«Медбикелік іс» мамандығы 0302033 «Жалпы практикадағы медбике» біліктілігі бойынша


Нитрагин- бұршақ тұкымдас есімдіктердің енімділігін арттыру үшін олардың тұқымына жұқтыратын бактериялы тыңайтқыш. Нитрификация



бет90/97
Дата01.03.2024
өлшемі315.93 Kb.
#493646
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   97
«Микробиология және вирусология» пәнінен ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

Нитрагин- бұршақ тұкымдас есімдіктердің енімділігін арттыру үшін олардың тұқымына жұқтыратын бактериялы тыңайтқыш.
Нитрификация- аммиакты азот қышқылы түздарына дейін тотықтыратын, топырақ қүнарлылығын арттыратын биохимиялық проқесс. Бүл негізінен екі сатымен жүреді. Алдымен аммиактан азотты қышқыл пайда болса,кейіннен одан азот кышқылы түзіледі. Бұған нитроза және нитрит бактериялары қатысады.
Оперон- геномның бөлігі, ондағы мәлімет иРНҚ бір молекуласына репрессор белоктың бақылауымен көшіріледі. Оперон реттеуі (транскрипция деңгейіндегі реттеу) прокариоттар және бактериофагтар гендерінің белсенділігін реттеудегі негізгі механизм. Оперон бір-бірімен тығыз байланысқан бірнеше құрылымдық гендерден тұрады. Бұл гендер бір метаболиттің биосинтез сатыларына қатынасатын белоктардың коды болып табылады. Сонымен бірге оперон өзі реттеуші кұрамдардан тұрады: оперон алдында - промотор (транскрипцияның бастапкы белігі) және оператор (белоксупрессордың байланысатын бөлігі), оперон соңында - терминатор (транскрипцияның тоқтайтын бөлігі).
Оспа (лат. Variola, Variola vera) немесе табиғи оспа - тек қана адамдар ауыратын контагиозды немесе жоғары жұқтырмалы вирусты инфекция
Оидии- вегетативтік көбею кезінде кейбір саңырауқұлақтар гифтерінен пайда болатын сопақша клеткалар.
Органоидтар- тіршілікте белгілі бір қызмет атқаруға бейімделген клетканың тұрақты бір белігі. Оған: центросома, хондрисома, пластидтер жатады.
Осмос- өткізгіш немесе жартылай өткізгіш қалқаншалардан заттардың өтуі. Бұл әрбір тірі клетканың зат алмасуына тән қасиет.
Осмостық қысым - ерітіндідегі еріген заттардың клетка қабығыыа керсететін қысымы. Осмофильді организмдер - осмостық қысьм аса жоғары жағдайларда тіршілік етуге бейімделген организмдер. Бүған теңіз суларында немесе тұздалған енімдерде тіршілік ететін микроорганизмдер жатады.
Паразиттік - әр түрге жататын екі организмнің арасындағы қатынас. Бүлардың біреуі паразиттік жолмен, ал екіншісі иесін қоректік зат ретінде пайдаланып, зор зақым келтіреді.
Паратрофтар- немесе паратрофты микроорганизмдер. Өте күрделі органикалық қосылыстармен (тірі белоктар т. б.) қоректенетін микробтар. Бүларға негізінен паразит микроорганизмдер жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет