«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты



бет1/5
Дата21.06.2016
өлшемі465.5 Kb.
#151948
  1   2   3   4   5
Источник: ИС Параграф WWW http://www.zakon.kz, дата последнего изменения документа: 2012.08.31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2012 жылғы 31 тамыздағы

1119 Қаулысымен бекітілген

 

 

«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»



мемлекеттік қызмет стандарты

 

 



1. Жалпы ережелер

 

1. «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) барлық типтегі және үлгідегі мектепке дейінгі ұйымдар (бұдан әрі - МДҰ) көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабы 4) тармақшасының және 14-бабының 2-тармағы 1) тармақшасының негізінде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсетуді аяқтау нысаны осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес МДҰ мен заңды өкілдер арасында жасалатын шарт болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет мектепке дейінгі жастағы балалардың заңды өкілдеріне (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.

7. Мемлекетті қызметті көрсету мерзімдері:



1) мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған құжаттарды МДҰ-ға тапсыру және басшылардан қажетті кеңес алу сәтінен бастап - кемінде 30 минут уақытты құрайды.

2) мемлекеттік қызметті алушының өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алғанға дейін күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты - 30 минуттан артық емес.

3) өтініш берген күні сол жерде мемлекеттік қызметті алушыға көрсетілетін мемлекеттік қызметтің рұқсат берілген ең көп уақыты - кемінде 30 минутты құрайды.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Мемлекеттік қызмет МДҰ-ға өтініш жасаған жағдайда МДҰ басшысы белгілеген заңды өкілдерді қабылдау кестесіне сәйкес екі жұмыс күні ішінде көрсетіледі.

10. Мемлекеттік қызмет МДҰ ғимаратында, тікелей басшының кабинетінде көрсетіледі.

 

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі



 

11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы МДҰ-ға мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:

1) қалалық (аудандық) Білім басқармасы, ауылдық жерде - әкімдік берген жолдама;

2) баланың денсаулық паспорты;

3) эпидемиялық ортасы туралы санитарлық-эпидемиологиялық қызметтен анықтама.

Мектепке дейінгі ұйымдарды бос орындар бар болған жағдайда қабылдау жыл бойы жүргізіледі.

12. Шарт бланкілерін МДҰ басшысы береді.



Шарт 2 данада жасалады.

Бала тіркеуден кейін мемлекеттік қызмет көрсететін МДҰ-да жалпы білім беретін оқу бағдарламаларына, бекітілген сабақ кестесіне сәйкес оқыту және күтілу құқығына ие болады.

13. Мемлекеттік қызметті алушылар (заңды өкілдер) толтырған шарт МДҰ басшысына тапсырылады (бір данасы МДҰ басшысында ақталады, екіншісі мемлекеттік қызметті алушының (заңды өкілінің) қолында қалады).

14. Мемлекеттік қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттарды тапсырғанын растайтын құжат талап етілмейді.

15. Мемлекеттік қызмет МДҰ-да мемлекеттік қызметті алушының жеке қатысуымен жүзеге асырылады.

16. Егер осы стандарттың 11-тармағына сәйкес талап етілетін барлық құжаттар ұсынылмаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.

 

 



3. Жұмыс қағидаттары

 

17. Мектепке дейінгі білім беру ұйымының қызметі мынадай қағидаттарға негізделеді:



1) мектепке дейінгі білімнің зайырлы, адамгершілік, дамытушылық сипаты, азаматтық және ұлттық құндылықтар, балалардың өмірі мен денсаулығының басымдылығы, тұлғаның еркін дамуы;

2) адамның конституциялық құқықтары мен еркіндігін құрметтеу;

3) тәрбиенің, оқыту мен дамытудың бірлігі;

4) кәсіби этика мен мәдениетті, қызметтік борышты атқару кезіндегі заңдылықты сақтау;

5) жан-жақты және толық ақпарат ұсыну;

6) мектепке дейінгі ұйым қызметінің айқындылығы мен басқарудың демократиялық стилі;

7) сапалы мектепке дейінгі білім алуға баршаның тең құқылығы.

 

 



4. Жұмыс нәтижелері

 

18. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекеменің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы мен тиімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәні жыл сайын білім беру саласының жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың (бұдан әрі - Уәкілетті орган) бұйрығымен бекітіледі.

 

 



5. Шағымдану тәртібі

 

20. Уәкілетті орган мемлекеттік қызметті алушыға МДҰ басшысының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіреді.

21. Мемлекеттік қызметті көрсету сапасымен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 3-қосымашсында мекенжайы көрсетілген тиісті жергілікті атқарушы органның білім бөліміне шағымданады.

22. Мемлекеттік қызметті алушы шағымды Уәкілетті органға бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес береді.

23. Уәкілетті органның шағымды қарастыру нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

24. Мемлекеттік қызметті алушы ресми түрде апелляцияға беру немесе шағымдану үшін еркін үлгіде өтініш береді. Өзімен бірге тұлғасын растайтын құжаты болуы тиіс.

25. Қабылданған шағым білім бөлімінің кіріс ақпараттары журналына тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген мерзімде қарастырылады. Мемлекеттік қызметті алушыға қабылдау мерзімі мен уақыты көрсетілген, қабылдаған қызметкердің аты-жөні жазылған талон беріледі.

Шағымды қарастыру нәтижесі туралы мемлекеттік қызметті алушыға жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.

 

«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына



құжаттардықабылдау және балаларды қабылдау»

мемлекеттік қызмет стандартына

1-қосымша

 

 



МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ МЕН БАЛАЛАРДЫҢ ЗАҢДЫ ӨКІЛДЕРІНІҢ АРАСЫНДАҒЫ
ҮЛГІ ШАРТ

 


____________қаласы

«___»___________ 20__ж.

 

Бұдан әрі МДҰ деп аталатын № ____________________________ мектепке дейінгі ұйым _______________________________________

(атауы)

атынан МДҰ Жарғысының негізінде әрекет ететін МДҰ меңгерушісі _________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты)

бір жағынан және бұдан әрі ___________________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________________________________

(баланың тегі, аты, әкесінің аты; туған жылы)

«Ата-анасы» деп аталатын анасы (әкесі, оларды алмастыратын тұлғалар)

___________________________________________________________________________________________________________________

(анасының, әкесінің, оларды алмастыратын тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты)

екінші жағынан, төмендегілер туралы осы шартты жасады:

1. МДҰ міндеті:

1) __________________________________________________________________________________________________________негізінде

(қабылдау туралы құжаттың атауы)

баланы _____________________________________________________________________________________________ тобына қабылдау;

(атауы)

2) Баланың дене және психикалық денсаулығын нығайтуды және өмірін қорғауды; оның интеллектуалдық, дене және тұлғалық дамуын қамтамасыз ету;

дамуында ауытқулары бар баланы түзеу (қарапайым, білікті) жұмыстары жүргізу;

оның шығармашылық қабілеттерін және қызығушылықтарын дамыту;

баланың даму ерекшеліктерін ескере отырып, жеке тәсілдерді жүзеге асыру;

баланың эмоционалдық жайлылығына қамқор болу.

3) Баланы___________________________________________________________________________________________________________

(бағдарлама атауы; бағдарламаны бекіткен органның атауы)

бағдарламасы бойынша оқыту.

4) МДҰ-да заттық-дамытушы ортаны (бөлме, құрал-жабдықтар, оқу-көрнекілік құралдар, ойындар, ойыншықтар).ұйымдастыру;

5) Баланың жас, жеке ерекшеліктеріне, білім беру бағдарламасының мазмұнына сай оның іс-әрекетін ұйымдастыру;

6) Балаға мектепке дейінгі ұйымда бар қосымша білім беру қызметін көрсету (негізгі білім беру қызметінің шеңберінен тыс);

тегін білім беру қызметтері ____________________________________________________________________________________________

(құрылтайшылар, демеушілер қаражаты есебінен төленетін қызмет түрлерінің атауы)

ақылы білім беру қызметі ______________________________________________________________________________________________

(ата- аналар төлейтін қызмет түрлерінің атауы)

7) Балаға медициналық қызмет көрсетуді жүзеге асыру: емдік-алдын алу іс-шаралары:

___________________________________________________________________________________________________________________

(нақты атауы)

сауықтыру іс-шаралары:

___________________________________________________________________________________________________________________

(нақты атауы)

санитарлық-гигиеналық іс-шаралар:

___________________________________________________________________________________________________________________

(атауы)

қосымша медициналық қызметтер:

___________________________________________________________________________________________________________________

(тегін, ақылы қызметтердің атауы)

8) Баланың дұрыс өсуі мен дамуына қажетті дұрыс тамақтанумен қамтамасыз ету:

__________________________________________________________________________________________________________________

(тамақтану түрі, оның ішінде диеталық)

__________________________________________________________________________________________________________________

(күніне қанша рет; тамақтану уақыты)

9) Баланың МДҰ-ға келу кестесін белгілеу:

__________________________________________________________________________________________________________________

(апта күндері, болу уақыты, демалыс, мереке күндері;

___________________________________________________________________________________________________________________

еркін қатысу кестесі)

10) Баланың ауырған, санаторлық-курорттық емделуі кезінде, карантин болған жағдайда «Ата-анасы» демалыста болғанда және дәлелді себептермен уақытша болмаған жағдайда (ауыруы, іссапарда болуы т.б.), сондай-ақ, жазғы маусымда 2 ай мерзімге дейін, «Ата-анасының» демалыс ұзақтығына қарамастан;

басқа жағдайларда __________________________________________________________________________________________________

11) «Ата-анаға» баламен бірге топ ішінде болуға рұқсат беру

(уақыт) ____________________________________________________________________________________________________________

1.12. Бала мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету.

1.13. «Ата-анаға» баланы тәрбиелеу мен оқытуға; дамуындағы ақауларды түзетуге көмек көрсету

__________________________________________________________________________________________________________________

1.14. Баланы келесі жас тобына ауыстыру

__________________________________________________________________________________________________________________

(ауыстыру күні)

15) Осы шартты орындау.

2. «Ата-ана» міндеті:

1) МДҰ Жарғысын және осы шартты орындау.

2) МДҰ-да баланы күтіп-баққаны үшін _______________________________________________________ сома мөлшерінде ақы төлеуді

______________________________________________________________________________________________мерзімде жүзеге асыру.

3) Баланы 16-жасқа толмаған (немесе басқа жағдайлар) тұлғаларға сеніп тапсырмай, тәрбиешіге өзі алып келуге және тәрбиешіден алып кетуге тиіс;

4) Баланы МДҰ-ға ұқыпты күйінде, таза киім мен аяқ киім кигізіп алып келу

_______________________________________________________________________________________________________________

(МДҰ-ның жергілікті; маусымдық;

_______________________________________________________________________________________________________________

баланың жас; жеке ерекшеліктеріне сәйкес қойылатын басқа да талаптары).

5) МДҰ-ға баланың келе алмайтыны; ауырып қалғаны туралы хабарлау.

6) Баланы тәрбиелеу мен оқытудың барлық бағыттары бойынша МДҰ-мен бірлесіп әрекет ету.

7) МДҰ-ға жарғылық міндеттерді іске асыру бойынша қолдан келетін көмекті көрсету.

_______________________________________________________________________________________________________________

(бала өмірін сақтау; сауықтыру; гигиеналық;

_______________________________________________________________________________________________________________

мәдени-эстетикалық; экологиялық тәрбие беру;

_______________________________________________________________________________________________________________

отбасы жағдайындағы тузеу жұмысы, басқалары)

3. МДҰ-ның:

1) МДҰ-да әрі қарай болуға кедергі болатын бала денсаулығының жай-күйі туралы медициналық қорытынды болған жағдайда баланы МДҰ-дан шығаруға;

2) «Ата-ананың» өтініші бойынша МДҰ-да баланың күтіп-бағу үшін төлемдердің мерзімін ұзартуға;

3) Баланы отбасында тәрбиелеу ісін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;

4) «Ата-ана» өз міндеттерін жүйелі түрде орындамаған жағдайда, «Ата-ананы» алдын ала ______күн бұрын ескертіп, осы шартты бұзуға құқығы бар.

4. «Ата-ананың»:

1) МДҰ Педагогтер кеңесіне кеңесші дауысы құқығымен қатысуға;

2) МДҰ-да балалармен жұмысты жақсарту және қосымша қызметтерді ұйымдастыру бойынша ұсыныстар енгізуге;

3) МДҰ-да балалармен жұмыста қолданылатын білім беру бағдарламаларын таңдауға;

4) МДҰ-да ұсынылатын қосымша қызметтердің түрлерін таңдауға;

5) МДҰ-да баланың бейімелу кезеңінде онымен _____ күн; _____ сағат; басқа жағдайларда ________________ бірге болуға;

6) МДҰ-ға Баланы күтіп-бағу үшін төлемақының мерзімін ұзарту; қосымша қызметтер үшін төлемақы жөнінде белгіленген мерзімінен _____ күн кешіктірмей өтініш білдіруге;

7) МДҰ жарғысы мен осы шарт міндеттерінің орындалуын талап етуге;

8) МДҰ меңгерушісі мен педагогтердің топтағы балалармен жүргізілетін жұмыстар туралы есептерін тыңдауға;

9) Осы шартты бір жақты тәртіппен МДҰ-ны бұл жөнінде алдын ала ____ күн бұрын ескерту арқылы бұзуға құқығы бар.

5. Шарт қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және екі жақтың келісімі бойынша мерзімі ұзартылуы, өзгертілуі, толықтырылуы мүмкін.

6. Шартқа өзгерістер мен толықтырулар қосымша түрінде ресімделеді.

7. Тараптар міндеттердің тиісті деңгейде орындалуына немесе дұрыс орындалмауына жауапты. ___________________________________

(екі жақтың жауапкершіліктері)

8. Шарттың қолданылу мерзімі 20______________ жылғы ______________________________________________________________ дейін.

9. Шарт екі дана жасалған:

бір данасы МДҰ-да баланың жеке құжатында, екіншісі «Ата-анада» (оны алмастыратын тұлғаларда) сақталады.

 

Осы Шартқа қол қойған тараптар:

 

Мектепке дейінгі ұйым:

______________________________________________________



Мекен-жайы: ____________________________________________

(индекс, қала, аудан, округ, көше, үй)

_________________________________________________________

Ата-ана: анасы (әкесі, оны алмастыратын тұлға);

________________________________________________________

(Т.А.Ә)

 

тұрғылықты мекен-жайы:___________________________________



төлқұжат деректері: ________________________________________

жұмыс орны ____________________________________________________________________________________________________________

 

Қолы ______________________

Мөр

Қолы ______________

 

«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына



құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»

мемлекеттік қызмет стандартына

2-қосымша

 

 



Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні

 

 



Сапаның және тиімділіктің көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативті мәні

Келесі жылдағы көрсеткіштің мақсатты мәні

Есеп беру жылдағы көрсеткіштің ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған күннен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесі)

 

 

 

2. Сапасы

2.1. Қызмет көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

 

 

 

3. Қолжетімділік

3.1. Қызмет көрсетудің сапасына және қызмет көрсетудің тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

 

 

 



 

 

3.2. Қызмет көрсету туралы ақпаратқа электронды форматта қолжетімді қызметтердің %-ы (үлесі)

 

 

 

4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымдану тәртібіне қанағантанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

 

 

 

5. Сыпайылық

5.1. Қызметкерлердің сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың (үлесі) %

 

 

 

 

«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды



қабылдау және балаларды қабылдау»

мемлекеттік қызмет көрсету стандартына

3- қосымша

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет