«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті Негізгі ұғымдар Осы регламентте мынадай ұғымдар пайдаланады: басқарма – «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы»



Дата17.07.2016
өлшемі57.57 Kb.
#205361


Павлодар облысы әкімдігінің

2013 жылғы 27 наурыз

№ 91/3 қаулысымен

бекітілді



«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті
1. Негізгі ұғымдар
1. Осы регламентте мынадай ұғымдар пайдаланады:

басқарма – «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

уәкілетті ұйым – бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйым;

тұтынушы – мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке тұлға;

құрылымдық-функционалдық бірлік (бұдан әрі – Бірлік) – мемлекеттік қызмет көрсету үрдісіне қатысатын лауазымды тұлға.

2. Жалпы ережелер
2. «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту» мемлекеттік қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) уәкілетті ұйыммен көрсетіледі.

3. Электронды емес форматта көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны – автоматтандырылмаған.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы «Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларын және азаматтарды бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы» № 1263 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қазандағы «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» № 1294 қаулысымен бекітілген «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты негізінде (бұдан әрі – Стандарт) ұсынылады.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижелері:

1) уәкілетті ұйымға тікелей жүгінген кезде - қағаз түріндегі (ерікті

нысандағы) тіркеу туралы анықтама (талон) беру;


2) мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбiне қойылатын талаптар

6. Уәкілетті ұйымның жұмыс кестесі туралы ақпарат Стандарттың 2- тармағында көрсетілген.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен барысы туралы ақпаратты басқарманың интернет-ресурсында: www.depzdrav.gov.kz, мемлекеттік қызмет көрсету орындарының стендтарынан алуға болады.

8. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері Стандарттың 10-тармағында көрсетілген.

9. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздеме Стандарттың 14-тармағында көрсетілген.

11. Медициналық ұйымға бекітілуі туралы өтінішті алған күннен бастап және мемлекеттік қызметті алған күнге дейін мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:

1) уәкілетті ұйымның лауазымды тұлғасының алушының өтінішін қабылдауы, тіркеуі;

2) уәкілетті ұйымның лауазымды тұлғасының алушының өтінішін қарауы;

3) уәкілетті ұйымның лауазымды тұлғасының алушыға бекітілгені туралы анықтаманы (талон) немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы негізделген жауаптың ұсынылуы.




4. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісіндегі іс-қимыл (өзара іс-қимыл) тәртiбiнiң сипаттамасы

12. Мемлекеттік қызмет алу үшін тұтынушы уәкілетті ұйымға Стандарттың 11 және 12-тармақтарында көрсетілген құжаттарды ұсынуы тиіс.

13. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінде келесі Бірлік қатысады:

1) уәкілетті ұйымның лауазымды тұлғасы.

14. Әрбір әкiмшiлiк әрекеттiң (рәсiмнің) орындалу мерзiмi көрсетіле отырып, Бірлік әкiмшiлiк әрекеттерінiң (рәсiмдердiң) дәйектілігі мен өзара әрекетiнің мәтiндiк кестелiк сипаттамасы осы Регламенттiң 1-қосымшасында көрсетілген.

15. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үрдісіндегі әкiмшiлiк әрекеттердiң қисынды дәйектілігі мен Бірліктің арасындағы өзара байланысты айғақтайтын сызба осы Регламенттiң 2-қосымшасында көрсетілген.


5. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

16.    Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзғаны үшін лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жауап-кершілікке тартылады.

«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу» мемлекеттік қызмет регламентіне

1-қосымша


Кесте 1. Бірлік әрекеттерінің сипаттамасы






Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағынының) әрекеттері

1

2

3

4

5

1

Әрекеттің (жұмыс барысының, ағынының) №

1

2

3

2

Бірлік атауы

Уәкілетті ұйымның лауазымды тұлғасы

Уәкілетті ұйымның лауазымды тұлғасы

Уәкілетті ұйымның лауазымды тұлғасы

3

Әрекеттің (үрдістің, рәсімдеудің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Тұтынушының өтінішін қабылдау, тіркеу

Жеке басын куәландыратын құжатының және бекітілген халық тізбесіне (БХТ) сәйкес тұтынушының осы уәкілетті ұйымға бекітілуінің бар болуы жағдайында өтінішті қарау

Бекіту немесе мемлекеттік қызмет көрсету ұсынудан бас тарту анықтамасын (талонын) беруге дайындық

4

Аяқтау нысаны бекітілуі туралы анықтама (талон) немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беруу)

Өтінішті дәрігердің қабылдауына алдын ала жазылу журналына жазу

Тұтынушының өтінішін бекіту немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін жауапты тұлғаға тапсыру

Бекіту немесе мемлекеттік қызмет көрсету ұсынудан бас тарту жөнінде дәлелді жауап беру туралы анықтама (талон) беру

5

Орындау мерзімі

15 минут ішінде

1 күн ішінде

5 минут ішінде

6

Келесі әрекеттің нөмірі

2

3



«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу»

мемлекеттік қызмет регламентіне

2-қосымша


Функционалды өзара әрекет ету сызбасы






Тұтынушының өтінішін уәкілетті ұйымның лауазымды тұлғасының қабылдауы, тіркеуі







Жеке басын куәландыратын құжатының және бекітілген халық тізбесіне (БХТ) сәйкес тұтынушының осы уәкілетті ұйымнға бекітілуінің бар болуы жағдайында уәкілетті ұйымның лауазымды тұлғасымен өтінішті қарауы









Уәкілетті ұйымның лауазымды тұлғасының бекіту туралы немесе мемлекеттік қызмет көрсету ұсынудан бас тарту жөнінде дәлелді жауап беру туралы анықтама (талон) беруі









Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет