Мәдениет туралы түсінік



Дата30.03.2023
өлшемі44.58 Kb.
#471414
МӘДЕНИЕТ




МӘДЕНИЕТ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
Мәдениет (латын. Cultura - өңдеу, егу деген сөзінен шыққан) – табиғат объектісіндегі адамның әрекеті арқылы жасалатын өзгерістер. Бұл сөзде адам еңбегінің ерекшелігі, оның адамның іс-әрекетімен байланыстылығы, адамның және оның қызметінің бірлігі негізделген. Кейіннен «мәдениет» деген сөз жалпылық маңыз алды, адам жасағанның бәрін де «мәдениет» деп атады. Осы ұғымда мәдениеттің мазмұнды белгілері, түсінігі көрсетілді. Мәдениет – адам жасаған «екінші табиғат».
Мәдениет – жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы. Ол - өзара қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасатын ерекше құбылыс.
Адамдар өздерін қоршаған ортаға, оның әлеуметтік және мәдени қатынасына әсер етеді, өзгертеді. Олар оны өз мақсатына пайдаланады. Болашақ қоғамға, ұрпаққа мұра етіп қалдырады, ал ол мұра белгілі жағдайда үнемі дамуда болады.
Мәдениет әр түрлі әлеуметтік құрылымдардың, топтардың, таптардың, жіктердің, ұлттардың, жеке адамдардың өмір сүру жағдайына, талабына сәйкес пайда болып, қалыптасады. Мысалы: аң аулау, еңбек құралдарын жасау, от жағу, тамақ пісіру, киіну, жарасымды өмір сүру, екінші біреуге ұнау, ортамен қатынаста болу, т.б.
Бұл талап-тілектер қоғамдық прогреске, өрлеуге тікелей байланыста. әр қоғамдық кезеңде жаңа талап, тілектер пайда болады, өндіріс құралдары дамиды. Мәселен, бір кездерде жазба әдебиеті болмады соның нәтижесінде фольклор қалыптасты, кейінірек те білімнің қалыптасып, жазудың шығуы жаңа талап қойды. Бүкіл құндылықты, мифті жазып қалдыру талабы пайда болды. Информатика дамыды, оларды микрофон, магнитофон, компьютерге түсіру арқылы мәңгі ету қажеттігі туды. Сөйтіп, мәдениет әлеуметтік құрылымдардың, жеке адамның тілегіне, талабына сәкес қалыптасты. Қоғамда адам тілегінен тыс мәдениет қалыптаспайды.
Мәдениет - әлеуметтік фактор, қоғамның қозғаушы күші. Мәдениеттің дамуы қоғамды ілгері жылжытады. Жеке адам мәдениеті мен қоғам талабы тікелей байланысты.

2. МАТЕРИАЛДЫҚ ЖӘНЕ РУХАНИ МӘДЕНИЕТ 


Адам, оның қызметімен өзара қатынасы бар жерде мәдениет бар. Бірақ материалдық және рухани мәдениетті бір-бірінен ажырата білу қажет.
Мәдениет материалдық және рухани: бірі-материалдық өндірістің, екіншісі-рухани өндірістің өнімі деп қаралады. Себебі материалдық және рухани мәдениеттің өнімдері – еңбек құралдары және көркем шиғырмалар әр түрлі мақсатта пайдаланылады. Олай болса материалдық және рухани мәдениеттің қызметтік ерекшеліктері бар екен. Сонымен қатар бұл екеуі – материалдық және рухани мәдениет тұтастыққа ие. Материалдық мәдениетті мәдениетке айналдырған адамның идеясы мен білімі, ал рухани мәдениеттің өнімі материалдық нысанда болады, соның нәтижемінде ол объектіге айналуы мүмкін және қоғамдық өмірдің факторы болып қалады. Сондықтан мәдениетті материалдық және рухани демей-ақ, тұтас бірлікте алып қарауға да болады. Мәселе бұларды ажыратуда емес, бүкіл қоғамның дамуына сәйкес, органикалық бірлігін мойындауда.
Өміршең мәдениет қоғамдық адамнан ажыратылмайды, адам – мәдениет субъектісі. Оның адамдық сапасы тілді игерудің нәтижесі, қоғамдық өмір сүретін құндылықтарға, әдет-ғұрыпқа ену, осы мәдениетке тән іс-әрекеттің дағдысын бойына сіңіруі. Мәдениет – адамдықтың өлшемі, ол адамның қоғамдық мән есебінде дамуын сипаттайды. Сондықтан мәдениет адаммен тікелей қатынаста өмір сүреді. Ол қатынастың мәні мынада, адам бұрыннан жасалып келген мәдениетті бойына сіңіреді, қабылдайды, өзінің болашақ қызметінің алғышартына айналдырады. Сөйтіп өз білімін, икемін, қабілетін дамыта отырып, өзінің мәдениетті, адамдық мәнін жасайды. Материалдық мәдениетсіз рухани мәдениет қалыптаспайды. Мысалы, радио, теледидар, компьютер, түрлі ғимараттар, мұражайлар сияқты түрлі материалдық игіліктер арқылы рухани мәдениет таралды. Би, ән айту, жыр жырлау құралсыз іске асырылмайды. Ел мәдениеті неге байланысты? Олар театрларға, басқа да мәдени ошақтарға, сән-салтанатты, барлық жағдайы бар демалыс орындарына, т.б. байланысты. Оларды игілікке пайдалана білу де мәдениеттің бір саласы.
Сөйтіп, материалдық және рухани мәдениет тікелей байланысты екен. Одан шығатын қорытынды, мәдениет – қоғамның материалдық және рухани байлығының жиынтығы. Қоғамның материалдық дәрежесі жоғары болған сайын рухани өмір де жоғары болмақ. Біздің қазіргі қоғамдағы қиын жағдай осы өтпелі кезеңде туып отыр. Біріншіден, қаражаттың жетіспеуінен көптеген мәдени ошақтар асып-тосып, істен шығуда. Ауылдық жерлерде клубтар, кітапханалар жабылып жатыр. Қалалы жерлерде кинозалдардың, театрлардың материалдық негізі құлдырап, төмендеді. Екінші жағынан, жалақының аздығынан көптеген талант иелері сауда-саттыққа ауысып кетті.
Мәдениет – кеңінен қолданылып, күнделікті тұрмыста жиі айтылып жүрген сөз. Адамзаттың ертеден өмір сүріп келе жатқанындай мәдениет те ертеден келеді. Мәдениет – деген сөз өзінің толық мағынасында адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан – мәдениет саласының өрісі кең.
Мәдениет дегеніміз – тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Тарихи дәуірлердің алмасуы мәдениеттің мазмұны мен формаларына сөзсіз терең өзгерістер енгізеді.
Ұлы Қазан төңкерісіне дейін қазақ елі патшалық Ресейдің артта қалған отары болып келді. Ол кезде қазақ арасында сауатты адамдар бірен-саран ғана табылатын еді. Театр, клуб деген болмады, қазақ тілінде кітап та шықпады, яғни бұдан халқымыздың мәдениеті мен өнерінің еміе еркін өмір сүріпдамуына тосқауыл жасалынды.
Кеңес үкіметінің орнауы, қазақ халқының көзін ашып, бірқатар маңызды істер атқарылды. Атап айтсақ қысқа мерзім ішінде сауатсыздық жойылды, білім беру жүйесінің негізі қаланда, мәдени ағарту мекемелері мен бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысы жолданды. Алайда Кеңес үкіметінің біржақты саясаты одақтас Республика халқының дәстүрлі мәдениетін, тілі мен өнерін дамытуды жоспарламады. Әсіресе қазақ халқының ана тілі мен діні, салты ауыр жапа шекті. Халықтың кәсіби мәдениеті мен дәстүрлі өнері бірдей қжымға ұшырады.
Тәуелсіздіктің алғашқы он жылдығын артта қалдырған еліміз үшін Қазақстанның ХХІ ғасырдағы болашағы көп жағдайда тұрақты ілгері дамып отыруында соңғы жылдарында ауыл тұрғындарының рухани өмірін зерттеуге ерекшеден қойыла бастады.
Ауыл тұрғындарының мәдени өмірінде болып жатқан сан алуан түбегейлі өзгерістер мен қоғамдағы жаңа этникалық процестер, мәдениет пен тұрмыс саласындағы дәстүрлі және жаңа үрдістерді этнографиялық тұрғыда зерттеу нәтижесінде өзгерістердің бағыт бағдарын анықтауға мүмкіндік береді. Бұрынғы КСРО халықтарының рухани мәдениетінде болып жатқан сан алуан түбегейлі өзгерістер сол кезеңдегі Кеңестік этнографтардың басты назарында болды. Өткен ғасырдың 50-60 жж «колхоз» тақырыбына байланысты бірқатар еңбектер жарық көруі, отандық тарихына үшін елеулі оқиға болды, себебі бұл жұмыстардың арасында біздің республиканы да қамтып өткен бірнеше ұжымжық зерттеулер бар еді.
Өткен ғасырдың соңғы онжылдығында республика аймақтарынның мәдени өміріне байланысты бірнеше кондидаттық диссертациялар қорғалды. Зерттеулердің хронологиялық шеңбері ХХ ғ 70-90 ж.ж, және Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан өңірлерін қарастырды.
Тақырыбымыздың басты қарастырып отырған мәселесі, Оңтүстік Қазақстан өңірінің ХХ ғасырдың 60-80 ж аралығындағы мәдени ортасы, мәдени-ағарту мекемелерінің материалдық техникалық базасы, ағарту жұмыстарының әдістері мен түрлерінің жүргізілуі туралы қысқаша баяндау. Оңтүстік Қазақстан облысы 1932 жылы 10 наурызда құрылған. 1962-1992 ж Шымкент облысы деп айтылып келген. Аумағы 117,3 мың км2
Тәуелсіз Республикамыздың тарихи мәдени және этносаяси өмірінде Оңтүстік Қазақстан аймағының алатын орны ерекше. Бұл өңір еліміздің ежелгі, ортағасырлық жаңа және қазіргі заман тарихынан өте тығыз сабақтасып жатыр. Оңтүстік Қазақстан аймағы жергілікті қазақ халқының өзге этникалық топтардың арасында тығыз шоғырлануымен ерекшеленеді. Елімізде алғаш рет бой көтере бастаған мәдени нысандардың қалыптасып даму жолы сан қилы қарама-қайшылықтарға толы тарихи кезеңдерден тұрады.
Сырттай қарағанда жап жақсы көрінген соғыстан кейігі бостандықтың көрсеткіштері село еңбеккерлерінің азапты еңбегінің жоқшылығы мен аштығының өмір жастары, өмір дәрежесінің төмендігінің балалар мен әйелдер еңбегінің еркінен тыс жүргізілді.
Мектептегі оқу ісінің алдында 50 жж жаппай жеті жылдық білім беру 60 жж сегіз жылдық, ал 70 жж, жаппай орта білім беру Республикамыздың барлық өңірлерінде мектептегі оқу ісін дамытуда кемшіліктер көбейді.
1955-1956 жж жалпы білім беретін мектептердің 43%-і орыс тілінде жұмыс істеді, олар жалпы оқушылардың 66% қамтыды. 20 жыл ішінде қазақ (1950-1970) мектептерінің саны 3891-ден 2577-ге дейін азайды. Мектептегі оқу ісінің дағдарысы экономикадағы саясат пен идеалогиядағы бұрмалаушылықтың көрінісі еді. Оңтүстік өмірдің 1962 ж ауыл мектептерінің жағдайы төмен болған. Мысалы: ауылдық 15 мектепте 5-8 сыныптар біріктіріліп оқытылса, 52 мектепте 9-10 сыныптардың оқушылары бірігіп дәріс алған. Өткен ғасырдың 70-80 жж еліміздің ауылды жерінде мектепке дейінгі мекемелердің өсімі қарқынды жүргізілгені байқалады.
Қай заманда, қай қоғамда да елдің мемлекеттің мерейі алдымен оның рухани байлығымен өлшенген.
Оңтүстік Қазақстан облысында мұражай ісінің дамуы ХХ ғасыр бірінші ширегінде басталады. Аудан орталықтарында мұражайлар ашу 1970 ж кейін ғана қолына алына басталды.
Елімізде 1950 ж соңында ғана ене бастаған теледидар, ауыл тұрғындары арасында кең таралуы 1970 ж басталды. Халыққа рухани азық беретін өнердің бір түрі – театр. Оңтүстік Қазақстан өңірінде кәсіби сахна өнерінің тууы, қалыптасуы және даму жолы Кеңес үкіметі орнағаннан кейін бастау алып одан кейінгі жылдар да Оңтүстік Қазақстанның басқа да аудандарында жаңа театрлар саны көбее түсті.
Көптеген ауыл, қала жастарының 10 жылдық мектептерді, техникумдарды бітіріп жоғары дәрежелі білім алуы, Республикамызда ауыл халқының тұрмыс мәдениетін барлық жағынан бірдей көтеру үшін берік негіз салынды.
ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ МӘДЕНИЕТІ

Адамзат баласы жасаған мәдениет екі түрге бөлінетінін білесіздер. Біріншісі – рухани мәдениет, екіншісі – материалдық мәдениет. Рухани мәдениетке музыка, әдебиет, сәулет өнері, сурет өнері, кескін өнері жатса, адам баласының шаруашылыққа байланысты күнкөрісінен туған дүниелері материалдық мәдениетті құрайды. Зиялы қауым арасында, тіпті оқымысты ғалымдар арасында мәдениет және өркениет ұғымдарын шатастырушылық әлі де кездеседі. Осы арада олар шаруашылық жүргізу мәдениетінің, саяси мәдениеттің, экономика мәдениетінің тағы сол сияқты мәдениеттердің болатындығын ескермеді. Осыдан барып, мәселен, көптеген адамдар мәдениетті тек қана өнер туындылары құрайды деп ойлайды да, оны өркениетпен тең қойып, жаңсақ түсініктерге жол береді. Мәдениет тарихында күні кешеге дейін еуропалықтар Батыс дүниесінің ғана мәдениетін мойындап келді. Оларда мәдениет жасаушы тек еуропалықтар делінген кеудемсоқтық теория белең алды. Бірақ Шығыс өркениетін жасаған мәдени мұралардың ғажайып үлгілері оларды өздерінің менменсіген қисындарынан бас тартуға мәжбүр етті.


Қазақтың дәстүрлі мәдениеті, құдайға шүкір, ешкімнен кем емес. Мысалы, эпос жанрын алайық. Айтатынымыз да, мақтан ететініміз де – осы эпостарымыз. Кең қарымды, кең құлашты, қазіргіше айтқанда – поэмаларымыз. Әлемде эпос тудырған халықтар саусақпен санарлық. Батысымызда байырғы гректер «Иллиада» мен «Одессеяны» тудырса, Шығысымызда үнділер «Махабхарата» мен «Рамаянаны» тудырған, одан кейін Шығыс Европада «Үлкен Этта», «Кіші Этта», «Каллевала» сияқты құранды эпостар туған. Эпостық жырлары бар елдер осылар ғана. Мүйізі қарағайдай «ұлы орыс» халқының «Игорь жорығы туралы жыры» бар болғаны 8-ақ бет болса, мен қарасөзге айналдырған «Алпамыс батыр» эпосы 800 бетті құрады. Мінеки, эпос деген осы.
Эпостардың туу себебіне қатысты үлкен-үлкен өте жақсы ғылыми зерттеу еңбектер жазылған. Эпос – соны тудырған елдің этникалық қарымының нәтижесі. Демек, Евразияның ұлы даласындағы бабаларымыздың сөз өнерінің асқақ биігін туындатқанын байқаймыз. Тіпті, Европа әдебиетінің тарихына қарасаңыз, бірінші ауыз әдебиеті, содан кейін жазба әдебиеті дейді. Ал, бізде ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің арасында бес ғасыр жыраулар поэзиясы жатыр. Аталған бес ғасыр поэзиясы - тәңір тектес асқақ, сөз өнеріміздің ұлы құдіретті сипаты.
Екінші, дәстүрлі мәдениетімізді, яғни қолөнеріміз жайлы ауыз толтырып айта аламыз. Қолөнер мәдениетіміз өте тереңнен бастау алады. Скифтің алтынмен апталған, күміспен күптелген дүние мүліктерінен бастап, өзіміздің күні кешеге дейін әке-шешеміз тіккен киіз үй – қолөнердің ең ұлы шыңы. Киіз үйдегі сүйектен, ағаштан, киізден, шиден т.б. жасалған қажетті заттардың бәрінен құрастырылған ғажайыпты ақыл-ойдың нәтижесі, табысы деп қабылдауға болады. Бұл ретте көшпелілер өзінің тұтынатын қолөнер заттарын өнер деңгейіне жеткізген. Мен бала кезімде шешей қымыз сапырып отыратын мүйіз ожауды ұстап ойнаудан жалықпайтынмын. Кейін тура сондай мүйіз ожауды Орталық мемлекеттік музейден көргенде көзіме жас үйірілді. Қандай сұлулық! Неткен әдемілік! Демек, көшпелілер өнер деңгейінде өмір сүрген. Тұтынған заттарының барлығы өнер деңгейінде болған. Ол тозса, қайтадан одан да жақсы қылып жаңасын жасайтын болған. Қолөнердің ұлы туындысы – киіз үй.
Үшіншісі, музыкалық мәдениеті. Музыкалық мәдениетіне мен екі-үш ақ мысал келтірейін: сіздер ол мәдениеттің тектілігін, терең асыл екендігін пайымдайсыздар. Қазақ халқы қазақ атауын иемденбей тұрған кездің өзінде-ақ осы далада домбыра тартылып, күй жанры туған. Күні бүгінге дейін орыс, татар сияқты өзіміздің бұрынғы Кеңес одағының аясындағы елдерді алсақ, осылардың дәстүрлі музыкасында күй жанры, яғни аспапты музыка жанры жоқ. Орыстар балалайканы қолға алып, жерді бір теуіп, частушка айтады, бар музыкасы осы ғана. Ал, күй деген – музыкадан сөзсіз бөлініп шыққан дыбыс, музыкалық жанрдың дүниеге келуі. Бұл бейнелеп айтқанда сөз өнерінде роман, эпопея жанрының дүниеге келгені сияқты. Ал енді осы күй өнерін туындатқан авторлы музыканың өзіне осы далада 1200 жыл. Нанбасаңыздар, айтып шығайын. Исі 40-тан астам түркі халқының ішінде Қорқыт бабамыздың күйін сақтап қалған жалғыз халық – қазақ. Қорқыттан бізге жиырмаға тарта күй жеткен. Олар әлі күнге дейін үлкен сахналарымызда тартылады. Қорқыттың бергі жағында Шыңғыс ханның алдында күй тартқан – найман Кетбұға күйші. Күйшінің он үшінші ғасырдағы «Ақсақ құлан» күйінің бізге он варианты жетті. Осы орайда айта кетейін, қазір Европа кітапханасында тұрған «Кодекс Куманикус» кітабында сол Кетбұғаның «Ақсақ құлан» күйінің ноталық жазбасы бар. Қазақ музыкасына үлес қосқан еврей зерттеуші Борис Григориевич Ержакович ескі нотадағы аталған музыканы бүгінгі нотаға түсіргенде «Ақсақ құлан» күйі шығады. Күйді алғаш рет М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында істеп жүрген кезімде естідім. Кетбұғадан кейін сары Салтық, одан бері қарай Байжігіт, кешегі Абылай хан кезіндегі атақты күйшілер, XIX ғасырдағы Құрманғазы, Дәулеткерей, Қазанғап, Тәттімбет сияқты ондаған-жүздеген классикалық күйшілер өткен. Демек, қазақтың рухани мәдениетінің осы үш саласы күні бүгінге дейін ұлтымызға айрықша қызмет етіп келе жатыр.
Мәдениет сөз болған уақытта біз ешуақытта бүгінгі аумақтық, яғни территориялық шеңберімізбен шектеліп қалмауымыз керек. Өйткені, қазақ дейтін халықты құрсағында тербеткен ұлы даланың аумағы қазіргі шекарадан әлдеқайда кең болатын. Біз отаршылдықтың қақпанына түскен кездегі жеріміздің үштен бір бөлігінен айырылып, тәуелсіздік алдық. Осы орайда, шекара сыртында жатқан мынадай мәдени 5 түрлі рухани асылдарымызға біз ұдайы назар аударып жүруіміз керек. Бірінші – атамекен жұрттарымыз, екінші – сол жұрттарда сүйегі қалған ата-баба әруақтары, үшінші – шекара сыртында жатқан жалпы мұралар, төртінші – шекара сыртында аналарымыздың, аталарымыздың қолымен жасалған материалдық мәдениеттер, бесінші – шекара сыртында әлемнің қырықтан астам елінде бас сауғалап жүрген қандас бауырларымыздың қолынан туған өнер туындылары. Осының барлығы біздің төл тарихымыздың, төл мәдениетіміздің құрамдас бөлігі болып табылады.
Енді аталған бес рухани құндылықтарды таратып айтар болсақ, бірінші ертеде қазақтың ата қонысы болған, қазіргі таңда түрлі себептермен өзге территорияда жатқан қазақ жерлеріндегі асыл мұраларымыз жайлы айтайық. Ежелгі Еділ – қазіргі Волга, қажы Тархан – Астрахань, Сарытау – Саратов, Селебе – Челябинск, Мәскеуден 150 шақырым жердегі байырғы әз Жәнібектің әжесі Тайсұлтанның атына қойылған жазғы жайлау – Тулла, ХХ ғасырдың басында астанамыз болған Орынбор – Оренбург. Айта берсек, толып жатыр. Біз Орынборды орыстан тартып алып, астана етпегеніміз аян. Ол – біздің атамекеніміз. Одан былай қарай Қорған – Курган, Баранауыл – Барнауыл, Төмен – Тюмень. Төмен атауы жайлы көптеген пікірлер бар. Дегенмен, оны «түмен» Шыңғыс ханның он мыңдығына байланысты қойылған деп емес, Керей мен Уақтың төменгі жайлауы болған деп қабылдағанымыз жөн болар. Төменнен былай қарай Ащылы – Ашинск, Байкөл – Байкал, Енесай – Енесей, Аңғар – Ангарск, ал Қытайға қарай жүрсеңіз Қатынтау, Қатынқарағай – Қатонкарагай, Алтай, Еренқабырға, Қобда, Тәңіртау, оңтүстікке қарасаңыз, Самархан жерінде жатқан Мыңбұлақ, Қарақалпақ жерінде жатқан Қарабауыр жотасы, сондай-ақ орталық СК КПСС Орталық комитетінің қаулысымен соғыс жағдайына байланысты Қарақалпақстанға уақытша берілген үш аудан – қазақтың ата қонысы. Мен аталған жерлерді қайтарайын деп, я болмаса, қайтару үшін сіздерді үндеп отырған жоқпын.
Ұлт дегеніміз не? Ұлттың тарихи жады әрбір адамның өмірбаянына айналғанда ғана ол ұлт болады. Сол жерлерде жатқан ата-бабаның сүйегі, сол жерлердегі тарихи ескерткіштер, сол жерлерге төгілген әрбір ата-баба қанының тарихы біздің өмірбаянымыздың мәдени құрамдас бөлігі болуы керек.
Екінші, әруақтар. Шет жұртта жатқан әруақтарды осындай бас қосуда айтпасақ, қашан айтамыз? Қараңыздаршы, Қасым хан Сарайшықта жатыр. Мына қазақ елі осы аумағы, осы территориясы үшін Қасым ханға қарыздар болатын. Не болмаса, Шығай хан мен Тәуекел хан Бұқарада, Жалаңтөс Самарханда, Төле би Ташкентте, Әйтеке би мен Сырым батыр Қарақалпақстанда, Құрманғазы күйші Ресейде, Мұстафа Шоқай Германияда жатыр. Кенесары С.Сәдуақасов, Ә.Молдағұлова, Ғ.Мұратбаев Ресейде жерінде жерленген. Ал Қытай жерінде әйгілі Әсет, Қожеке күйші, ақын Таңжарық, Бөке, Оспан батырлар және айтса таусылмайтын басқа да тұлғалармыз жатыр. Осы тұлғалардың сүйегін елге жеткізу керек. Бұл қазақтың байырғы дәстүріне жат емес, шет емес. Тіпті, ислам дініне де жат емес. Аманаттап жерлеп, я болмаса соғыс кезінде шейіт болған батырлардың бармағын ғана тауып алып жерлеген бейіттер қазақ даласында өте көп. Сондықтан, оны әкелудің пайдасы: біріншіден, әруаққа құрмет, екіншіден, тірілер үшін қажет. Мына тірі жүргендердің рухы биік болады.
Ресейде 4200 руникалық жазба ескерткіштердің нұсқасы тұр, Германияда 8 мыңдай. Оның барлығы байырғы түркі тілінде жазылған неше түрлі жазу үлгілері. «Оғызнама» кітабы Парижде, «Махаббатнама» Лондонда, Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігі» Каирде, «Қорқыт» Дрезден мен Ватиканда екі нұсқасы, «Кодекс Куманикус» Венецияда, Рабғузидің «Қиссасул-Әнбиясы» Лондонда, қазақ хандарының, қазақ мемлекеттігінің бүкіл тарихына қатысты құжаттар Қытайда жатыр. Мінеки, шетелдегі жазба мұраларды елге жеткізу, көшірмесін алу біздің мәңгілік мәдениетімізді ойлағанда көңіліміздің төрінде тұратын проблема.
Төртінші, қолөнер. Ресей археологтарын ғана атайын сіздерге, Толстов Қызылорданы, Бернштам Шымкетті, Руденко Алтайды, Сорокин Ақтөбені қазды. Барлығының тапқан алтын мұралары мен қолөнер бұйымдарының барлығы Санкт-Петербург пен Ленинградта тұр. Санкт-Петербургтің Эрмитажын әсемдеп тұрған скифтің далалық өрнектері Эрмитаждың бағасын асырып тұр. Оның барлығы біздің ата-бабамыздың қолынан шыққан мүліктер еді. Қазақ халқы – әлемдегі этникалық жаралымы біртұтас жалғыз елдің бірі. Мынау Дағыстан елі Ақмола облысының бір-ақ ауданының көлеміндей болса да, ресми 18 тілі бар. Анау төбедегі көрініп тұрған бір дағыстан екінші төбедегінің тілін түсінбейді Ал бір шетімен бір шеті 8 мың шақырымға созылған түркі халықтарының өз-өздерімен түсінісуі былай тұрсын, қазақ халқының тілінде диалект жоқ. Мен Анатолыдағы шай құйған қазақ әйелімен, Шыңжаңдағы шай құйып отырған қазақ әйелінің отырысы, жаулығы, дастарханындағы тамағы, кесесінің түріне дейін ұқсастығына қарап қайран қалдым. Аралары 8 мың шақырым.
Енді қараңыздар, тағдыр бізді XX ғасырда әлемнің 40-тан астам еліне шашып жіберді. «Болар іс болды, бояуы сіңді» бірақ ес жиып етек жапқан кезде біз осы қазақтардың рухани мәдениетіне назар аударуымыз керек. Бұл ретте шетелдегі 40-тан астам елді мекендеп жатқан қазақтардың ішінде 4-ақ елдегі қазақ диаспорасы өнер туындата алып отыр. Бұл Қытайдағы, Моңғолиядағы, Өзбекстандағы, Түркияда тұратын қазақтар.
Ресейде 1 миллион қазақ бар, соңғы бір ғасырда бір ауыз өлең шығарған жоқ, бір сырмақ сырған жоқ, яғни рухани бедеулікке ұшырап отыр. Ал енді жаңағы 4 елдегі туындап жатқан романдар, кинофильмдер, бейнелеу өнерлері, музыкалар, қолөнерлер бұның барлығы біздің рухани мәдениетіміздің құрамдас бөлігі болып табылады.
Осы жиналыстың өтініш тілегі ретінде қала әкімдігіне мынадай ұсыныс айтқым келеді: Біз «қазақ диаспорасының мәдениеті» деген музей ашуымыз керек. Ол музейге сол қазақтар шығарған газет-журналдар, кітаптар, хаттар, салған суреттер, мүсіндер, текеметтер, жасаған киіз үйлерді қою керек. Кеше ғана осы бір Астанада көрме болғанда Қытайдан 24 қанатты киіз үй келді. Мен сол киіз үйді көріп шыға алмай қалдым. Қандай керемет жасалған балғын қолөнер. Сондықтан осы қала әкімшілігі Астанадан «қазақ диаспорасының қолөнері» атты өнер мұражайын ашса. Оған білікті үлкен бір ғалымды басшы етсек. Ол бүкіл шетелдегі қазақтардың ең алдымен жалпы мәдениетін басқа да рухани мәдениетін соған жинақтаса, онда біздің тарихымыздың, мәдениетіміздің ол да бір құрамдас бөлігі болып, мөлдір арнасы болып мәдениетіміз, рухани байлығымыз еселене түсер еді!

Тілсіз ұлт, тілінен айырылған ұлт дүниеде ұлт болып жасай алмақ емес. Ондай ұлт құрымақ. Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілі болу. Ұлттың тілі кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмасқа тиісті. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай көрініп тұрады.


Мағжан Жұмабаев
Мәдениет пен өркениет
Мәдениет ұғымын тереңірек түсіну үшін, оған мағыналық жақындығы бар кейбір басқа ұғымдармен арақатынасын қарастырып өтейік. Осы сипатта біздің зердемізге бірінші түсетін үғым — өркениет. Өркениет (цивилизация) семантикалық жағынан алғанда (латын тілінің — «civilis» сөзі) азаматтық дегенді білдіреді. Римдіктер бұл үғымды «варварлықтар» деп өздері атаған, басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. Яғни, «өркениет» олардың түсініктері бойынша азаматтық қоғамы, қалалық мәдениеті, заңға негізделген басқару тәртібі бар Рим империясының даму дәрежесін білдіреді.
Ғасырлар бойы қалыптасқан осы екі үғымның мағыналарын төмендегідей топтастыруға мүмкіндік бар:
• 1. Мәдениет пен өркениет бір. Олар синонимдер (И. Гердер, Э.Б. Тайлор).
• 2. Өркениет — мәдениеттің ақыры, оның кәрілік шағы, руханилықтың антиподы (Ж.Ж. Руссо, Ш. Фурье, О. Шпенглер).
• 3. Өркениет — мәдениеттің прогресі, болашаққа бой сермеуі, қоғамның парасаттылық деңгейі (Ф. Вольтер, Д. Белл).
• 4. Өркениет — тағылық пен варварлықтан кейінгі тарихи-мәдени саты (Л. Морган).
• 5. Өркениет — этностар мен мемлекеттерге тән мәдениеттің оқшау түрі (А. Тойнби, Н.Я. Данилевский және т.б.).6. Өркениет мәдениеттің техникалық даму деңгейі, оның материалдық жағы.
Бұдан көретініміз, мәдениет пен өркениет бір-бірімен байланысты ұғымдар екен. Мәдениеттанушы Г. Чайлдтың пікірінше, өркениетке еңбектің қоғамдық жолмен бөлінуі, қалалардың пайда болуы, жазбаша мәдениеттің дамуы, қолөнер мен сауданың өркендеуі, азаматтық қоғам мен мемлекеттің орнауы жатады.
Мәдениетті тұлғалық сипатта қарастырғанда, бірнеше елеулі түсініктерге тоқтала кету қажет, олардың ішіндегі маңыздылары: мәдени әрекет, мәдени орта, мәдени игіліктер мен қажеттіліктер және мәдени ұйымдар мен ұжымдар. Бүлардың арасында ең түбегейлісі — мәдени әрекет. Әрекеттену — жалпы адам мен қоғамның өмір сүру тәсілі, тіршіліктің тірегі. Мәдени әрекет деп, әдетте, мәдениет игіліктерін өндіруге, таратуға, тұтынуға бағытталған мақсатқа сәйкес әлеуметтік іс-қимылдарды атайды. Мәдени игіліктерді толассыз жасау нәтижесінде адам өзінің де мәдени деңгейін көтереді.
Осы әрекеттің қайнары, түпкі қозғаушы күші ретінде ғылым адамның талап-мұқтаждарын, мәдени қажеттіліктерді бөліп қарастырады. Осылардың қатарына біз мынандай адамдық қажеттіліктерді жатқызамыз: өмірдің мәні мен мағынасын іздеу, өмірден өз орнын табуға ұмтылу, шығармашылыққа талпыныс, альтруизм, гумандылық және тағы басқалары.
Мәдени орта ұғымы мәдениеттің коммуникациялық (қатынастық) табиғатымен тығыз байланысты. Мәдени орта заттық-материалдық, әлеуметтік ұйымдар мен ұжымдардан, рухани қызмет орындарынан тұрады. Оларға техника мен қүрал-жабдықтардың даму деңгейі, тұрмыстық мәдени дәрежесі, адамдардың білімділігі, кәсіптік шеберлігі, рухани мәдениетті сақтау және насихаттау ұйымдары (мұрағаттар, мұражайлар, кітапханалар, клубтар және тағы басқалар) жатады.
Қайсыбір ұлттық мәдениетті алсақ та, ондағы салт-дәстүрлер жүйесіне бірден назарымыз ауады. «Салт-дәстүр, — дейді белгілі философ Гердер, — тіл мен мәдениет бастауларының анасы» (И.Г. Гердер. Идеи к философии истории человечества. Москва, 1977, с. 252). Мәдениет өзінің кең мағынасында бір ұрпақтың келесі ұрпаққа жолдаған өмір сүру тәсілі болғандықтан, осы жалғастықты, мұрагерлікті жүзеге асыратын салт-дәстүрлер жүйесі мәдениет өзегін қүрастырады. Әсіресе, жазу-сызу болмаған ерте заманда мәдениет ырымдар мен сәуегейлікке, . сенім-нанымдарға, дәстүрлі түсініктерге иек артқан. Ал салт-дәстүрлерге Ғұзыхан Ақпанбет мынандай баға береді: «Олар — терең философиялық ойдың, ғасырлар бойы жинақталған тәжірибенің сұрыпталған түжырымы, негізгі нәрі, қысқа да көркем бейнесі». (Қазақтың дүниетанымы. Алматы, 1993, 36-бет).
Ғасырлар бойы күнделікті іс-тәжірибе негізінде сұрыпталған жазу-сызу мен азаматтық қоғам өлі жоқ кезде қалыптасқан салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар мәдени мирасқорлықтың жалғыз мүмкіндігі болды. Ескі ырымдар мен әдет-ғұрыптардан надандық, анайылықты емес, қазіргі үлттық мәдениеттердің архетипін аңғарған жөн.
Кез келген ұлттық мәдениеттің негізі мен ділін, ондағы адамгершілік қасиеттер мен дүниетанымды үғыну үшін мәдениеттің тағы бір түп-тамыры дінге жүгіну қажет. Тоталитарлық жүйе ұлттық мәдениеттерді құрту мақсатында, дінді «апиын» деген марксизм қағидасын басшылыққа алып, ешқандай қасиетті тірліктері жоқ, шолақ белсенді мәңгүрттерді тәрбиелеуге тырысты.
Ал шындығында діни Ренессанс («ренессанс» — француз сөзі — қайта жаңғыру) мәдени дамуда орасан зор роль атқарды. Дінге дейінгі дүниетаным ретіндегі мифте табиғат қасиетті күштерге баланса, ұлттық немесе дүниежүзілік діндерде адам мен қоғамның құдіреттілігіне басты назар аударылады. Осының нәтижесінде өркениет қалыптасады. Жалпы алғанда, дінтанусыз мәдениеттану жоқ.
Мәдениеттің өзекті бөлігі — өнер. Таңбалы тастағы кескіндер мен тағы адамдардың ырым-билерінен бастап, Рафаэль мен Микеланджелоның мәңгілік туындыларымен жалғасқан, халықтың шығармашылық рухынан туған талай сұлу дүниелерсіз, өнер әлемінсіз, қандай мәдениеттің болсын рухын сезіне алмаймыз.
Шынында да, өнер мөдениеттің алтын қазынасы, адамның ұлылығын білдіретін ғажап көріністердің бірі — оның әсемдікке, сұлулыққа үмтылуы.
Осыған дейін қарастырылған анықтамалардан бір түйінді ой айтуға болады: мәдениет — адам әлемі. Мәдениет көріністерінде адамдық парасат, оқыл-ой, ізгілік пен әдемілік заттандырылып, игіліктер дүниесі құралған. Сонымен бірге мәдениет адамды тұлға деңгейіне көтеретін негізгі құрал. Әл-Фараби айтқандай, адам — «хайуани мадани», яғни, Мәдениетті жан. Адам — табиғат туьндысы және ол үшін табиғи орта мәңгілік қажеттілік болып қалады. Мәдениет адамнан табиғатты бөліп алады деген пікір қанша рет айтылса да, адамның табиғи шығармашылықтың ең жоғары үлгісі екендігіне күмән жоқ. И. Гердердің тілімен айтқанда, адам — табиғаттың бірінші азаттық алған пендесі.
Ғасырлар — адамның мәдени дамуының куәсі. Бірақ осы алға қарай жылжу Жер-Анаға әр уақытта жайлы бола бермеді. Адам қоршаған ортаны өзіне ыңғайлы тұраққа айналдыруға тырысты, алайда осы белсенділік көп жағдайда табиғатты күйзелтіп, қүлдыратып жіберді.
Мәдениет пен табиғатты қарама-қарсы қоюдың бір түрі адамның табиғи анти мәдениеттілігі жөніндегі ілімдер еді (киниктер, Ницше). Контрмәдениет атты XX ғасыр туындысы бұқаралық мәдениеттегі руханилықтың затқа, тауарға айналуына қарсы қозғалыс сипатында болды. Мәдениет пен табиғатты ұштастыруға тырысатын ілім — мәдени антропология. Оның негізін са-лушылардың бірі — Э. Уилсон.
Әрине аталған ілімдер табиғи-биологиялық заңдылықтарды тым әсірелеп жібереді, әйткенмен оның қисыны бар сияқты. Өйткені, XX ғасыр мәдениет пен табиғат дилеммасының адам тағдыры үшін қауіпті екендігін көрсетіп, заман талабына сәйкес экологиялық мәдениет ілімін тудырды. Адамдық шовинизмді тежейтін бүл ілімнің негізі есебінде мынадай идеяларды атап өткен жөн:
• а) академик В.И. Вернадскийдің Ноосфера (парасатты орта) туралы ілімі;
• ә) Рим клубының экологиялық түжырымдары;
• б) Тейяр де Шарденнің адам жөніндегі гуманистік эволю-циялық теориясы;
• в) Л.Н. Толстой, М. Ганди, А. Швейцер, Э. Фромм т.б. дамытқан гуманистік этика т.б.
Тағы айта кететін жайт, осы экология мәселелеріне байланысты Шығыс пен Батыстың арасындағы айырмашылық туралы. Интровертивтік Шығыс мәдениеті табиғатқа жақын, ол үстемдік етуге шақырған жоқ.
Сонымен, мәдениет адам мен табиғатты бөліп тұрған «қытай қорғаны» емес, керісінше, олардың арасындағы нәзік үндестік және рухани қыл-көпір. Осы үндестікті (гармонияны) одан әрі жетілдіру — адамзаттың алдындағы келелі міндет.
Адам және мәдениет мәселесін тереңдете түсетін тағы бір жайт адамның қабілеттілігіне, жан-жақтылығына, шексіздігіне байланысты. Американ ғалымы К. Поппер айтқандай, адам бірдей үш дүниеге: физикалық, ментальдық (психикалық) және идеалдыққа жатады. Сонда мәдениет осылардың қайсысымен көбірек анықталады деген заңды сұрақ туады. Егер біз мәдениетті тек материалдық және рухани бөліктерге бөлудің қарадүрсін шеңберінен шыға алсақ, онда мәдениеттің өзінің ішкі мағынасында идеалды екендігіне көзіміз жетеді. Себебі, адамды қоршаған заттар, дүние — бұл мәдениеттің сыртқы көрінісі ғана, оның мәні — руханилықты адам әрекетінің нәтижесінде заттандыруда жатыр. Мәдениеттің ішкі мәні қоғамдағы өмір сүріп жатқан адамдардың өзіндік санасында, парасаттылық сезімдерінде, рухани ізденістерінде айқындалады.
Ж. П. Сартрлық көсемсөзді қайталасақ, адам әлемге еркін жіберілген, ол еріктілік жазасына кесілген. Осы сипатта мәдениеттің құпиясы — адамдағы «Мендік». Одан сыртқа ерекше бір нұр — азаттық, жауапкершілік, адамгершілік сәулесі нұр шашып түр. Мәдениетте адам ғажап биік деңгейге көтеріледі. Мәдениет дегеніміз менің өмірім, менен бөлінген, мен өлгеннен кейін де тірі болатын менің шығармашылығым.
Енді мәдениеттің қоғамда атқаратын қызметтерін талқылайық. Алдымен қоғам және мәдениет ұғымдарында қаншама ұқсастық, үндестік болғанымен, олардың арасындағы мағыналық, айырмашылықты естен шығармаған жөн.
Қоғам — әлемнің бір бөлігі, белгілі бір мақсаттарды іске асыру жолында әрекет етіп жатқан субъектілердің (тұлғалардың, топтардың, этностардың, мемлекеттердің) байланыс нысандары. Яғни, қоғам үғымындағы негізгі мәселе — адам және оның ұйымдасу нысандары, бұл ретте қоғамды зерттейтін басты ілімді әлеуметтану деп атайды. Ал мәдениет осы тұрғыдағы қоғамның белгілі бір қасиеті, көрінісі, сипаты мазмұнында қолданылады. Осыған дейін қарастырылған ұғымдарды негізге алып, қоғамдағы мәдениеттің төмендегідей қызметтерін айқындау мүмкіндігі бар:
Адамды калыптастыру қызметі.
Бұл — мәдениеттің қоғамдағы басқа қызметтерін бойына жинақтайтын және оның негізгі мазмұнымен тікелей байланысты нышан. Егер біз адамды әлде құдай, әлде табиғат, әлде еңбек жаратты деген пікірталастардан сәл көтерілсек, адам мәдениетті, ал мәдениет адамды қалыптастырғанына көзіміз жетеді. «Жеке адам өзі өмір сүріп жатқан қоғамның туындысы, төл перзенті» (С. Мырзалин, Ә. Әлпейісов. Қоғам және мәдениет. Алматы, 1992, 14-бет). Маугли — көркем бейне. Жануарлар арасында кездейсоқ өскен адам мәдениеттік қасиеттерден жұрдай болады.
Адамға ең қиыны — адам болу. Ал оның негізгі шарттарының бірі ретінде ізгілік пен зұлымдық, ақиқат пен жалғандық, әділеттілік пен өктемдік, бодандық пен азаттық, сұлулық пен ұсқынсыздық арасындағы адамның таңдауын аламыз. Соның нәтижесінде жеке тұлғада өзіндік сана тұрақталады, ол озық мәдениет үлгілерін өз бойына сіңіреді. Жалпы алғанда, мәдениеттің алға басуы дегеніміз дүниежүзілік тарихтың адам үшін, оның мүдделері мен өзіндік мақсаттары бағытында толыққанды ашылуы болып табылады.
Жалғастық, мәдениет мұрагерлік қызметі.
Мәдениеттің бұл қызметі бір ұрпақтан екінші ұрпаққа берілетін бүкіл адамдық өмір тәсілдерінің өзіндік ерекшеліктеріне қатысты. Ақпараттық (информациялық) беріліс әлеуметтік жүйеде биологиялық тұқым қуалаушылықтан өзгеше жүреді. Шын мәнісінде қоғамда ұрпақтар жалғастығы мәдени мұраларды игеру, қабылдау және оны шығармашылықпен дамыту арқылы жүзеге асады. Мәдени ақпараттар — салт-дәстүр, әдет-ғүрып, рәсім-рәміз, діл мен тіл, дін және өнер, білім т.б. руханилықтың белгілі бір деңгейін меңгерудің нәтижесінде мәдениет субъектісінің өзіндік санасының жанды буынына айналады.

Танымдық қызметі.


Мәдениеттің қоғамдағы бүл қызметміндетінің сан алуан қыры бар. Бірден біздің назарымызды өзіне аударатын нәрсе — мәдениет пен білімнің ара қатынасы. «Табиғаттан қулығын асырып жіберуге» (Гегель) бағытталған адамдардың білімі, әрине мәдениеттің негізгі қүрамдас бөлігіне жатады. Ертедегі гректің «пайдейя», ислам Өркендеуіндегі «маариф», қазіргі өркениеттегі «интеллигенттілік» үғымдары мәдениет пен білімділіктің іштей туыстығын, үндестігін білдіреді. Осы сипатта, әсіресе зиялылар (интеллигенция) мәдениетті сақтау және дамыту ісінде үлкен қызмет атқарады. «Бүгінгі күнге лайық адамдық қарым-қатынас орнату — интеллигенцияның басты міндеті... Ал біздің өркениеттілігіміз жаппай компьютерге көшумен сипатталмауы керек, мәдени диалогтың түрін
жасап, оны сақтай білу қабілетімізбен көрінуі керек» (Ә. Наурызбаева, Н. Скалон. Диалогтың мүмкіндігі. «Шаһар», 1993, № 1, 8-бет). Яғни білімділік мәдениеттіліктің маңызды алғышарты болғанымен, бұл екі ұғымның арасында елеулі айырмашылық, белгілі алшақтық, кейде тіпті қайшылық бар. Ғылымның бет алды дамуы, шектелмеген техникалық әрекет мәдениетке үлкен нұқсан келтіруі мүмкін. Тек жоғары деңгейде мәдениеті бар өркениет ғылым мен техниканың дамуындағы теріс салдарларды бейтараптандыра алады. Егер біз ғылым арқылы шындықты ашсақ, өнер арқылы әсемдікке ұмтыламыз, ал моральдық таным арқылы — жақсылық пен жамандықты айырамыз.
Реттеу қызметі.
Бұрынғы Кеңес Одағында шыққан кітаптарда «мәдениетті ғылыми жолмен басқару» атты сөз тіркесі кең етек алғанды. Бірақ адамның дүниеде өмір сүру тәсілі ретінде түсіндірілетін мәдениетті басқару мүмкін емес, әйтпегенде адамды тетікке, қуыршаққа айналдырған тоталитарлық айлашарғы үлгілерін көреміз. Айталық, Ертедегі Грекияда ешқандай шенеуніктер адам басына театрлар неше билет сатты деген ақпараттар жинаған жоқ. Солай болса да ол елдегі жоғары мәдениеттің және рухани ізденістің қандай деңгейде болғаны бәрімізге белгілі.
, Алайда солай екен-ау деп мәдениетке сыртқы ықпал жасау мүмкіндігін жоққа шығара алмаймыз. Мәдениет — «жабулы қазан емес». Мәдениеттегі реттеушілік әрекеттерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Мәдениетте күнделіктіден гөрі жоғарыға, идеалдыға, үлгіге көбірек көңіл бөлінеді. Мәдени үғымдарда нормативтік, ережелік талаптар басымырақ. Мысалы, «мәдениетті адам» дегенде оның адамдық жан-жақты белгілерді бойына толығырақ, тереңірек дарытқандығын көрсетеді. Ол — білімі ғылым деңгейіне, киімі сол кезде көп тараған сәнге, мінез-құлқы осы қоғамның адамгершілік талаптарына сай адам.
Коммуникативтік, қарым-қатынастық қызмет.
Бұл мәдениеттің қоғамдағы негізгі қызметтерінің бірі. Адамдардың қарым-қатынасы, мәдениеттер сұхбаттасуы — әлеуметтік шындықтың басым көрінісі. Адам ерекше бір өрісте — қарым-қатынас өрісінде болады. Руханилық пен ізгілік, әдемілік пен жақсылық тербелісі адамды нәзік тормен қоршаған; қоғамдық өмірде тек зат пен тауар ауысуы ғана емес, ең алдымен идеялар, мамандық, шеберлік тәжірибелерімен, сезімдік үлгілерімен ауысу толастамақ емес. Мәдениет игіліктерін жас нәресте анасының ақ сүтін еміп, оның әлди жырымен сезім дариясына шомылып қана адамдық қасиеттерді бойына сіңіре бастайды.
Ғылымда социализация (әлеуметтену) деп аталатын процесс те мәдени қарым-қатынасқа негізделген. Мәдени қарым-қатынастың түрлері дегенде олардың әмбебаптығына және көп мағыналылығына көңіл бөлу қажет. Мәдени құндылықтарды оларды жасаушылар және тұтынушылар арасындағы қарым-қатынас ретінде алуға болады. Мәдени туынды қаншама асыл болғанымен, егер ол рухани азық ететіндері белгілі бір себептермен жетпей жатса, онда ол мәдени айналыстан шығып қалады. Адам тұрмайтын үй қаңырап бос тұрады, отарба жүрмейтін темір жол —жай темір мен ағаштың үйіндісі, ешкім оқымайтын кітап — шаң басып жатқан қағаз. Мәдени болмыстың тірегі деп қарым-қатынасты айтамыз.
Мәдениеттің қоғамда атқаратын басқа да қызметтері жеткілікті. Зерттеушілер оның аксиологиялық, футурологиялық, герменевтикалық т.б. түрлерін атайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет