гигиенаның дамуындағы Қазақстан мен Ресей ғалымдардың рөлі.Заңнама коммунальдық гигиена саласындағы медициналық-профилактикалық іс бакалавры қызметінің негізі ретінде.
|
|
2
|
Қазақстан Респулбликасындағы Мемлекеттік санитариялық қадағалау.Коммуналдық гигиена саласындағы ескертпелі және ағымдық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау.
|
|
3
|
Санитариялық-эпидемиологиялық зерттеу әдістері.Коммуналдық гигиена саласындағы санитариялық-эпидемиологиялық зерттеу әдістерін жіктеу.
|
|
4
|
Зертханалық зерттеулерді стандарттау және метрологоиялық қамтамасыз ету.
|
|
5
|
Санитариялық-эпидемиологиялық зертхана жұмысы кезіндегі еңбекті ұйымдастыру және қауіпсіздік техникасы.
|
|
|
Барлығы: 5 сағат
|
|
№
|
Практикалық сабақтардың тақырыбы
|
Сағат
|
1
|
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі.
|
|
2
|
Қазақстан Республикасының мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызметі,оның құрылымы мен функциясы.Коммуналдық гигиена бөлімінің құжаттамасы.Құжаттардың түрлері,оларды жүргізу ережелері.Коммуналдық гигиена объектілерін зерттеу актілерін,хаттамалары мен қорытындыларын және коммуналдық бөлімнің өзге де құжаттарын толтыру ережелері.
|
|
3
|
Санитариялық-эпидемиологиялық зерттеу әдістерін жіктеу: динамикалық бақылау және сипаттау әдісі, зертханалық-аспаптық және санитариялық-статистикалық әдістер. Санитариялық-гигиеналық зертхана жұмысын ұйымдастыру қағидаттары.
|
|
4
|
Коммуналдық гигиенадағы санитариялық-эпидемиологиялық зерттеу әдістері.
|
|
5
|
Ескертпелі санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау,мақсаты,міндеттері,кезеңдері.
|
|
6
|
Ағымдық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау,мақсаты,міндеттері.
|
|
7
|
Құралдармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы тәртібі.
|
|
8
|
Құрылғы және температураны,ауаның ылғалдылығын,атмосфералық қысымды,ауаның жылжымалығын,жарықтандыруды,шуылдың жалпы деңгейін,радиациялық фонды өлшеу құралдарының жұмыс істеу қағидаттары.
|
|
9
|
Ауа және топырақта шаң мен химиялық заттардың бар екендігіне сынама жасау үшін нүктелер таңдау ережелері.
|
|
|
Барлығы: 10 сағат
|
|
№
|
Студенттердің өзіндік жұмысының (СӨЖ) тақырыбы
|
Сағаты
|
1
|
Санитариялық-гигиеналық зертхана жұмысын ұйымдастыру.
|
|
2
|
Коммуналдық гигиена саласындағы Қазақстандағы гигиенист ғалымдары: Чокин А.Р., Самарин Р.И. және т.б.
|
|
3
|
Санитариялық-эпидемиологиялық зерттеулердегі жаңа әдістер.
|
|
4
|
Коммуналдық гигиенадағы заңнамалық құжаттар.
|
|
5
|
Коммуналдық гигиенадағы зертханалық зерттеу техникасы.
|
|
6
|
Ауыз суға зертханалық талдау жасау тәртібі.
|
|
№2 кредиттің тақырыптық жоспары
№
|
Дәрістердің тақырыбы
|
Сағат
|
1
|
«Орталықтандырылған шаруашылық – ауыз сумен жабдықтау көздері» МС. Орталықтандырылмаған сумен жабдықтау.Санитариялық қорғау аймақтары.
|
|
2
|
Ауыз суды тазарту әдістері, тазарту құрылыстарының тосқауылды рөлі, тазартудың арнайы әдістері.
|
|
3
|
Ауыз суды тазарту мен зарарсыздандыру әдістері.
|
|
4
|
Орталықтандырылмаған сумен жабдықтау. Құдық құрылғысы мен бұлақ қаптажына қойылатын санитариялық талаптар.
|
|
5
|
Әр түрлі елдердегі су объектілерін санитариялық қорғау.Жер үсті суларын ластанудан қорғаудың санитариялық ережелері мен нормалары.
|
|
6
|
Төтенше жағдайларда сумен жабдықтауды ұйымдастыру мәселелері
|
|
|
Барлығы: 5 сағат
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |