6-Дәріс.Ұйымдық іс-әрекеттер, топтық динамика, өзгерістер мен жаңалықтар
Дәрістің жоспары: 1.Басқару психологиясындағы ұйымдық әрекет
2.Басқарудағы топтық динамика
3.Басқару жүйесінде өзгерістер мен жаңалықтарды қабылдау
Түйін сөздер: ұйым және басқару, ұйымдағы адам мәселесі, топтық динамика, өзгерісті қабылдау, жаңалықты қабылдау психологиясы
Тейлордың идеялары америкалық зерттеушілер Френк (1868-1924) және Лилиан (1878-1972) Джилберттердің зерттеулеріне себепші болды. Френк Джилберт Тейлорға қарағанда «адами фактор» теориясын толықтай зерттеді. Ол алғаш рет Америкада еңбекті ғылыми ұйымдастыру жүйесін енгізіп нұсқаулар дайындады. Ол мамандық таңдаудың да еңбек нәтижесіне әсер ететінін анықтап «өз орнындағы адам» ұғымын енгізді.
Белгілі ұйымдастырушы инженер Гаррингтон Эммерсон (1835-1931) жеке қызметкерлердің еңбек тиімділігін көтеру жолдарын қарастырды. Ол Тейлордың идеяларын өзінің жұмысына себепші болды деп есептейді. Ол алғаш рет өндірісті дамытудың «мақсатқа сай»жүйесін енгізіп, «Өнімділіктің он екі ұстанымы» кітабын жазып шықты. Автордың ойынша ең басты мақсат – шығынды болдырмау қажеттілігі.
Р.Лайкерт осы бағытты дамыта отырып жақсы басшылықтың түрлерін көрсетті:
1. Басшы стилі. Басшы бағынушыларға сенетіндігін көрсетуі керек.
2. Мотивация. Басшы топтың қызмет фирмасын пайдалана отырып бағынушыларды белсендендіру және марапаттау. Тексеру сұрақтары: 1. Басқару функцияларына сипаттама беріңіз.
2. Басқару функцияларын практикада қолданудың тиімді жақтары қандай?
3. Жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация және бақылау функцияларына салыстырмалы талдау жасаңыз?
4. Ұйымдастыру фукнциясының адам өмірінде алатын орны. Әдебиеттер: 1.Ахтаева Н.С.,Әбдіғапарова А.І, Бакбаева З.Н. Басқару психологиясы: Оқу құралы. –Алматы: Бастау баспасы, 2010.- 250 б.
2.Бердібаева С.Қ. Тұлға психологиясы. А, Қазақ университеті, 2016, 203 б.
3.Волкогонова О.Д., Зуб А.Т. Управленческая психология. – Москва: ИД «Форум» - Инфра, 2015.
4. Захарова Л.Н. Психология управления. Логос. 2014г.
5.Кабаченко В.С. Психология управления. Учебное пособие. – М.: Юнити, 201
6.Хасанова Г.Б., Исхакова Р.Р. Психология управления трудовым коллективом. Изд.КНИТУ. 2012г. 260стр.
7.L.M. Gilbreth. The Psychology of management. June 1, 2012. Dodo Press.