Мектеп физика экспериментінің техникасы пәні: зертханалық ЖҰмыс №1 демонстрациялық эксперименттің жалпы әдістемесі



бет7/7
Дата14.06.2022
өлшемі20.68 Kb.
#459222
1   2   3   4   5   6   7
Мектеп физика экспериментіні техникасы п ні зертханалы Ж мыс

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №2


ОҚУ ЭКСПЕРИМЕНТТІ ДАЯРЛАУ ЖӘНЕ КӨРСЕТУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қауіпсіздік техникасын сақтау кез келген тәжірибелердегі міндетті шарт болып табылады.
Жылу және сәуле көздерімен қондырғының айналмалы бөліктерімен, электр қондырғылары және реактивтермен тәжірибе жасау кезінде, жарақат алмау, күйіп қалмау, токқа түспеу және басқа зақым алмауды қамтамасыз ететін қауіпсіздік шараларын сақтау керек.
Күші 1 мА электр тогын адам сезеді және оған теріс әсерін тигізеді, ал шамасы 0,01-0,1А ток күші адам өміріне қауіп туғызады.
Кейбір зақым туғызу мүмкіндігі бар тәжірибелердің адамның сезім мүшелеріне әсер ететіндей белгілері болады, оларға қондырғының қозғалмалы бөліктері, қысыммен шыққан будың және қайнаған судың шуы, зиянды газдың исі және т.б., ондай жағдайларда алдын-ала қауіпсіздік шаралары қолданылады.
Ал, электр қондырғыларымен жұмыс жасау кезінде, оқушылар қауіптілікті байқамайды және көрмейді, сондықтан физика кабинетіндегі электр сымдарының жүргізілуі техникалық нормаларға сай болу керек. Токты демонстрациялық столға әкелу арнаулы қосқыш арқылы орындалады. Қажетті жағдайды ажырата алу үшін оқушылар оның столдың қай жерінде орналасқанын білуі қажет.
Мұғалім қауіпті элементтері бар кез келген тәжірибелерді және лабораториялық жұмыстардың орындалуын көрсетуі кезінде, қауіпсіздік ережелерін оқушыларға әрқашанда айтып отыруға міндетті. Қауіпсіздік ережелерімен танысқандығы туралы мәлімет арнаулы журналда көрсетіледі. Қауіпсіздіктің жалпы және нақты ережелерін көрінетін жерге іліп қойған
дұрыс.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет