Бисенова Галия Нугметовна
Ақтөбе облысы, Қобда ауданы,
Қобда гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі
Пәні: Ана тілі
Класы: 4 класс
Сабақтың тақырыбы: Ғ.Мүсірепов Көлде
Сабақтың мақсаты:
Жаңа тақырыпты игере отырып білімдерін кеңейту, таным белсенділігін арттырып өз ойларын дұрыс жеткізе білуін қалыптастыру.
Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттырып, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Оқу шапшаңдығын арттырып, ойлау қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтастыру, салыстыру
Сабақтың барысы:
Психологиялық дайындық
Сәлем, алтын күнім менің
Сәлем, аспан көгілдір
Сәлем, жақын досым менің
Қуанышты күн бүгін
І.Ұйымдастыру кезеңі:
1.Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Үй тапсырмасын сұрақ қоя отырып бекіту.
- Өлеңнің авторы туралы не білеміз?
- Өлеңде жазғы даланы кімдерге теңеген?
- «Кестелі жібек көрпедей » деген теңеу неге қатысты айтылып отыр?
- Неге көк ала кілемге теңеп тұр деп ойлайсың?
2. Мәтінге терме жұмыс жүргізу.
а)Ақынның гүлдерге жан бітірген жерін қай шумақтан білеміз?
ә)Сағынып қалған балаға теңеген шумағын тауып оку
3.Тақырыпты ашу
Жазғытұрғы табиғат көрінісіне нелер жатады деп ойлайсыңдар?
ІІ.Жаңа сабақ
Көлде қандай көріністер болатынын білу үшін бүгін Ғ.Мүсіреповтың «Көлде» әңгімесімен танысамыз.
1.«Ой шақыру» стратегиясы
Мәтінді бөлімдер бойынша негізгі ойды тапқызу
Күннің маужырап тұруы
Араның бал жинауы
Көлде Көл бетіндегі аққу мен қаз
Үйректердің есіне ұяларының түсуі
Қарғалардың қылығы
2. «Сұрақ қою» стратегиясы
Сұрақтарға жауап ала отырып әңгіменің желісін құрату
1.Көл жағасында көктем мезгілінің қай уақыты суреттелген?
2.Бұл кезде табиғат қандай күйде болады?
3.Көл бетіндегі аққу мен қаздың әдемілігін қалай суреттеген?
4.Үйректердің ұяларын ұмыту себебі неде?
Мәтінмен жұмыс Терме жұмыс жүргізу.
1.Табиғат көрінісі суреттелген жерді тауып оқу.
2.Қарға ның қылығы туралы әңгімеленген жерді тауып оқу.
Сөздік жұмыс Теңеу сөздер: бармақ басындай, балғын , құйқалы
Дәптермен жұмыс Табиғат туралы мақал-мәтелдердің ұйқасын тауып жазу
Көлдің көркі ... (құрақ), таудың көркі ... (бұлақ).
Өрісіне қарап ... (мал) өсер, өзеніне қарап ... (тал) өсер.
3.Вен диаграммасы
-
Бұл әңгімені қалай атар едің?
-
Әңгіме неге көл деп аталып тұр?
-
Қобдада қандай өзен мен көлдер бар?
Үлкен Қобда, Кіші Қобда, Терісаққан, Сауқайың, Тамды өзендеріжәне Сөгәлі, Сабынды көлдері бар. Қодда өзені Елекке құяды. Шоңмұрын деген жерден басын алады. Қазақстанда 85 мың өзен, 48 мың көл бар.
Өзен мен көлдің айырмашылығы мен ұқсастығын табу.
өзен көл
Тау басынан, бұлақтан су Ойысқа жиналған су
басын алып табиғи қоректенуі ақпайды
ойпандар арқылы ағатын балығы
су. қатынасы
4.Топтастыру
-Көлде әңгімесі мәтіннің қай түріне жатады?
-Ненің сұлулығын сипаттаған?
Табиғаттың сұлулығын топтастыру
бал жинаған арасымен
шөбімен табиғат қара топырағымен
көлімен аққу,қазымен
қалың орманымен
5. Сематикалық картамен жұмыс
1. Сабақты қорытындылай келе, жаңа тақырып бойынша оқушылардың білетінін, жаңа нәрсені тереңірек білгісі келетінін жазу.
2.Үйге тапсырма беріп, оқушыдарды бағалау.
Пәні: Ана тілі
Класы: 4 класс
Сабақтың тақырыбы: Ө.Тұрманжанов Қарлығаш
Сабақтың мақсаты:
1.Өлеңнің мазмұнын меңгерте отырып, табиғат пен адамның арасындағы байланысты сезіне білуге баулу. Талдау жұмыстарын жүргізіп, шығармадағы негізгі ойды ажыратыа білу.
2.Оқушылардың ойлау қабілетін, тілін дамыту. Көркем сөзді өз сөздік қорында қолдана алу. Соның нәтижесінде шығармашылық ізденіске баулу.
3.Табиғаттың адам өміріне, жануарларға қажеттілігі туралы түсінік беріп, қоршаған ортаны сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білм беру
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап,көрнекілікпен жұмыс
Көрнекіліктер: оқулық, құстар мен жәндіктердің суреттері
Сабақтың барысы:
Психологиялық дайындық
Қайырлы күн, достар!
Бүгінгі күн міне,
Сәттілікке толсын!
Кіл бестіктер болсын!
І.Ұйымдастыру кезеңі:
1.Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Үй тапсырмасын сұрақ қоя отырып бекіту.
- Әңгіме неліктен «Шыбын» деп аталынды?
- Көктемде тағы қандай өзгерістер болады?
- Сәуір айының басында келетін құс
- Қарлығаш қандай құс?
Түгі қара мамықтай
Төсі ақ сыр жаққандай.
Ұшса оқтай зулайды,
Көктен жұлдыз аққандай
ІІ.Топтастыру
сәуір айының басында келеді, қыркүйек айының басында
ұшып кетеді
адам баласын жыланнан сағатына 110 км жылдамдықпен
қорғаған қарлығаш ұшады
ұясында 4-5 жұмыртқасы жәндігін ұшып жүріп
болады аулайды
киелі құс адал, әдемі құс
Нұқ пайғамбардың кемесін қорғаған
ІІІ. Жаңа сабақ
Тақырыбымен таныстырып, мазмұнын түсіндіру. Жоспар құру.
1.Табиғат көрінісі
2. Жыланның әрекеті
3.Қарлығаш пен дәуіттің достығы
ІҮ. Өлеңге талдау жасау.
-
Тақырыбы: табиғат туралы
-
Шумақ түрі: төрт тармақты шумақ
-
Ұйқас түрі: қара өлең ұйқасы
-
Теңеу сөздер: ұяны-ыдысқа жұмыртқаны – ақ көрпеге
-
Негізгі ой: Қарлығаштың балапаның асырауы, қорғауы, қандай ана болса да баласы үшін жанын беруге даяр екендігі туралы айтылған.
Ү. Сергіту сәті
1.Құстың негізгі мекені не? /ұя/
2.Қандай құс хат тасушы атанған? /кептер/
3.Қай құста мүлде ұя болмайды? /көкек/
4.Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады? /бүркіт/
5.Торғайдың жүрегі минутына нене рет соғады? /960/
6.Торғай жылына неше миллион жәндік жейді? /4 млн./
7.Шапшаң ұшатын құс /сұрқарлығаш/
8.Даусы қатты құс /бозторғай/
9..Ұзақ жасайтын құс /аққу/
ҮІ. Кітаппен жұмыс Өлеңге терме жұмыс жасау
а) Анаға баланың қымбат екендігі туралы өлеңнің қай шумағында айтылған?
ә) «Көзінен мөлт-мөлт жасы тамып тұрды» деген жолдарды қандай сөзбен алмастыруға болады?
жан ұшырды
Жылады қатты үрейленді
шырыл қақты, дамыл таппады
б) Қарлығаш пен ананың ұқсастығын қай өлең жолдарынан аңғардық. Салыстыру.
қарлығаш ана
орман,тоғайдан жем мәпелейді еңбек етеді, жылы іздейді,шырылдайды, асырайды сөйлейді, еркелетеді,
қанатымен аялайды, үйретеді тәрбиелейді
ұшуға үйретеді қорғайды
ҮІІ. Дәптермен жұмыс
«Құстар –қанатты достар» тақырыбына қатар бойынша әр оқушы бір сөйлемнен жазып әңгіме құрастыру.
ҮІІІ. «Алты қалпақ» /алты ой/
Сары қалпақ -өлеңнің авторы
Ақ қалпақ- жағымды ойларды анықтау
а) қарлығаштың адам сияқты айла іздеп, дәуітті көмекке шақыруы
ә) қауіп төніп тұрса да жыланға қарсы айбат шегуі
Қара қалпақ –жағымсыз ойларды айту
а) Жыланның балапанды жемек болуы
б)Жыланның қан іздеуі, ниетінің қара екендігі
Қызыл қалпақ –эмоциялық сезім
а) Балапандардың іңгәлап, тамақ бер деп сұрауы
б!Қарлығаштың көзінен мөлт-мөлт жас тамуы
Жасыл қалпақ –шығармашылық ойлау
а) Қарлығашты анаға теңеп тұр. Қандай ана болса да баласын жамандықтан қорғайды.
ә)Автор өлеңді өмірмен байланыстырып тұр. Әр адамның қиын кезде қол ұшын беретін жанашыры болады.
ІХ.Қорытындылау.
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген мақалмен қорытындылау. Үйге тапсырма беріп, оқушыларды бағалау.
Пәні: Еңбекке баулу
Класы: 4 класс
Сабақтың тақырыбы: Фольгаға бедер салу
Сабақтың мақсаты:
1.Күнделікті тұрмыста фольга материалын не үшін пайдаланатыны туралу түсінік беру.Фольгадан түрлі бұйымдар жасату арқылы ойларын, қиялдарын дамыту.Фольгадан Азиада бойтұмарын жасату арқылы патриоттық сана сезімдерін қалыптастыру, өз еліне деген ұлттық мақтанышты тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Фольгадан жасалған бұйымдар үлгілері, фольгамен жұмыс істеуге қажетті құралдар.( қайшы, бедер салғышт.б)
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық
Сабағымызды бастамас бұрын көңіл күйімізді орнатайық. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері алақаныңды жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
ІІ.Өткен сабақты пысықтау.
1-бөліміміз. Өткеніңді ұмытпа, болашақтың ұстазы
-Балалар, әр адам өткенін ұмытпау керек екенін білеміз. Себебі өткен күн ол тарих болып жазылып, есте қалуы мүмкін. Өткен сабақта не үйреніп едік? Қане есімізге түсірейік.
ІІІ. Жаңа сабақ
-Бүгінгі сабағымыз «фольгаға бедер салу»
Ой шақыру.
-Фольга туралы не білеміз?
-Тұрмыста фольганы неге пайдаланғандарын көргендеріңіз бар ма?
(Оқушылардың ойлары тыңдалады)
2-бөліміміз Білгенің бір тоғыз, білмейтінің тоқсан тоғыз - дегендей фольганың не материал екенін, оның қандай қасиеті бар екендігі туралы біліп алайық.
Фольга – алюминий мен қорғасын металдарының қоспасынан дайындалған материал. Оны зауытта шығарады. Фольганың жұқа және қалыңдау түрлері бар. Фольга қағаз сияқты жеке беттер түрінде де, орама түрінде де шығарылады.
жылуды жақсы өткізеді
жұмсақ материал фольга тез қатпарланады
топырақ астында умаждалғанда тегістеп алуға
шірімейді болады
суға ерімейді
Фольгадан түрлі зергерлік бұйымдар және түрлі жарға ілетін картиналар жасауға болады? Тақтадағы мына суретке қарайықшы. Бұл суреттегі не? Оны қайдан көріп жүрсіңдер?
Азиада- 2011 бойтұмары ретінде барыстың күшігі –алан таңдап алынды. Барыс көп мағыналы әрі мазмұнды нышан.
Енді, Ирби сендермен танысқысы келеді. Бұл суреттегі «7-қысқы Азия ойынының» бойтұмары кішкентай қар барысы.
3-бөліміміз.Ерінбей талмай төгіп тер, бірлесе еңбек етіп көр
-Бүгінгі сабағымызда фольгадан Азияда бойтұмарын жасаймыз. Фольгаға қарапайым және көркем бедерлер салуға болады. Ол үшін фольганың теріс жағынан бедер салғышпен сызықтар түсіреміз.
(Оқушылармен қауіпсіздік ережелері туралы жұмыс жасалады. Қолдарындағы фольгаға бедер салып, жаттығу жасайды.)
-
Енді, қолдарымыздағы Ирби досымыздың бейнесін фольганың теріс жағына бастырып, түрлі бедерлермен көркемдейміз.(Оқушылардың жұмыстарын қадағалау)
ІҮ.Жаңа сабақты бекіту
4-бөліміміз. Білім алар баланың, оқу болар ермегі.
Жаңа сабақты сұрақ-жауап әдісі арқылы бекіту.
-Күнделікті тұрмыста фольга материалын не үшін пайдаланамыз?
-Фольганың қандай қасиеттері бар?
-Азияда бойтұмарын суреттеп бер?
-Азияда қай қалада өтеді?
-Бүгінгі сабағымызда еліміз үшін өте маңызы бар ««7-қысқы Азия ойындары» туралы көптеген мәліметтер алдық деп ойлаймын. Дос іздеген Ирбимен дос болып, Азиадаға өз үлесімізді қостық.
Ү.Бағалау
Оқушылардың сабақтағы белсенділігін ескере келе Азиаданың эмблемасы арқылы бағаланады.
Пәні: Әдебиеттік оқу
Класы: 4 класс
Сабақтың тақырыбы: Ананың асыл арманы. Мағзұм Тиесов
Сабақтың мақсаты:
1.Шығарманың тақырыбын ашу, талдау жұмыстарын жүргізу, негізгі ойды анықтап, жаңа білімді меңгерту.
2.Оқушыларға бағыт-бағдар беріп, ой-өрістерін дамыта отырып, өздіктерінен қорытынды шығаруға баулу.
3.Оқушыларды шығармашылық ізденіске баулу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап әдісі, әңгімелеу, топтастыру стратегиясы,салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, интерактивті тақта,сызбалар.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
-Бүгінгі сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
ІІ. Жаңа сабақ.
Әңгімені бөлімге бөліп, әр бөлім бойынша жоспар құру.
Жоспар:
І.Кестелі орамал.
ІІ. Суреттегі көрініс
ІІІ Ананың арманы
ІҮ. Кенжесінің кеңесі
Ү Үш жылғы еңбек
Әр бөлім бойынша әңгімелету. Оқиға желісіне байланысты арасында жұмыстар орындату.
І бөлім бойынша
1. Жалпы ана бейнесін қалай топтастырар едің?
қамқоршы ақылшы
ұстаз ана мейірімді жан
дос пана
жарық өмір сыйлаушы
2.Аңыздағы ананы сомдап көрейік.
Жесір керемет өнерлі шебер
орамал кестелейді ана үш ұлы бар
кестелеген орамалды сатып күнелтеді
ІІ бөлім бойынша
1.Ана дүкеннен көрген суретті алады деп ойлайсын ба?
2. Алған жағдайда балалары оған қуануы мүмкін бе?
Теңеу сөз
Суреттің әдемілігін – жұмаққа теңейді
Суреттегі көрініс
Жасыл жапырақты бау - әдемі үй – жазық көгал – балығы ойнаған бұйра су- сайраған бұлбұл – қарау-қарау мал – топ-топ құс.
ІІІ бөлім
осындай жерде
Ананың арманы осындай жайда
осындай үйде тұру
ІҮ бөлім бойынша
Терме жұмыс
1.Үлкен ұлының анасына берген жауабын тауып оқу?
2.Ортаншы ұлы неге кенліспеді? Тауып оқу.
3Кенже ұлының кеңесін тауып оқу.
Ү бөлім
Ананың шеберлігі
1.Кестеге аққан тамшы жастан – мөлдір өзен ағызды
2.Көз қаны тамған жерге – арайлы күн орнатты
Болжам жасап көрейік.
1.Сенің ойынша, көзінің нұрын тауысып, ұйқы көрмей орамал кестелеген ананың арманы орындалды ма?
2.Анасының жағдайын көрген кенже баласы өзінің кеңесіне өкінуі мүмкін бе?
Сабақты қорытындылау
Шығарманың авторы
Мағзұм Тиесов
Кейіпкерлері
Анасы, Ертай, Елтай, Сырбай
Оқиға орны
Қаратау етегіндегі сабан төбелі ескі үй
Мәтіндегі түйін сөз
Қандай қиындық кездессе де, мойымай қарсы тұра білу.
Негізгі ой
Арманға қол жетпесе де,өзіңді сол армандаған өмірдің ішінде тұрғандай
сезіну яғни әдемілікке кіре білу.
Мәтінге сай келетін мақал -мәтел.
Ананың ойы ұяда, баланың ойы қияда.
Достарыңызбен бөлісу: |