2023 жыл оқу-жаттығулар үрдісін ұйымдастыру



бет1/2
Дата23.12.2023
өлшемі33.26 Kb.
#487729
түріРеферат
  1   2
Реферат та ырыптар О у-жатты улар процесін жоспарлау мен йымда



РЕФЕРАТ
Тақырып: Оқу-жаттығулар үрдісін ұйымдастыру
ОРЫНДАҒАН: Какимжанов Әбіш Әшімұлы

2023 ЖЫЛ
Оқу-жаттығулар үрдісін ұйымдастыру

Спорт және қимыл ойындары — дене тәрбиесінің сезімталдыққа негізделген тәсілі, олар денсаулықты сақтауға және нығайтуға өте тиімді, сірә, спорт ойындарының ең қолайлы, кең тараған түрі волейбол болса керек. САМБО ембекші бұқараны дене шынықтыру және спортпен тиянақты айналысуға, белсенді демалуға, Президенттік сынақ тапсыруға тартудың күшті жолдарының бірі. Енді осы ойынның адам организміне әсері туралы қысқаша тоқталайық.


Күрес тактикасының қарапайымдылығы және тікелей тартысы көпшіліктің жаппай айналысуына жол ашады. Ал күресшілердің организміне түсетін салмақ мөлшері орташа деңгейде. Денеге аса күшті әсер ететін қимыл-жүгіру мұнда аз қолданылады
САМБО реакция жылдамдығын, ептілікті, төзімділікті калыптастыруға көмектеседі, тыныс жүрек-тамыр, бұлшық ет жүйелерін нығайтады, ой шаршауынан арылтады, жалпы алғанда организмге игі әсер етеді.
САМБО адамды ұжымдық қимылға, жеке бас мүддесін команда мүддесіне бағындыра білуге, тәртіпті, болуға, өзгелерге дер кезінде көмекке келуге үйретеді.
Дәрігерлер мен дене шынықтыру, спорт мамандарының бір ауызды пікірінше, САМБО емдеу-сауықтыру мүмкіндіктері орасан зор. Сондықтан осынау тамаша күрес әрбір мекеме, жоғары оқу орны, мектеп, демалыс орындарында берік орын алса, нұр үстіне нұр болар еді.
САМБО елімізде кең тараған күрестерінің бірі. Оның көпшіліктік сипат алуы күрестің ережелері мен қажетті құрал-жабдықтарының қарапайым және бұл ойын қызықты да әсерлі болуына байланысты.
САМБОның ереже-талабы мынадай айла тәсілдерден тұрады.
Арнайы спорт мектептері мен дене тәрбиесі мәдениетінің болашақ мамандарын даярлайтын оқу орындары оқушыларын САМБО күресінің қыр-сырына қанықтыру-өте күрделі процесс. Олар:

  1. Күресшінің дене құрылысы, күш-қуаты және ұжымдық
    әрекетке бейімдігі бар жаттығулар таңдау;

  2. Әрбір жаттығушыларға тән психологиялық ерекшеліктерді үнемі назарда ұстау;

  3. 7 - 21 жас аралығындағылардың өсуі мен анатомиялық -физиологиялық құрылымын зерделі тексеру;

  4. Болашақ САМБО жете меңгерушілерге қойылатын
    арнайы талаптарды үнемі басшылыққа алу қажеттігі;

  5. Жаттығушылардың күрес атқартын функцияларын алдын-
    ала белгілеу;

  6. Жаттығу жүйесін алдын-ала жоспарлай отырып оның нәтижесін талдау;

  7. Алдағы болатын спорт жарыстарының мақсатымен міндетін
    күресшілер мен бірлесе отырып талқылау;

  8. Жаттығушыларды үнемі дәрігерлік байқаудан өткізіп, оларға берілетін жүктемелердің организм мүмкіншілігіне үйлесімділік табуын қадағалау;

  9. Жарыс-жаттығу кезеңі мен демалу және ширақ мерзімдері арасындағы органикалық бірлестіктің мерзімін белгілеу;

10.Жастардың болашақ үлкен спорттта биік тұлға дәрежесіне дейін көтерілуіне жағдай жасау.

Сөйтіп, көпжылдық жаттығушылар мен жаттықтырушылардың көздеген мақсатына жетуіне бірден-бір себепші жоғарыдағы аталып өткен кезеңдердің жүйелі, ізбе-ізділікпен бірігуінен болатын нәтиже екендігін ескертеміз.


Көп жылдық дайындықтарға арналған оқу-жаттығу процесіне байланысты құбылыс. Себебі, жаттығу-дәріс кезінде әрбір шәкірт-машықтанушы тапсырма алады, оны өз бетімен орындайды. Тапсырманың түрлерін жаттықтырушы алдын-ала жоспарлап, оның мүлтіксіз орындалуын қадағалап отырады. Жаттығушылар орындайтын күрес тәсілдері бұрынғы меңгерген техникалық жаттығудың күрделіленген түрі немесе бұрын меңгерген ойын элементінің жалағыс да болуы мүмкін.
Сол сияқты жылдық оқу-жаттығу кезеңі жылдың екі кезеңіне бөлінуі.
Мүмкін, олар күзгі-қысқы және көктем-жазғы уақыттар болады. Бұл кезеңдерге сәйкес оқу-жаттығу процесі негізгі үш мерзімдік болып бөлінеді: дайындық, жарыс және өтпелі шақ. Әрбір кезеңге тән жаттығу, күрес техникасын меңгеру, демалу мен ширау сияқты әдейі ұйымдастырылған оқу-жаттығу формалары бар. Машықтанушылардың спорттық жаттығушыға бапкерлер дербес жаттығуға тапсырмалар да беруге болады. Бұл — спортшының өз бетімен іздену жұмысының өте болымды формасы. Әрбір шәкірт-спортшы өзінің күресте атқартын қызметіне байланысты әрекетін сапалы атқарудың тәсілін күрделендірудің әдістемесін өз бетінше меңгеруіне жағдай жасайды және оның ойын процесінде кездесетін, оқиғаға алдын-ала дайындығын қамтамасыз етеді. Жаттығушы-спортшылардың өз бетімен орындайтын дербес жұмысы командалық ойын өрнегін берік игеруге ғана мүмкіндік туғызбайды, ол жеке спортшының ойыншы ретін де құнды қасиеттерін өзін-өзі билеушілікті, ұйымшылдықты, өзінің түпкі ойына жету мақсаттылығын қалыптастырады.
Сонымен оқу-жаттығудың әрбір кезеңінің міндеттері мен мақсаттарын және формаларын таңдап алу, біріншіден, жаттығу міндеттеріне, екіншіден, оқу-жаттығу көлемі мен күрделілігіне, үшіншіден, командадағы спортшылардың жаттығу-спорттық мүмкіншілігіне байланысты.
Күресшілерді оқу — жаттығу процесіндегі басты тұлға, Егер бапкер әрбір спортшыға жаттығу барысында дербес назар аударып, дер кезінде көмектессе, талапкерге зер салса, онда әрбір күресші өзін бапкердің сенімді шәкіртімін деп сезінеді, оның адамгершілік көмегін шын ниетпен кабылдайды. Осындай ынтымақтастық педагогикасы жағдайында барлық жаттығушылар шыныға білуді, ойын өрнегін өзі жасауды, сүйеді, өзі таңдаған спорт түрінен болашақ қуаныш зор табыс, мәртебе күтеді.
Күресшілер үшін әр жылдық оқу-жаттығу жұмыстарының нормаларының дүрыс орындалуы негізгі заңға айналуы қажет.
Сол сияқты, арнайы спорттық бағыттағы мектептердің күреске машықтанушы топтарға арналған төмендегілердей кұжаттардың болуы міндетті: оқу бағдарламасы, оқу жоспары, оқу сағаттарының жылдық тізбесі, жеке топтардың командалық жеке дара және болашақ жоспарлары, жаттығу кестесі, сынақ-бақылау нормативтерін тапсыру кезіндегі нәтижелері көрсетілген құжаттар және жаттықтырушы бапкердің дәріс мазмұны жазылған қолжазбасы, ең кемінде бір айға арналған жұмыс-дәріс жоспары болуы кажеттілік.
Күресші оқу-жаттығу процесіне кіретін-барлық жаттығу жүктемесі, ойыншылардың күш-қуаты мен шапшаң икемділігін арттыруға арналған дене шынықтыру дәрістері сол сияқты сауықтыруға арналған емдеу-демалу орындарында болу іс-әрекетін алдын-ала мұқият жоспарлауға бүтіндей тәуелді. Олардың ішіндегі ең негізгілері болып есептелетіндер: спорт түріне байланысты күш-қуатты арттыру міндеті, күрес техникасын меңгерту, тактикалық шеберлік мектебін үйрету, теориялық-интегралдық дайындықтар жиындықтары .


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет