Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2012 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
-
Мемлекеттік қызметті:
1) мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – МФҚБК аумақтық департаменттері);
2) мекенжайлары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (бұдан әрі – МСЭҚК) және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – МСЭҚК аумақтық департаменттері);
3) мекенжайлары осы стандартқа 3-қосымшада көрсетілген облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – әкімдіктер) көрсетеді.
Ресімделген құжаттарды қабылдауды және беруді мекенжайлары осы стандартқа 4-қосымшада көрсетілген МСЭҚК, МСЭҚК аумақтық департаменттері, МФҚБК аумақтық департаменттері, әкімдіктер немесе Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – Орталықтар), сондай-ақ «электрондық үкімет» www.e.gov.kz веб-порталы арқылы немесе «Е лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы мемлекеттік қызметті алушыда электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) болған жағдайда жүзеге асырады.
Шалғай елді мекендердің тұрғындарына мемлекеттік қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметті Мобильдік Орталықтар арқылы көрсетуге рұқсат етіледі.
МСЭҚК, МСЭҚК аумақтық департаменттері, МФҚБК аумақтық департаменттері немесе әкімдіктер осы стандартқа 5-қосымшада көрсетілген тізбеге сәйкес медициналық қызметтің кіші түрлерін лицензиялайды.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 13-бабының, Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы, «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы, «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңдарының, «Медициналық және фармацевтикалық қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2301 қаулысының негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің www.mz.gov.kz интернет-ресурсында;
2) порталда;
3) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – РМК Орталық) www.con.gov.kz интернет-ресурсында;
4) тізбелері осы стандартқа 1, 2, 3 және 4-қосымшаларда көрсетілген МСЭҚК аумақтық департаменттерінің, МФҚБК аумақтық департаменттерінің, әкімдіктердің және Орталықтардың ғимараттарында орналастырылған стенділерде орналастырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты call-орталықтың телефоны (1414) бойынша да алуға болады.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі МСЭҚК, МСЭҚК аумақтық департаменттерінің, МФҚБК аумақтық департаменттерінің немесе әкімдіктің уәкілетті тұлғасы ЭЦҚ қойылған қағаз немесе электрондық құжатта лицензия беру, қайта ресімдеу, медициналық қызметке лицензияның телнұсқасын беру немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
6. Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
МСЭҚК-нің, МСЭҚК аумақтық департаменттерінің, МФҚБК аумақтық департаменттерінің немесе әкімдіктің кеңсесіне хабарласқан кезде:
1) медициналық қызметке лицензия алу үшін – 15 жұмыс күні;
2) медициналық қызметке лицензияны қайта ресімдеу үшін – 10 жұмыс күні, телнұсқаны алу үшін – 2 жұмыс күні;
3) өтініш жасалған күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алғанға дейінгі ең ұзақ күту уақыты – жиырма минуттан аспайды;
4) өтініш жасалған күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең ұзақ уақыты – жиырма минуттан аспайды;
5) құжаттарды алу кезінде ең ұзақ кезек күту уақыты – жиырма минуттан аспайды.
МСЭҚК-нің, МСЭҚК аумақтық департаменттерінің, МФҚБК аумақтық департаменттерінің немесе әкімдіктің қызметкері ұсынылған құжаттардың толықтығын оларды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда МСЭҚК-нің, МСЭҚК аумақтық департаменттерінің, МФҚБК аумақтық департаменттерінің немесе әкімдіктің қызметкері өтінішті одан әрі қараудан көрсетілген мерзімде жазбаша дәлелді бас тартады.
Ұсынылған құжаттарды қабылдау күнінен бастап екі жұмыс күнінен кейін МСЭҚК-нің, МСЭҚК аумақтық департаменттерінің, МФҚБК аумақтық департаменттерінің немесе әкімдіктің мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тартуға құқығы жоқ.
Орталықтарға хабарласқан кезде:
1) медициналық қызметке лицензия алу үшін - 15 жұмыс күні, құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді;
2) медициналық қызметке лицензияны қайта ресімдеу үшін – 10 жұмыс күні, телнұсқаны алу үшін – 2 жұмыс күні, құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді;
3) өтініш жасалған күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейінгі ең ұзақ күту уақыты – жиырма минуттан аспайды;
4) өтініш жасалған күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең ұзақ уақыты – жиырма минуттан аспайды;
5) құжаттарды алу кезінде ең ұзақ кезек күту уақыты – жиырма минуттан аспайды.
Бұл ретте МСЭҚК, МСЭҚК аумақтық департаменті, МФҚБК аумақтық департаменті немесе әкімдік мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін Орталықтарға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын ұсынады.
Порталға кірген кезде:
1) медициналық қызметке лицензия алу үшін - 15 жұмыс күні;
2) медициналық қызметке лицензияны қайта ресімдеу үшін – 10 жұмыс күні, телнұсқаны алу үшін – 2 жұмыс күні;
8. Мемлекеттік қызмет медициналық қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат (түбіртек) ұсына отырып ақылы негізде ұсынылады.
Лицензиялық алым осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырғанға дейін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндеті төлемдер (Салық Кодексі) туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген ставкалар бойынша төленеді.
Мемлекеттік қызметті алуға портал арқылы электрондық сұрау салған жағдайда «электрондық үкімет» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭТҮШ) арқылы төлеу жүзеге асырылады.
9. Жұмыс кестесі:
1) Орталықтарда - күн сайын еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін есептемегенде белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден сенбі күнін қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз.
Құжаттарды қабылдау жеделдетілген қызметсіз «электрондық» кезек тәртібінде жүзеге асырылады.
Мобильдік Орталықтар құжаттарды қабылдауды көші-қон полициясының аумақтық басқармаларының және жергілікті атқарушы органдардың бірлесіп бекіткен кестесіне сәйкес, бірақ бір елді мекенде кемінде алты жұмыс сағатында жүзеге асырылады.
2) МСЭҚК-де, МСЭҚК аумақтық департаменттерінде, МФҚБК аумақтық департаменттерінде немесе әкімдіктерде құжаттарды қабылдау демалыс және мереке күндерін қоспағанда жұмыс күндері сағат 13-00-ден 14-30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 09-00-ден 17-00-ге дейін жүзеге асырылады.
Қабылдау кезек тәртібімен жүзеге асырылады, алдын ала жазылу және жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген.
Порталдың жұмыс кестесі – тәулік бойы.
10. МСЭҚК, МСЭҚК аумақтық департаменттерінің, МФҚБК аумақтық департаменттерінің немесе әкімдіктердің үй-жайларында жеке есік, күту және құжаттарды дайындау залы, анықтама бюросы, күтуге арналған креслолар, толтырылған бланкілердің үлгілері бар ақпараттық стенділер бар. Мүмкіндігі шектеулі мемлекеттік қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген.
Мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша да Орталықтың ғимаратында көрсетіледі, онда мүмкіндігі шектеулі мемлекеттік қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген, сондай-ақ порталда жеке кабинетте көрсетіледі.
Залда анықтама бюросы, күту креслолары, бланкілерді толтыру үлгілері бар ақпараттық стенділер орналасқан.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады:
МСЭҚК-ге, МСЭҚК аумақтық департаменттеріне, МФҚБК аумақтық департаменттеріне немесе әкімдікке:
1) осы стандартқа 6, 7-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) заңды тұлға үшін – жарғының көшірмесі және түпнұсқасы (экспорттық және импорттық операцияларды қоспағанда);
3) өтініш берушіні салық органына есепке қою туралы куәліктің көшірмесі және түпнұсқасы;
4) дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
5) жеке тұлға үшін – мемлекеттік қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;
6) қызметтің жекелеген түрімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымды бюджетке төлегенін растайтын құжаттың көшірмесі;
7) осы стандартқа 8-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар.
МСЭҚК, МСЭҚК аумақтық департаменттері, МФҚБК аумақтық департаменттері немесе әкімдік порталдың ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын құжаттар туралы мәліметті - заңды тұлға ретіндегі мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті және жеке басын куәландыратын құжатты алады.
Құжаттарды қабылдау кезінде МСЭҚК-нің, МСЭҚК аумақтық департаментінің, МФҚБК аумақтық департаментінің және әкімдіктің қызметкері құжаттардың түпнұсқасының дұрыстығын құжаттардың көшірмелерімен және мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінен ұсынылған мәліметтермен салыстырады, одан кейін түпнұсқаларды мемлекеттік қызметті алушыға қайтарады.
Мемлекеттік қызметті алушы құжаттардың түпнұсқасын ұсынбаған жағдайда оның нотариаттық расталған көшірмелері ұсынылады.
Лицензиясы бар қызметтің түрі шеңберінде лицензияға қосымша алу үшін мемлекеттік қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы стандартқа 6, 7-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) лицензия туралы мәлімет (www.elicense.kz порталында бар болса) не салыстыру үшін лицензияның көшірмесі және түпнұсқасы (бар болған жағдайда);
3) осы стандартқа 8-қосымшаға сәйкес қызметтің кіші түріне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар.
МСЭҚК, МСЭҚК аумақтық департаменттері, МФҚБК аумақтық департаменттері немесе әкімдік порталдың ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын құжаттар туралы мәліметті - заңды тұлға ретіндегі мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті және жеке басын куәландыратын құжатты алады.
Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша жоғалған, бүлінген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алуға құқылы және мынадай құжаттарды ұсынады:
1) лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру туралы өтініш;
2) телнұсқаны беру үшін лицензиялық алымды бюджетке төлегенін растайтын құжат;
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеген кезде мемлекеттік қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады:
1) қайта ресімдеу туралы өтініш (қызмет түрінің атауы және (немесе) түрі өзгергеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде);
2) лицензияны қайта ресімдеу кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымды бюджетке төлегенін растайтын құжаттың көшірмесі;
3) лицензия және лицензияға қосымшаның деректері (www.elicense.kz порталында бар болса) немесе лицензияның және лицензияға қосымшаның көшірмелері (бар болған жағдайда).
МСЭҚК, МСЭҚК аумақтық департаменттері, МФҚБК аумақтық департаменттері немесе әкімдік порталдың ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын құжаттар туралы мәліметті - заңды тұлға ретіндегі мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті және жеке басын куәландыратын құжатты алады.
Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша мынадай жағдайларда:
-
жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгергенде;
-
дара кәсіпкерді қайта тіркегенде, оның атауы мен мекенжайы өзгергенде;
-
заңды тұлғаны біріктіру, қосу, бөлу немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастыру кезінде;
-
заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекенжайы өзгергенде қайта ресімдеуге жатады.
Мемлекеттік қызметті алушы қайта ресімделген лицензияны алған кезде
бұрын берілген лицензияны және лицензияға қосымшаны (бар болған жағдайда) МСЭҚК-ге, МСЭҚК аумақтық департаментіне, МФҚБК аумақтық департаментіне немесе әкімдікке қайтарады.
Орталыққа:
1) осы стандартқа 6, 7-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) заңды тұлға үшін – жарғының көшірмесі және түпнұсқасы;
3) мемлекеттік қызметті алушыны салық органына есепке қою туралы куәліктің көшірмесі және түпнұсқасы;
4) қызметтің жекелеген түрімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымды бюджетке төлегенін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) жеке тұлға үшін – мемлекеттік қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;
6) дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
7) осы стандартқа 8-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар;
Құжаттардың мәліметтерін - мемлекеттік электрондық ақпараттың ресурстар болып табылатын заңды тұлға ретіндегі мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, жеке басын куәландыратын құжаттарды МСЭҚК, МСЭҚК аумақтық департаменттері, МФҚБК аумақтық департаменттері немесе әкімдік ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжаттар нысанында Орталықтардың ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Құжаттарды қабылдау кезінде Орталық қызметкері құжаттардың түпнұсқасының дұрыстығын құжаттардың көшірмелерімен және мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінен ұсынылған мәліметтермен салыстырады, одан кейін түпнұсқаларды мемлекеттік қызметті алушыға қайтарады.
Мемлекеттік қызметті алушы салыстыру үшін құжаттардың түпнұсқасын ұсынбаған жағдайда олардың нотариаттық расталған көшірмелері ұсынылады.
Лицензиясы бар қызмет түрі шеңберінде лицензияға қосымша алу үшін мемлекеттік қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы стандартқа 6, 7-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) лицензия мәліметі (www.elicense.kz порталында бар болса) немесе лицензия көшірмесі (салыстыру үшін құжаттардың түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариаттық куәландырылған) (бар болған жағдайда);
3) осы стандартқа 8-қосымшаға сәйкес қызметтің кіші түріне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар.
Құжаттардың мәліметтерін - мемлекеттік электрондық ақпараттың ресурстар болып табылатын заңды тұлға ретіндегі мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, жеке басын куәландыратын құжаттарды МСЭҚК, МСЭҚК аумақтық департаменттері, МФҚБК аумақтық департаменттері немесе әкімдік ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжаттар нысанында Орталықтардың ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша жоғалған, бүлінген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алуға құқылы және мынадай құжаттарды ұсынады:
1) лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру туралы өтініш;
2) телнұсқаны беру үшін лицензиялық алымды бюджетке төлегенін растайтын құжаттың көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқа ұсынылмаған жағдайда нотариаттық куәландырылған).
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеген кезде мемлекеттік қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады:
1) қайта ресімдеу туралы өтініш (қызмет түрінің және (немесе) кіші түрінінің атауы өзгергеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде);
2) лицензияны қайта ресімдеу кезінде қызметтің жекелеген түрімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымды бюджетке төлегенін растайтын құжат;
3) лицензияның және лицензияға қосымшаның деректері (www.elicense.kz порталында бар болса) не лицензияның және лицензияға қосымшаның көшірмелері (бар болған жағдайда).
Мемлекеттік электрондық ақпараттың ресурстары болып табылатын құжаттардың мәліметтерін МСЭҚК, МСЭҚК аумақтық департаменттері, МФҚБК аумақтық департаменттері немесе әкімдік тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында Орталықтардың ақпараттық жүйесі арқылы алады.
Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша мынадай жағдайларда:
1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгергенде;
2) дара кәсіпкерді қайта тіркеген кезде, оның атауы мен мекенжайы өзгергенде;
3) заңды тұлғаны біріктіру, қосу, бөлу немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастыру кезінде;
-
заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекенжайы өзгергенде қайта ресімдеуге жатады.
Мемлекеттік қызметті алушы қайта ресімделген лицензияны алған кезде
бұрын берілген лицензияны және лицензияға қосымшаны (бар болған жағдайда) Орталыққа қайтарады.
Порталға:
-
ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
-
заңды тұлғаның жарғысы – сканерленген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға қоса беріледі;
3) мемлекеттік қызметті алушыны салық органына есепке қою туралы куәліктің көшірмесі;
4) дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік– электрондық сауалға сканерленген көшірме түрінде тіркеледі;
5) ЭҮТШ арқылы лицензиялық алымды бюджетке төлегені туралы мәлімет;
6) осы стандартқа 8-қосымшада көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар – сканерленген көшірмелер түрінде электрондық сұрау салуға қоса беріледі.
МСЭҚК, МСЭҚК аумақтық департаменттері, МФҚБК аумақтық департаменттері немесе әкімдік тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы Порталдың ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік электрондық ақпараттың ресурстары болып табылатын – заңды тұлға ретіндегі мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, жеке басын куәландыратын құжаттарының мәліметтерін алады.
Лицензиясы бар қызмет түрі шеңберінде лицензияға қосымша алу үшін мемлекеттік қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады:
1) ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) лицензия мәліметі (www.elicense.kz порталында бар болған кезде) не электрондық сұрау салуға қоса берілетін сканерленген көшірме түріндегі лицензия;
3) осы стандартқа 8-қосымшаға сәйкес қызметтің кіші түріне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес электрондық сұрау салуға қоса берілетін сканерленген көшірмелер түріндегі мәліметтер мен құжаттар.
Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерді МСЭҚК, МСЭҚК аумақтық департаменті, МФҚБК аумақтық департаменті немесе әкімдік ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжаттар нысанында портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша жоғалған, бүлінген кезде мемлекеттік қызметті алушы лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алуға құқылы және мынадай құжаттарды ұсынады:
ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында сұрау салу;
ЭҮТШ арқылы лицензиялық алымды бюджетке төлегені туралы мәлімет.
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы сұрау салады.
Қайта ресімдеу туралы сұрау салуды мемлекеттік қызметті алушы мынадай деректерді ұсына отырып күнтізбелік отыз күн ішінде ұсынады:
1) лицензиялық алымды бюджетке төлегені туралы мәлімет;
2) лицензия мәліметтері (www.elicense.kz порталында бар болған кезде) не электрондық сұрау салуға қоса берілетін сканерленген көшірмелер түріндегі лицензияға қосымша.
Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерді МСЭҚК, МСЭҚК аумақтық департаменті, МФҚБК аумақтық департаменті немесе әкімдік ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжаттар нысанында портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Мемлекеттік қызметті алушы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны мынадай жағдайларда:
1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгергенде;
2) дара кәсіпкер қайта тіркелген кезде, оның атауы мен мекенжайы өзгергенде;
3) заңды тұлғаны біріктіру, қосу, бөлу немесе қайта құру түрінде қайта ұйымдастыру кезінде;
4) заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекенжайы өзгергенде қайта ресімдейді.
12. Лицензияны, лицензияға қосымшаны алуға, қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқасын беруге арналған өтініштің нысаны Министрліктің интернет-ресурсында, сондай-ақ МСЭҚК-нің, МСЭҚК аумақтық департаменттерінің, МФҚБК аумақтық департаменттерінің немесе әкімдіктердің үй-жайларында орналастырылады.
Орталықтарда бекітілген нысандағы өтініштердің бланкілері күту залындағы арнайы бағандарда, сондай-ақ «Орталық» РМК-нің www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады.
Мемлекеттік қызметті портал арқылы алу үшін электрондық құжат нысанында сұрау салу толтырылады.
13. Құжаттарды қабылдау «бір терезе» қағидаты бойынша МСЭҚК-нің, МСЭҚК аумақтық департаментінің, МФҚБК аумақтық департаментінің немесе әкімдіктің кеңсесі арқылы күн сайын аптасына бес рет дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.
Орталықтарда құжаттарды қабылдау операциялық залында «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылады.
Порталда электрондық сұрау салуды жөнелту мемлекеттік қызметті алушының «жеке кабинетінен» жүзеге асырылады. Сұрау салу автоматты түрде мемлекеттік органға – таңдалған қызметке сәйкес мекенжайға жіберіледі.
14. Құжаттарды МСЭҚК-нің, МСЭҚК аумақтық департаментінің, МФҚБК аумақтық департаментінің немесе әкімдіктің кеңсесі арқылы қабылдау кезінде мемлекеттік қызметті алушыға:
өтініштің нөмірі мен күні;
сұрау салынған мемлекеттік қызметтің түрі;
өтінішке қоса берілген құжаттардың саны;
құжатты қабылдаған кеңсе қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Құжаттарды Орталық арқылы қабылдаған кезде мемлекеттік қызметті алушыға:
сұрау салудың нөмірі және қабылдаған күні;
сұрау салынған мемлекеттік қызметтің түрі;
қоса берілген құжаттар саны және атауы;
құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;
құжатты ресімдеуге өтінішті қабылдаған Орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;
мемлекеттік қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, өкілеттік берілген өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетіле отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Портал арқылы өтініш берілген кезде, мемлекеттік қызметті алушыға порталдағы «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметтің нәтижесін алушының алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті ұсыну үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі.
15. Дайын құжаттарды беруді өтініш қабылдаған күні берілген қолхатта көрсетілген мерзімде МСЭҚК, МСЭҚК аумақтық департаменттері, МФҚБК аумақтық департаменттері немесе әкімдіктер жүзеге асырады.
Бұл ретте мемлекеттік қызметті алушыға ресімделген құжатты беру фактісі құжаттарды беруді есепке алу журналында тіркеледі (алушы журналға қол қояды).
Орталықта дайын құжаттарды мемлекеттік қызметті алушыға беруді Орталық қызметкері күн сайын «терезе» арқылы қолхат негізінде ондағы көрсетілген мерзімде жүзеге асырады.
Егер мемлекеттік қызметті алушы қызмет нәтижесіне көрсетілген мерзімде келмеген жағдайда, Орталық олардың бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды МСЭҚК-ге, МСЭҚК аумақтық департаментіне, МФҚБК аумақтық департаментіне немесе әкімдікке береді. Қызмет көрсетудің нәтижесі мемлекеттік қызметті алушыға порталдағы «жеке кабинетіне» жіберіледі.
16. Егер:
1) қызмет түрiне лицензия беруге өтiнiш берiлген жағдайда қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым енгiзiлмесе;
2) мемлекеттік қызметті алушы бiлiктiлiк талаптарына сай келмесе;
3) мемлекеттік қызметті алушыға лицензия беру келiсушi мемлекеттiк органмен келiсiлмесе;
4) мемлекеттік қызметті алушыға қатысты оған қызметтiң жекелеген түрiмен айналысуға тыйым салатын заңды күшiне енген сот үкiмi болса мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тартылады.
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту кезінде Орталық қызметкері мемлекеттік қызметті алушыға жетіспейтін құжаттарды көрсете отырып қолхат береді.
Егер МСЭҚК, МСЭҚК аумақтық департаменті, МФҚБК аумақтық департаменті немесе әкімдік осы стандарта белгіленген мерзімде мемлекеттік қызметті алаушыға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны бермеген жағдайда не лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден дәлелді бас тартуды ұсынбаған жағдайда оларды берудің мерзімі аяқталған күннен бастап лицензия және (немесе) лицензияға қосымша берілді деп есептеледі.
МСЭҚК, МСЭҚК аумақтық департаменті, МФҚБК аумақтық департаменті немесе әкімдік лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру мерзімі аяқталған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік қызметті алушыға тиісті лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруге міндетті.
Бес жұмыс күні өткеннен кейін лицензия және (немесе) лицензияға қосымша берілмеген жағдайда лицензия және (немесе) лицензияға қосымша алынған болып есептеледі, ал лицензияны алғанға дейін лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асырудың заңдылығын растайтын құжат МСЭҚК-нің, МСЭҚК аумақтық департаментінің, МФҚБК аумақтық департаментінің немесе әкімдіктің кеңсесінде құжаттарды қабылдау күні туралы белгісі бар тізімдеменің көшірмесі болып табылады.
3. Жұмыс қағидаттары
17. МСЭҚК, МСЭҚК аумақтық департаментінің, МФҚБК аумақтық департаментінің, әкімдіктің және Орталықтың қызметі:
1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтауға;
2) заңдылықты сақтауға;
3) көрсетілетін қызмет туралы толық ақпарат беруге;
4) сыпайылыққа;
5) мемлекеттік қызметті алушының қарауға ұсынған құжаттарының сақталуын қамтамасыз етуге;
6) ақпаратты қорғау және оның құпиялығына негізделеді.
4. Жұмыс нәтижесі
18. Мемлекеттік қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері осы стандартқа 9-қосымшаға сәйкес сапа мен тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. МСЭҚК-нің, МСЭҚК аумақтық департаментінің, МФҚБК аумақтық департаментінің, әкімдіктің және Орталықтың жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын осы мемлекеттік қызметтің стандарттарын әзірлеуге жауапты мемлекеттік органның тиісті бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
20. МСЭҚК-нің, МСЭҚК аумақтық департаментінің, МФҚБК аумақтық департаментінің, әкімдіктің және Орталық қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру, сондай-ақ шағымды дайындауға жәрдемдесу тиісінше осы стандартқа 1, 2 және 3-қосымшаларда көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша жүзеге асырылады.
Орталық қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты call-орталықтың телефоны (1414) бойынша немесе осы стандартқа 4-қосымшада көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша алуға болады.
21. Мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым осы стандартқа 1, 2, 3-қосымшаларда көрсетілген мекенжайлар бойынша МСЭҚК, МСЭҚК аумақтық департаменті, МФҚБК аумақтық департаменті немесе әкімдік басшыларының атына беріледі.
Орталықта көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда шағым мекенжайы мен телефоны осы стандарттың 26-тармағында көрсетілген «Орталық» РМК-ге беріледі.
22. Мемлекеттік қызметті алушыға қызмет дұрыс көрсетілмеген жағдайда МСЭҚК-нің, МСЭҚК аумақтық департаментінің, МФҚБК аумақтық департаментінің немесе әкімдік қызметкерлерінің әрекетіне шағым осы стандартқа 1, 2, 3, 4-қосымшаларда көрсетілген мекенжай бойынша олардың басшыларының атына беріледі.
23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
24. Шағымдар пошта арқылы жазбаша нысанда не МСЭҚК-нің, МСЭҚК аумақтық департаментінің, МФҚБК аумақтық департаментінің, әкімдіктің немесе «Орталық» РМК-нің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Шағымда жеке тұлға үшін – тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы, заңды тұлға үшін – оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Шағымға мемлекеттік қызметті алушы қол қоюы тиіс.
Шағым берілген кезде әрекетіне шағым жасалған лауазымды тұлғалардың тегі мен аты-жөні, өтініштің себептері мен талаптары көрсетіледі.
Шағымға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі қоса беріледі.
25. Шағымды қабылдауды растау орналасқан жерлері осы стандартқа 1, 2 және 3-қосымшаларда көрсетілген МСЭҚК-нің, МСЭҚК аумақтық департаментінің, МФҚБК аумақтық департаментінің немесе әкімдіктің кеңсесінде немесе мекенжайы осы стандарттың 26-тармағында көрсетілген «Орталық» РМК кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.
Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
Шағымды қарау нәтижелері туралы мемлекеттік қызметті алушыға пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.
Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты МСЭҚК, МСЭҚК аумақтық департаменттерінен, МФҚБК аумақтық департаменттерінен немесе әкімдіктерден осы стандартқа 1, 2, 3-қосымшаларда көрсетілген телефондар бойынша және телефоны осы стандарттың 26-тармағында көрсетілген «Орталық» РМК-ден алуға болады.
Қолма-қол келіп түскен және пошта арқылы келген шағымның қабылданғанын растау оны Орталықтың немесе «Орталық» РМК кеңсесінде (шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа мөртабан, кіріс нөмірі мен тіркеу күні қойылады) тіркеу болып табылады.
Мемлекеттік қызметті алушыға шағымды қабылдаған тұлға оның шағымының қабылданғанын растау үшін нөмірі, күні, шағымды қабылдаған тұлғаның тегі, байланыс деректері көрсетілген қолхат береді.
26. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Сол жағалау, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, № 5 кіреберіс, ақпараттық-анықтамалық қызмет телефоны 8 (7172) 74-32-79, интернет-ресурсы: www.mz.gov.kz.
«Орталық» РМК-нің мекенжайы 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, № 43 «а», телефоны: 8 (7172) 94-99-93, интернет-ресурсы: www.con.gov.kz.
___________________________
«Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |