Мейірбикенің қоғамдағы рөлін сипаттамас бұрын осы салаға қатысты терминдерге тоқталатын болсақ


Мейірбике- мейірбике іс философиясымен бөлісетін,медбикелік іске құқығы,кәсіби білімі бар маман



бет2/3
Дата03.01.2022
өлшемі21.08 Kb.
#451444
1   2   3
Айжанова Зейнеп мейіргер болу ушин талаптар

Мейірбике- мейірбике іс философиясымен бөлісетін,медбикелік іске құқығы,кәсіби білімі бар маман .

Қоршаған орта– адамның белсенді әрекетіне шалдығатын  табиғи, әлеуметтік, психологиялық  және рухани факторлар мен көрсеткіштердің қосындысы.»/1/

Мейірбике білім мен шеберлігі бар, күтім процесіне жауапты, мейірімділік көрсете білетін маман болып саналады. Мейірбике-емделушіге толық күтім қамтамасыз ету үшін өзінің кәсіби психологиялық және рухани қасиеттерін дамытқан, бірегей қоғамның белсенді тұлғасы. Қоғам мен емделушілердің қажеттілектерін қанағаттандыру үшін, денсаулықты сақтау үшін медбике жұмысын жалғыз және басқа да денсаулық сақтау саласындағы кәсіби жұмыскерлермен бірге атқара береді.

Мейірбикенің міндетіне емделушіні және оның өз тағдырын өзі шешу құқығын сыйлау кіреді. Осыған байланысты іс атқару барысында келесі принциптерге сүйенуге тиіс: қастық жасамау, жақсылық жасау, қызмет істей білу және мамандыққа да, емделушіге де адал болу. Сонымен бірге, мейірбикелік іс адамның ұлттық және таптық сипатын, жасын, жынысын, саяси немесе діни сенімдерін шектемейді.

«Мейірбике ісі ежелден келе жатқан мамандық.І Петр заманында Ресейде бірінші рет госпитальдерде, лазареттерде әйелдер еңбек етті. Бірінші қайырымды мейірбикелер халықтан шыққан. Олар өздерінің қалауынша науқастарға, жарақаттарға «күтім» жасауды ұйғарған.

Медицина ғылымының өсіп –өркендеуіне байланысты денсаулық сақтау саласындағы медицина мейірбикелерінің рөлі артып келеді.Мейірбике мамандығының пайда болуы ағылшын қызы Флоренс Найтингельге байланысты.1860 жылдың 24 маусымы  — мейірбике ісі тарихындағы атақты күн.Бұл күні Лондонда Қасиетті Томас госпиталінде Флоренс Найтингейльдің басшылығымен қайырымдылық мектебі ашылды.Осы мектепті бітіруші қыздар мен әйелдер тиянақты түрде ғылыми дайындықтан өтіп шығатын. Флоренс Найтингейль қоғам алдында ең бірінші болып мейірбике жұмысының мерейін көтерді.Ол ауруларды күтуге арнайы дайындық керек екенін жұртшылыққа дәлелдеп берді.Флоренс адам өмірін сақтап қалуда қайырымдылық мейірбикесі шешуші рөлді жиі атқаратынына көз жеткізді.Сол кезден бастап мейірбике ісінің негізі қаланды.XIX ғасырдан бастау алған мейірбике ісі қазіргі заманға дейін қаншалықты дамығаны,сол уақыт ішінде қоғамнан алынған орыны,өзінің кезеңдерін қалыптастыруы мейірбике ісінің қарқынмен дамығанына дәлел.Медицина қызметкерлеріне ең қымбат – адамдардың өмірі, денсаулығы, олардың жақсы жағдайда болуы сеніп тапсырылған. Ол тек науқас және олардың туыстарының алдында ғана емес,  тұтас алғанда мемлекет алдында да жауапкершілікте.

Сондықтан-да,  медицина  қызметкерлерінің  арасында мейірбикелерге де үлкен міндеттер жүктелген. Мейірбикелер жоғары кәсіби шеберлік иелері болумен қатар бақылаушылық, науқастың бойындағы      физикалық,   психологиялық өзгерістерді көретін, байқағыштық қасиеттерге де бай болғаны жөн. Олар ұстамды,өзінің сезімталдық берілгіштігін басқара білетін, эмоциялық  тұрақтылықта тәрбиеленген  жандар болуы тиіс.Оның ішінде әлбетте мәдинеттілікті сақтауға баса мән беріледі. Бұл бағытқа тоқталар болсақ, медицина қызметкерлерінің  мәдени  тәртіптілігін екі түрге бөлуге болады

Егер 1979 жылы  медициналық бикенің анықтамасы «орта медициналық білімі бар дәрігердің басмшылығымен жұмыс істейтін және оның жұмысына көмек көрсететін маман»болатын болса ,қазіргі моделі «медициналық бике – мейірбикелік іс философиясын кәсіби жағынан түсініп ,өз тәжірибесіне оңтайлы қолдана білетін жеке тұлға»    Мейірбикелік іс-әрекеттің төрт деңгейлі үзілді –кесілді анықталды:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет