Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2013 жылдың 9 айлығында атқарылған жұмыстары туралы АҚпарат елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 14 желтоқсан 2012 жылғы Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2050»



Дата08.06.2016
өлшемі90.3 Kb.
#123115
Аудан әкімі

Б.Абдулдаевқа



Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2013 жылдың 9 айлығында атқарылған жұмыстары туралы

АҚПАРАТ

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 14 желтоқсан 2012 жылғы Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2050» қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Жолдауында біздің қазіргі жағдайымызда алдымызға үлкен мақсат қойылып, 2050 жылға дейін дамудың жаңа үлгісі жасалды. Бұл да бізді үлкен үміттерге жетелейтін, бүгінгі атқарып отырған істерімізге бағыт-бағдар. Осы міндеттерді жүзеге асыруда бөлімнің атқарар қызметінің жауапкершілігі зор.



Мәдениет пен тіл–халық қазынасы. Елбасы жолдауында әлеуметтік мәселелер қатарында мәдениет пен өнерді де, тіл саясатын да одан әрі қарыштата дамытып, пәрменді қолдау көрсете беру қажеттігі атап көрсеткен болатын. Осы орайда, Жолдаудың негізгі бағыттарын, Казақстан Республикасының Заңнамаларын, ҚР Үкіметі қаулылары және Алматы облысы мен ауданның «Мәдени мұра бағдарламасының», сондай-ақ, ҚР «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша ауданның 2011-2013 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруда біз, ауылдық, кенттік округтері әкімдіктері және ауданның мекемелері мен бөлімдері сондай-ақ, қоғамдық ұйымдарымен бірлесе жүргізіп келеміз. Бөлімнің мәдениет пен тіл, кітапхана саласындағы жұмыстарының барысы аудан әкімінің үнемі назарында және бақылауында.

Сонымен бірге,мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруда аудан әкімі жанындағы «Тіл және қоғамдық ономастика кеңесі» елеулі рөл атқарып келеді. Кеңес отырыстарында округ әкімдері мен мекеме басшыларының есептері тыңдалып отырылды және осы мәселелер бойынша мемлекеттік тіл саясаты мен ҚР Тіл туралы» Заңының орындалуы, елді мекендердегі көрнекі ақпарат құралдарының заң талаптарына сай жазылуына зеределу жұмыстарын жүргізіп, жыл басынан бері 4 мәселе қаралды. Осының нәтижесінде өткен жылы ауыл, кент округтері мен білім беру мекмелері мен балабақшалар, мемлекеттік мекемелердегі құрылтай құжаттарындағы стилистикалық қателіктері, маңдайша жазулар мен көрнекі ақпарат құралдары түзетіліп ҚР «Тіл туралы» Заңының талаптарына сәкестендірілді.

Бүгінде ауданда мемлекеттік тілде іс-қағаздарында қолдану көрсеткіші 98 % құрап отыр. Мемлекеттік мекемелердегі іс-қағаздарының құжат айналымы ай сайын арнайы мониторингтік жүйемен сарапталып тұрады. 2013 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша іс-қағаздарында мемлекеттік тілдің қолданылу көрсеткіші 100 пайызды құрайтын Боралдай, Первомай, Күрті, Қараой, Чапай ауылдық округтері мен ішкі саясат, денешынықтыру және спорт бөлімі, аудандық қазынашылық, білім, статистика, казтелеком, жылжымайтын мүлікті тіркеу, аудандық маслихат, жер қатынастары, ауыл шаруашылық бөлімдерін атап өтуге болады. Дегенмен іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуін төмендетіп кеткен тұрғын үй комуналдық шаруашылық бөлімі, оралық аурухана, салық басқармасы, Әділет басқармасы, Халыққа қызмет көрсету орталығы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Жұмыспен қамту орталығы, Энергетик, Байсерке, Жетіген, ауылдық округ әкімі аппаратарына тиісті жұмыстарды қолға алу қажет деп есептейміз.

Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асырудың пәрменді жолдарының бірі–тілдік шаралар.Жыл басынан ауылдық, кенттік округтерде М.Мақатаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқудан «Мемлекеттік тіл – баршамызға ортақ тіл» тақырыбында дөңгелек стол, О.Бөкей шығармашылығына арналған көркемсөз оқушылардың, «Үздік аудармашы», байқаулары және өзге ұлт өкілдері арасында «Абай оқулары», «Мемлекеттік тіл – менің тілім» және т.б. байқаулар ұйымдастырылып, жеңімпаздарымыз облыстық байқауларға қатысып жүлделі орындардан көріне білді. Облыстық «Тіл халық жанын танудың кіліті» байқауында №38 орта мектептің 10 сынып оқушысы Моиесева Екатерина бас жүлдені жеңіп алып Республикалық байқауға қатысып алғыс хатпен марапатталды. «Жетісу» телеарнасы мен тілдерді дамыту басқармасының бірлескен жобасы «Асыл сөз» телебайқауына № 9 орта мектептің 10 сынып оқушысы Аққожа Дастан бас жүлдені жеңіп алды. «Тіл барлық білімнің кілті» байқауында № 15 орта мектептің 8 сынып оқушысы Құрарбек Еңілік жүлделі 3 орынды иеленді.

Қазақстан Республикасы тілдері мерекесі күндері қарсаңында қыркүйек айында ауданда апталық жарияланып, тілдік шаралар өткізілді. Жеңімпаз өнерпаздарымыз облыстық тіл фестивалінде қатысты. Тіл мәселесіне байланысты мақалалар аудандық, облыстық басылымдарда жарияланып тұрады. Дегенмен де күнделікті атқарылып жатқан тіл саясатына байланысты мақалалар аудандық газет бетінде аудандық әділет басқармасынан басқа бөлімдер мен ауыл әкімдіктерінен көрсейміз.

Елімізде бүгінгі күні ономастика саласы жауапкершілікті талап ететін үлкен жұмысқа айналып отыр. Қазақстан Республикасының электорнды үкіметін қалыптастыру, тұрғындарға қызмет көрсетуді электронды жүйеге ауыстыру барысында ономастика саласының негізгі функцияларына сәйкес республикалық «Мекенжай тіркелімі» (адресның регистр) ақпараттық жүйесінің деректер базасына аудандағы барлық округтердегі елді мекендер, көше атаулары, бау-бақша серіктестіктері, ондағы желілер мен жер телімдері, қыстақтарт.б нысандар толық енгізілді. Бұл жүйенің негізгі мақсаты- аудандағы елді мекендер мен көше бау бақша серіктестіктерінің барлығын бір жүйге негіздеп базаға топтастыру. Бүгінгі күні аудан бойынша 1200 ден астам көше тіркелген,бұл жұмыс жалғасын таба беретін болады.

Өткен жылы округ аумағындағы елді мекендерге ескі атауларды ауыстырудан бөлек жаңадан тұрғындар қоныстанған жер телімдеріне жаңа 184 көше атаулары берілді. Байсерке ауылдық округіндегі елді мекендерге-74 көше атауы, КазЦик ауылына -4, Чапай ауылына-4, Жетіген ауылдық округіндегі елді мекендерге -41, Первомай кенттік округіне – 6, Боралдай кенттік округіне- 34, Қараой ауылдық округіне -21 жаңа көше атаулары берілді. Жаңа атау берілген көшелер тізімі облыстық әділет басқармасында тіркеліп, аудандық БАҚ та жарияланып, қолданысқа енгізілді. Қазіргі кезде ономастика саласы бойынша мән-мағынасыз аталған көше атауларын ауыстыруға бағытталған ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.

мемлекеттік тілдің беделін көтеріп, қоғамдық орнын айқындауда оны мемлекеттік қызметкерлерге тиімді, жаңа әдіс, тәсілдермен оқыту мақсатында ауданда мемлекеттік тілді оқыту орталығы жұмыс жасайды.

Тіл орталығында 2013 жылыдың 9 айы бойынша 122 тыңдаушы оқып, оның 106 бітіргені туралы куәлік алып, 88 тегін топта, ақылы топта -20 тыңдаушы оқып, бітіріп шықты. Аудан әкімінің қолдауымен 2012 жылдың маусым айынан бастап ағылшын тілін оқыту курсы ашылды. Ағылшын тілін мемлекеттік қызметшілерден құрылған 14 тыңдаушы меңгеріп, 12 куәлік алды.

Мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының оқытушылары Астана, Тараз, Талдықорған қалаларында өткен Республикалы, облыстық курстар мен семинарларға қатысып, өз білімдерін жетілдіріп келді. Сәуір айында аудан көлемінде «Мемлекеттік мекемелерде іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу» тақырыбында мемлекеттік мекемелер, ауылдық кенттік округ әкімі аппаратының мамандары мен білім беру мекемлерінің іс жүргізуші мамандарының қатысуымен әдістемелік семинар өткізілді. Орталықтың тыңдаушыларынан құрылған «Өркенде» тобы Талдықорған қаласында өткен «Елдің тарихын танығың келсе, тілін үйрен» атты облыстық байқауға қатысып ынталандыру сыйлығына ие болды.

2013 жылдың мамыр айында екінші рет аудан әкімінің өкімімен аудандағы мемлекеттік мекемелердегі қызметкерлерден мемлекеттік тілді меңгеру жағдайын анықтау мақсатында 11 округ әкімдіктері мен 34 мемлекеттік мекемелердің 421 қызметкерлерінен тест алынып, сараптама жасалды. Қазақ тілінен сынақты жақсы тапсырған Ащыбұлақ, Боралдай, Қараой, Чапаев, Жетіген ал, нашар тапсырған Энергетик, Байсерке, КазЦИК, Первомай кенттік округ әкімдіктерінің аппарат қызметкерлерін айтуға болады.

Аудандық мекемелер арасында аудандық ішкі саясат, аудандық экономика және бюджетті жоспарлау, кәсіпкерлік, ауылшаруашылық, білім, статистика, сәулет және қала құрылысы, құрылыс, төтенше жағдай жөніндегі, спорт және дене шынықтыру, аудан әкімі аппаратының кадр ұйымдастыру, заң және мемлекеттік құқық, жалпы бөлімдері мен аудандық жылжымайтын мүлікті тіркеу және халыққа қызмет көрсету орталықтары, аумақтық инспекция қызметкерлері сынақты жақсы тапсырды. Ал керісінше аудандық пошта, аудандық емхана, аудандық зейнетақы төлеу орталығы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, қорғаныс істер жөніндегі бөлім, тұрғын үй инспекциясы, салық басқармасы, жұмыспен қамту орталығы, ветеринарлық бақылау инспекция қызметкерлері қазақ тілінен сынақты нашар тапсырды. Нашар тапсырғандарға мемлекеттік тілді оқыту орталығында мемлекеттік тілді меңгеруге ұсыныс жасалды. Қазіргі кезде мемлекеттік тілді өз деңгейінде білу баршамызға ортақ міндет болуы тиіс.


Чапай ауылдық мәдениет үйіне Тамыз айында бюджетінен 153 млн теңге қаражат бөлініп күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде .

Аудандағы мәдениет үйлерінің материалдық техникалық базасы бүгінгі заман талабына сай жабдықталып, телефон байланысы мен интернетке қосылған. Халыққа мәдени қызмет көрсетуде толық мүмкіндіктер жасалды. Қазіргі кезде ауылдық кенттік округтерде тұрғындар арасынан әжелер ансамбілдері, би, вокал үйірмелері тұрақты жұмыс істеуде. Мәдениет мекемелерінің барлығы жылу жүйесіне қосылып, қыс кезінде қалыпты жұмыс жасап келеді.

Ауданның мәдениет мекемелері өткен 9 ай бойы 984 іс-шаралар өткізіп, халыққа мәдени қызмет көрсетті. Өткен жылы ауданда мәдениет саласы бойынша «Жетісу жұлдыздары», «Әзілің жарасса», «Іле аруы», т.б байқаулар өткізіліп жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздар облыстық байқауларға қатысып жүлделі орындарға ие болды

Аудандағы кенттік, ауылдық округтерде ауыл тұрғындары арасында талантты жастарды өнерге баулу мен олардың ішінен дарынды өнерге жақын таланттыларды анықтау мен ұлттық салт-дәстүрді жаңғырту мақсатында көркемөнерпаздар ұжымының байқаулары өткізіліп, байқау нәтижесі қортынды гала концертте сараланып, халық арасынан ірктелініп алынған концерттік номерлер жыл сайын өтетін Іле ауданының мәдени күндерінде жоғары деңгейде көрсетіліп келеді. Өткен жылы аудан, қалалардың мәдениет күндері Қапшағай қаласына өткізіліп, қорытындысымен аудан ынталандыру сыйлығымен музыкалық аппаратураға ие болды. Осындай өнерпаз ұжымдардың жұмыстарына ауылдық, кенттік округтерінде тұрақты қалыптасса, оларға үнемі қамқоршы болып жүрген ауыл, кент әкімдеріне зор алғысымызды білдіреміз. Биылғы жылы да көркемөнарпаздар байқауы 15 наурыздан басталатын болады. Сонымен бірге әр деңгейдегі байқаулар өз дәрежесінде өткізіліп келді. Атап айтсақ «Жетісу жұлдыздары», «Әзілің жарасса», Жетісу аруы, патриоттық әндер байқауы т.б байқаулар өткізілді. Өткен жылы облыстық М.Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған облыстық байқауға Жаңабаев Абзал қатысып, ІІІ-ші жүлделі орынды иеленсе, Республикалық Роза Бағланованың 90-жылдық мерейтойына арналған байқауға қатысып, ауданның жас өнерпаздары бас жүлдеге ие болды.

Сондай-ақ, Түркияда өткен ART.olimpia (АРТ ОЛИМПИА) байқауына 6-мемлекеттің өнерлі балалары қатысып, соның ішінде вокал бойынша «Іле сазы» ансамбілінің әншісі Иса Сая, Данаш Нұршат көркемсөз оқу өнері бойынша І-орындарды иеленді.

Еліміздегі бірден-бір руханият ордасы- кітапхананың алар орны ерекше.

Ауданында-10 кітапхана аудан тұрғындарына қызмет көрсетеді. Аудан бойынша 2013 жылы қаралған қаржы- 19 млн 201 мыңды теңгені құрайды. Аудандағы кітапханалар желісіне 30 млн 440 мың тенге бөлініп, олар толық игерілді. Соның ішінде мерзімді басылымдарға жазылу – 1 млн 300 мың теңгені құрайды. Аудан бойынша кітап қоры - 149 940 мың данаға жетті. Аудан, ауыл кітапханаларының жұмысын жандандыру барысында қазіргі заман талабына сай жаңа технологиялық озық үлгілер енгізілу, материалдық техникалық базасын жақсартуға 1 млн 338 мың теңге қаржы бөлінді.



Кітапханалар оқырмандарға жаңа технологиялық бағытта қызмет көрсетіп, жаңа деңгейге көтерілуде. КАБИС бағдарламасы бойынша бүгінде Ақши , Чапай, Қораой, Боралдай ауылдық балалар кітапханалары жұмыс атқарса, аудандық, Боралдай ауылдық кітапханасы РАБИС-пен жұмыс істеуде. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жалпыға бірдей еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты халыққа берген 20 тапсырмасын оқырмандар арасында талдап , оны іс жүзіне асыруға кітапханашылар да өз үлестерін қосуда. Елбасының 18 тапсырмасында Қазақстандық электронды кітапханалар жұмысын жандандыра түсу керектігі айтылған. Осы орайда Жергілікті ақын жазушыларымыздың кітаптарының электронды нұсқасы жасалынды, қазіргі таңда оқырмандар ол кітаптарды www.kaznet .kz Қазақстандық Ұлттық электрондық кітапханасының сайтынан оқи алады.

Мәдениет мекемелері мен кітапханалар аудандағы барлық мәдени көпшілік іс шаралар мен атаулы даталарды өткізуде жыл сайын жаңа серпіліс , жаңаша көзқарас пен технологияларды пайдалана отырып, халықттың өнер мен мәдениетке, әдебиетке деген сұранастарын толық қанағаттандыруда.

Ауданның мәдениет, өнер, тарихи ескерткіштерін жаңғырту мен қайта жаңарту жұмыстарын одан әрі жақсарту мақсатында аудандық «Мәдени мұра бағдарламасы» іске асырылуда. Бұл салада аудан әкімі жанандағы «Тарихи мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі комиссия» тұрақты жұмыстар атқарып келеді. Жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында қазіргі кезде бағдарлама аясында округткердегі 23 ескерткіштер маңында қоғамдық саяси маңызы бар іс шаралар өткізілуде. Жыл сайын 18 сәуір Тарихи мәдени ескерткіштерді қорғаудың халықаралық күніне орай ауданда «Ескерткіштер елдігіміздің белгісі» атты акция ұйымдастырылып, аудандағы барлық деңгейдегі білім беру мекемелері мен ауыл тұрғындары, жастар мен қоғамдық ұйым мүшелерінің қатысуымен ескерткіштер маңын тазарту, көркейту, көгалданыру жұмыстары жүргізіліп тұрады. Солай болса да , бұл тұрғыда ескерткіштердің маңайы жыл бойында тазартылып, күтіліп отыруды қажет етеді.

5 қыркүйекте Междуреченск ауылдық мәдениет үйінде аудандық «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі-қазақ тілі» атты тіл фестивалі өткізілді.

20 қыркүйекте Текелі,Қапшағай, Іле аудандарының мәдениет күндері жоғары дәрежеде ұйымдастырылып, өткізілді.

Мәдениет және тілдерді дамыту



бөлімінің бастығы Ж.Серьянов

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет