Перизат Ермекқараева, Алматыдан. Репортер бұрыннан белгілі болып келген тақырыпты зерттей отырып, сол саланың жұртшылыққа таныс емес қырларын ашуға ұмтылады. Мұндай репортаждарды алдын-ала жоспарлап алып жазуға да болады. Тақырыптық-танымдық репортаждардан жеделдік сипаты талап етілмейді.
Мұндай репортаж тиянақты сценарийлық дайындықты, әрекеттің негізгі кезеңдерін және көрсетілім жүйесін анықтауды талап етеді. Репортердің сөзі тікелей эфирде режиссураны қажет етеді. Ол іс-әрекеттің қатысушысы болып кетеді. Репортердің жұмысы – бүкіл ақпаратты танымал, қызықты пішінге келтіру. Жақсы репортер ерекшелігі - болып жатқан жағдайға стандартты емес көзқарас, ондағы қызықты тұстарды анықтау. Соңғысы, тележурналист өзі оқиғаны модельдеуі мүмкін. Бұл жерде адамдардың табиғи реакциясын ұсынуды қарастыруға болады.
Әдіс жасырын камераның көмегімен жанастырылады. Бір күні телевизиялық камералар құрылыс алаңынан қашық емес жерде орналастырылады. Репортер көрермендерге қазір мемлекеттік мүліктің топтық ұрлауы болатынын ескертті. Бұл уақытта көлік тоқтап, жұмысшылар (репортердің достары) құрылыс материалдарын көлікке тией бастайды. Біраз уақыттан кейін жұмысшылардың біреуі не болып жатқанын білуге тырысады. Сол кезде «Басшылықтың бұйрығы» деген қысқа жауап оны қанағаттандырады. Көлік кеткеннен кейін, репортер жасырын жерінен шығып, мүліктің сақтануы жайлы әңгіме қозғайды. Бұл қойылымдық репортаж.
Оқиғалық репортаж ақпараттық функцияны атқаратындықтан, ал тақырыптық репортаж өмірдің құбылыстарын зерттеп, оны мәдени-танымдық және қоғамдық-педагогикалық жақтан көрсететіндіктен, репортаждың жанры ауыспалы болып, сараптамалық публицистикаға тән міндеттерді шеше алады.
Телевизиядағы репортаждың табиғи қасиеті мол жанр. Сондықтан да репортаж ең көп тараған, журналистиканың басты жанры болып табылады. «Репортаж» термині француз тіліндегі «reportage» және ағылшынның «report» деген терминінен шыққан. Ол «хабарлау» деген мағынаны білдіреді. Бұл сөздердің ортақ түбірі латынның «reporto», яғни «жеткіз» деген сөздің мағынасын береді. Бұл термин өткен ғасырдың ортасында пайда болды. Оның мерзімдік баспасөзге шығар алдында да нұсқасы кездескен. Онда репортаждық элементтердің де болғаны айқындалған. Бірақ репортаж өз алдына жеке, сапалы жанр болғанға дейін бірнеше жылдар қажет болды. Содан кейін ғана репортерлік мамандық пайда болды. Ол «жаңалықтарды хабарлау», яғни аудитория мен оқиғаны байланыс-тырушы болды. Сонымен бірге, Отандық журналистиканың өрлеуі осы репортаждың барлық БАҚ-тың ішінен ең алдыңғы орынға шығуына септігін тигізді, оның ішінде теледидарда бұл жанрдың кең таралуына әсер етті.
Репортаж – журналистиканың белсенді жанры болғандықтан баспасөз, радио, телевизия қандай да бір оқиғаны тілшінің көмегімен жедел жеткізеді. Ең соңғы жағдайды ерекше атап өткеніміз дұрыс болар. Өйткені, жаңалықтарды хабарлау басқа да ақпараттық жанрлардың мақсаты болып табылады. Бірақ репортажда автордың оқиғаға деген қөзқарасы, құбылыс, деректерді таңдап алуы бірінші орынға шығады. Ол ақпараттық жанрдың шынайылығын жоққа шығармайды. Журналистиканың тарихында репортаждың орны зор. Себебі, ол өмірге жақындығымен, құбылыстың шындық бет-бейнесін ашуымен ерекшеленеді.
Газет пен радиода репортер оқиғаны сөзбен әрлейтіндіктен, суреттеу функциясы газеттік немесе радиолық репортердің шығармашылық жұмысында басты орын алады. Телевизияда бәрі өзгеше: телекамера өмірдің өзін бақылайды, ал репортер оқиғаға көрермендер көзімен қарайды. Суреттеу функциясы камераның көмегімен жүзеге асатындықтан, репортерге болған оқиғаны тек кадрдан тыс баяндап, толықтыру ғана қалады. Берілуіне қарай репортаж «тікелей» және «түсірілген» (фиксированный) деп екіге бөлінеді. Тікелей репортаж дәл сол кезде болып жатқан оқиғаны көрсетеді, ол қозғалмалы телевизиялық станциялардың көмегімен жүзеге асады. Ал оның дәл сол сәттегі немесе сол уақыттағы оқиғасын көрсете алмауы фиксацияға жатады. Фиксация репортерлік әдіске қарай бейне, кино, фоторепортаж болып бөлінеді.
Деректі нақты берудің ежелгі тәсілі – бейнелеу, сурет салу болып табылады. Бейнерепортаж жанрын телевизияда елестету қиын емес. Бұл тәсілде қазіргі компьютерлік графика мен арнайы эффектілердің көмегін қолдануға болады. Бұрын Америка Құрама Штаттарында заңда қатаң белгіленгендіктен, тележурналистер әрқашан суретшілердің көмегіне жүгінген, бұл әдіс бейнерепортаждың тууына септігін тигізгені мәлім.
Дыбыс сүйемелдеуінің ерекшелігіне орай репортаждың екі түрін атауға болады. Синхронды - табиғи дауыстар мен қатысушылардың сөзінен құралатын репортаж түрі. Инемалық – мұнда кадрдан тыс мәтінді тележүргізуші оқиды. Бұл репортаж түрінің өзінің қолданылу аясы бар. Бұған арнайы репортаждар жатады.
«Хабар» арнасының тілшісі Жайна Сламбектің «Жеті күн» апталық сараптамалық бағдарламасына жасаған ғылымды дамыту мәселесіне арнайы репортажы бейнеқордан алынды.