МЕББМ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ
|
|
НУО КАЗАХСТАНСКО-РОССИЙСКИЙ
|
МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
|
МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ
|
|
|
№2 аралық бақылау. «Балалар аурулары пропедевтикасы» Тақырып: Балалардың асқорыту, қан жасау, эндокриндік жүйелері, балалардың физикалық, дені сау баланы тамақтандыру, конституция аномалиялары, балалардың зат алмасуы. 3 курс ЖМ 2021-2022 о.ж.
№8 билет.
Балалардың асқазан-ішек жолының АФЕ.
Ас қорыту ағзаларының кішкентай балаларда өзіндік ерекшеліктері бар. Олар ана көкірегінен сүтті сорып алуға және тек қана ана сүтін қорытуға бейімделген.
А у ы з қ у ы с ы н ы ң ерекшеліктері балаға ана көкірегін соруын жеңілдетеді: баланың еріндерінде көлденең сызықтар, қызыл иегінде төмпешіктер, ұртында майлы кесектер (Биша кесектері) бар. Сонымен қатар ауыз қуысының шырышты қабаты тез жараланғыш, өте нәзік, қан тамырларына бай болып келеді. Сілекей бездері 4 айға дейін жеткіліксіз жұмыс істейді.
Ө ң е ш – салыстырмалы түрде ұзын (10-12 см), шырышты қабаты өте нәзік, қан тамырларына бай, бұлшық ет қабаты нашар дамыған.
А с қ а з а н – 1 жасқа дейінгі балаларда көлденеең орналасқан, бала жүре бастағаннан кейін барып ересектердікіндей тіке орналасады. Шырышты қабаты өте нәзік, қан тамырларына бай. Бұлшық ет қабаты әлсіз, асқазанның өңешпен жалғасқан бөлігіндегі сфинктер әлсіз, саңылау жартылай ашық тұрады, сондықтан кішкентай балалар жиі құсады (срыгивание). Мезгілі жетіп туылған балаларда асқазан сиымдылығы 30-35 мл, 2 айлығында 90-100 мл, 1 жасында 250 мл болады. Асқазан сөлінің құрамы ересектердікіндей, бірақ әлсіз, қышқылдар мен ферменттері аздау болады.
І ш е к – салыстырмалы түрде ұзын (өз бойынан 6 есе ұзын), ересектерде – бойынан 4 есе ұзын болады. Ішектің шырышты қабаты қан тамырларына және ас қорыту бездеріне бай, сондықтан ішектегі сіңірілу процесі жақсы жүреді. Бірақ бұлшық ет қабаты әлсіз және ішектің нерв талшықтары жақсы жетілмеген, сондықтан жас баланың іші жиі кебеді. Бала туылған сәтте ішегі стерильді, бірақ 1-ші күннен бастап-ақ әртүрлі микроорганизмдер еніп, өзіне тән микрофлора қалыптасады. Табиғи тамақтанудағы ана сүтімен қоректенетін балалардың ішек микрофлорасында пайдалы микроорназимдер – бифидум бактериялары – зиянды микроорганизмдерден басым болады. Қолдан тамақтандырылған балаларда керісінше, зиянды микроорганизмдер көбірек болады да, олар жиірек ауырады. Осы себепті, баланы табиғи тамақтандырудың маңызы өте үлкен. Сонымен қатар, баланың жағдайы көтерсе, анасына мүмкіндігінше емізуге ерте берген жөн. өйткені, балаға анасының микрофлорасы өтеді, ал оған қарсы ана сүті арқылы иммунды денелер өтіп, бала көп ауырмайтын болады.
2. Балалардағы бүйректің созылмалы ауруының клиникалық синдромы.
бүйрек ауруларында аз және бейспецификалық болып келеді. Кейбір ауруларға айқын белгілер тән, мыс. Көзге көрінетін гематурия (макрогематурия), бүйректік шаншу немесе жедел анурия. Сонымен қатар, бүйректің қатерлі аурулары айқын белгі бермей де өрши беруі мүмкін. Туа біткен бүйрек аурулары бар балалар анемия, ергежейлік, сүйек деформацияларына байланысты гематолог, эндокринолог, ортопед қарауында ұзақ бақылануы мүмкін.
№8 есеп.
14 жасар науқас. Бас ауыруына, тәбетінің төмендеуіне, арықтауына, ұйқышылдыққа, жалпы әлсіздікке, терісінің қышуына, АҚ жоғарылауына, тамақ қабылдауға байланыссыз құсуға шағымданып ауруханаға түсті. 5 жылдан бері созылмалы гломерулонефритке байланысты диспансерлік есепте тұрады, бірнеше рет ауруханада ем алған. Соңғы екі жылда тұрақты артериалды гипертония 160/90 – 140/80 мм с.б. шамасында байқалған. Бас ауыруы, шөл мазалайды, жиі көп мөлшерде зәр бөледі. Ауруханаға түсер алдында ісіну пайда болып, зәрі азайды. Қарағанда баланың жағдайы ауыр. Ұйқышыл, енжар, сұрақтарға кідіріп жауап береді, аузынан аммиак иісі шығады. Тері құрғақ, боз, сарғыш реңкпен. Беті ісіңкі, тобығында, балтырында аздаған ісінулер бар. Жүрек шекаралары солға қарай кеңейген, орта бұғана сызығынан 2 см сыртқа, жүрек ұшында систолалық шу бар, қолқа үстінде II тонның акценті, сирек экстрасистолалар. Пульсі минутына 66 рет, кернелген, толық, АҚ 160/95 мм с.б. Бауыры қабырға доғасынан 2 см шығып тұр. Бүйректері пальпацияланбайды.
Достарыңызбен бөлісу: |