Қандай жағдайда қолданбайды:қолтықтың астына жаралар және қызару болса.
Термометрді қолдану тәсілдері
Пациенттпен жақсы көз қараспен сөйлесу, процедура мақсаты мен жүрісімен таныстыру, келісімен алыңыз.
Қолды жуып, құрғатыңыз.
Термометрді алып сілкілеп, сынабын 35о градустан төменге дейін түсіріңіз.
Құрғатып дәкемен сүртіңіз.
Термометрді сынап жағынан салыңыз.
Пациент қолын төсіне қысып алады.
Салған уақытта белгілеп отырыңыз.
Термометрді 10 минуттан кейін алыңыз.
Нәтижесіне баға беріңіз.
Пациентке нәтижесін хабарлаңыз.
Дене қызу көрсеткіштерін журналға, дене қызуының қағазына белгіленіз.
Термометрді зарарсыздандырыңыз (толығымен салу).
Перчатканы киіңіз.
Термометрді дезинфекциялық ерітінді алып, ағынды сумен жуып құрғатыңыз.
Перчатканы шешіңіз.
Термометрдің сынабы түскенше сілкілеңіз.
Термометрді қабына кигізіңіз.
Қолды жуып құрғатыңыз.
Қалтырау (қызба) кезеңдері
кезең. Пациенттің дене қызуының көтерілуі басталған кезде жылуды сыртқа көп шығармайды. Соның салдарынан адамның денесі мұздап тоңады. Қалтырап, дірілдейді. Мұның себебі қан тамырлардың нерв талшықтары тітіркенеді де, олар тамырларды тарылтады, әдетте дене қызуы көтерілгенде жүрек жиі соғып, адамның дем алысы
жиілейді, басы ауырып мазасы болмайды, егер температура нормадан бір градус жоғары көтерілсе, онда қан тамырының соғысы минутына сегіз-онға дейін, ал тыныс алу төрт есе жиілейді. Осы кезеңде мейіркеш немесе күтуші пациентке үлкен жауапкершілікпен қарап көмек көрсетуі керек. Кызуы көтерілген пациентің аяғына жылыткыш қойып, ыстық
шай беріп, жан жағын қымтап жауып, денесіне жел тигізбеген жөн.
кезең. Бұл пациенттің температурасының өте жоғары көтерілу кезеңі. Осы кезеңде пациенттің басы қатты ауырып, аузы кұрғап, ерні кеуіп кебірсейді. Денесі ауырып, әлсіздік пайда болады. Кейбір кезде пациент сандырақтайды. Есі ауып қалуы мүмкін. Сондықтан мейіркеш мұндай жағдайда пациентті жалғыз тастап кетпей, оның касында жағдайын қадағалап, бақылап отыруы керек. Бұл кезеңде пациентке жеңіл тамак беріп, күніне 5-6 рет тамақтандырған жөн. Сұйықты көбірек берген жөн. Жеміс сусындармен, минералды сулар ішкізген жөн, басы ауырып мазасы кетсе, онда пациенттің басын суық су кұйылған грелка немесе мұзды мұйық қою керек. Компресс қоюға да болады, ол үшін екі ас касық сірке қышқылын жарты суға араластырып дәкені сығып алады. Содан соң оны қабаттап ауырған адамның маңдайына қояды. Мейіркеш бұл кезеңде пациенттің
тамыр соғысын, қан қысымын міңдетті түрде тексеріп отыруы керек.
кезең. Пациенттің дене қызуының төмендеу кезеңі. Дене қызуы төмендегенде де, әр түрлі жолмен төмендейді. Мысалы: температура біртіңдеп бірнеше күн ішіңде төмеңдеуі мүмкін. Мұны литикалық төмендеу немесе лизис деп атайды, дене қызуы күрт төмендегенде науқас адамның жағдайы нашарлайды. Мұндай жағдайда мейіркеш пациентке жедел жәрдем көрсетуі керек, және дәрігер шақыртқан дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: |