14.12.2010
«ТӘУЕЛСІЗДІК ШЕЖІРЕСІ»
Қазақстан Республикасының 20-жылдығы қарсаңына орайластыра ПИК-08-8к және ПИК-08-10ка топтары «Тәуелсіздік шежіресі» атты дөңгелек үстел өткізді.
Өткізу орыны: аудитория №309, корпус №8, Тажибаева көш., 2.
Модераторлар: Топ кураторлары, тарих ғылымдарының кандидаты Жанысбекова Г.А., Тапалов Д.Ж.
Сараптаушылар: ПИК-08-8к – «тарихшылар»
ПИК-08-10ка – «археологтар»
Қарастырылған мәселелер:
1. Әлемнің саяси картасындағы жаңа мемлекет
2. ҚР мемлекеттік рәміздері мен конституциясы
3. Тәуелсіздік аясындағы ғылым мен университет
4. Жаңарған Қазақстан
«Тарих» және «Археология» мамандықтарының студенттері мен топ тәлімгерлерінің ұйымдастырған іс-шарасы өте маңызды мәселеге арналғанын және өмірлік қажеттілік қоғамдық дамудың сұранысынан туындаған оқиға болғанына көзіміз жетіп отыр. «Тәуелсіздік шежіресі» атты дөңгелек үстел «Қазақ жастарының өмірлік кредосын» қабылдаумен өз жұмысын аяқтады.
01.12.2010
Республикалық оқу-әдістемелік Кеңестің -
жаңа көкжиектері
Университетімізде 12 қараша 2010ж. Республикалық оқу-әдістемелік Кеңесі мүшелерінің отырысы өтті. РОӘК құрамының төрағасы «Мәдениеттану, әлеуметтік жұмыс және музей ісі» кафедрасының ф.ғ.к., доценті А.Г.Исенгалиева, мүшелері аға оқытушы У.Е.Абуова, Алматы қ. Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ф.ғ.к., доценті Ж.К.Сералиева және Шымкент қ. А.С.Пушкин атындағы Облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Н.Н.Алтаева ханымдар қонақта болып, секция құрамына мүшелік етті.
Республикалық оқу-әдістемелік Кеңесі күн тәртібінде төмендегі мәселелер қарастырылып талқыға түсті:
Кафедрадағы 5В091000- «Кітапхана ісі» және 5В041900 – «Музей ісі» мамандықтары бойынша Интернет-емтихандандарды өткізу ережесі жасалып, бекітілді.
Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру бойынша жаңа Мемлекеттік Жалпыға Білім Беру Стандартын және типтік оқу бағдарламаларына өзгерістер енгізді.
2009-2010 оқу жылының дипломдық жұмыстарына (жоба) конкурс өткізіліп, 5В091000- «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша 2009 жылдың дипломдық жұмыстары конкурсында комиссия мүшелерінің қарастыруымен 1-ші орынды ПИК-06-21к тобының студенті М.Қуандықова «Қазіргі таңда ҚР Ұлттық кітапхана ісін басқару, ұйымдастыру және экономикалық қамтудың проблемаларымен оны шешу жолдары» атты тақырыбымен (ғылыми жетекшісі аға оқытушы У.Е.Абуова) иеленді.
2-ші орынды ПИК-06-21к тобының студенті Ж.Сандыбаева «Қазақстан библиограф қайраткерлерінің республика библиографиясының дамуына қосқан үлесі» атты тақырыбымен (ғылыми жетекшісі аға оқытушы Г.А.Пайзиева) иеленді.
3-ші орынды ПИК-06-21к тобының студенті М.О.Дайрабаева «Мәдени мұраларды сақтау және өркендеудегі кітапхананың ақпараттық қызметінің ерекшелігі» атты тақырыбпен (ғылыми жетекшісі ф.ғ.к.,доцент А.Г.Исенгалиева) иеленді.
Оқу әдістемелік кеңесінің мамандықтары бойынша пәндік элективтік каталогтарды дайындалатын болды. Оқу әдістемелік құралдары және оқулықтар мен оқу құралдары өз университетімізден басып шығарып, оқу әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету туралы айтылды.
Пән аралық Республикалық студенттер олимпиадасының ережесіне қосымшалар мен өзгерістер енгізу туралы қарастырылды. Олимпиада 2011 жылдың наурыз айында М.Әуезов атындағы ОҚМУда өтеді деп бекітілді.
Республикалық оқу-әдістемелік Кеңесіне шақырылған қонақтардың барлығы келіп, ойдағыдай өтті десек болады. Күн тәртібіндегі сұрақтардың барлығы толығымен қарастырылып өз жауабын тапты. Республикалық оқу-әдістемелік Кеңесіне Университетімізде жыл сайын өтіп тұрады.
26.11.2010
“БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ ЖӘНЕ СЫЗУ” КАФЕДРАСЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІ
А.С.ПУШКИН АТЫНДАҒЫ ОӘҒК-ның ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН ӨТКІЗІЛГЕН «ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ӨНЕР БАҒЫТТАРЫ» АТТЫ ӨНЕР ҚОНАҚЖАЙ КӨРМЕГЕ ҚАТЫСТЫ.
2010 ЖЫЛДЫҢ ҚАРАША АЙЫНЫҢ 25-ЖҰЛДЫЗЫНДА
А.С.ПУШКИН АТЫНДАҒЫ ОӘҒК-НЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН ӨТКІЗІЛГЕН «ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ӨНЕР БАҒЫТТАРЫ» АТТЫ ӨНЕР ҚОНАҚЖАЙ КӨРМЕГЕ “БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ ЖӘНЕ СЫЗУ”КАФЕДРАСЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІ ПИК07-15К1, ПИК09-15КС, ПИК10-15К1 ТОПТАРЫНЫҢ ЖҰМЫСТАРЫ ЖӘНЕ
ДИЗАЙН КАФЕДРАСЫ СТУДЕНТТЕРІНІҢ ЖҰМЫСТАРЫ ҚОЙЫЛДЫ.
“БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ ЖӘНЕ СЫЗУ” КАФЕДРАСЫНЫҢ ПОҚ-І
П.Ғ.Д КЕМЕШЕВ, АҒА ОҚЫТУШЫ ИБРАЙМОВА П.Т,
АҒА ОҚЫТУШЫ РСМАХАНБЕТОВА Ш.Е ЖӘНЕ
ПИК 07-15К1, ПИК09-15КС, ПИК10-15К1 ТОПТАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІ ҚОСЫЛХАНОВ М., БЕКТАЕВА А., НЕБЕСАЕВА Ж., ОСПАНОВА Қ., СҰЛТАНБЕКОВА М., ҚҰЛЖАНОВА Г. МАРАПАТТАУ
ҚАҒАЗДАРЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ.
15.11.2010
«Бейнелеу өнері және сызу кафедрасы
2010 жылдың қараша айының 12 жұлдызында
“Бүгінгі таңдағы діннің орны” тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Пікірталас барысында «Дін және қоғам», «Мемлекет пен дін»,
«Діни ағымдардың негізгі мақсаты» және т.б мәселелер талқыланды.
-
2010 жылдың қараша айының 12 жұлдызында «Бүгінгі таңдағы діннің орны», «Дін және қоғам», «Мемлекет пен дін», «Діни ағымдардың негізгі мақсаты» және т.б. тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Сөзді бірінші болып кафедра меңгерушісі М.Ж. Тәңірбергенов ашты.
-
Пікірталас барысында Қазақстан Республикасының аумағында болып жатқан оқиғалар мен өзгерістер туралы және басқа да маңызды мәселелерді қозғады.
-
Діни экстремизм түсінігі діни ұйымдармен сектанттық бірлестіктердің өкілдері тақырыбында ПМИ 07-15к1 тобының студентті Ортаева А. «Ислам діні», Әмзебекова Ж. «Өз дініміз неге өгей?», Қолдабаева Ә. «Құранды құрметтеудің артықшылығы», Жұмабаева А. «Бейсауат сөздер берекені қашырады »,Құрманалиева А. «Өлген адамның жаны екінші бір адамға өте ме?» деген тақырыбында баяндамалар дайындалып оқылды.Қабырға газеттері ілініп, баяндама барысында көптеген пікір талас болды.
-
Қорыта келгенде тақырып толығымен ашылды. Топ студенттері бір ауыздан жаман жолмен жүрмейміз деп бір ауыздан шешім қабылдады.
Достарыңызбен бөлісу: |