Мектебіміздің 5-9 сыныптарында «Сұлулық және денсаулық» тақырыбы бойынша өткізілген іс-шаралар



Дата13.06.2016
өлшемі254.5 Kb.
#133763
Мектебіміздің 5-9 сыныптарында «Сұлулық және денсаулық » тақырыбы бойынша өткізілген іс-шаралар.

«Сүйкімі дүниенің сұлулықта» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

Сабақтың мақсаты: Адам мінез-құлқының, іс-қимылының дүниедегі ең сұлу мәнге ие екендігін дәлелдеу, сол арқылы оқушылардың жан дүниесінің сұлу болуына ықпал жасау. Яғни оқушылар бойындағы эстетикалық тәрбиені қалыптастыр

Сұлулық – адам жанын марқайтатын, көзін қуантатын, тамсантатын, тәнті ететін, сүйіндіретін көрініс, қимыл-әрекет, пішін немесе ой-қиялдың жемісі. Солардың ішіндегі ең кереметі қоғам мен табиғаттың ерекше перзенті – адам, соның сұлулығы.
Адам анадан сырт бейнесі, пішіні сұлу болып туылуы мүмкін, ал ішкі жан сұлулығы өзінің мінез-құлқы, қылығы, ісі. Басқа адамдарға деген байланысы арқылы қалыптасады. Әдетте, біз қыздың немесе жігіттің сұлулығы, көркемдігі жайында айтқанда оның бойының сымбаттылығына, үнінің назды, әуезділігіне, шырайының таза, балғын, қалың шашының толқындай төгілгендігіне қарап баға береміз. Бұл – адамның сыртқы сұлулығы. Ал, адамдағы басты сұлулық – ішкі жан дүниесі, мінезі, қалыптасқан әдептілігі.

Көрініс



Бейнебаян көрсетілді.

26 ақпан күні мектебіміздің 5-9 сынып оқушыларына «Сұлулық және тәрбиелілік» атты дөңгелек үстел өткізілді.



Топтық жұмыс.

  1. Топ «Сұлулық әлемді апаттан сақтайды» дегенді қалай түсінуге болады?

  1. Топ «Көңілді соқырлы деген не?»

Жан сұлулығы, сөзсіз, сана-сезімнің басқаға қарағанда жоғарылығынан туындайды. Адамның өнер мен білімге, өмір сүруге құштарлығы, айналасындағы сұлулықтың бәрін жоғары бағалауына, сүюіне ықпал етеді. Сұлулықты көре білсең, оны бағалай да білесің. Сұлулықты көре, сезе білген адам жамандыққа бармайды.    «Сұлулық әлемді апаттан сақтайды» демекші, сұлулықтың, әдеміліктің өмірде маңызы аса зор. Өмір өлшеулі болғандықтан, көзіміз тіріде жарық дүниенің шексіз сұлулығына тоймай, сұқтана қарап, жақсы істерімізбен айналамызға шуақ шашуымыз керек. Көз соқырлығынан көңіл соқырлығы жаман. Көңілі соқыр сұлулық әлеміне сапар шеге алмайды. Ал көзі соқыр адамдардың ішінде қаншама дарынды музыканттар, суретшілер, мүсіншілер, жазушылар, ақындар бар. Олар болмайтынды болдырып, таңғаларлық тамаша өнер туындыларын дүниеге әкелген. Өмірдің көмескі жақтары да бар болғанмен, жүрегінің жылуы, көңілінің сәулесі бар адам әр уақыт өмірдің жарық жағын қалайды. Өзін де, өзгені де шуаққа бөлеп, күнше жылытады. Міне, сұлулық деген сол. Адамның ішкі дүниесі, мінезі жаман болса, сұлу келбетінің құны көк тиын.  Сондықтан Өзін де, өзгені де шуаққа бөлеп, күнше жылытады. Міне, сұлулық деген сол.

Психолог кеңесі: « Өміріңізді жақсартқыңыз келе ме?» Ендеше, алға! Мына 10 қағиданы ұстанған адам нағыз бақытты адам болары сөзсіз.



Орындаған:Муканова Р.Ж

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет