Залалсыздандыруға болмайды: мақталық, синтетикалық заттарды және жануар жүндері, полиэтилен т.б.
Ауалық залалсыздандырудың күрделігі
Құрал — жабдықтардың барлық жерлеріне енгізіледі.
Коррозиялық әсері жоқ.
Төменгі бағалы.
Ұнтақтарды, майларды, шынылы заттарды залалсыздаңдыруға болады.
Ауалық стерилизатордың жұмыс тәртібі
Залалсыздандырылатын заттарды стерилизатор суық болып тұрғанда салады.
Қыздырады.
Залалсыздандыру температурасы - 180°-ге дейін көтеріп 60 минутқа дейін белгіленеді
Салқындатады.
Залалсыздандырылған заттарды алып, залалсыздандырылған қақпақпен жабады.
Егер кұрал-жабдықтар залалсыздандырылған қорапта болса- үш тәулікке дейін сақталады. Егер қақпақсы тез арада қолданылады
Радиациялық залалсыздандыру көбінесе кәсіби құрылыстарында қолданылады.
Залалсыздандыруды тексеру үшін қолданатын әдістер:
Физикалық-уақытын, температурасын, қысымын анықтайды;
Химиялық — көбінесе химиялық термоиндикаторлар қолданылады;
Бактериологиялық — биотест жүргізіледі.
Стерилизатордың жұмыстық қасиеттерінің көрсеткіштері.
Жабдықтың жұмыстық қабілетін тексеру;
Бактериологиялық тест алған жағдайда микроорганизмдердің өспеуі;
Химиялық индикатор қолданғанда түсінің өзгеруі;
Залалсыздаңдырылған заттардың микрофлорасын жан-жағына таратылмауы
Құрал-жабтықтарды залалсыздыруға тексеру сынақтары
Азопирам сынағы: Гемоглобинді, кышқылдарды, хлор аралас заттарды,жуғьштарды, тотталған заттарды тексеру үшін азопирам сынағын колданады. Азопирамның кұрамында:100 мл амидопирин, 1 мл тұзқышқылды анилинбар. Осы қосындыны араластырып 96 % этил спиртімен 1 литрге дейін толтыру керек. Қақпағы тығыз жабылатын флаконда, тоңазытқышта температура 4°С екі ай сақтауға болады. Ал егер температурасы +18° + 20°С болса бір ай сақтайды. Құрал — жабдықтарды тексергенде егер көкшіл бояу пайда болса — онда қанның барлығы анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |