Медициналық қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеу
Инфекциялық бақылау бағдарламасының негізгі мақсаты
Ұйымдастырушылық, профилактикалық, эпидемияға қарсы іс-шаралардың бірыңғай жүйесін жүргізу және жетілдіру, медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың пайда болуы мен таралуының алдын алуға бағытталған дамытушы медициналық практикамен байланысты бастамаларды әзірлеу.
Пациенттер, қызметкерлер, орталыққа келушілер арасында инфекцияның жұқтыру және таралу қаупін анықтау, төмендету немесе жою.
Инфекциялық бақылау-ауруханаішілік инфекциялардың пайда болуы мен таралуының алдын алуға бағытталған ұйымдастырушылық, санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар жүйесі.
Ауруханаішілік инфекция (АІИ) – пациенттің немесе медициналық ұйым қызметкерінің медициналық көрсетілетін қызметтерді алумен байланысты бактериялық, вирустық, паразиттік немесе саңырауқұлақ текті кез келген инфекциялық ауру.
Инфекциялық бақылау комиссиясы (ҚИК) – инфекциялық бақылау жүйесін тиімді ұйымдастыру үшін әрбір медициналық ұйымда медициналық ұйымдардың инфекциялық бақылау комиссиясы туралы Үлгі ережеге сәйкес жұмыс істейтін инфекциялық бақылау комиссиясы (бұдан әрі - комиссия) құрылады.
Анықтамасы
Медициналық қалдықтарды қауіпсіз жинауға және кәдеге жаратуға арналған Контейнер (ҚКБҚ) – өткір және тесетін медициналық қалдықтарды жинауға және қауіпсіз кәдеге жаратуға арналған су өткізбейтін және тесілмейтін бір реттік сыйымдылықтар;
Жеке қорғаныш құралдары (бұдан әрі – ЖҚҚ) – қызметкер зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болдырмау немесе азайту үшін, сондай-ақ ластанудан қорғау үшін пайдаланатын құралдар;
Санитарлық киім - еңбек заттарын жұмыс істеушілерден және жұмыс істеушілерден жалпы өндірістік ластанудан қорғауға арналған өндірістік киім;
Санитариялық-эпидемияға қарсы режим-Денсаулық сақтау объектілерінде инфекциялық және паразиттік аурулардың алдын алу және таратпау жөніндегі іс-шаралар кешені;
Антисептик-микробтарды жою мақсатында теріге немесе тіндерге қолдануға арналған химиялық микробқа қарсы агент;
Достарыңызбен бөлісу: |