Мектеп басшыларына! Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты



Дата03.07.2016
өлшемі24.35 Kb.
#175773
Мектеп басшыларына!
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты
Ақпараттық хат
Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты 2009 жылдың 26 қарашасында «Білім мен тәрбие беру үрдісіндегі этномәдени құндылықтардың ролі мен маңызы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.
Конференция жұмысының негізгі бағыттары:


    1. 12 жылдық білім беру жүйесінде этномәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаны қалыптастыру.

    2. Жаңа тұрпатты ұстаз тұлғасын қалыптастырудағы этнопедагогикалық білім мен тәрбие берудің проблемалары.

    3. Қазіргі Қазақстан қоғамындағы рухани құндылықтар жүйесін қалыптастырудағы ұлттық тәрбиенің орны және маңызы.


Баяндамаларға төмендегідей талаптар қойылады
Мақала мәтініА 4 форматында 6 беттен аспауы керек. Баяндама тақырыбы мәтін ортасына бас әріптермен Times New Roman шрифтімен жазылады. Екі интервалдан кейін курсив арқылы 12 кегльмен автордың аты-жөні, қала және оқу орнының атауы көрсетіледі. Мақала қазақ тілінде жазылса аннотация орыс тілінде, орыс тілінде жазылса, қазақ тілінде екі интервалдан кейін курсив арқылы 12 кегльмен беріледі. Баяндама мәтіні теріліміне қойылатын талаптар: бір интервал жол аралығымен 14 кегльде, жиектері сол жағы 3 см., жоғары, төменгі жағы-2см., оң жағы-1,5 см. Мәтіндегі сілтемелер тік жақшада [13,55] әдебиеттерпайдалану ретімен рәсімделеді.Айрықша пікірлер курсив немесе қою шрифт арқылы беріледі. Файл автордың фамилиясымен сақталады.

Қатысу шарттары
2009 жылдың 15-қарашаға дейін конференцияға қатысу туралы өтініш пен баяндама мәтіні баспа және электронды нұсқада және төленген жарна туралы түбіртек көшірмесі мына мекн-жайға жіберілуі тиіс: e-mail:aktobeagpi@mail.ru ,adk7575@mail.ru немесе ҚР.,030000, Ақтөбе қаласы, Ә.Молдағұлова даңғылы, 34, ауд. 324, «Педагогика және педагогикалық психология» жалпы институттық кафедрасы.

Материалдарды жариялау үшін 1500 теңге көлеміндегі ұйымдастыру жарнасын конференция жұмысына қатысу үшін деп атап көрсетіп, аты-жөніңізді жазып, институт кассасына өткізуіңізді немесе Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының төмендегі есеп айырысу шотына жіберуіңізді сұраймыз: СТН 061800231424,ИИК 0016609017, БИК 190301602

Халық банкінің Ақтөбе облыстық филиалы, Кбе 16

ҚР, 030000, Ақтөбе қаласы, Ә.Молдағұлова даңғылы, 34.

Байланыс телефондары: 8 (7132)57-81-12.

Педагогика және педагогикалық психология кафедрасы

Конференцияға қатысу шығындары қатысушының өз есебінен жүзеге асырылады.

Конференция қазақ, орыс тілдерінде жұмыс істейді.


Өтініш үлгісі
«Білім мен тәрбие беру үрдісіндегі этномәдени құндылықтардың ролі мен маңызы» тақырыбында республикалық ғылыми конференцияға қатысу үшін
Өтініш

1.Аты-жөні_____________________________________________

2.Жұмыс орны__________________________________________

3.Қызметі______________________________________________

4.Ғылыми дәрежесі мен атағы_____________________________

5.Баяндама_____________________________________________

6.Пошталық мекн-жайы__________________________________

7.Байланыс телефондары:________________________________

8.E-mail_______________________________________________

9.Қонақ үй қажеттілігі



Ия

Жоқ
ҚҒӘО директорының орынбасары - Ж.Жанайдаров.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет