Мәдениеттану тарихы ғылыми пән ретінде


Қазақ зиялыларының ірі өкілдерінің негізгі идеялары: Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Шәкарім



бет37/52
Дата01.04.2024
өлшемі212.9 Kb.
#497238
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   52
Культ Билеты-ответы

48. Қазақ зиялыларының ірі өкілдерінің негізгі идеялары: Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Шәкарім.
Ә.Бөкейханов идеялары мыналар: Бірінші ұстаным: жер, жер және жер. Жерсіз Отан жоқ. Әлихан Бөкейхановтың ұйғарымы бойынша: «Қазақтың байырғы жерін қашан қазақтар өз бетінше ғылым мен техникаға сүйеніп толық игермейінше, жер жеке меншікке де, қоныстанушыларға да берілмейді». Екінші ұстаным: жердің астындағы, үстіндегі, аспанындағы барлық игілік қазақ мемлекетіне қызмет етуі керек. Ә.Бөкейхановтың айтуынша: «Оның әр бір түйір тасы қазақтың өңіріне түйме болып қадалу керек» болатын. Үшінші ұстаным: Ә.Бөкейхановтың жобасы бойынша, «Қазақтың жерінде өндірілген «бір уыс жүн сол мемлекеттің азаматтарының үстіне тоқыма болып киілуі» керек, яғни толықтай экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізуге ұмтылуы тиіс еді. Төртінші нысана: қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тіл, дін, діл үстемдігі болуы керек. Бесінші, түпкі мақсат: ғылымға, ұлттық салт-дәстүрге негізделген заңға сүйене отырып, Жапонияның үлгісіндегі ұлттық-демократиялық мемлекет құру еді. Ал бұл идеялардың ұйтқысы, тарихшы Мәмбет Қойгелдиев дәл
тауып айтқанындай, қазақ қоғамының Сун Ят сені мен Махатма Гандиі - Әлихан Бөкейханов болатын.
А.Байтурсынов идеялары:Орынбор қаласында өткен І Жалпықазақ съезінде Ахмет Байтұрсынұлы пен Міржақып Дулатов "Тәуелсіз автономия" құру идеясын ұсынады.
Ел басына күн туғанда «етігімен су кешіп», біртұтас Алаш идеясы төңірегіне біріккен М.Дулатов пен А.Байтұрсыновтың бұл өлеңдері- күллі халықтың оянып, бостандыққа қол жеткізуін аңсаған, ізгі тілектен туындаған игі шығармалар. Бүгінгі тәуелсіз ел ұрпақтары олардың азаттық жолындағы күресін ешуақытта ұмытпайтыны сөзсіз.Оян, қазақ идеясы – қазақтың нағыз ұлттық идеясы.
Ағартушылық идея Шәкәрім лирикасының алтын діңгегі болып табылады. Оның Абаймен үндестігін танытатын бір сала да осы. Өзінің «Насихат», «Сынатар сың өзінді», «Үш-ақ түрлі өмір бар», «Сен ғылымға...», «Ғылымсыз адам айуан», «Жасымнан жетік білдім түрік ілін» сияқты көптеген өлеңдерінде Құдайбердіұлы Абайдың ағартушылық идеяларын одан әрі жалғастырады. Бұқараны оятуға ұмтылады, ғылымға жетелейді. Еңбек етуге, мәдениетті елдерден үлгі алуға шақырады. Құдайбердіұлы үшін байлықтың ең үлкені - ғылым. Өзінің «Үш-ақ түрлі өмір бар» атты өлеңінде ол адам өміріне «ортаншы өмір» деген ұғымды қолданады. Бұл – адамның жастық шақ пен кәріліктің арасындағы белсенді өмірі. Шәкерімнің айтуынша, міне, осы жылдары уақытыңды босқа еткізбей, ғылымға үңілсең, одан өзіңе керек қазынаны тауыпала білсең- өмірлік мұратыңа жеткенің. Бас-аяғы үш шумақтан тұратын өлеңнің идеясы - адам баласын, Абай айтқандай, «ержеткен соң тұспеді уысыма» деп өткініште қалдырмау


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет