«Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру»



Дата23.02.2016
өлшемі184.5 Kb.
#2480


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы «13» қыркүйектегі

№ 1195 қаулысымен

бекітілген

«Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін

мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру»

мемлекеттік қызмет стандарты



  1. Жалпы ережелер

1. «Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – уәкілетті орган): 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1 мекенжайы бойынша көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 45-бабы, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 9 желтоқсандағы № 559 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерiн, оларға арналған құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi, сондай-ақ оларға құқықты куәландыратын құжаттар нысандарын мемлекеттiк тiркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) негізінде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызмет стандарты: www.mtk.gov.kz мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында орналасқан.

5. Мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (телнұсқаны) беру немесе қағаз тасығышта мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері – осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органға өтінім берген күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде;

2) телнұсқаны беру мерзімі –күнтізбелік 7 күн;

3) осы стандарттың 11-тармағында анықталған, қажетті құжаттарды тапсыру кезінде уәкілетті органда кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды;

4) уәкілетті органда мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті (телнұсқа) алу кезінде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер (Салық кодексі) туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде бекітілген тәртіппен және мөлшерлемесі бойынша тіркеу алымы алынады.

9. Уәкілетті органның жұмыс кестесі:

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін.

Мемлекеттік қызмет кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз көрсетіледі.

10. Мемлекеттік қызмет көрсету уәкілетті органның дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға жағдайлар жасалған, күту және құжат толтыру, қажетті құжаттар тізбесі және оларды толтыру үлгілері, нормативтік құқықтық актілерден үзінділер (үзінді көшірмелері) көрсетілген стенділермен қамтамасыз етілген ғимараттарында жүзеге асырылады.

Уәкілетті органда жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша талдау жүргізу, жұмысты одан әрі жетілдіру үшін қоғамдық пікірді зерделеу мақсатында, жеке және заңды тұлғаларға арналған шағымдар мен ұсыныстар кітабы жүргізіледі.



2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы немесе оның сенімхат бойынша оның уәкілетті өкілі мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті алу үшін мынадай құжаттардың қоса отырып, осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес, нысан бойынша уәкілетті органға өтініш ұсынады:

1) азаматтық әуе кемесін алғашқы мемлекеттік тіркеу кезінде:

азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркегені үшін алым төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

сатып алу-сату шарты, сот шешімі, басқа да меншік құқығын растайтын құжатты немесе олардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

жалға алу, лизинг, мүліктік жалға беру шарты, әуе кемесін пайдалану құқығын растайтын құжатты немесе олардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

азаматтық әуе кемесін қабылдау-тапсыру актілері немесе олардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес әуе кемесінің техникалық жай-күйінің тексеру актісі;

Азаматтық авиация комитетінің қарамағындағы ұйымдармен немесе жеңіл және аса жеңіл әуе кемелері үшін – пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйымның техникалық комиссиясымен осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес құрылған азаматтық әуе кемесінің пайдалануға жарамдылығы туралы бағалау актісінің көшірмесі;

азаматтық әуе кемесінің азаматтық авиация тізілімінен немесе шетел мемлекеттің азаматтық әуе кемелерінің тізілімінен (бар болған жағдайда) шығарылуын растайтын құжаттың көшірмесі;

ұшу жарамдылығының экспорттық сертификатының көшірмесі (әуе кемесін бір жерден екінші жерге әкелген кезінде);

әуе кемесін қайта жабдықтау туралы құжаттар (әуе кемесінің міндеті өзгерген жағдайда);

әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы туралы өндіруші зауыт берген уақытша куәлігі (әуе кемесін өндіруші зауыттан сатып алған жағдайда);

үлгі сертификатының көшірмесі немесе оған балама құжат Азаматтық авиация комитеті немесе шетел мемлекеті, әуе кемелерін сертификаттаумен айналысатын және Азаматтық авиация комитетімен танылған азаматтық авиация халықаралық ұйымы берген, ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігін куәландыратын құжаттың көшірмесі;

пайдаланушы сертификатының, авиациялық жұмыстарды орындау құқығына куәлігінің немесе ұшуды орындау құқығына куәлігінің (бар болған жағдайда) көшірмесі;

заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі немесе жеке тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі;

Қазақстан Республикасының салық төлеуші куәлігінің көшірмесі;

2) азаматтық әуе кемесінің иесі өзгерген жағдайда:

осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;

азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркегені үшін алым төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

сатып алу-сату келісім шарты, сот шешімі, басқа да меншік иелену құқығының ауысуын растайтын құжаты немесе олардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

жалға алу, лизинг, мүліктік жалға беру шарты, әуе кемесін пайдалану құқығын растайтын құжатты немесе олардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері (қажет болған/бар болған жағдайда);

азаматтық әуе кемесін қабылдау-тапсыру актілері немесе олардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

пайдаланушы сертификатының, авиациялық жұмыстарды орындау құқығына куәлігінің немесе ұшуды орындау құқығына куәлігінің (бар болған жағдайда) көшірмесі;

Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі немесе жеке тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі;

Қазақстан Республикасының салық төлеуші куәлігінің көшірмесі;

Мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі;

3) әуе кемесін қайта жабдықтаудан кейін міндеті өзгерген жағдайда:

осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;

азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркегені үшін алым төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

азаматтық әуе кемесін қайта жабдықтау туралы құжаттар;

осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру актісі;

Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі немесе жеке тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі;

Қазақстан Республикасының салық төлеуші куәлігінің көшірмесі;

Мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі;

4) азаматтық әуе кемесінің пайдаланушысы өзгерген кезде:

осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;

жалға алу, лизинг, мүліктік жалға беру шарты, әуе кемесін пайдалану құқығын растайтын құжатты немесе олардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері (қажет болған/бар болған жағдайда);

азаматтық әуе кемесін қабылдау-тапсыру актілері немесе олардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

пайдаланушы сертификатының, авиациялық жұмыстарды орындау құқығына куәлігінің немесе ұшуды орындау құқығына куәлігінің (бар болған жағдайда) көшірмесі;

Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі немесе жеке тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі;

Қазақстан Республикасының салық төлеуші куәлігінің көшірмесі;

Мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі.

Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу куәлігінің туралы телнұсқасын алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті Республикасы азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттiк тiркеу осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес формада өтінішті және келесі құжаттарды ұсынады:

1) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру алымы төленгені туралы құжаттың көшірмесі;

2) мемлекеттік тіркеу туралы Куәліктің жоғалу немесе ұрлануын растайтын құжаттар;

3) пайдалануға жатпайтын мемлекеттік тіркеу туралы Куәлік (Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік бүлінген жағдайда);

4) Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің немесе жеке тұлғаның куәлігінің көшірмесі;

5) Қазақстан Республикасының салық төлеуші куәлігінің көшірмесі.

12. Мемлекеттік қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында www.mtk.gov.kz мекенжайы бойынша орналасқан.

13. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар уәкілетті органның кеңсесіне, осы стандарттың 1-тармағында көрсетілген, мекенжай бойынша ұсынылады.

14. Уәкілетті орган құжаттарды қабылдау кезінде мемлекеттік қызметті алушыға осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдау туралы талон береді.

15. Азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі (телңұсқа) мемлекеттік қызмет алушыға оның жеке келуімен берілген куәліктерді тіркеу және есепке алу журналында қол қою арқылы уәкілетті органның қызметкері береді.

16. Мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту үшін негіз мыналар болып табылады:

1) мемлекеттік қызметті алушы тапсырған құжаттарда күмәнді мәліметтер анықталуы;

2) ұсынылған, осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген, құжаттар Қағидалардың талаптарына сәйкес еместігі.

Мемлекеттік қызметті алушыға осы стандарттың 7-тармағында көрсетілген мерзімде бас тарту себептерін көрсете отырып, жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі.

Уәкілетті орган мемлекеттік қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, уәкілетті орган өтінішті одан әрі қарау туралы белгіленген мерзімде жазбаша дәлелді бас тарту береді.

3. Жұмыс қағидаттары
17. Уәкілетті органның қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышын атқару кезінде заңдылықтың, Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексінің сақталуына негізделеді және сыпайылық, толық ақпарат ұсыну, оның сақталуын, қорғалуы мен құпиялығын қамтамасыз ету қағидаттарында негізделеді.

4. Жұмыс нәтижелері
18. Уәкілетті органның жұмыс нәтижелері осы стандартқа 6-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Уәкілетті органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығымен бекітіледі.



5. Шағымдану тәртібі
20. Мемлекеттік қызметті ұсыну сапасы бойынша наразылықтар болған жағдайда лауазымды адамдардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібін уәкілетті органның қызметкерлері мына мекенжай бойынша түсіндіреді: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық поштаның мекенжайы: kga_info@mtc.gov.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 24-26-05.

21. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, шағым Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне мына мекенжай бойынша ұсынылады: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық поштаның мекенжайы: mtc@mtc.gov.kz, кеңсенің телефоны: 8 (7172) 24-14-19.

Уәкілетті органның жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерін қоспағанда күн сайын сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-дан 14:30-ға дейін.

22. Дұрыс қызмет көрсетілмеген жағдайда, шағым уәкілетті органның басшысының атына мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1 мекенжайы, электрондық поштаның мекенжайы: kga_info@mtc.gov.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 24-26-05.

23. Мемлекеттік қызметті алушының көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

24. Шағым еркін нысанда жазылады.

25. Қабылданған шағым жеке (заңды) тұлғалардың өтініштерін есепке алу журналында тіркеледі. Шағымның қабылданғанын растайтын құжат, осы стандартқа 7-қосымшаға сәйкес, нысан бойынша шағымды қабылдаған адамның тегі және аты, әкесінің аты, күні мен уақыты, жасалған шағымға жауап алу мерзімі мен орны және шағымды қарауға жауапты лауазымды адамның байланыс деректері көрсетілген талон болып табылады.

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 8-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті алушыға шағымды қарау нәтижелері туралы жазбаша түрде пошта не электрондық пошта арқылы хабарланады.

26. Уәкілетті органның сенім телефоны: 8 (7172) 24-31-65.

________________________


«Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру»

мемлекеттік қызметтің стандартына

1-қосымша

Нысан


Қазақстан Республикасы Көлiк және
коммуникация министрлiгi   
Азаматтық авиация комитетiнiң төрағасы
______________________________________
(Т.А.Ә.)
ӨТIНIШ
Меншiк иесi: __________________________________________________

Пайдаланушы:___________________________________________________

тиесiлi ________________________________________________ әуе кемесiн,

                    (әуе кемесiнiң түрi)

Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерi тiзiлiмiне енгiзудi (өзгерiстер енгiзуге) және азаматтық әуе кемесiн мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк берудi (ауыстыруды) өтiнемiн.

Әуе кемесi туралы деректер:

1. Азаматтық әуе кемесiнiң бұрын тiркелген мемлекетi:

_______________________________________________________________

2. Айырымдық белгiсi: _________________________________________

3. Сериялық (зауыттық) нөмiрi: ________________________________

4. Зауыттан шығарылған күнi: (күнi, айы, жылы) ________________

5. Шығарушы зауыт, мемлекет: __________________________________

6. Азаматтық әуе кемесiнiң тағайындалуы: ______________________

7. Азаматтық әуе кемесiнiң класы: _____________________________

8. Қозғалтқыш күшi (кВт): _____________________________________

9. Соңғы жөндеуден өткен күнi және орны: ______________________

10. Кiм және қашан техникалық тексеру немесе ұшу сынағы жүргiздi:

_________________________________________________________

11. Азаматтық әуе кемесiнiң жөндеуге дейiнгi қалдық ресурсы: (сағат, қону, жыл)

__________________________________________________

12. Тұрақтау орны: ____________________________________________

13. Әуе кемесiне құқық түрi (керегiнiң астын сызыңыз):

1) меншiк құқығы;

2) пайдалану құқығы;

3) жедел басқару құқығы;

4) шаруашылық басқару құқығы.

14. Шарт нөмiрi және алу күнi:

Меншiк иесi: № _______ 20 ___ ж. «___» ________.

Пайдаланушы: № _______ 20 ___ ж. «___» ________.

15. Меншiк иесiнiң түрi (астын сызыңыз):

1) заңды тұлға;

2) жеке тұлға;

16. Құжаттың санаты: (Заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгi, жеке куәлiк, паспорт)

17. Құжаттың сериясы және берiлген күнi: № __________ 20 __ ж «___» _________.

18. Заңды тұлғаның атауы:______________________________________

19. Т.А.Ә., туған күнi: _________ 20_ ж. «__»________(жеке тұлғалар үшiн)

20. СТН: ______________________________________________________

21. БИН/ЖИН: __________________________________________________

22. Болу орны: (Облыс, аудан,елдi мекен, көшесi,үй нөмiрi, пәтер)

____________________________________________________________________

23. Телефон, факс нөмiрi және e-mail адресi: __________________

24. Алым сомасы, нөмiрi және күнi: № ___ 20 ___ ж. «___» _______ ____________ тг.


Азаматтық әуе кемесiнiң меншiк иесi:

____________________________________   _______________________________

(Басшының қолы)   (Т.А.Ә.)
М.О.                                   20 __ ж. «___» ___________
Азаматтық әуе кемесiн пайдаланушы:

____________________________________   _______________________________

(Басшының қолы)   (Т.А.Ә.)
М.О.                                  20 __ ж. «___» ___________
________________________

«Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру»

мемлекеттік қызметтің стандартына

2-қосымша

Нысан


«БЕКIТЕМIН»     
Ұйымның бiрiншi басшысы
_______________________
    (қолы, Т.А.Ә.)
20 __ ж. «__» ________
Әуе кемесiнiң техникалық жай-күйiн тексеру
АКТIСI

Комиссия құрамы:

Төрағасы ____________________________________________________________,

                            (лауазымы, Т.А.Ә.)

Комиссия мүшелерi ___________________________________________________

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________   

                           (лауазымы, Т.А.Ә.)

20 __ ж. ___ ____________ техникалық тексеру жүргiзiлдi

_____________________________________________________________________              (азаматтық әуе кемесiнiң түрi мен тағайындалуы)

мемлекеттiк және тiркеу айырымдық белгiлерi ___________________

___________________________________________________________.

сериялық (зауыттық) нөмiрi:
1. Әуе кемесi туралы мәлiметтер:


Зауыттан шығарылған күнi




Тағайындалған ресурс

_____ сағат ____ қону _______ жыл

Пайдалана басталғалы ұшуы

_____ сағат ____ қону _______ жыл

Жөндеу жүргiзу саны




Соңғы жөндеу жүргiзiлгеннен күнi және орны




Соңғы жөндеу жүргiзiлгеннен кейiнгi ұшуы

_____ сағат ____ қону _______ жыл

Жөндеу жүргiзгенге дейiнгi қалдық ресурсы

_____ сағат ____ қону _______ жыл

Жөндеу аралық ресурс

_____ сағат ____ қону _______ жыл

     

2. Әуе кемесiнiң ресурсын ұзарту негiзi _____________________

3. Қозғалтқыштың ресурсын ұзарту негiзi _____________________
М.О.            ___________________________________________________

                             (қолы, күнi, Т.А.Ә.)

4. Қозғалтқыш және әуе винттерi туралы мәлiметттер:


Қозғалтқыш/әуе винтi Түрi

1-iшнi 2-іншi 3-iншi 4-iншi Қосалқы күштiк қондырғы/ Бас редуктор

Зауыттық нөмiрi




Пайдалана басталғалы ұшуы (сағат)




Соңғы жөндеу жүргiзiлген күнi




Соңғы жөндеу жүргiзiлгеннен кейiнгi ұшуы (сағат)




Соңғы жөндеу жүргiзiлгеннен кейiнгi ұшуы




Жүргiзiлген жөндеу саны



5. Әуе кемесi _________________________________________ көлемде тексерiлдi

(кезеңдiк техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу нысаны),

бұл туралы формулярға жазба жасалынды _______________________________

                                                  (күнi)

6. Әуе кемесiнiң жабдықталғандығы _____________________________

7. Әуедегi қақтығысты ескертетiн борттық жүйенiң бар болуы

_____________________________________________________________________

8. Осы әуе кемесi түрiнiң осы актiнi жасау күнiне дейiнгi орындалуға мiндеттi барлық

пысықтаулар орындалған;

Типтiк конструкцияда бекiтiлген құжаттамамен қарастырылмаған өзгерiстер жоқ.
М.О.          _______________________________________________________

                          (қолы, күнi, Т.А.Ә.)

9. Ұшуды пайдалану нұсқауын бекiткен ұйым, бекiткен күнi

_____________________________________________________________________

10. Комиссияның азаматтық әуе кемесiнiң техникалық жай-күйi, ұшуға жарамдылығы және ұшу жарамдылығы сертификатын (әрекет ету мерзiмiн ұзарту) беру мүмкiндiгi туралы қорытындысы __________________________

Төраға: _______________________________________________________

                               (қолы, күнi, Т.А.Ә.)

Комиссия мүшелерi: ____________________________________________

_______________________________________________________________
М.О.                _________________________________________________

                                (қолы, күнi, Т.А.Ә.)


11. Пайдаланушының инженерлiк-авиациялық қызмет бастығының азаматтық әуе кемесiнiң ұшу жарамдылығы (оның iшiнде қажеттi жабдығы болған жағдайда халықаралық трассалар бойынша ұшу) туралы қорытындысы

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

Төраға: _______________________________________________________

                                 (қолы, күнi, Т.А.Ә.)

Комиссия мүшелерi: ____________________________________________


М.О.           ________________________________________________

                                 (қолы, күнi, Т.А.Ә.)


12. Актiнiң әрбiр бетi комиссия төрағасының қолымен және пайдаланушының мөрiмен расталуы тиiс.

13. Актiнiң жарамдылық мерзiмi бекiтiлген күннен бастап бiр ай.

Ескерту: - 11-тармақта инженерлiк-авиациялық қызмет бастығы келесi қорытындыны жасайды:

«Ұшақ (тiкұшақ) техникалық түзу және пайдалануға жарамды» немесе «Ұшақ (тiкұшақ) техникалық бұзылған және пайдалануға жарамсыз».


________________________

«Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру»

мемлекеттік қызметтің стандартына

3-қосымша

Нысан


Азаматтық әуе кемелерiнiң пайдалануға жарамдылығы туралы бағалау
актiсi

_____________________________________________________________________

                    (уәкiлеттi органның атауы)

20 __ жылғы «__» _________ № _______ бұйрығына сәйкес комиссия құрамы:

Төраға: _____________________________________________________________

                          (Т.А.Ә. лауазымы)

Комиссия мүшелерi:

_____________________________________________________________________

                          (Т.А.Ә. лауазымы)

_____________________________________________________________________

                           (Т.А.Ә. лауазымы)

_____________________________________________________________________

                          (Т.А.Ә. лауазымы)

№                   әуе кемелерiн бағалау жүргiзiлдi ________________________________

                           (ұйым атауы)
Азаматтық әуе кемелерiнiң пайдалануға жарамдылығы туралы бағалау актiсiнiң

мәтіні
Төраға:                      ________________   _________________

                                  (Т.А.Ә.)            (қолы)

Комиссия мүшелерi            ________________   _________________

                                  (Т.А.Ә.)            (қолы)

                             ________________   ________________

                                  (Т.А.Ә.)            (қолы)
Сараптама актiсімен таныстым:
Ұйым басшысы                 __________________   _______________

                                  (Т.А.Ә.)             (қолы)


________________________

«Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру»

мемлекеттік қызметтің стандартына

4-қосымша

Нысан
Қазақстан Республикасы Көлiк және   


коммуникация министрлiгi      
Азаматтық авиация комитетiнiң төрағасы
______________________________________
(Т.А.Ә.)
ӨТIНIШ
Меншiк иесi: __________________________________________________

Пайдаланушы: __________________________________________________ тиесiлi

_______________________________________________ әуе кемесiнiң

                       әуе кемесiнiң түрi

20 ___ ж. «___» _________ № _____ мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгiнiң телнұсқасын беруiңiздi өтiнемiн.

Ауыстыру, телнұсқа алудың себебi: _____________________________

Әуе кемесi туралы деректер:

1. Айырымдық белгiсi: _________________________________________

2. Сериялық (зауыттық) нөмiрi: ________________________________

3. Зауыттан шығарылған күнi: (күнi, айы, жылы) ________________

4. Шығарушы зауыт, мемлекет: __________________________________

5. Азаматтық әуе кемесiнiң тағайындалуы: ______________________

6. Азаматтық әуе кемесiнiң класы: _____________________________

7. Қозғалтқыш күшi (кВт): _____________________________________

8. Соңғы жөндеуден өткен күнi және орны: ______________________

9. Кiм және қашан техникалық тексеру немесе ұшу сынағын жүргiздi:

___________________________________________________________

10. Азаматтық әуе кемесiнiң жөндеуге дейiнгi қалдық ресурсы: (сағат, қону, жыл)

__________________________________________________

11. Тұрақтау орны: ____________________________________________

12. Әуе кемесiне құқық түрi (керегiнiң астын сызыңыз):

1) меншiк құқығы;

2) пайдалану құқығы;

3) оперативтi басқару құқығы;

4) шаруашылық басқару құқығы.

13. Шарт нөмiрi және алу күнi:

Меншiк иесi: № ______ 20 __ ж. «__» _________

Пайдаланушы: № ______ 20 __ ж. «__» _________

14. Меншiк иесiнiң санаты (астын сызыңыз):

1) заңды тұлға;

2) жеке тұлға;

15. Құжаттың санаты: (Заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгi, жеке куәлiк, паспорт)

16. Құжаттың сериясы және берiлген күнi: № _____ 20 __ ж. «__» _________

17. Заңды тұлғаның атауы:

18. Т.А.Ә., туған күнi: « » 20 ж. (жеке тұлғалар үшiн)

19. СТН:


20. БИН/ЖИН:

21. Мекенi: (Облыс, аудан, елдi мекен, көшесi,үй нөмiрi, пәтер)

22. Телефон, факс нөмiрi және e-mail адресi:

23. Алым сомасы, нөмiрi және күнi: № ____ 20__ ж. «__» ________ _________ тг.


Азаматтық әуе кемесiнiң меншiк иесi:

____________________________________   _______________________________

(Басшының қолы)   (Т.А.Ә.)

М.О.                           № ______ 20 __ ж. «__» _________


Азаматтық әуе кемесiн пайдаланушы:

____________________________________   _______________________________

(Басшының қолы)   (Т.А.Ә.)
М.О.                           № ______ 20 __ ж. «__» _________
________________________

«Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру»

мемлекеттік қызметтің стандартына

5-қосымша

Өтінішті қабылданғаны туралы талон

1. Өтінішті тіркеу нөмірі ___________________________________________________

   Өтініштің тіркелген күні 201__ жылғы «___» ________________

2. _______________________________________________________________________

               (көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрі)

3. _____________________________________________________ қабылданды.

              (мемлекеттік қызметті алушы өкілінің аты-жөні)

4. Қоса берілетін құжаттар саны _____ мен тізбесі:

1)____________________________________________________________________

2) ___________________________________________________________________

3) ___________________________________________________________________

4) ___________________________________________________________________

5) ___________________________________________________________________

6) ___________________________________________________________________

7) ___________________________________________________________________

8) ___________________________________________________________________

9) __________________________________________________________.

5. Қабылдаған:

_______________________________/ ________________/ ____________________

(Уәкілетті орган қызметкерінің лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә.)


6. Құжатты беру күні (уақыты) және орны: 20___ жылғы «___» __________ ___ сағ.___мин, _______________________________________________мекенжай бойынша.
________________________

«Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру»

мемлекеттік қызметтің стандартына

6-қосымша

 Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні



Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің алдынғы жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есептік жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап қызметті белгіленген мерзімде ұсыну жағдайларының %-ы(үлесі)










2. Сапасы

2.1. Қызмет көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)










3. Қолжетімділігі

3.1.Қызмет көрсету сапасына және оның тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)










3.2. Ақпаратқа электрондық форматта қол жеткізуге болатын қызметтердің %-ы (үлесі)










4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)










5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы(үлесі)









________________________


«Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру»

мемлекеттік қызметтің стандартына

7-қосымша



Талон

_______________________________________________________


(субъектінің атауы)

Өтінімді қабылдады _______________________________________


                     (маманның Т.А.Ә.)

20__ ж. «__» _________ __ сағат __ мин.

Тапсыру мерзімі және жауап алу орны 20__жылғы «_»_______________________дейін, _______________________________________________мекенжай бойынша.


(мөлшері 75 мм х 55 мм)

________________________





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет