Мектеп жасына дейінгілердің дене тәрбиесінің мәні мен ерекшеліктері



Дата27.02.2016
өлшемі29.24 Kb.
#27890
ӘОЖ 372.363

Мектеп жасына дейінгілердің дене тәрбиесінің мәні мен ерекшеліктері

Төребеков Б.А., “Сырдария” университеті, Жетісай қ.

Бала туылғаннан бастап, мектепке барғанға дейінгі алғашқы жылдар адам өмірінде өте үлкен маңызға ие. Бұл кезеңде денсаулықтың ірге тасы шыңдалады, әр түрлі қабілеттер дами бастайды, сапалы қасиеттері көрінеді және мінез – құлық ерекшеліктері қалыптасады. Осы жылдарда баланың қалай тәрбиеленуі, оның болашақтағы оқуына, жеке азамат болып қалыптасуына негіз болады.

Баланың алғашқы жылдары жан-жақты тәрбиелеудің негізгісі дене тәрбиесі болып табылады. Дұрыс дамып келе жатқан бала ылғи да қозғалысқа қабілетті болады. Үш жасқа дейінгі баланың тәуліктік қажеттілігі 6,5 локомация, ал жеті жастағылардікі 16-18 локомация. Қозғалыс ықпалымен жүрек-буын, тыныс алу және жүйке жүйесі қызметі жақсарады. Тірек-қимыл жүйесі жетіліп зат алмасу процесі реттеледі. Бала қимыл арқылы әлемді таниды, оның психикасы, еркі, дербестігі, үлгерімі, ас қорытуы жақсарып ,ұжымшылдығы дамып өседі. Мидың үлкен жарты шеңбер бөлігінің белсенділігін арттырып, тіл қозғаушы орталықтың дамуын реттейді. Сол үшін бала неғұрлым түрлі ойындар арқылы қимыл-қозғалыстарды меңгерсе, соғұрлым сезім, қабылдау процестердің дамуын тездетеді.

Мектепке дейінгі мекемелерде (ясли, бала – бақша) 2-айдан 6-жасқа дейінгі балалар қатысады. Олар анатомо-физиологиялық ерекшеліктеріне, өмір шарттарына, тәрбиесі мен оқу-біліміне қарай топтарға бөлінеді. Олар яслилік және мектепке дейінгі (бала-бақша) топтар болып бөлінеді.

Ясли: нәрестелік жастағы бірінші топ (2-айдан 1-жасқа дейін) және нәрестелік екінші топ (1-жастан 2-жасқа дейін). Мектепке дейінгі: бірінші сәбилік топ (3-жастан 4-жасқа дейін), орташа топ (4-жастан 5-жасқа дейін), жоғары топ (5-жастан 6-жасқа дейін) .

Қимылды дамыту бала үшін өмірдің алғашқы айларында баяу өтеді. Үш айында бала ересектерге дыбыстау арқылы ғана жауап береді. Жеті – сегіз айында отырып тұра алады, қимыл әрекеттер жасайды, ал он-он бір айлығында өз бетінше қимылдау белсенділігін арттыру керек және осы қимылдарды қалыпты жүйеге түсірген жөн.

Өмірінің екінші кезеңінде баланы жүруге үйретуге баулу керек. Текпішектерге шығып түсіру, әр түрлі заттардың ықпалымен қолдың майда шеміршектерін дамыту. Доппен ойнауды, әр түрлі бөгеттерден асып өту дененің ойнау қызметтерін жетілдіруіне септігін тигізеді.

Бала өмірінің үшінші-төртінші жылдарында қимыл тәжірибесі кеңейеді. Үш жаста допты қағу, лақтыру, секіру, жүгіру және сол сияқты гимнастикалық сатыдан өтуге талпынады. Төрт жаста тепе-теңдік сақтау, түрлі қозғалыс ойындары, шанамен сырғанау және велосипед айдауды меңгереді. Бес жасында үлкен бұлшық еттері нақты қимылды орындайды. Алтыншы – жетінші жылдарында қимылда мәнділік, дәлдік, ұжымдық дағдылары дамиды. Қимылды дұрыс орындамаған жағдайда ескерту мен талдау нәтижесінде өз қатесін түсінеді. Бұл жаста өмірге ең қажетті қимылдық қозғалыстарды дамытушы жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, жүзу, велосипед тебу сияқты жаттығулардың негізін құрайтын қимылдар балаларға оң әсерін тигізеді.

Жасына лайықты қимыл-қозғалыс ерекшеліктерімен оған деген қажеттілікті ескере отырып, алғашқы жылы дене тәрбиесінің арнайы құралдары қолданылады.

Дене жаттығулары барлық жастағыларға ортақ. Нәрестелік жастағы балаларды шынықтыру кешеніне бәсең (аяқты бүгу, жазу, қолды кеудеге қысу), белсенді (отырып – тұру, тұлғаны ию, отыру, аяқты қимылдату) және рефлекторлы (табан саусақтарын жазу, бүгу) жаттығулары жатады.

Екі жастан жеті жасқа дейін әр түрлі жаттығулар пайдаланылады:

1) гимнастикалық: жүру мен жүгірудің түрлері, тереңдікке, ұзындыққа, биіктікке жүгіріп келіп секіру, би қимылдары;

2) сюжетсіз қозғалыс ойындары: (жалаушаға дейін жүгіру, асық ату, аударыспақ, ортаға түспек;

3) сюжетті қозғалыс ойындары: (“аққулар мен қаздар”, “аңшы мен үйректер”, “жаяу көкпар”, “түйілген орамал”);

4) спорт ойындарының элементтері: (волейбол, баскетбол, футбол);

5) спорт жаттығулары: (велосипедпен жүру, шаңғымен сырғанау).

Дене тәрбиесі сауықтыру, тәрбиелік және білім беру міндеттерінен тұратын болса, біздің басты міндетіміз мектепке дейінгі дене тәрбиесіне көп көңіл бөлуіміз керек.
Әдебиеттер

1. Э.Ж. Тілеулов., Денетәрбиесінің ілімі мен әдістемесі, Шымкент, 2003 ж

2. С.Каюрова., Дене тәрбиесі мұғалімдеріне арналған оқулық, Алматы, 1973 ж

3. Бала-бақшадағы дене тәрбиесі, Шымкент,1973 ж



4. Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі,Алматы,1976 ж

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет