Михайлов орта мектебінің 2015-2016 оқужылыбойынша



Дата23.02.2016
өлшемі27.82 Kb.
#6105


Михайлов орта мектебінің 2015-2016 оқужылыбойынша

7 - желтоқсаннан 16- желтоқсан аралығында тәуелсіздік күніне арналған апталығы туралы есебі.



Мектепте Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай апталық жоспары құрылды. Қазақ тілі мен әдебиет пәндері бойынша апталық өтті. Осы апталық кезінде қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері ауқымды іс-шаралар өткізді.

Ашық сынып сағаттары : 7- желтоқсан күні барлық сынып жетекшілеріне Елбасының жаңа Жолдауын талқылау бойынша сынып сағаттары өткізілді. Сонымен қатар 1-4 сыныптар арасында «Ұлттық ойындар» сайысын қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Тыштыбаева К.Д. өткізді. Сайыста өзге ұлт балалары да қазақтың ұлттық ойындарының бірнеше жаңа түрлерімен танысып, қызыға ойнады.

8-інші желтоқсан күні «Папа, мама и я спортивная семья» атты 6 «Б» сынып оқушылары мен ата-ана арасында спорттық жарысты сынып жетекшісі Халанская С.Н. мен қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Тугельбаева А.Н. өткізді. Жарыс өте қызықты өтті.

9-ыншы желтоқсан Қазақ тілі пәнінен 5-11 сыныптар арасында олимпиада жүргізілді. Барлық қазақ және орыс сыныптары қатысты. Жүлдегерлер марапатталды.

10- желтоқсан күні 2-11 сыныптар арасында Тәуелсіздік күні мерекесіне орай мектепішілік « Абай және Қазақстанның басқа ақын жазушыларының өлеңдерін мәнерлеп оқу байқауын қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Аринова С.А. өткізді. Барлық қатысушылар « Абай және Қазақстанның басқа ақын жазушыларының өлеңдерін мәнерлеп оқыды, байқау өте жақсы өтті. Байқауда ақын жазушылардың өлеңдерін мәнерлеп, қазақ тілінде сауатты оқыған оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.

11-желтоқсан күні «Я-патриот» тақырыптық ойын-сауықты 5-11сыныптар арасында пән мұғалімі Тугельбаева А.Н. өткізді.12-желтоқсан күні 1-4 сыныптар арасында «Тәуелсіздік күні» мерекесіне арналған суреттер байқауы , 5-11 сыныптар арасында плакаттар байқауы өтті.

14-желтоқсан күні « Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай барлық қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімдері ашық сынып сағаттарын өткізді.

1-4 сыныптар арасында Тыштыбаева К.Д. өткізді. 5-7 сыныптар арасында Тугельбаева А.Н. 8-11 сыныптар арасында Аринова С.А. өткізді. 1А -8А сыныптар арасында Қуатхан Айнагуль өткізді. Барлық пән мұғалімдері ашық сынып сағатын әртүрлі тақырыпта , презентациялар жасап, қызықты викториналар өткізді.

Осы апталық ішінде сонымен қатар барлық қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдері ашық сабақ өткізді. Тыштыбаева К.Д. 4-сыныпта «Астана Бәйтерек» монументі тақырыбына ашық сабақ өткізді. Сабақ мақсатына жетті, оқушылар қазақ тілінде сауатты сөйлеп, түсініп, тапсырмаларды жақсы орындады, сабақ соңында рефлексия жасалды.

Тугельбаева А.Н.3 «Б» сыныпта «Мен Қазақстанда тұрамын» атты ашық сабақ өткізді. Сабақ жақсы өтті, мақсатына жетті, оқушылар берілген тапсырмаларды орындады, қорытынды жасалды.

Қуантхан Айнагүл 5-6 «А» сыныптар арасында «Есімдіктің түрлері» атты ашық сабақ өткізді. Екі сыныпқа әртүрлі тапсырмалар беріп, топпен, жұппен жұмыс істеді. Сабақ мақсатына жетті.

Аринова С.А. 8 «Б» сыныпта «Теміртау қаласы» атты ашық сабақ өткізді. Жаңа тақырып бойынша слайдтық презентациялар көрсетіп, ақпарат берді. Сыныпты топқа бөліп, топ сарапшыларын сайлады, олар критерийлер бойынша бағалады, Сабақта мәтінді оқып, аударып 3 топқа бөліп, мәтінге 5-сұраулы сөйлемдер құрастырып,әр топ бір-біріне сұрақ қойып, жауап берді. Сонымен қатар,бірнеше грамматикалық тапсырмалар орындалды.Сабақ соңында тірек сызба құрып,топпен қорғады. Кері байланыс жасалды, қорытынды бағаны мұғалім қойды. Сабақ мақсатына жетті, жақсы өтті. Барлық пән мұғалімдері ашық сабақты жаңа технология бойынша өткізді, АКТ-ны пайдаланды. Апталық соңында «Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай 1-11 сыныптар арасында мерекелік «Мәдениет үйінде» үлкен (концерт) өткізілді.Мерекеде көптеген ән шырқалып, тақпақтар айтылып, би билеп, көріністер қойылды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерінің апталығы жақсы, қызықты өтті.



Ұйымдастырушы: Тугельбаева А.Н


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет