Мектеп, оқушы, ата- ана: ынтымақтастық қырлары



Дата22.06.2016
өлшемі36.61 Kb.
#153341
Мектеп, оқушы, ата- ана: ынтымақтастық қырлары.

Дастанбаева С.К., № 9 орта мектеп директорының

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Қазіргі заман мектебі ата- аналарды да, балалрды да тәрбиелейтін, оларды өз тәрбие ықпалының объектісіне айналдыратын жетекшінің қызметінен бас тартуда. Баланың жеке тұлғасының дара қасиеттерін қалыптастыруда отбасы үлкен мүмкіндіктерге ие. Олар күнделікті отбасылық өмірде, отбасының дәстүрлері мен адамгершілік ұстанымдары, шежіресі,мен тарихы, отбасы мүшелерінің ортақ қызығуы мен мақсат – мүдделері арқылы іске асады. Бұл мүмкіндіктерді мектептің мүмкіндіктерімен үйлестіру – табысты тәрбиенің тағы бір негізі.

Ата – аналар ұйымының рөлін көтеру кез келген мектеп үшін оңай іс емес. Көп жағдайда бұл мәселе ата- аналарлың жұмыспен қамтылуына байланысты уақыттырының жетіспеушілігі сияқты объективті себептермен түсіндіріледі. Дегенмен, оның себептерін тек ата- аналар ортасынан іздеу дұрыс емес. Бастамшылық мектеп жағынан бәрібір басымырақ болуы керек. Өйткені, мектеп – қоғамның, отбасының және өзініңөзара тәрбиелік іс- қимылын үйлестіруші қоғамдық институт. Өзара іс- әрекеттің мақсаты мен міндеттерін мектеп жалғыз өзі, тиісты мәелеге тек өзініңұстанымына сүйенген түрде анықтаса, ал ата-аналар оларды іске асыру сатысында ғанақамтылса, нәтиже төмен болады. Мектеп ата- аналар қауымы үшін әрқашан ашық болып,өзара ынтымақтастық пне серіктестік жүйесін жетілдіруге бағытталып, олардың кез келген бастамасын көтермелеп отыруы қажет.

Мектептің ата- аналармен жұмысын ұйымдастыру нысандары әр түрлі болуы мүмкін. Жұмыстың бұл нысандары мен әдістерінің барлығы педагогикалық тұрғыдан негізделгендігі және ынтымақтастық пен өзара іс- әрекеттің біртұтас жүйесінде бірін бірі толықтырып отыруы өте маңызды.

Мектеп пен ата- аналардың жас жеткіншек бойында елжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырудағы ынтымақтастығын нығайту мақсатында жүргізілетін жұмыстар мынадай бағыттарда болуы мүмкін:


  1. Әкімшілік – ұйымдастыру жұмыстары

  2. Психологиялық – педагогикалық кеңес беру жұмысы

  3. Ақпараттық - әдістемелік жұмыс

  4. Диагностикалық талдау

  5. Бұқаралық – мәдени жұмыс.

Әкімшілік – ұйымдастыру жұмыстары – мектептің және сыныптың ата- аналар комитеттерінің іс - әрекетін ұйымдастыру, ата- аналар қауымының өкілдерін мектептің жұмысшы ұйымдарына тарту:



  • құқықтық тәрбие жөніндегі кеңес;

  • салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі ұйым;

  • Аналар мектебі;

  • Аталар мектебі;

  • Қайырымдылық қоры.

Психологиялық – педагогикалық кеңес беру жұмысы –ата- аналардың педагогикалық және психологиялық білімдер жүйесін меңгеруіне,балалардың әлеуметтік ортадағы мінез- құлқын білуіне сай, оларға ағартушылық көмек көрсету:



  • Жеке кездесу;

  • әңгімелер мен лекциялар;

  • құқықтық лекторийлер

  • ата-аналарға арналған психологиялық жаднамалар

Ақпараттық - әдістемелік жұмыс – ата- аналарға тәрбие мәселелрі бойынша әдістемелік көмек беру, ақпарат құралдарында мектеп өмірі, отбасы тәрбиесі мәселелріне байланысты мақалаларды жариялау, ата- аналар қауымына арналған ақпараттық және әдістемеләк жаднамалар шығару:



  • ата- аналарға арналған қабырға тақтасы;

  • ата- аналар университеті;

  • маман – дәрігерлермен, заңгерлермен кездесулер;

  • балалардың сабақтарына;

  • олимпиада, кештерге, апталықтарға қатысу

  • ата- аналардың ашық есік күніне қатысу.

Диагностикалық талдау жұмыстары ата- анадармен өзара іс- әрекеттің ең қызықты әрі жауапты бағыты. Сынып жетекшісі өз сыныбы оқушыларының ата- аналарын жан- жақты зерттеп, олардың педагогикалық білім дәрежелерін, отбасындағы қарым – қатынас деңгейін анықтау арқылы жыл бойы атқарылуға тиісті жұмысты тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді. Диагностикалық зерттеулер:



  • сыныпқа көмегі;

  • өз баласына ықпалы;

  • мұғаліммен қарым – қатынасы;

  • ата- аналарды топтау;

  • мектептегі оқу- тәрбие үрдісіне көз қарасы;

Бұқаралық – мәдени жұмыс ата- аналарды сыныптың және мектептің дәстүрлі іс- шараларына мейлінше көбірек қатыстыруға бағытталуы қажет:



  • мектептің кәсіптік бағдар беру жұмыстарына қатысу;

  • өздерінің мамандықтарына сай факультативтік және үйірме жұмыстарын жүргізу;

  • мектептің жөндеу жұмыстарына , ауланы көгалдандыруға қатысу;

  • кітапхана қорын молайтуға, көрме ұйымдастыруға көмектесу;

  • іс- шараларды ұйымдастыруға және оларды өткізуге материалдық көмек көрсету.

Оқушылардың бойында елжандылық қасиеттерді қалыптастыруда ата- аналармен ынтымақтастықта өткізілетін жұмыс түрлерінен «Аналар мектебі» мен «Аталар мектебінің», ата- аналардың кәсіптік бағдар беру жұмыстарына байланысты өткізілетін «Мамандығым - мақтанышым» кештері, жанұя мүшелерінің жетістіктерін мақтаныш қылатын «Мен және менің жанұям» көрмесін, Республика күніне арналған, ата- аналардың қатысуымен өткізілген «Достық жәрмеңкесі», «Өнерлі отбасы» байқауы, спорт жарысы «Жұлдызды сәт» мерекелерін атап айтуға болады.



Жетістік арқылы тәрбиелеу баланың және оның отбасының қадір –қасиеттеріне, құндылықтарына, мұраттарына сүйенген түрде оқушыны, ата- аналарды мейлінше тереңірек түсінуге деген мектептің ұмтылысын көздейді. Бала тәрбиесінің тиімді тәсілдерін отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру мақсатында пайдалану екі жаққа да тиімді тәсіл болып табылары сөзсіз.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет