Тыңдаушылардың өзіндік жұмысы
«Мейірімді жүрек ЕРІКТІЛЕР ЖАСАҒЫ»
«Мейірімді жүрек» ЕРІКТІЛЕР ЖАСАҒЫНЫҢ жобасы
Еріктілер жасағы
|
Атауы
|
«Мейірімді жүрек»
|
Негізі
|
№ 48 мектеп
|
Қалыптасқан уақыты
|
қыркүйек, 2022
|
Негізгі құжат
|
Еріктілер жасағы ережесі, Мектеп ережесі
|
Жасақ қатысушылары
|
№ 48 мектеп оқушылары
|
Ұйымның мақсаты
|
салауатты өмір салты идеясын насихаттау, қоғам үшін өз еркімен еңбек ету арқылы, оқушылардың жоғары адамгершілік қасиеттерін дамыту;
әлеуметтік, экологиялық, гуманитарлық, мәдени-білімділік, ағартушылық және т.б. жобаларда балалардың, жасөспірімдердің және жалпы халықтың денсаулығын жақсартуға байланысты мәселелерді шешуге оқушыларды тарту.
|
Жұмыс бағыттары
|
Спорт және салауатты өмір салты
Мейірімділік
Көрнекі үгіт
Шығармашылық
|
Ұйымдастырушы
|
Еслямова Айнур З
|
Іс-қимыл нұсқаулығы
|
Жұмыс жоспары
|
Ұраны
|
Девиз: Всегда там, где трудно быть!
Тепло, доброту дарить!
Можем свернуть горы,
Потому что мы - волонтеры!
|
ЕРІКТІЛІК – бұл өтеусіз, саналы, басқалар үшін өз еркімен қызмет ету.
ЕРІКТІЛЕР ЖАСАҒЫ – бұл салауатты өмір салтын насихаттау және жаман әдеттердің алдын алу аясында өз еркімен қызмет етуге тілек білдірген оқушылардың ұйымы.
Еріктілер жасағы оқушыларда адамдарға деген адамгершілік қарым-қатынасты тәрбиелеуге, олардың өмірі мен денсаулығын қорғауға, өзінің денсаулығына деген мәдени қарым-қатынас жасауға, адамдарға құрметпен қарауды қамтамасыз етуге, қоғамға, өзіне, өмірге деген позитивті қарым-қатынасқа, белсенді өмірлік ұстаным мен патриотизмді тәрбиелеуге шақырады.
Қоғамдық өмірдің кез келген саласында өтеусіз еңбек түрінде қызмет көрсетіп, қайырымдылық іс-әрекеттерді жүзеге асырып жүрген кез келген адам ЕРІКТІ БОЛА АЛАДЫ.Тегін – бекерге дегенді білдірмейді. Оның орнына ол жаңа мамандық алады немесе жалғыздықтан арылады, жаңа адамдармен танысады, сондай-ақ өзін- өзі дамытуға, жеке өсуіне мүмкіндік алады.
ЕРІКТІЛЕР ЖАСАҒЫНЫҢ МИССИЯСЫ
- қоғамның дене тәрбиесі мен моральдық қалпына келтіруіне үлес қосу;
- қоршаған адамдардың өмірін жарқын ету;
- өзіміз көмек көрсетіп жүрген адамдар бізге қызықты әрі керек екенін сездірту.
ЕРІКТІЛЕР ІС- ӘРЕКЕТІНІҢ ТҮРЛЕРІ:
жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау;
мүгедек балаларға көмек көрсету бойынша іс-шараларды ұйымдастыру;
мүгедектерге, ҰОС ардагерлеріне, еңбек ардагерлеріне, қарттарға қолдау көрсету;
Павлодар ауылының тарихи ескерткіштері мен экологиялық мәселелеріне
назар аудару;
әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына көмек көрсету.
ЕРІКТІЛЕР ЖАСАҒЫНЫҢ МАҚСАТЫ
- салауатты өмір салты идеясын насихаттау, қоғам үшін өз еркімен еңбек ету арқылы, оқушылардың жоғары адамгершілік қасиеттерін дамыту;
- әлеуметтік, экологиялық, гуманитарлық, мәдени-білімділік, ағартушылық және т.б. жобаларда балалардың, жасөспірімдердің және жалпы халықтың денсаулығын жақсартуға байланысты мәселелерді шешуге оқушыларды тарту.
Достарыңызбен бөлісу: |