Термометрия
Термореттеу (терморегуляция) ағзаның қалыпты жағдайда дене қызуының ұстауының қамтамасыз ететін физиологиялық просестің біртұтастығы.
Тамырлық термореттеуінде қан тамырлардың қуыстары кеңейеді немесе жіңішкереді.
Физикалық термореттеуінде ағзаның жылыны сыртқа беру өзгерісімен орындалады.
Химиялық термореттеуіндегі жылынның шығуы ағзаның тіндерінде жүргізіледі.
Негізінен қалтырау дегеніміз – ағзаның қорғаныш әсері, осы кезеңде вирус пен микробтар болуы мүмкін.Егер дене қызуы жоғары болса, ағзада оттегі жетіспеушілік пайда болады да, орталық нерв жүйесін зақымдайды, сол себептен есінен тану, сандырақтау, тырысу белгілері ағзада ұлғаюымен байланысты.Бұл жағдайда жедел түрде жәрдем көрсету керек, дене қызуы көтерілгенде демнің жиілігі жоғарлайды, тамыр соғысы көбейеді
Дене қызуын өлшеу әдістері екі түрге бөлінеді: қатынастық – жылыны прибор арқылы денеден алуға болады, қатынассыз – дененің жылуы прибормен ауа арқылы немесе айналадағы орта арқылы өлшенеді.Дене қызуын өлшеу үшін көбінесе сынапты термометр қолданады. Қазіргі уақытта электрондық, сұйық – кристалликалық термометрлер қолданады.
Дене қызуын өлшеу стандарттары
Мақсаты: Пациенттің дене қызуын өлшеу ағзаның функционалдық жағдайын бақылау үшін қолданады. Ішкі ауру инфекциясын алдын – алу.
Дене қызуын көбінесе қолтықтың астына өлшейді 2 мезгіл. Қолтық астының қалыпты температурасы – 36,4 – 36,8оС. Қолтық асты тамператураны өлшегенде құрғақ болуы тиіс.Ең жоғарғы температура 17 – 21 сағаттын арасында, ең төменгі 3 - 6 сағат арасында болады.Тамақтан кейін физикалық, психикалық жағдайда ыстық бөлмеде дене температурасы көтеріледі.Балалардың температурасы 0,3 – 0,4оС – ға жоғары болады.Ал қарт егде жастағы адамдардың температурасы төмен болады. Ауыздың қалыпты температурасы 36,0 – 37,3оС(орташа 36,8оС).
Термометрді тіл астына оң жақ немесе сол жағына салып аузын жапқызады да, 3 минут өлшейді. Бұл тәсілді балаларға 4 жасқа дейін және қоздырғыштық балаларға қолдануға болмайды. Қазіргі уақытта электрондық – сорғыш термометрлерді балаларға қолданады. Тік ішектің қалыпты температурасы 36,7 – 37,6оС Термометрді тік ішекке 2 см – ге жібереміз, 1 -2 минутта өлшейміз.
Достарыңызбен бөлісу: |