2.2 Әр түрлі елдердің балалар мен жасөспірімдер мекемелеріндегі дене тәрбиесі бойынша әдістемесінің айырмашылығы
Дене тәрбиесi педагогикасы мен теориясы үшiн әртүрлi елдердегi дене тәрбиесi бағдарламаларын талдаудың маңызы өте зор, себебi талдау сабақтарыньң көлемi мен мазмұнын салыстырып, бағалауға мүмкiндiк бередi. Сондай-ақ Қазакстан Республикасындағы “дене тәрбиесi” пәнi бойынша қазiргi заманға сай бағдарламалар дайындауда практикалық ескертпелер мен қолайлы ұсыныстар енгiзуге пайдасы тиедi.
1985 жылы бұрынғы одақтағы педагогикалық ғылымдар Академиясының балалар мен жасөспiрiмдер физиологиясының ғылыми зерттеу институты жасаған дене тәрбиесi бағдарламасында бүкiлодақтық “Еңбекпен Отанды корғауға дайынмын” 1 ден іс тәрбиесi жиынтығына негiзделген, тұтас жүйенi құрайтын мектептегi дене тәрбиесiнiң негiзгi түрлерi түгел қамтылған. Ендiгi жерде коғамдағы үлкен өзгерiстер мен бұрынғы Одақ мемлекеттерiнiң тәуелсiздiк алуына байланысты дене тәрбиесiң iс бағдарламаларына ұлтгық ерекшелiктердi, дәстүрдi, коршаған орта мен өмiр жағдайын ескеретiн жаңа ғылыми қағида қажет.
Дене тәрбиесi бағдарламаларында белгiлi ғалымдар ұсынысы бойынша [39, 41.24.12, 51,] мынадай жас топтары енгiзiлген: мектепке дейiнгi [3-6 жас], кiшi мектеп жасы [6-10, орта [11-16’, жеткiншек [17-18 жас], кәсiптiк техникалық колледждер К.Т. У, жоғары жастағы оқушылар [15-17.
Оқушылардың дене тәрбиесi бағдарламасында 6-18 жас аралығына дейiнгi мерзiм қамтылады. Мектеп жасы шартты түрде кiшi, орта және жоғары болып бөлiнедi. Бұл бағдарламада он жас мерзiмiнiң морфофункционалдық ерекшелiктерi ескерiледi. Кiшi мектеп жасында белгiлi қозғалыс дағдылары оңай бекiтiледi. Тiптi оны балалар нұсқаусыз-ақ өз беттерiмен жетiлдiре алады. (Мысалы, шаңғымен және конькимен жүрудi, велосипедтi айдау). Көпшілiк дағдыларды игеруге бұл жастағы балалар ынталы жаттығады және жаңа қозғалыстың күрделi әрекеттерiн игередi, яғни қозғалыстарға кұмарлықпен дайын болу дене тәрбиесi үшiн қолайлы жағдай туғызады. Сондықтан да кiшi мектеп жасындағы оқушыларды оқыту “ең жақсы” кезең ден танылады.
Орта жене жоғары мектеп жасындағы балалар да спортқа кызығады. Олар күрделi дағдыларды өз бетiнше игеруге ұмтылып, қозғалыс талаптарын орындауға төзiмдiлiк, қайсарлық таныта бiлiп, кейде спортгық жарақат алып та қалады. Бұл жас кезеңiнде дененiң қимыл-қабiлеттiгiн үйрену мен қызығуда саналылық калыптасады.
Қимыл-әрекетi ұйымдастырып, басқаратын жинақылық. мүше ретiнде козғалу талдағышы осы кезде өзiнiң толық жұмыс қабiлетiне жетедi.
Орта мектеп жасында (11-16 жас) жыныстық жетiлу күшейедi, осыған байланысты ағзаның кейбiр (байланыстыру) бағдарлық қабiлттерiнде ауытқу болып, жаңа қозғалыс дағдыларын игеру қиындайды. Бұл жаста көңiл-күй тұрақсызданып, оқушылардың өз тұлғасына, оқудағы, спорттағы табыстарына айрықша мән беру күшейедi. Оқушылардьң мұндай мiнез-кұлкы дене тәрбиесi бағдарламасында ескерiлуi керек.
Жоғары мектеп жасын индивидумның барлық дене және қозғалыс дағдыларыньң жекелей қалыптасуының аяқталу кезеңi ден санауға болады. Бозбалалар мен бойжеткендер өсiп жетiле келе болашақта тұрақты сақталатын негiзгi қозғалыс дағдысына жаттығады.
Бұл бағдарламада сыныптан тыс спорттық жұмыс бойынша дене тәрбиесi сабақтары, сондай-ақ денсаулық жағдайына байланысты арнаулы топтарға арналған бөлiмде қамтылған. Жинақылық бағдарлама бес болiмнен турады және дене тәрбиесi құралдарының негiзiн жасап, оқу күн тәртiбi бойынша дене қимыл формаларын дұрыс мөлшермен орналастырудың катаң түрде сақталуын және қозғалыс белсендiлiгiнiң жалпы көлемiн анықтайды (2-кесте).
Бағдарламаның бiрiнші бөлiмiне оқу күн тәртiбiндегi дене тәрбиесi сауыктыру шаралары енгiзiлген: сабаққа дейiнгi гимнастика, сабақ барысында дене шынықтыру минуттары және үзiлiс кезiндегi қозғалыс ойындары, денсаулық сағаттары, ұзартылған күн топтарындағы спорттық сағаттар. Бағдарламаның бұл бөлiмi бүкiл жұмыс күнi бойында жоғары жұмыс қабiлетiн сақтап, шаршауды болдырмау үшiн маңызы зор.
Бағдарламаның екiншi бөлiмiнде мектептегi сабақ кестесiнде аптасына 2 рет 45-минут бөлiнетiн дене тәрбиесi сабақтарындағы оқу материалдары қамтылған дене тәрбиесi сабағы - жалпы бiлiм беретiн мектептердегi дене тәрбиесiнiң негiзгi формасы. Сабакқа қойылатын негiзгi талаптар: оқушылардың денсаулығын ескере отырып, әртурлi әдiс-амалдармен қамтамасыз ету; қимыл дайындыктары және дененiң дамуы; оқу сабақтарының бiлiктiлiк пен нұсқаушы бағыттардың қозғалмалылық сезiну және моторлы тығыздықтың жоғары деңгейiне жету; дене тәрбиесi сабағындағы дағдылар мен шеберлiктi оқушылар өз бетiнше қалыптастыру. Өз бетiнше орындауға арналған жаттығу тапсырмаларды оқушылар сабақта алады. Олардың мазмұның дене қасиеттерiн дамытуға бағытталған қарапайым қимыл-әректтердi сабақта қайталап қалыптастырудан құралады. Сондай-ақ, үй тапсырмасын орындауды тексеру де сабақтарда жүйслi түрде iске асады.
Жоғары сынып оқушыларына арналған дене тәрбиесi бағдарламасында еңбек үстiндегi психофизикалық, қызметтердi дамыту қарастырылады. Ол дене тәрбиесi сабақтарында және оқу цехтарындағы, сабақтар арасьндағы үзілістерде, оқу-өндірістік комбинатта, жазғы еңбек және демалыс лагерлерiнде жургiзiледi.
Жоғары сыныптағы оқушылардың әскер қатарындағы қызметке дайындығын күшейту үшін бағдарламаға әскери қолданбалы дайындық мәлiметтерi кiргiзiледi. Бұндай сабақтарды Қарулы күштердiң Жарғысьна сәйкес кейбiр әскери бұйрықтарды дұрыс және жылдам орындауға арнайы уақыт бөлiнедi.
Бағдарламаның үшiншi бөлiмiнде дене тәрбиесiнiц сабақтан тыс жұмыс түрлерi енгiзiледi: спорт үйiрмесi, оқушылардың дене тәрбиесi үйiрмелерi, әскери қолданбалы спорт секциялары, жалпы дене дайындық топтары және т.б. топтардағы жаттығулар кiредi. Спорттың таңдаулы түрлерiмен айналысқысы келетiн оқушылар үшiн жалпы бiлiм беретiн мектептерде Б.Ж.С.М. арнаулы спорт мектебiнiң бастауыш топтары да ашылады.
Спорт үйiрмслерi үшiн жалпы дене дайындықтары бойынша материалдар бiрдей болады. Ал арнаулы дене дайындығы бойынша материал бағдарлама бойынша жалпы бiлiм беретiн мектептерде спорт түрi бойынша ең көп берiлген. Талапқа сай жағдайлар бар болса, мұғалiмдер спорттың басқа түрi бойынша сабақ ұйымдастыра алады. Әр түрлi сабақтан тыс спорт үйiрмелерiне мектеп оқушыларын толық қатыстыру үшiн оларды ұйымдастырып, еткiзуге жоғарғы сынып оқушыларын, қоғамдық,нұсқаушыларды, педагогтарды, ата-аналарды және басшыларды шақыру керек.
Бағдарламаның төртiншi бөлiмiнде жалпы мектептiң тәрбиесiндегi бұқаралық және спорттық шаралардьң мазмұны: ай сайын денсаулық және спорт күндерiн өткiзу, мектеп iшiндегi жарыстар, туристiк жорықтар, слепер /бас қосу/ жоспары берiледi.
Бағдарламаның бесiншi бөлiмiнде дене тәрбиесi бойынша үй тапсырмасын орындауға ұсыныстар берiлген.
Осылайша, жинақтау бағдарламасы оқушылардың дене тәрбиесiнiң құрал-жабдықтары мен әдiстерiнiң барлық түрi қатаң белгiленген уақыт тәртiбiне қамтылған.
Бұл жақсы ма, әлде жаман ба? Бұл сұрақда жақс, тiптi өте жақсы деуге болады. Сеебi, мұда сабақтарды қайда, қашан өткізу керектiгi нақты анық көрсетiледi. Бiрақ, өкiнiшке орай, дене тәрбиесi процесiн кейде тым “берiлген талаптан асыра” ұйымдастырады.
Ұсынылған бағдарлама кептеген мектептердегi, әсiрәсә, ауылдық жерлердегi материалдық-техникалық, базалардың жәе әдiстемелiк жабдықтардың әлсiздiгiн ескермеген. Ұсыныстар мен нағыз шындық жағдайлардың арасында алшақтықтың көптiгi соншалық, бұл бағдарлама, бiздiң көзқарасымыз бойынша, нақты емес, жалған тәрiздi болып керiнедi. Дене тәрбиесiнiң жалпы әдiстемесiнiң негiзiндегi түпкi нәтижелерiне (оқушылардың денсаулығы) мұғалiмнiң жауапкершiлiгi мен өз бетiнше жасаған шығармашылық жаңалықтарын, бұрынғы бағдарламаны қайта құруда негiзге алуы керек. Сондай-ак, жинақылық бағдарламасы оқу күн тәртiбiндегi дене тәрбиесi сауықтыру тапсырмалары мен сабақтың түрлерiне арналған. Бiздiң көзқарасымыз бойынша, бағдарламада негiзiнен сыныптан тыс және мектәптен тыс спорттық жаттығуларды дамытуға көп көңіл бөлінуі тиіс. Орта және жоғары сынып оқушылары үшiн өздерiнiң қызығушылығына қарай, денсаулық жағдайларына қарай, дене дайындығын және ағзаның жеке психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып спорттың бiр түрін таңдап алуы керек. Кәсiптiк бағдарға сай мектептерде қандай да бiр спорттық бағыт ұстану керек. Оқушыларды мектептегi бар спорттық үйiрмелерге таңдап алмастан, олардың жеке ерекшелiгiне сай келетiн қандай да бiр спорт түрi бойынша ұсыныстар мен көмек берiлуi керек. Кесiптiк-техникалық колледждерге арналған дене тәрбиесi бағдарламасында кептеген ерекшелiктер бар. Бұнда жалпы бiлiм беретiн мектептегi бағдарламадағыдай тәрбиелiк және сауықтыру мiндеттерi қойылған. Дегенмен, бағдарламаның жауапты бөлiмi кәсiптiк-қолданбалы дене дайындығына арналған. Мұнда мынадай қосымша мiндеттер қойылады: әсiресе берiлiген мамандыққа қажеттi дене қасиеттерiн дамыту, кемекшiк қолданбалы қозғалыс дағдыларын жетiлдiру, қалыптастыру ағзаның әртүрлi кәсiптiк өндiрiстiк факторлардың әсерiне төзiмдiлiгiн арттыру.
Негiзгi қойылған мақсат - ең үздiк кәсiптiк дайындыққа қол жеткiзу үшін сабақтарда арнайы дене жаттығуларына кеңiл көп бөлінеді.
Бағдарламадағы кәсiптiк-техникалық колледждегi оқушыларға арналған дене дайындығына коятын талаптары мен материалдары жалпы бiлiм беретiн мектептегi дене тәрбиесi мазмұнымен бiрдей болып келедi, бұл авторлардың айтуынша, осы оқу мекемелерiндегi байланысты сақтайды.
Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебiнiң /БЖСМ/ дене тәрбиесi бағдарламасының мақсаты - спорттық олимпиадалық түрлерi бойынша маманданған спортшыларды даярлау болып табылады. БЖСМ-дегі жұмыстың негiзгi түрi — оқу топтарындағы жаттықтыру сабақтары, жарыстарға қатысу, спорттық, сауыктыру лагерлерiне бару, өзiн-өзi бақылау, гигиеналық теориялық сабақтар өту болып саналады.
Жасөспiрiм спортшыларға арналған арнаулы спорт мектептерiнiң оқу жоспарьна баланың жас ерекшелiгi мен спорттық мамандығына қарай бiр жылда сабақтарға 500 - 1000 оқу сағаты бөлiнедi. Жаттығу уакытының басым бөлiгi (70% мелшерiндей) спорттық мамандық түрiне - арнаулы дене жаттығуларға арналады. Спорт мектебiндегi сабақтар мектептен тыс уакытта, әдетте аптасына 3-4 рет өткiзiледi: әр жаттығу сабағыньң ұзақтығы жас ерекшелiгiне қарай 2-4 сағатқа созылады. Спорт мектебi оқушыларының дайындығының өлшемi жарыстар кезiндсгi спорттық нәтижелер болып табылады.
Спорттық бағыттағы жалпы бiлiм беретiн мектепинтернаттардағы оқушылардың дене тәрбиесi бағдарламалары спорттың белгiлi бiр түрiнен жоғары шеберлiкке жетуге бағытталады. Бұл мектеп-интернаттарға денсаулығы мықты, дене жағынан шыңдалған балалардың iрiктеп алады, оларды 3-4 сыньптардан бастап қабылдап, 8 немесе 9 жылға созылады. Мектеп-интернаттарының оқу жоспарына бiр жылға 700-1500 оқу сағаты бөлiнетiн спорпттық дайындық жоспарланады.
Жаттықтыру сабақтары демалыс күннен басқа барлық күндерде жүргiзiледi. Әр жаттығудың ұзактығы 3-6 сағат, олар әдтте: таңертеңгi және кешкi жаттығулардан тұрады. Оқушының жеке басының ерекшелiгiне, спорттың түрiне, жаттығу процесiнiң мерзiмiне қарай берiлетiн жаттығу жүктемелерi көбейедi немесе азаяды. Спорттық бағыттағы мектеп-интернаттағы оқу-жаттығу сабақтарынан орта мектептегi жалпы бiлiм берушi пәндердiң аздап қысқарған көлемi қосылады.
Спорттық мектеп-интернат оқушылары үшiн мiндеттi түрде денсаулықты қалпына келтiру шараларыньң жиынтығы жүргiзiледi, дұрыс тамақтану және күндiзгi демалыс пен ұйқыны қамтитын күн тәртiбi ұиымдастырылады. Интернаттағы медицина қызметкерлерi мен аймақтық денн тәрбиесi диспансерiнiң дәрiгерлерi оқушылардьң денсаулық жағдайы мен оқу-жаттығу жүктемесiнiң мөлшерiн бақылап отырады. Жаттықтырушылар дәрiгерлiк бақылаудьң нәтижелерiн спорттық дайындықтың жеке жоспарын түзетуге пайдаланады. Мұндай мектептердегi оқушылардың дене тәрбиесiнiң өлшемi - спорттық нәтижелер, елдiң құрама тобында қатысулары болып табылады.
Осылайша, Қазақсдағы мектеп оқушыларының дене тәрбиесiндегi қазiргi бағдарламалары олардьң жастарына қарай және оқу тәрбие мекемелерiнiң үлгiлерiне қарай жiктелген. Бұл бағдарламада дене тәрбиесiнiң ету мiндеттi және қажеттi түрлерi қарастырылған оқу аптасы мен оқу жылының күн тәртiбiндегi сабақтардьң көлемi мен ұзақтығы, қажеттi құралдары көрсстiлген. Басқа елдерде қабылданған осындай бағдарламаларды талдаудьң мәнi зор. Мұндай салыстырулар бiздiң елдегi жастардьң дене тәрбиесiн жетiлдiру жолдарын көбейтуге мүмкiндiк бередi.
Батыс Европаның көп елдерiнде мектепке дейiнгi жастағы балалардың дене тәрбиесiнiң мiндеттi мемлекеттiк бағдарламасы жасалған. Осы тұрғыда берiлген ұсыныстарда осы жастағы балаларға өте лайықты спорттық ойындар көп берiлген, дене жаттығу сабақтардьң түрлерi баланың табиғи белсендiлiгiн көтеруге бағытталған [15, 33].
Бiздiң ойымызша, мектепке дейiнгi балалар үшiн физиологиялық тұрғыда және әлеуметтiк маңызы жағынан да табиғи қозғалыс жағдайларын игерудiң мәнi жоғары. Осылар арқылы балалар қоршаған орта туралы бiлiмiн кеңейтедi. Табиғи қозғалыс дағдыларын жақсы қалыптастырады, балаға өз ойын, көңiл-күйiн және сезiмiн бiлдiруге көмектеседi. Мiне сондықтан да, мектепке дейiнгi мекеме тәрбиешiлерi меп ата-аналар баланың түрлi табиғи қозғалыстарды игеруiн бақылап отыруы керек.
Американдық мамандар баланы табиғи қозғалыстарға үйрету үшiн арнайы қозғалыстар мектебiн [17] құруды ұсынады. Мұндай мектептердiң бағдарламасында дағды мен икемнiң үш түрiн: локомоторлық, тепе-теңдiк және монипулятивтiк формаларын қалыптастыру кiредi. Мұнда балаларды дұрыс жүруге, жүгiруге, айналып түсуге, секiруге, лақтыруға, допты қағып алуға үйретедi [49,20,39]. Мамандардың пiкiрiнше бала бұл дағдыларды мектепке барғанға дейiн-ақ үйрену керек, себебi олар басқа қозғалыс қимылдарының негiзi болып табылады, мамандандырылуына әкеп соғуы мүмкiн. Ал бұл оқушылардың дене тәрбиесi жүйесiнiң сауықтыру мiндеттерi мен жалпы негiздерiне қайшы келедi.
Алдьңғы қатарлы бiрнеше мемлекеттердегi оқушылардың дене тәрбиесi бағдарламасын талдағанда, бұл елдерде дене тәрбиесiн басқару орталықтарының және бiрдей басшылықтардың жоқтығын көремiз. Дене тәрбиесi жүйесiнiң жоқтығы елдегi бүкiл жастардың жоспарлы және жүйелi түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылдануына мүмкiндiк бермейдi. Дене тәрбиесi саласындағы ғылымның жаңа жетiстiктерi сабақтағы дене жаттығуларын үйретудiң жаңа түрлерi мен әдiстерi тек iрiктеу үшiн қолданылады, яғни өзiн-өзi қаржыландыра алатын мектеп окушыларына ғана уйретiледi.
АКШ-та мұғалiм мектептiң нақты қаржы жағдайы мен материалдық-техникалық мүмкiндiгiн ескере отырып, өз бетiнше бағдарламаны өзгерте алады. Американдық ғалым дж.Уилмер көрсеткенiндей, америка мектептерiнiң үштен бiрi ғана денс тәрбиесi бағдарламасын iске асыруға мүмкiндiк алған. Педагогикалық бақылау жүйесiнде белгiленген көрсеткiш мөлшерiне емес, оқушының козғалыс қабiлеттерiнiң жоғарылау қарқынына көп мән берiледi. Бұл кезде, әсiресе қимыл мен демалыстың ауысуына, сабақтың әсерлiгi мен өнiмдiлiгiне, балалардың өз бетiнше дене тәрбиесi дағдыларын үйренуiне көп мән бередi.
Германия мектептерiнде сабақтар көбiнесе ашық аспан астында өтедi, бұл балалардың шыңдалуына жағдай жасайды. Бiрак, мамандардың пiкiрiнше, мұның басқа да себептерi: бастауыш мектептердiң - 84%-де спорттық кешендерi жоқ, ал әр саладағы орындарының - 58% -де және гимназиялардың - 25%-де гимнастика залдары жоқ деп бiледi.
Оқушылардың дене тәрбиесi бойынша бағдарлама мазмұны мен мiндетi сабақтардың апталық көлемi әр елдегi мектептерде әр түрлi. Үш дамыған капиталистiк елдегi бағдарлама мазмұны келтiрiлдi. Швеция, Голландия, Италия. Бұл бағдарламаларда ерекше коңiл аударатын мәселе - спорттық ойындардың көп қолданылуы, ұсынылған спорт тұрлерiнiң көптiгi, яғни оқушыларға қозғалыс түрiн таңдауға еркіндік берілуі.
Оқушылардың дене тәрбиесi жүйесiн зерттуде, әсiресе АКШ-та қалыптасқан тәжiрибеге көп назар аудартады. Бұл елдегi сырткы саясат ерекшелiгi мен техникалық прогреске орай жастар мен оқушылардың дене тәрбиесi меселесiндегi кейбiр бағытын өзгерту тенденциясы көрiнедi. Ең алдымен, әскери қызметкер мен ондiрiстiң әртүрлi саласындағы жұмысшылар дайындауға мән
берiледi. Себебi олардыц дене дайындыгына жене куш-куатына деген сураныс оте жогары. Сондыктан осы тургыда спортгьщ букаралык турлерiн дамыту, дене тербиесi бойынша косымша едебиепердi жетiлдiру, сондай-ак дене жатгыгуларын сауьтктыру шаралары максатында колдану барысында гылыми зсрпсу жумыстары жургiзiледi. Буган коса спорпык, клубтардыц санын осiруге жене сауык,тыру-шынык,тыру багдарламаларын насихапауга бiрдей куш салады.
Кеңес зерттеушiлерiнiң жұмыстарында казiргi АКШ мектептерiнде бiлiм жүйесiнiң жалпы жағдайлары мен себептерi, ұйымдастырылған формалардың үйрету бағыттарын бiрнеше рет талдауға салды. Бұл жұмыста жастардың дене тәрбиесiн ұйымдаструдың және спортшыларды дайындау әдiсiнiң жаңа саласы ашылды: спорт жұмысындағы жергiлiктi жасөспiрiм мен балалардың әлеуметтiк мәселелерi қарастырылады 029, 130).
Мысалы, Р.М. Киселев “АКШ - спорт және коғам” атты монографиясында спортты ұйымдастыру және оны бұржуазиялық қоғамның саяси-әлеуметтiк дамуымен тығыз байланысына жан - жакты талдау жасайды; американдық спорттың таптык, сипаты, сондай-ак, мектеп спортының меселелерi қарастырылған.
Қазақстандағы және басқа елдердегi дене тәрбиесi бағдарламаларын талдай келе, олардың ортақ ерекшелiгiн де айтып өту керек. Олар мектеп оқушыларының дене дайындықтарының сандық көрсеткiштерiнiң жетiстiктерiне, жеке қимылдарды үйренудегi нәтижелiкке немесе спорт жарыстарына қатысуға негiзделген. Сондай-ақ, Қазақстандағы және басқа елдердегi мектептердiң дене тәрбиесiнiң мақсатын, жан-жақты дамуы мен денсаулыкты нығайту жағын қарастырады. Осыған орай дене тәрбиесi нәтижелерiнiң негiзгi қорытынды көрсеткiштерi (оның қайда, кiм болғанына байланысты емес) мектеп оқушыларының денсаулық деңгейi және оның өсуi мен дамуының табиғи ырғағына сай келуi, адамның әлеуметтiк және дене жұмыс қабiлетi болуға тиiс. Дене тәрбиесiн бағалаудың осы өлшемi дұрыс болып саналады, себебi бұл соңғы нәтиженi бағалауға, елдiң басты байлығы - жастардың денсаулығын нығайтуға және ертеңгi күнi барлық халықтың денсаулық деңгейiн анықтауға мүмкiндiк бередi. Дене тәрбиесінің бағдарламасында мұндай өлшемдердің жоқтығы, біздің ойымызша, дене тәрбиесін педагогикалық және әлеуметтік салалардың жетiлмегендiгiмен керсетедi. Ғылым әл де болса халықтың денсаулығы мен оның дене тәрбиесiн ұйымдастырудың арасындағы себеп-салдарлы байланысты жеткiлiктi зерттеген жоқ денi сау адамдардың денсаулық өлшемдерi керсетiлмедi, дене тәрбиесi кұралдары арылы әлеумттiк мәнi зор кызметтердi белсеңдi түрде қалыптастыру жолдары қарастырылды. Сондай-ақ мынадай ғылыми бағыт: дене тәрбиесi гимнастикасы дамымады, ол бойынша халытың дене тәрбиесiн ұйымдастыру принциптерi негiзделiп, әсiресе мектеп жасындағы балаларға дене тәрбиесiне арналған жүктемелер мен дене жаттығуларын және табиғи факторларды қолданудың әдiстерi мен құралдарын белгiлi бiр тәртiпке келтiру керек.
Сонымен, дене тәрбиесi кұралдарын мақсатты түрде жүйелi пайдалану процесi - халыктың өмiр сүру дағдысын қалыптастыратын әлеуметтiк жағдайлар мен факторларға тәуелдi. Дене тәрбиесiнiң басты мақсаты мен басым мiндетi, бiздiң ойымызша, оқушылардың денсаулығын нығайту және түрлi еңбекпен шығармашылық iс-әрекеттi iске асыруда, болашактағы жоғарғы дене дайындықтарына қол жеткiзу болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |