Мақсаты: науқасты зерттеуге сапалы дайындықты қамтамасыз ету, науқасқа хабарлау және науқасты оқыту.
Науқастың күрделі мәселелері:
Науқастың мәселелері:
Алда болатын манипуляцияға, науқастың негативті қарым-қатынасы;
Араласу алдындағы қорқыныш;
Ұялшақтық;
Емшараны жүргізгенде дискомфортты сезіну.
Қолдану көрсетілімдері:
Жуан ішектің қатерсіз және қатерлі ісіктер ауруларын диагностикалау үшін;
Жуан ішектің зақымдануы ұзындығын анықтау үшін және хирургиялық операцияның көлемін таңдау;
Морфологиялық денгейде диагнозды анықтау үшін;
Жуан ішектің жоғары орналасқан бөлімдерінің, сілемейлі қабығын визуальды қарау;
Диспансерлік және профилактикалық қарауларды жүргізу үшін;
Ішек түйілуінде, қан кеткенде, бөгде заттар және тағы да басқа ауруларда және тоқ ішектің жарақаттануы.
Қарсы көрсетілімдері: бейспецификалы ойық жаралы колиттің ауыр түрлері, Крон ауруы ішектен қан мол кету, жүрек-өкпе жетіспеушілігінің ауыр түрі, ауырсыну синдромы бар тік ішек аймағының жедел аурулары. Құрсақ қабырғасының жарығы, ІІІ сатыдағы гипертониялық ауру.
Асқынулар:
Жуан ішектің тесілуі;
Шажырқайдын керілуіндегі ауырсыну реакциясы;
Жуан ішектін сірнелі қабықтың жарылуы.
Дайындаңыз: колоноскопты, фортрансты, колоноскопияға жолдаманы.
Колоноскопияны дәрігер жасайды, мейірбике көмекші қызметін атқарады.
Іс-әрекет алгоритмі:
Қабылдауға болмайды: етті, қара нанды, жеміс-жидектер мен көкөністерді,көктерді, фасоль мен горохты, саңырауқұлақтарды, жидектерді, шемішкені, жаңғақты, сүйегі бар вареньені, соның ішінде кішкене шаттауығы бар (қарақат және таң қурай) жүзімді, кивиді.
Достарыңызбен бөлісу: |