Сабақ тақырыбы: Аралас сандарды қосу және азайту Сабақтың түрі: Қайталау сабағы



бет1/6
Дата19.10.2022
өлшемі1.11 Mb.
#462937
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6


Бөлім: 5.1.2. Сандарға амалдар қолдану

Мектеп: 16 орта мектеп

Күні: 06.04.2018ж

Мұғалімнің аты-жөні: Арзиев Көптілеу

Сынып: 5 « А»

Қатысқандар саны: 24 оқушы

Қатыспағандар саны: Жоқ

Сабақ тақырыбы:Аралас сандарды қосу және азайту

Сабақтың түрі:

Қайталау сабағы

Сабақ мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.2.19 Натурал саннан бөлшекті азайту
5.1.2.20 аралас сандарды қосу және азайтуды орындау;

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Аралас сандарды ажырата алады;
Оқушылырдың басым бөлігі: Аралас санды бұрыс бөлшекке және керісінше, бұрыс бөлшекті аралас санға келтіреді; Аралас сандарды қосуды және азайтуды біледі.
Кейбір оқушылар: Аралас сандарға амалдар қолдануға мысалдар мен есептер құруды және берілген тақырып бойынша логикалық есептер ді шығара алады

Бағалау критерийлері

Оқушылар:
Бұрыс бөлшекті аралас санға айналдырады;
Аралас санды бұрыс бөлшекке айналдырады;
Аралас сандарды қосудың және азайтудың ережелерін қолданады;
Натурал санға аралас санды қосуды біледі;
Натурал саннан аралас санды азайтуды біледі.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:
Бөлшек – дробь - fraction
Жай бөлшек – обыкновенная дробь – common fraction
Алымы – числитель - numerator
Бөлімі – знаменатель – denominator
Бұрыс бөлшек – неправильная дробь – improper fraction
Дұрыс бөлшек – правильная дробь - proper fraction
Бөлшектің бүтін бөлігі – целая часть дроби - the integer part of the fraction
Аралас сан – смешанное число - mixed number
Ортақ бөлім – общий знаменатель - common denominator
Қосу – сложение - addition
Азайту – вычитание - subtraction
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
Аралас сан дегеніміз - ...
Бұл есептегі .... аралас сан, себебі, ...
... аралас санды қосу үшін, ... деп ойлаймын
... аралас санды азайту үшін, .... деп ойлаймын
... ең кіші ортақ бөлімге келтіреміз және ...
Бұл аралас санның бүтін бөлігін ...

Құндылықтарды дарыту


«Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясының құндылықтары:
Қазақстанның Тәуелсіздігі және Астана. Құндылықтарға баулу жеке тапсырма және үй тапсырмасында іске асады
Оқушылар ынтымақтастық ортада жұмыс жасайды. Бір бірімен қатынасқа түсе отырып, басқалардың пікірлерін тыңдауға, өз пікірін ашық айтуға дағдыланады. Бір-бірінің ойларын бағалау, жауапкершілікті сезіну, өзара сыйластық, командада жұмыс. Құндылықтарды дарыту жұптық және топтық жұмыстар арқылы жүзеге асырылады





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет