Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің міндеттері



Дата19.05.2022
өлшемі94.38 Kb.
#457344
педагогика.мждбдт


Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің міндеттері
Мектепке дейінгі балалық шақ дене тәрбиесінің міндеттерін жалпы мақсаттық бағыттарын сақтай отырып, жас ерекшеліктерін ескере нақтыланады. Мектепке дейінгі жасқа дейін дене тәрбиесін сауықтыру, білім беру және тәрбиелеу міндеттері жүзеге асырылады. Мектепке дейінгі дене тәрбиесінің басты міндеті - өмір қорғау және организмін даярлау жүзеге асырылады. Мектепке дейінгі балалық шақ дене тәрбиесінің міндеттерін жалпы мақсаттық бағыттарын сақтай отырып, жас ерекшеліктерін ескере нақтыланады.
Мектепке дейінгі жасқа дейін дене тәрбиесін сауықтыру, білім беру және тәрбиелеу міндеттері жүзеге асырылады. Мектепке дейінгілер дене тәрбиесінің басты міндеті - өмір қорғау және денсаулық нығайту, балалардың организмін шынықтыру болып табылады. Жақсы денсаулық барлық органдармен организм жүйелерін нормаға сай жұмыс істеуімен анықталады.
Денсаулық нығайту міндеттері бала организмінің даму ерекшеліктерімен туа отырып әр жүйе бойынша әлде қайда нақты түрде анықталады: Дұрыс және уақытылы сүйектенуге, омыртқа иелістерінің қалыптасуына, табан үзенгілігінің дамуына, байланыс буындық аппарттың нығаюына көмектесу, дене бөлiктерінің дұрыс арақатыста,сүйектердің өсуімен салмағын реттеуге себепші болу, бұлшық еттердің барлық топтарын (кеуде, арқа, қарын, аяқ,мойын бұлшық еттеріне айырықша көңіл бөлу).
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі процесінде білім беру міндеттерінде шешудің де маңызы аз емес. Қимыл қозғалыс дағдыларын қалыптастыру, денені түзу ұстау, дене тәрбиесі туралы білімді игеру. Нерв жүйесінің икемділігі арқасында балаларда қимыл қозғалыс дағдылары басқалармен салыстырғанда оңай қалыптасады. Олардың көпшілігін (еңбектену, жүру, жүгіру, шаңғы тебу, велосипед теуіп ойнау, т.б.) балалар күнделікті өмірде пайдаланады. Қимыл-қозғалыс дағдылары қоршаған ортамен байланыс жасауды жеңілдетеді және оны танып білуге көмектеседі.
Дене жаттығуларын дұрыс орындау бұлшық еттердің, буындардың, сүйек жүйесінің жетілуіне тиімді әсерін тигізеді. Егер бала жаттығуды оңай, қиналмай орындаса, онда ол жүйке қуатын аз жұмсайды. Осының арқасында жаттығуды көп рет қайталауға және жүрек қантамырлары, тыныс жүйелеріне әлдеқайда тиімді әсер жасауға, сондай-ақ дене қасиеттерін дамытуға мүмкіндік туады. Hық қалыптасқан қимыл қозғалысдағдыларын пайдалану қимыл-қозғалыс және ойын іс әрекетінің күтпеген жерден туатын міндетерін ойластыруға мүмкіндік береді.
Мектеп жасына дейінгі балаларда негізгі гимнастика жаттығуларын (сапта итұрып жаттығу, жалпы жетілу жаттығулары, негізгі қозғалыстар –жүру, жүгіру, теңдік сақтау, өрмелеу) спорт жаттығуларын (шаңғы тебу, коньки, вилосипед тебу, жүзу) орындауды қалыптастыру қажет. Мұнымен бірге балаларды спорттық элементтері бар ойындарды ойнай білуге үйрету керек (теннис, бадминтон, валейбол, баскетбол, хоккей, т.б.). Жас мөлшеріне қарай бөлінген топтар бойынша қалыптастырылатын қимыл-қозғалыс дағдыларының көлемі балабақшадағы тәрбие программасында берілген.
Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған мекемелерде дене шынықтыру жаттығулары топтық гимнастикалық сабақтар мен спорттық ойын-сауық түрлерінде өткізіледі.
Дене шынықтыру жаттығулары баланың күн тәртібінде жас шамасымен үлкен орын алу керек. Олар бұлшық еттiк белсенділікке ғана емес, суыққа, гипоксияға да бейімділікті ұлғайту үшін себепші болатын факторлар болып табылады. Физикалық белсенділік орталық жүйке жүйесінің қалыпты дамуына,жадтың, оқудағы үлгерімнің жақсаруына мүмкіндік туғызады, эмоционалды-мотивациялық өрісті қалыпты жағдайға келтіреді, ұйқының жақсаруына әсеретеді, тек физикалық қана емес, зерделі қызмет мүмкіндіктерінің де өсуі байқалады. Бұлшық еттің белсенділігін арттыру үшін, қозғалыс жүйелері мен дағдыларын жетілдіретін, сымбатты мүсін қалыптастыратын, жалпақ табанның дамуын бәсеңдететін дене жаттығуларын жасау қажет.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет