Медицинская инфографика



бет2/6
Дата19.05.2022
өлшемі0.59 Mb.
#457866
1   2   3   4   5   6
Беркинбаев Т (копия)

Функционалды жарақаттар: жарақат әсерінен дамыған шок, бас миының, жұлынның шайқалуы, тыныстың бұзылуы және т. б. түрінде көрінуі мүмкін. Механикалық жарақат түсіретіндер доғал заттар (қарулар, құралдар), өткір заттар (қарулар, құралдар) және оқ болып табылады.

Доғал заттан болған жарақаттар

Соққы - бұл травматикалық объект пен дененің қысқа уақытты механикалық өзара әркеттесуі. Травматикалық күштердің әсері орталыққа тартылады.Соққыдан көгеру, соғылған жаралар, қаңқа сүйектерінің жергілікті сынықтары, мидың ошақтық соғылулары. Қысылу - денеге екі немесе одан да көп травматикалық заттардың әсер етуі. Күштердің әрекеті орталыққа бағытталған. Компрессия дененің бір бөлігінің деформациясымен, мүшелер мен ұлпалардың ұсақталуымен, қысылған сынықтармен, мүшелердің жарылуымен және дене бөліктерінің бөлінуімен сипатталады.

Сызат - доғал заттың әсерінен пайда болатын эпидермистің және шырышты қабаттардың эпителиінің бутіндігінің бұзылуы. Сызат жазылу барысында қабыршақ пайда болады. Тыртықтың тузілуі сызатқа тән емес. Сызаттың жазылуы сатылы түрде өтеді.

Сызат - доғал заттың әсерінен пайда болатын эпидермистің және шырышты қабаттардың эпителиінің бутіндігінің бұзылуы. Сызат жазылу барысында қабыршақ пайда болады. Тыртықтың тузілуі сызатқа тән емес. Сызаттың жазылуы сатылы түрде өтеді.

  • алғашқы сағаттарда сызаттың түсі ашық қызыл болады. Сызаттың беті сулы болып айналасындағы зақымдалмаған тері деңгсйінен төмен орналасады;
  • сосын сызаттың беті кеуіп қабыршақтанады және қоршаған зақымдалмаған тері деңгейімен деңгейлесіп, содан кейін сызат қабығы қалыңдап көтеріледі:
  • уақыт өткен сайын сызаттың бетіндегі қабыршақ астында эпителизация жүреді, қабыршақ шетінен бастап, бірте-бірте түсе бастайды:
  • қабыршақ түскеннен кейін біраз уақытқа дейін сызаттың орнында қызғылт дақ болады. Сосын ол дақ жойылып тері қалыпты түсіне енеді, яғни, сызат толық жазылады

Мәйітті тасымалдау кезінде, немесе басқа себептерден мәйітте де эпидермис сырылып кетуі мүмкін. Өлгсннен кейінгі пайда болған сырылу белгілері - «пергамент дақтары» деп аталады Сызаттың сот- медициналық маңызы:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет