Мекеме атауы №25 жалпы орта білім беру мектебі
Аты – жөні Смагулова Қымбат Ерболатқызы және Жалелова Әйгерім Ермекқызы
Лауазымы тарих пәнінің мұғалімі, музыка пәнінің мұғалімі
Жұмысы өтілі 3,8 жыл; 6 жыл
Санаты екінші, екінші
Пәні Қазақстан тарихы және музыка
Тақырыбы «Қазақ халқының музыка, күй өнері»
Сынып 5
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Күні: 07.02.2014 ж.
Сынып: 5 «а» сыныбы.
Тақырыбы: «Қазақ халқының музыка, күй өнері».
Сілтеме: Т.С. Садықов, Ә.Т. Төлеубааев, Ғ. Халидуллин, Б. Сәрсекеев Ежелгі Қазақстан тарихы: жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, хрестоматия. - Алматы: Атамұра, 2011. -176 бет.
Мақсаты: оқушылардың қазақ даласындағы ән-күй өнерінің шығу тарихын, күй өнерінің өкілдерімен және олардың шығармашылығымен танысады, сабақта алған білімдерін практикада қолдана білуге үйренеді.
Күтілетін нәтиже: қазақ даласындағы ән-күй өнерінің шығу тарихын, күй өнерінің өкілдерін және олардың шығармаларын біледі, оларды түсіндіре алады, қазақ даласындағы ән –күй өнерінің ерекшеліктеріне талдау жасай алады. Алған білімдерін өмірде қолдана алады. Музыкалық аспаптардың түрлерін ажырата алады және кейбір аспаптарда ойнай алады.
Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: «миға шабуыл», «джиксо», «бағдаршам», «бас бармақ», «синквейн.
Керекті құрал - жабдықтар: интербелсенді тақта, оқулықтар, карточкалар, дидактикалық материалдар.
Сабақ кезеңдері
|
Мұғалімнің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Уақыт
|
Кіріспе
Ұйымдастыру кезеңі
|
Мұғалім балалармен «Амандасу» тренингісін өткізеді. Домбырада ойнай отырып, өлең жолдары арқылы амандасады.
Әрбір топ мүшесін міндетіне сай рөлдер тағайындайды: спикер, сазгер, дизайнер, бақылаушы, бағалаушы, таймкипер.
Кубикпен жұмыс істеу ережесімен таныстырады.
Әр топқа бағалау парақтарымен, жұмыс істеу ережелерімен және бағалау критерийлерімен таныстырады.
Бір-бірімізге шапалақтаймыз.
|
- Сәлемдесу тренингісіне қатысу.
Оқушылар рөлдерге бөлінеді және рөлдерге сәйкес қызмет атқарады.
|
2 мин.
|
А кезеңі:
білу
|
Оқушыларға үш музыкалық аспаптың үнін тыңдатады, композициялардың тыңдап болғаннан кейін оқушыларға тиісті сұрақтарды қояды.
Бұл үшін миға шабуыл әдісін қолданады.
-Сіздер нені тыңдадыңыздар?
-Бұл музыкалық шығармалар қандай аспаптарда ойналған?
-Не себепті біздер бүгін осы аспаптардың үнін тыңдап жатырмыз?
Бүгінгі тақырыппен қандай байланыстылығы бар?
Оқушыларды шапалақ арқылы мадақтайды.
|
- Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Сабақтың тақырыбын ашады.
Флипчартқа сабақ тақырыбын жазады. Жаңа тақырыпты дәптерлеріне жазады.
|
5 мин.
|
түсіну
|
«Джиксо» әдісі бойынша оқушыларды музыкалық аспаптардың суреттеріне сай үш топқа бөледі.
Әр топқа оқулықтан өз бетінше игерілетін материалды бөледі.
Бағдаршам арқылы бағалауды ұсынады.
Сергіту сәтін өткізеді («Қара жорға биі»).
|
Оқушылар қарым-қатынасқа түседі.
Топқа бөлінеді. Рөлдерге сәйкес әрекет етеді. Оқушылар сабақ материалын жеке игереді, бөліседі, топта талқылайды.
Бағдаршам арқылы бағалайды.
Сергіту жаттығуларын орындайды.
|
7-10 мин.
|
В кезеңі:
қолдану
|
Кестені толтыру. Күйшілер. Оқушылар тапсырманы жеке жеке орындатады. Содан соң әр топтан бирнеше баланы шығарып интербелсенді тақтада толтырғызады, интербелсенді тақтада толтырғаннан кейін, балалар бір- бірімен алмасады және бір -бірін тексереді.
Күйшілер
|
Өмір сүрген уақыты
|
Күйлері
|
Құрманғазы Сағырбайұлы
|
|
|
Тәттімбет Қазанғапұлы
|
|
|
Ықылас Дүкенұлы
|
|
|
|
Тапсырманы орындайды.
Оқушылар бір–бірін критерийлер арқылы бағалайды.
Сергіту жаттығуларын жасайды.
|
10 мин.
|
Талдау
|
Әр топқа шығармашылық тапсырма беріледі. Бұл тапсырманы дарынды балалар орындайды. 1 топ-келіншек шығармасын орындау. 2- топ халық әні Халаулым. 3-топ айтыс орындау.
Басбармақ әдісімен бір - бірін бағалауды ұсынады.
|
Тапсырманы музыкалық аспаптарды қолдана отырып, орындайды.
Басбармақ әдісімен
бір - бірін бағалайды.
|
7 мин.
|
С кезеңі:
жинақтау
|
Әр топқа «Синквейн» тапсырмасын орындауды ұсынады.
Үш музыкалық аспап суреті тақтаға ілінеді.
Оқушылар ою ойып, оларды безендендіреді. Ою түсін сабақтан алған әсерлеріне сәйкес таңдап безендендіреді.
|
Әр топ «Синквейн» тапсырмасын орындайды.
Музыкалық аспаптардың суретін безендендіреді.
|
5 мин.
|
бағалау
|
Оқушылар іс-әрекетін бақылайды. Спикерлерді бағалайды.
|
Бағалар картасын бағалаушы толтырып, топ бағалары бойынша қорытынды жасайды.
|
3 мин.
|
Үй тапсырмасы
|
Өткен параграфты қайталау, атақты күйшілер тақырыбына реферат жазу және «Мереке» күйінің орындалуын қайталау.
|
Тапсырманы күнделікке жазады.
|
1-2 мин.
|
Флипчарттан қосымшалар
1-слайд Мұғалімнің және балалардың сәлемдесуі. 2-слайд әйгілі күйшілер 3-слайд музыкалық аспаптар
4-слайд кесте толтыру
5-слайд Балалар ою қияды
Достарыңызбен бөлісу: |